2009 жылдың 6 айы ішінде Бесқарағай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары



Дата14.06.2016
өлшемі59 Kb.
#135928
2009 жылдың 6 айы ішінде Бесқарағай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары

Бюджет. 2009 жылдың 6 айы ішінде аудан бюджетіне түскен салықтар мен басқа да төлемдер 104,1 млн. теңгені құрап, 118,2 пайызға орындалды, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 98,7 млн. теңгені немесе 105,5 пайызды құрады.
2009 жылдың 6 айы ішінде аудан бюджеті кіріс жағынан 694,1 млн.теңгені құрап, жоспар 102,3 пайызға орындалды, 2008 жылдың осы кезеңінде бюджеттің кірісі  516,5 млн. теңгеге немесе жоспар 101,3 пайызға орындалған.
2009 жылдың 6 айы ішінде  аудан бюджетінің шығыс бөлігі 659,0 млн. теңгеге немесе 96,3 пайызға орындалды, ал 2008 жылдың осы кезеңінде 478,6 млн. теңгені немесе 93,0 пайызды құрады.

Өнеркәсіп. 2009 жылдың 6 айы ішінде өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 46,3 млн. теңгені құраса, нақты индекс көлемі 102,2 пайызды құрады.

Ауыл шаруашылығы. 2009 жылдың 6 айы ішінде ауыл шаруашылық өнімдерінің түсімі 1060,2 млн. теңгені құрады. Өнімнің жалпы түсімі бір адамға шаққанда 45,9 мың теңгені құрайды.
Аудан бойынша 2009 жылғы 1 шілдеге ірі қара малдың  саны - 42238, қой мен ешкінің саны - 58410, жылқының саны - 8290, құстың саны – 37821 және  шошқаның саны - 4047 тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда ірі қара мал- 1,5 пайызға, қой мен ешкі – 12,1 пайызға, жылқы - 8,8 пайызға, құс - 9,1 пайызға өсті, шошқа саны 14,2 пайызға төмендеді.
2009 жылдың 6 айы ішінде ауданның барлық шаруашылықтарының санатында мал және құстың еттерін тірідей салмақта жүзеге асыру 2008 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда: ет -107,1 пайызды, сүт -107,6 пайызды, жұмыртқа -106,0 пайызды, жүн - 104,2 пайызды құрады.
Шағын бизнес. 2009 жылдың 1 тоқсанына аудан бойынша 129 дүкендер, 67 дүңгіршектер, 25 қоғамдық тамақтану нысандары және 37 тұрмыстық қызмет көрсету нысандары жұмыс істейді.
Аудан бойынша кәсіпкерліктің дамуына 80 шағын бизнес субъектілерінен несие алуға өтініштер түсті. Бүгінгі танда «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» акционерлік қоғамы арқылы 21 шағын кәсіпкерлер 6,8 млн. теңге несие алды. 2008 жылдың 1 тоқсанға  кәсіпкерлерге жалпы соммасы  5,0 млн. тенгені құраған шағын кредит берілді.
Аудан орталығында «Бесқарағай несие» серіктестігі жұмыс істейді. Бүгінгі күнге «Бесқарағай несие» серіктестігімен ауданның шаруа қожалықтарына 26,0 млн.теңге сомада несие берілді. «Аграрлық несие серіктестігі» акционерлік қоғамына несие құңымен 35,2 млн.теңгелік жобалар жіберілді.
Бүгінгі күнге аудандағы «Тұран Әлем Банк» банкінен жеке кәсіпкер А.Салимханов 8,0 млн. теңге сомаға жоба, «Азамат» шаруа қожалығы көкөніс қоймасың құрылысына 3,0 млн. теңге сомаға несие ресімдеуде.

Инвестициялық қызмет. Глуховка орта мектебінің қазандығын қайта жаңартуға аудандық бюджеттен 18,0 млн. теңге бөлініп, бүгінгі таңда дайындық жұмыстары жүргізілуде. Мало-Владимировка және Семеновка орта мектептерінің қазандықтарының жобалау-сметалық құжаттамасын дайындауға – 3,9 млн. теңге бөлінді, оның 3,3 млн. теңгесі немесе 84,6 пайызы игерілді. Саябақ құрылысына - 6,0 млн. теңге бөлініп, оның 414,0 мың теңгесі жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауға игерілді. Канонерка және Ново-Николаевка ауылдарындағы клубтарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аудандық бюджеттен – 27,4 млн. теңге бөлінді, жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп, маусым айынан бастап жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
118 шақырымды Семей-Долон-Бесқарағай-Сосновка-Қоянбай автомобиль  жолдарының құбырларын қайта жаңартуға - 2,5 млн. теңге бөлініп, 0,8 млн. теңге игерілді. Бүгінгі күнге дайындық жұмыстары жүргізілуде. Мемлекеттік көп салалы коммуналдық кәсіпорнының жарғылық капиталын құруға және ұлғайтуға 8,4 млн. теңге бөлініп, оның 8,4 млн. теңгесі игерілді немесе 100,0 пайыз.
2009 жылы аудан бюджетінен автомабиль жолдарын жөндеуге 52,2 млн. теңге бөлінді, 16,2 млн. теңгесі  игерілді. 2008 жылы  56,8 млн. теңге бөлініп, 21,8 млн. теңгесі игерілді. 
Ауыл аймақтарда автомобиль жолдарын ұстауға  6,6 млн. теңге бөлініп, 4,7 млн. теңгесі игерілді. 2008 жылы  5,0 млн. теңге бөлініп, оның 2,6 млн. теңгесі игерілді. 

Білім беру. Ауданда 26 мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 1 мектеп-бақша, 19 орта, 3 негізгі және 4 бастауыш орта мектеп жұмыс істейді. Мектептер білікті кадрлармен іріктелінген, олардың арасында өздерінің білімдерін кеңінен қолданып, еңбек етіп жүрген шеберлер аз емес.
Ауданда Беген ауылындағы жаңа мектеп пайдалануға берілді. 2010 жылы республикалық бюджет есебінен Семияр орта  мектебінің құрылысы жоспарлануда.
2009 жылы аудан мектептерінің материалдық-техникалық базаларын нығайтуға  жергілікті  бюджеттен  20,3 млн.теңге  бөлініп, 2009 жылдың 6 айы ішінде игерілу 77,4  пайызды құрайды. Ауданның барлық мектептері Интернет жүйесіне кіре алады. 2008 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ауданмектептерінің материалдық-техникалық базаларын нығайтуға 17,9 млн.тенге бөлінген, игерілуі 28,5 пайызды құрады.   
2009 жылы Большая-Владимировка орта мектебінің жылыту жүйелерінің күрделі жөндеуіне – 25,0 млн.теңге бөлініп.  2008 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мектептердің күрделі жөндеуіне – 22,4 млн.теңге бөлінген, игерілуі 22,3 пайызды құрады.   

Денсаулық сақтау. Ауданның медициналық қызмет көрсетуі 51 керуетті аудандық орталық ауруханамен, 10 дәрігерлік амбулаториялармен, 20 фельдшерлік-акушерлік және фельдшерлік пункттермен іске асырылады. Ауданда барлығы 51 ауруханалық керуеттер бар.
2009 жылдың 6 айы ішінде денсаулық сақтау ұйымдарының дәрі-дәрмектеріне – 6,3 млн. теңге, тамақтандыруға 1,5 млн. теңге бөлініп, 100 пайызға игерілді.

Әлеуметтік бағдарламалардың орындалуы.
2009 жылдың 6 айы ішінде ақылы қоғамдық жұмыстарға 247 адам тартылып, жоспардың орындалуы 96,9 пайызды, бөлінген ақша қаражаттары – 7190,0 мың теңгені құрады. 2008 жылдың осы кезеңінде 268 адам тартылды немесе 92,2 пайыз.
Шаштараз, газбен дәңекерлеуші, аспазшы және оператор мамандығы бойынша 14 жұмыссыз оқытылды. Олардың оқулары:  «Отан»  аудандық қоғам бірлестігінің кеңесінде, «Болашақ» кәсіптік техникалық мектепте және Құрылыс колледжі оқу орындарында өтті. 2009 жылдың 6 айы ішіндегі жоспары бойынша жұмыссыздарды оқыту бағыты 46,7 пайызға, 2008 жылмен салыстырғанда 93,3 пайызға орындалды.
2009 жылдың 6 айы ішінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 6753,0 мың теңге, 2008 жылдың осы кезеңіне 7528,0 мың теңге, тұрғын үй көмегіне – 785,0 мың теңге бөлініп, 100 пайызға игерілді.
Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы мұқтаж ететін азаматтарға әлеуметтік көмекке 465,0 мың теңге бөлінді.

Үйде тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін 2659,0 мың теңге бөлінді.


18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақыға 9109,0 мың теңге бөлінді.
2009 жылдың 6 айы ішінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 295 адам өтініш білдіріп, олардың барлығы жұмыссыз ретінде тіркелді. 2009 жылдың 6 айы ішінде 191 жұмыссыз жұмысқа орналасып, жоспардың орындалуы 74,9 пайызды құрады. 2008 жылдың 6 айы ішінде 204 адам өтініш білдіріп, 180 адам жұмысқа орналасып, жоспардың орындалуы – 94,6 пайызды құрады.
2009 жылдың 6 айы ішінде «Жастар іс-тәжірибесі» бағдарламасына 4 адам қатысты. Әлеуметтік жұмыс орындарына 4 адам жіберіліп, олардың 4-і жұмысқа орналасты, ал 2008 жылдың 6 айы ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына 6 адам жіберіліп,  3-і жұмыспен қамтылды.
Жол картасы бойынша оқу топтарын құруға 107 адам жоспарланған. 139 адам оқуға ниет білдірді. Бесқарағай аудандық №16 кәсіптік лицейде «В» дәрежелі жүргізуші - 48 адам, «Қоғамдық тамақтану ұйымы» мамандықтары бойынша - 27 адам оқып жүр. Екінші топ Семей қаласының құрылыс колледжінде 2009 жылдың 12 мамырынан бастап сылақшы мамандығы

бойынша - 3 адам және үшінші топ 2009 жылдың 19 мамырынан бастап газбен дәңекерлеуші мамандығы бойынша - 7 адам оқуларын бастады.


2009 жылғы 22 маусымда жұмыспен қамту бөлімі Бесқарағай аудандық №16 кәсіптік лицейге «Жүргізуші» мамандығы бойынша - 26 адамды жіберілді.
2009 жылғы 1 шілдеден бастап Семей қаласындағы «Пуш-Мех» колледжіне «Менеджер» мамандығы бойынша 8 адамды оқыту жоспарлануда.

2009 жылғы 1 қыркүйектен бастап Семей қаласындағы «Сервис» колледжіне хатшы-референт мамандығы бойынша қысқа курсқа 10 адамды оқыту жоспарлануда.


«Жол  картасының» әлеуметтік жұмысқа  30 адам орналастырылып, жылдық жоспар  100 пайызға орындалды.
«Жол картасын»  бойынша жастардың тәжірбиесіне 20 адам жіберілмек, жылы бойына 17 адам немесе 85 пайыз жіберіледі.
«Жол картасының» 11 әлеуметтік жобасы бойынша 188 адам жұмысқа тартылып, оның ішінде жұмыспен қамту  бөлімінде тіркелген 148 жұмыссыз  тартылды.

Қоғамдық-саяси жағдай. Аудандық ішкі саясат бөлімі үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар, діни бірлестіктермен бірлесе жұмыстар атқаруда. Ағымды жылдың қаңтар-ақпан айларында Ауғанстан жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылуына 20-жыл толуына орай ауданның ауылдық округтерінде іс-шаралар өткізілді: салтанатты шерулер, ескерткіштерге гүл шоқтарын қою, ардагер-интернационалистерді марапаттау, медальдар тапсыру, аудан әкімінің қабылдауы. 13 ақпан күні орталық алаңда «Міндет, Абырой, Ерлік» атты патриоттық іс-шара өткізілді. Іс-шараға ардагер-интернационалистер, жастар, әскери күші бар органдар қатысты. Орта мектеп оқушыларының қатысуымен «Ұрпақ болашағы үшін-жемқорлықсыз мемлекет» атты жемқорлыққа қарсы, патриоттық іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында автоматты құрастыру, газқағар кию, саптық әндер айту өткізілді.  20 ақпанда Канонерка ауылдық округінің негізінде «Белсенді жастар-аудан қуаты» атты топтық жастар слеті өткізілді, слет жұмысына ауылдық округтердің жастары қатысты.

Сәуір  айында «Нұр Отан» ХДП  аудандық филиалы және аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен  көшеттер отырғызу бойынша  акциялары, «Менің ауылым-менің мақтанышым» атты, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай  Шошқалы  көлінің    жағасында


«Бесқарағайдың інжу маржанын сақтайық!» атты  экологиялық акциялары өткізілді. Аудандық ішкі істер бөлімінің жас қызметкерлері орталық алаңда ант қабылдау және саптық түзеу рәсімін ұйымдастырды. Облыстық делегаттар, діни бірлестіктермен бірге Глуховка, Бесқарағай, Жыланды, Башкөл ауылдарында дөңгелек үстелдер өткізді.
Аудандық ішкі саясат бөлімі ауданда Қазақстан Республикасының барлық Мемлекеттік мерекелерінің өткізілуін ұйымдастырады. Аудандағы үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар, діни бірлестіктер, қоғамдық пікірдің көшбасшылары Масленица, 8-наурыз, Наурыз Мейрамы, Қазақстан халқының бірлігі күні, Жеңіс күні және т.б. мемлекеттік мерекелерге белсене қатысуда.
Ауданда бүгінгі таңда 1 аудандық Мәдениет үйі, 2 клуб, 1 аудандық орталық кітапхана, 15 ауылдық  филиалдар жұмыс істейді.

Өндірістік инфрақұрылыс және коммуникация. Мемлекет соңғы жылдары орман шаруашылығын қалпына келтіруге үлкен қолдау көрсетуде. Оның тұрақты құрылымы құрылды, қаржыландыру, материалды-техникалық жабдықтау ұлғайды, орман күзетінің штаты қалпына келтірілді. Биылғы жылы қажеттілікті ескере отырып, өрт сөндірудің 5 тірек пункттерін ұстау үшін аудандық бюджетке 6,0 млн. теңге бөлінді.
Атқарушы, құқық қорғау органдары өрттерді болдырмауды алдын алу мақсатында қосымша ұзақ мерзімді шаралар қабылдауда.
Ауданның үш жылдық кезеңіне қолданыстағы және қаралып жатқан мемлекеттік бағдарламалар кесіндісіне басымдық бюджеттік инвестициялық жобалардың тізімі әзірленіп, бекітілді, оған 5,0 млрд. теңге қаражаттар жоспарланды.
Семияр ауылдық округі бойынша 2000 гектар суармалы жерлерді игеру жоспарлануда.
2009 жылға ауылдық округтердің елді мекендерін жарықтандыруға 8315,0 мың теңге бөлініп, 2009 жылға 6 айы ішінде игерілуі 63,3 пайызды құрайды, 2008 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3563,0 мың теңге бөлініп, игерілуі 78,5 пайызды құрады. 2009 жылға санитариямен қамтамасыз етуге 3919,0 мың теңге бөлініп, 2009 жылдың 6 айы ішінде  игерілуі 71,0 пайызды құрады, 2008 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1474,0 мың теңге бөлініп, орындалуы 88,6 пайызды құрады. 2009 жылға елді мекендерді көркейту мен көгалдандыруға 2449,0 мың теңге бөлініп, 2009 жылдың 6 айы ішінде  86,0 пайызға игерілді, 2008 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1939,0 мың теңге бөлініп, орындалуы 74,2 пайызды құрады.

Ауылдық округтердің әкімдерімен әрбір ауылды дамытуға арналған іс-әрекет жоспарлары құрылған, осы жоспарлар бекітіліп, жылдық қорытындылары бойынша олардың орындалуы бақылауға алынған.


«Жол картасының» әлеуметтік бағдарламаларын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 26195,0 мың теңге, аудандық бюджеттен 5342,0 мың теңге бөлініп, қосымша  188 жұмыс орыны ашылып жұмыс істеуде.
2009 жылғы мамыр-маусым айларында барлығы 15234,3 мың теңге игерілді немесе 100,0 пайыз, оның 13097,5 мың теңгесі республикалық бюджет- тен,  2136,8 мың теңгесі аудандық бюджеттен.
Жұмысқа тартылғандар саны 188 адам, олардың 148 адамы жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелгендер.

Жол картасының барлық 11 жобасы бойынша бүгінгі күні жұмыстар жүргізілуде.


«Жол картасын» іске асыру шеңберінде орындалатын жұмыстардың сапасын осы жобалардың бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бақылайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет