2008 жылы құрылған «бота» қорының



Дата29.02.2016
өлшемі25.12 Kb.
#33151

2008 жылы құрылған «БОТА» қорының негізгі миссиясы - Қазақстандағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалар мен жастардың әл-ауқатын олардың денсаулығы, білімі мен әлеуметтік қорғалуына инвестиция жасау арқылы жақсарту. Қазіргі уақытта Қор Қазақстандағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы балаларды қолдауға бағытталған 3 бағдарлама аясында жұмыс жасайды: 1) Келісілген ақшалай жәрдемақылар (КАЖ) бағдарламасы, 2) Әлеуметтік қызметтерді қолдау бағдарламасы (ӘҚҚБ), 3) Білім гранттары бағдарламасы (БГБ).
Білім гранттары бағдарламасының (БГБ) мақсаты жоғары академиялық көрсеткішке ие, бірақ Қазақстанның ЖОО-дары мен колледждерінде білім алуға жеткілікті қаражаты жоқ 29 жасқа дейінгі азаматтарды қолдау болып табылады. Сонымен қатар, бағдарлама жастарға кәсіби-техникалық және жоғары білім алуға және кеңейтілген мүмкіндік беру арқылы олардың және отбасыларының экономикалық жағдайын көтеруге көмектесуге бағытталған. Бағдарлама 3 жылдық жұмысы ішінде Қазақстанның ЖОО-дары мен колледждерінде оқу үшін 649 жас қазақстандыққа грант бөлді.
Аталмыш бағдарламаға қабылдау жыл сайын (ақпан айынан тамыз айына дейін) жүргізіледі. Өткізілетін гранттық байқауға іріктеу талаптарына сәйкес келетін үміткерлер қатыса алады. Десек те артықшылық академиялық көрсеткіштері жоғары және кіріс, шығыс және отбасы құрамы индикаторлары негізінде қаржылық қолдауға қажеттілігі жоғары үміткерлерге беріледі.
2012 оқу жылына 125 грант бөлінеді деп жоспарланып отыр. Үміткерлерден сауалнамаларды қабылдау 20-ақпаннан басталып 13-сәуірде аяқталады.
Қор ЖОО және колледжде оқу ақысын толық жабумен қатар, жатақхана, жол және де оқу жабдықтар шығындарын қамтитын шәкіртақы бөледі. Жыл бойы «БОТА» қорының грант иегерлері кәсіби дайындық бойынша бірнеше оқыту семинарларына қатысады.
Білім гранттары төмендегі студенттерге берілетін болады:

  • Қазақстанның жоғары оқу орындарының соңғы немесе соңғы курстың алдыңғы курсында оқитын үлгерімі жақсы (А,В бағалары), бірақ оқуын төлеуге қаржылық қаражаты жоқ студенттері (оқудың күндізгі бөлімі, бакалавриат), жоғары оқу орындарының ұсынылған тізіміне сай;

  • Қазақстанның жоғары оқу орындарының соңғы немесе соңғы курстың алдыңғы курсында оқитын үлгерімі жақсы (А,В бағалары), бірақ 2010 немесе 2011 жж. қаржылық себептер бойынша оқудан шығарылған студенттері (оқудың күндізгі бөлімі, бакалавриат), жоғары оқу орындарының ұсынылған тізіміне сай;

  • Оқу мерзімі екі жылдық БОТА қоры ұсынған колледждерге алғаш рет түсетін немесе бұрын түспеген орта мектептің түлектері және 11-сынып оқушылары.

2012 жылы білім гранттары берілетін оқу мекемелерінің тізімі жасалды. Бұл тізім аккредитацияның болуы және ЖОО-ның ұлттық және шетелдік рейтингтеріндегі орнына (ЖОО), әрі ҚР Білім мен ғылым министрлігі мәліметтеріне (колледж) сәйкес берілетін білім беру қызметтерінің сапасы негізінде жасалды.


Гранттарды беру барысында әлеуметтік мамандықтарды және «Техникалық ғылым және технологиялар» бағытындағы мамандықтарды таңдаған талапкерлерге артықшылық беріледі. Колледждегі немесе ЖОО-дағы оқу ақысын төлеумен және шәкіртақыны берумен қатар, БГБ панажай, жол және өзге шығыстарды өтейді. Жыл ішінде «БОТА» қоры грантының иегерлері кәсіби дайындау бойынша оқыту семинарларына қатысады.
Қосымша мәліметті www.bota.kz сайттан және осы телефондардан 8 (727) 264-34-87, 8 800 080 58 08 (тегін байланыс телефоны) біле аласыздар.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет