2009 жылдың 9 айындағы ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындысы туралы 2009 жылдың 9 айында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында оңды ілгерілеулер бар. Ауданда «Жол картасы»



Дата25.02.2016
өлшемі139.45 Kb.
#23225


2009 жылдың 9 айындағы ауданның әлеуметтік –

экономикалық дамуының қорытындысы туралы

2009 жылдың 9 айында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында оңды ілгерілеулер бар. Ауданда «Жол картасы» жобасы іске асырылуда, 272 жұмыс орындары құрылған. Былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда орташа еңбекақы 18,1 % артты, аудан бюджетінің меншікті кірістері 108 % орындалды, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 102 % ұлғайды.



Өнеркәсіп. Аудан бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі жедел деректер бойынша 2058 млн. теңгені құрады, өсу қарқыны 116,8%. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 123 % құрайды, соның ішінде тау-кен өнеркәсібі бойынша – 120,2 %, өңдеу өнеркәсібі бойынша – 116 %, электр энергиясын, газ және суды өндіру және бөлуде – 106,2 % құрайды.

Облыстық жалпы көлемдегі өнеркәсіп өндірісі көлемінің үлес салмағы 0,4 % құрады.



Бюджет. Ағымдағы жылдың 9 айында аудан бюджетіне меншікті кірістер 247,8 млн. теңге сомасында немесе болжамнан 108,1 % түсті.

«Жол картасы» бағдарламасын іске асыру нәтижесінде ағымдағы жылдың 9 айында аудан бюджетіне 2034,0 мың теңге түсімі күтілуде, соның ішінде әлеуметтік салық – 1199,4 мың теңге, меншікті табыс салығы – 834,0 мың теңге.

Санитарлық қорғалатын аймақтарды ресімдеу арқылы салық салу базасын кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде, 2009 жылдың 9 айында барлығы 671,0 мың теңге сомасында резервтер анықталды, бюджетке 563,4 мың теңге түсті.

Аудандық бюджеттің шығыс бөлігі 2009 жылдың 1 қазан айына 1738,4 млн. теңге сомасында немесе қаржыландырудың жиынтық жоспарынан 92,5 % орындалды.

Даму бюджеті бойынша мына жобалар іске асырылуда:

- Көкпекті және Самар ауылдарындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы екі көпсалалы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жарғылық капиталын 20 млн. теңге сомасына нығайту;

- тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы жүйесін 378,5 млн. теңге сомасына қайта құру және дамыту.



Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі ағымдағы жылдың 9 айында 3304,5 млн. теңгені құрады, ұқсас кезеңнен өсу қарқыны 102 %. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің нақты көлем индексі 102,6 % құрайды.

Ет өндірісі 2,9 %-ға өсті және 7,1 мың тоннаны құрады, сүт өнімі 34,7 мың тонна өндірілді (өсім 1 %), жұмыртқа – 9,8 млн. дана (өсім 9 %). Ірі қара мал басы 62,1 мың басты (өсім 0,5 %) құрады; қой және ешкі – 123,6 мың басты (өсім 4 %), жылқы – 12,0 мың басты (өсім 5 %), шошқа – 5,2 мың басты (25 % төмендеді) құрады.

Ет және сүт өндірісін ұлғайту үшін ауданда 16 бордақылау алаңы және 2 сүт-тауарлық фермасы құрылды және жұмыс істейді.

Ауданда 4 асыл тұқымды шаруашылық және 14 жасанды түрде ұрықтандыру пункттері жұмыс істейді.

2009 жылдың 1 қазан айында асыл тұқымды мал басының жалпы саны 1879 бас ірі қара малды құрайды, (2008 ж. – 1432 бас), соның ішінде сүт бағытындағы мал басы – 438 бас (2008 ж. – 438 бас), ет бағытындағы мал басы – 1442 бас (2008 ж. – 994 бас). Жалпы мал басы құрылымында асыл тұқымды ірі қара малдың үлесі 2,8 % құрайды (2008 жылы – 2,1 %).

Ауданда 819 шаруашылық субъектілері әрекет етеді, соның ішінде 769 – шаруа қожалығы, 50 – ЖШС, оларға 383,9 мың гектар ауыл шаруашылық жерлері бекітілген, соның ішінде 114,1 мың гектар – егістік, 33,7 мың гектар – шабындық, 206 мың гектар – жайылым, 30,1 гектар – тыңайған жерлер.

2009 жылы аудан бойынша егін жинау алқаптары былтырғы жылдың деңгейінен 5,6 % өсіммен 74,83 мың гектарды құрады. Барлығы 55,9 мың гектар дәнді дақылдар шабылды, егін жинау алқабынан 74 % құрайды. Астық шығымдылығы 1 гектардан 12,4 центнерді құрады. 650 гектардан картоп, 7200 тонна көкөніс, 150 гектардан бақша дақылдары жиналды.

Жедел деректер бойынша 146 тонна шөп әзірленген, тапсырмадан 104 %, 3,8 тонна немесе тапсырмадан 126 % пішендеме, 9,5 тонна немесе тапсырмадан 106 % сүрлем әзірленді.

Күздік егістік жұмыстарында: 4 мың гектар күздік дәнді дақылдар, соның ішінде 1,5 мың гектар алқапта қара бидай, 2,5 мың гектарда бидай отырғызылды. 8,42 мың тонна дәнді дақылдар тұқымы себілді, 83 % орындалды.

Ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне125,4 млн. теңге сомасында субсидия бөлінді, 135,4 млн. теңге немесе 108 % игерілді.

Ауданда 2 тұқым шаруашылығы қожалықтары жұмыс істейді, бұл дәнді дақылдардың тұқымдық материалдарының жыл сайын 21 % жаңартылуына мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылдың күздік астық жинау жұмыстарына 1 литрына 52 теңге бекітілген баға бойынша 2572 тонна көлемде дизель майы бөлінді.

2009 жылдың наурыз айында «Самар-Агро» ЖШС-нің ауылдық тұтынушылар кооперативі құрылды, нәтижесінде аудандағы 26 шаруашылық біріктірілді, негізгі бағыты – өсімдік шаруашылығы болып табылады. Жыртылған жерлердің жалпы ауданы 22 мың гектарды құрайды. Тұқымдық материалдарды жаңарту үшін субсидияланған бағамен 120 тонна көлемінде «Омская 18» сұрпындағы таңдаулы жаздық бидай тұқымы сатып алынды. Бекітілген баға бойынша 420 тонна дизель майы бөлінді. Бірігудің есебінен кәсіпорынның техникалық жарақтануы және еңбек өнімділігі ұлғайды.

Ауданда «Талап» шаруа қожалығы базасында және Самар ауылындағы № 14 кәсіби лицей базасында 2 МТС жұмыс істейді.

Ауданның елді мекендерінде жүн және былғары шикізатын өңдеу бойынша 20 пункт жұмыс істейді.

Ауданда 35 жексенбілік жәрмеңке өткізілді.



Шағын бизнес. 1642 шағын бизнес сутъектілері тіркелді, бұл 2008 жылға қарағанда 1,6 % артық. Заңды тұлғалар 91 субъект тіркелді, оның ішінде жұмыс істейтіндері – 70. Шағын бизнестің белсенді әрекет етуші кәсіпорындары санының динамикасы былтырғы жылдың тиісті кезеңінен 98 % құрайды.

677 шаруа қожалықтары тіркелді, 2008 жылға қарағанда 48 қожалыққа артық. Тіркелген жеке кәсіпкерлер – 852 адам.

Бүгінгі күнде аудан ауылдарында барлығы жалпы сауда алаңы 8943 шаршы метр болатын 264 дүкен, 4 сауда үйі, 2 базар, 24 жанар-жағар май құю станциясы, 4 техникалық қызмет көрсету станциясы, 25 дәріхана, 27 тұрмыстық қызмет пункттері жұмыс істейді. 2436 орынға арналған 31 қоғамдық тамақтану пункттері халыққа қызмет көрсетеді.

2009 жылдың басынан жалпы 22,8 млн. теңге сомасындағы 6 жоба қаржыландырылды: олар, «Римма» шаруа қожалығының Теректі ауылындағы 1 млн. теңге сомасындағы жобасы (тұқым сатып алу), «Өнім» шаруа қожалығының (басшысы Хощанов) Үлкенбөкен ауылындағы 7,0 млн. теңге сомасындағы жобасы (жанар-жағар май материалдарын, тұқым сатып алу), «Рустам» шаруа қожалығының (К. Дюсембаев) Көкжайық ауылындағы 8,0 млн. теңге сомасындағы жобасы, «Табиғат» шаруа қожалығының (К.К. Баймолдин) 5 млн. теңге сомасына Үлкенбөкен ауылындағы «Мал шаруашылығын дамыту» жобасы. Жеке кәсіпкер Б.З. Жанбөбекованың Мамай ауылындағы 1,2 млн. теңге сомасындағы жобасы. Жеке кәсіпкер Б. Сағатбекованың Теректі ауылындағы 0,6 млн. теңге сомасындағы жобасы.



Тұтыну бағаларының индексі аудан бойынша өткен айдан 100,3 % құрады, бұл 2008 жылдың ұқсас кезеңінен 2,3 пайыздық тармаққа төмен.

Азық-түлік тауарлары бойынша индекс – 99,5 %, халыққа қызмет көрсету бойынша – 100,3 %, азық-түлік емес тауарлар бойынша – 101,5 % құрады.



Инвестициялық қызмет. Негізгі капиталға инвестиция құю көлемі 706,9 млн. теңгені құрады. Пайызбен есептегенде 2008 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 63,9 % құрайды, соның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатындар 370,3 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 73,2 млн. теңге, ұйымдар мен кәсіпорындардың меншікті қаражаттарынан – 85,8 млн. теңге, қарыз қаражаттардан – 177,6 млн. теңге. Қаржыландыру көзі бойынша инвестициялар құрылымында республикалық бюджет қаражаттары 52,3 %, жергілікті бюджет қаражаттары – 10,2 %, кәсіпорындардың меншікті қаражаттары – 12,2 % және қарыз қаражаттар – 25,1 % құрайды.

Орташа айлық еңбекақы ірі және орта кәсіпорындарда 18,1% өсіммен 38134 теңгені құрады.

Еңбек нарығы және әлеуметтік қорғау. Ауданда жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыс жүргізілуде. 2009 жылдың 01 қазан айына 437 жаңа жұмыс орны құрылды немесе бағдарлама бойынша жылдық тапсырмадан 78 %. Жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша 779 адам үндесті, соның ішінде 557 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, жұмыспен қамту деңгейі 41,4 %-дан 65,3 %-ға артты, ақылы қоғамдық жұмыстарға 579 жұмыссыз жұмылдырылды (тапсырмадан 110%), кәсіби оқытуға – 41 адам жіберілді (тапсырмадан 100 %).

Тіркелген еңбек нарығында жұмыссыздар саны 2008 жылдың деңгейінен 4,9 % құрады. Аудандағы тіркелген жұмыссыздардың экономикалық белсенді халық санындағы үлес салмағы 0,9 % құрады (2008 жылдың 1 қазанына – 0,9 %).



Жаңа жұмыс орындарын құру. «Жол картасы» бағдарламасын іске асыру мақсатында 14 сасалық жобалар бекітілді. Бұл мақсаттарға 529459,0 мың теңге сомасында қаражат бөлінді. соның ішінде:

- ТҮКШ жүйесін қайта құру және дамытуға (Самар ауылындағы сумен қамтамасыз ету жүйесін жөндеу) – 73006,0 мың теңге, 2009 жылдың 28 мамырында тендер өткізілді, мұнда «Құмаров және К» ЖШС жеңімпаз атанды. Берілген жоба бойынша 73 жұмыс орны құрылды, соның ішінде жұмыспен қамту бөлімінен 58 адам бағытталды;

- жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеуге, қайта құруға және салуға – 119231,0 мың теңге. Тендер бойынша 116831,0 мың теңге сомасына «Көкпекті – Тас Жолдары» ЖШС жеңімпаз атанды. Берілген жоба бойынша 95 жұмыс орны құрылды, 98 жұмысшы, соның ішінде жұмыспен қамту бөлімі арқылы 78 адам бағытталды;

- Көкпекті ауылындағы әлеуметтік жобаға жалпы 7622,0 мың теңге, соның ішінде:

а) жолдарға құм тас төгу – 1995,0 мың теңге, бағақ ұсынымына сәйкес «Көкпекті-Жолдары» ЖШС делдал атанды. Берілген жоба бойынша 30 жұмыс орны құрылды, соның ішінде жұмыспен қамту бөлімі арқылы 24 адам бағытталды;

б) қоршау орнату – 5627,0 мың теңге, 2009 жылдың 28 мамыр айында тендер өткізілді, мұнда «Құмаров және К» ЖШС жеңімпаз атанды. Берілген жоба бойынша 40 жұмыс орны құрылды, соның ішінде жұмыспен қамту бөлімі арқылы 32 адам бағытталды.

2009 жылғы 05 тамыздағы аудандық мәслихат шешімі бойынша 2 жобаға қосымша 329600,0 мың теңге бюджеттік қаражат бөлінді:

- Көкпекті ауылындағы су құбырларының ағымдағы жөндеу жұмыстарына – 24000,0 мың теңге. Берілген жоба бойынша 10 жұмыс орны құрылды, соның ішінде жұмыспен қамту бөлімі арқылы 8 адам бағытталды;

- Көкпекті ауылындағы канализация желілері және тазарту құрылыстарын салуға – 305600,0 мың теңге. 2009 жылдың 11 қыркүйек айында тендер өткізілді, мұнда «Азия Темір KZ» ЖШС жеңімпаз атанды. 21 жұмыс орнын құру жоспарланған, соның ішінде жұмыспен қамту бөлімі арқылы 17 жұмыс орны.

Жоғарыда көрсетілген 14 жоба бойынша 272 жұмыс орны құрылды.

Әлеуметтік жұмыс орындарын ашу және жастар тәжірибесін қолдану үшін түлектер, еңбекке қабілетті жұмыссыз азаматтар және оралмандар санына сәйкес барлығы 9107,0 мың теңге сомасында қаражат бөлінді. Соның ішінде:

1. Әлеуметтік жұмыс орындарына жоспар бойынша 6 ай мерзімге дейін 64 жұмыс орнын құру қарастырылған. Жыл басынан нақты 75 адам бағытталды, соның ішінде қазіргі уақытқа 65 адам жұмыс істейді.

2. «Жастар тәжірибесі» шеңберінде оқу орындарының түлектері үшін жоспар бойынша 41 жұмыс орны қарастырылған, нақты 53 адам бағытталды, соның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 13 адам орналастырылды. Оқу орындарының түлектері салық басқармасы, әділет бөлімі, жер қатынастары бөлімі, құрылыс бөлімі сияқты және тағы басқа ұйымдарда жұмыс істейді.

3. Кәсіби оқыту және кадрларды қайта даярлауға талап етілген мамандықтар бойынша 130 жұмыссыз адам бағытталды. Оқыту Үлкенбөкен ауылындағы № 12 кәсіби лицейде жүргізіледі, мұнда 15 адам элетронды есептегіш машина операторына, 15 адам газ-электрдәнекерлеуші, 15 адам аспазшы мамандығына оқытылады, Самар ауылындағы № 14 кәсіби лицейде 20 газоэлетросварщик, 15 адам шаштараз, 20 адам аспазшы, 15 адам ұрықтандырушы, 15 адам электронды есептегі машина операторы мамандығына оқытылады. 100 адам оқуын аяқтады, соның ішінде 64 адам жұмысқа орналасты.

«Жол картасын» іске асыру барысында жұмыссыз азаматтарды тарту үшін ауданда 4 бос орын жәрмеңкесі өтті:

- 2009 жылдың 10 маусым айында облыстық «Жұмыс іздеудемін» бос орын жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге 11 кәсіпорын қатысты, олармен 143 бос орын ұсынылды. Бос орын жәрмеңкесіне 75 адам қатысты, әлеуметтік жұмыс орындарына 1 адам, жастар тәжірибесіне 5 адам, кәсіби оқытуға 10 адам бағытталды. 24 адам тұрғын үй, атаулы әлеуметтік көмектерді, 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысын тағайындау және төлеу бойынша кеңес алды.

- 2009 жылдың 21 шілде айында облыстық бос орындар жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге 5 кәсіпорын қатысты, олармен 20 бос орын ұсынылды, бос орындар жәрмеңкесіне 35 адам қатысты. Жәрмеңке қорытындысы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына 1 адам, жастар тәжірибесіне 10 адам бағытталды. 20 адам тұрғын үй, атаулы әлеуметтік көмектерді, 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысын тағайындау және төлеу бойынша кеңес алды.

- 2009 жылдың 21 тамыз айында бос орындардың шағын жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге 5 кәсіпорын қатысты, олармен 12 бос орын ұсынылды, бос орындар жәрмеңкесіне 21 адам қатысты. Жәрмеңке қорытындысы бойынша жобаға сәйкес жұмыстарға 2 адам бағытталды, 19 адам кеңес алды.

- 2009 жылдың 18 қыркүйек айында бос орындардың шағын жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге 5 кәсіпорын қатысты, олармен 21 бос орын ұсынылды, бос орындар жәрмеңкесіне 20 адам қатысты. Жәрмеңке қорытындысы бойынша жұмыстарға 1 адам бағытталды, 19 адам кеңес алды. Бос орындар жәрмеңкелерінің қорытындысы жұмыс берушілердің әйел адамды жұмысқа алудан бас тартатындығын көрсетті, себебі ұсынылған жұмыс түрлері еңбек көп жұмсалатын болып табылады және негізінен ер адамдар қажет. Сол арада еңбек нарығындағы жұмыссыздардың 76 % әйел адамдар құрайды.

Аз қамтылған азаматтар саны. Аз қамтылған азаматтар саны 2009 жылдың 28 қыркүйек айына 1808 адамды құрады (21,3 % немесе 495 адамға төмендеді).

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 32,6 млн. теңге сомасында 2040 адамға төленді, тұрғын үй көмегі – 8,7 млн. теңге 511 отбасына және балалар жәрдемақысы – 23 млн. теңге 2488 балаға төленді.



Білім беру. Білім беру объектілерін оңтайландырудан кейін ауданда 49 жалпы білім беру мектептері, 5 мектепке дейінгі ұйымдар, 29 шағын орталықтар жұмыс істейді. Аудан аумағында 2 кәсіби мектеп жұмыс істейді.

Білім беру саласының бюджеті 2009 жылдың 1 қазан айына 1282,5 млн. теңгені құрайды, оның ішінде 961,0 млн. теңге немесе 75 % игерілді.

Білім беру объектілерінің күрделі жөндеу жұмыстарына 9,9 млн. теңге бөлінді, 0,8 млн. теңге немесе 8 % игерілді, материалдық-техникалық базаны нығайтуға – 60,8 млн. теңге, 45,5 млн. теңге немесе 74 % игерілді.

Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарының (екі бала- бақша) қызметін қамтамасыз ету 50,5 млн. теңгені құрайды.

Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеумен 1-ден 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 57 % құрайды. Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеумен қамтылған балалар саны – 299.

«Шуақты Шұғыла» бала-бақшасының ағымдағы жөндеу жұмыстарына 18,1 млн. теңге, негізгі құралдарға жататын тауарларды сатып алуға – 3,9 млн. теңге бөлінді.

Жергілікті бюджеттен төрт мектепке автобус сатып алуға 13437,0 мың теңге бөлінді.

Ағымдағы жылдың тамыз айында білім беру мекемелерінің желісін оңтайландыру жүргізілді. Оңтайландырудың басты мақсаты:



  1. Оқушылардың білім сапасын арттыру

  2. Бюджеттік қаражаттарды тиімді пайдалану

  3. Білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы «Білім беру ұйымдарының кепілдік мемлекеттік нормативтерін бекіту туралы» № 1256 қаулысына сәйкес білім беру ұйымдарының кепілдік мемлекеттік нормативтері ҚР Конституциясы және ҚР 2007 жылғы 27 маусымдағы «Азаматтардың ақысыз мектеп алды, бастауыш, негізгі және жалпы орта білім алу құқығының қалыптастыру туралы» Заңына сәйкес кепілді білім беру мақсатында анықталған.

Осы қаулының 3 тармағына және 2 тармағына сәйкес Песчанка ауылындағы негізгі мектеп жабылды және балалар Палатцы ОМ білім алады, оқушыларды күнделіті жеткізу ұйымдастырылған.

6 мектеп «Ұзынбұлақ, Құйшыбаев, Джумба, Петропавловка, Сейфуллин, Шәріптоғай) негізгі мектептерге қайта құрылды, себебі бұларда 81 ден аз оқушы білім алады.

Қазіргі уақытқа Үлкенбөкен және Палатцы мектептеріне көлік сатып алынды.

Тассай, Ақсу, Нұра, Сүлеймен, Қайынды, Жансары, Каменка ауылдарында балалар саны 5-тен төмен және мектепке дейінгі балалардың жоқ болуына байланысты Тассай, Ақсу бастауыш мектептерінің оқушылары Әуезов атындағы мектепке, Нұра, Сүлеймен мектептерінің оқушылары Абай атындағы мектепке, Қайынды мектебінің оқушылары Пантелеймоновка мектебіне, Жансары мектебінің оқушылары Үлкенбөкен мектебіне келіп білім алатын болады.

Мектептерді оңтайландыру 4 айда 12,5 млн. теңгені үнемдеуге мүмкінді берді, бұл педагогтар және барлық техникалық жұмысшылардың 2009 жылға арналған еңбекақыларын төлеуге және 2009-2010 оқу жылының басына Үлкенбөкен және Палатцы мектептеріне көлік сатып алуға мүмкіндік берді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы «Ауылдық елді мкендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну Ережелерін және көлемін бекіту туралы» № 183 қаулысына сәйкес 099 бюджеттік бағдарлама бойынша республика бюджетінен 4082,4 мың теңге бөлінді, айқындалған сома 1905,0 мың теңге. Аудан бойынша барлығы білім беру саласына 21 маман келді. 2009 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша 1723,6 мың теңге сомасына көтерме ақы алды.

1-4 сынып оқушыларының ыстық тамақпен қамтылуы 98 % құрайды.

«Жақсы» және «өте жақсы» оқитын оқушылар үлесі оқушылардың жалпы санынан 44 % құрайды.

Жоғарғы оқу орындарына түскен жалпы білім беру мектептері түлектерінің үлесі жалпы білім беру мектептері түлектерінің жалпы санынан 38 % құрайды.

Бірыңғай ұлттық тестілеу нәтижелері бойынша ауданның жалпы білім беру мектептері түлектерінің орташа баллы 67,44 балды құрады.

Денсаулық сақтау. Аудан халқына 11 амбулаториялық-емханалық ұйымдар, 3 аурухана, 33 медициналық пункт, жеке ғимараттары жоқ 12 медицина жұмысшылары медициналық көмек көрсетеді.

Денсаулық сақтау объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 2009 жылы 7,3 млн. теңге бөлінді, 0,5 млн. теңге немесе 6,8 % игерілді.

Тұрғындарға 60 дәрігер және 234 орта медициналық қызметкерлер медициналық көмек көрсетеді.

10000 тұрғынға дәрігерлермен қамсыздану былтырғы жыл деңгейінде қалуда (15,5 бірлік), орта медициналық қызметкерлермен қамсыздану 60,7 бірлік. Бірақ сапалы медициналық көмек көрсету үшін ауданға қосымша 15 арнайы профильді дәрігерлер қажет. Медицина мекемелерінің басшылары бос орындар жәрмеңкесінде медакадемия түлектерімен келісім шарт жасасты.

Жыл басынан ауданға 2 маман дәрігер келді, 1 млн. 660 мың теңге сомасына пәтер алуға жәрдем көрсетілді, сондай-ақ 181,4 мың теңгеге көтерме жәрдемақы төленді. Дәрігерлер санының (жеке тұлғалар) дәрігерлік штаттық бірлікпен арақатынасы 52 % құрайды.

100 мың тірі туылғандарға ана өлімінің деңгейі 574,7 құрайды. Самар ауылында 1 ана өлімі тіркелген.

100 мың тірі туылғандарға жаңа бала өлімі есепті кезеңге өңірлікке орта облыстықтан 0,16 құрайды. Жыл басынан ауданда 4 нәресте өлі туылды.

100 мың адамға туберкулезден өлім былтырғы жылдың тиісті кезеңінен 20,7 құрайды. Туберкулезден өлім 8 жағдайда тіркелген.



Жолдар. Ауданның автомобиль жолдарының саны 277 км республикалық және 521 км жергілікті маңыздағы жолдарды құрайды. Қара жамылғыдағы жергілікті жолдар 214 км, құм тасты жамылғыдағы жолдар – 307 км. Жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарында 29 көпір бар.

Жолдары жөндеу және қызмет көрсетуДЭУ-14, «Көкпекті жолдары» ЖШС, «Көкпекті тас жолы» ЖШС, «Шығыс Тас жол» ЖШС, «Өрнек» ЖШС, «Ертіс-2000» ЖШС, «Батраков В.И.» шаруа қожалығымен және шаруашылық жүргізу құқығындағы Самар көпсалалы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынмен жүзеге асырылады. Жол жөндеу жұмыстары жүргізу үшін барлық қажетті техника бар.

«Жол картасы» бойынша жергілікті маңыздағы жолдарды жөндеу үшін барлығы 119 млн. 231 мың теңге бөлінді, соның ішінде республикалық бюджеттен 84 млн. 404 мың теңге, жергілікті бюджеттен 34 млн. 827 мың теңге бөлінді. Ағымдағы жылдың 1 шілде айына 34 млн. 827 мың теңге игерілді. «Мариногорка-Джумба», «Воздвиженка-Кіші Бөкен», «Теректі-Шұғылбай», «Көкпекті – Биғаш», «Преображенка-Теректі, Новотимофеевка мұнай базасына кіреберіс жол», Палатцы, Раздольное, Тассай, Шәріптоғай ауылдарына кіреберіс автомобиль жолдары жөнделуде.

Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы. Ауданда Көкпекті және Самар ауылдарында 2 көпсалалы мемлекеттік қазынашылық кәсіпорын бар. Ағымдағы жылы Самар ауылында су өткізгіш құрылыс жүргізілуде, 72,9 млн. теңге бөлінді, соның ішінде республикалық бюджеттен 61,7 млн. теңге, жергілікті бюджеттен11,2 млн. теңге бөлінді. Самар ауылында канализация желілері және тазарту құрылыстары салынуда. Көкпекті ауылындағы канализация желілері және тазарту құрылыстарын салуға республика бюджетінен 305 млн. 600 мың теңге сомасында қаражат бөлінді. Сумен қамтамасыз ету объектілерінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына барлығы 24,0 млн. теңге бөлінді. Көкпекті ауылындағы КМҚК және Самар ауылындағы КМҚК жарғылық капиталын қалыптастыру және ұлғайтуға 20 млн. теңге бөлінді, ағымдағы жылдың 9 айында 20 млн. теңге игерілді, соның ішінде Көкпекті ауылындағы КМҚК бойынша – 10 млн. 47 мың теңге, Самар ауылындағы КМҚК бойынша 9 млн. 953 мың теңге игерілді. Жыл сайын коммуналдық кәсіпорындарға су құбырлары және канализация желілерін қамтамсыз етуге және жұмыс істеуіне 12 млн. теңге бөлінеді.

1000 халыққа жалпы ауданы шаршы метр тұрғын үйді енгізу динамикасы былтырғы жылдың тиісті кезеңінен 104,4 % құрайды. Барлығы 810 шаршы метр тұрғын үй қанауға енгізілді.

Сапалы ауыз суымен қамтамасыз етілген халықтың үлес салмағы ауданның жалпы халық санынан 33 % құрайды.

Мәдениет. Ауданда Көкпекті және Самар ауылдарында 2 Мәдениет үйі және 2 аудандық кітапхана, 27 ауылдық кітапханалар және 39 ауылдық клубтар жұмыс істейді.

Аудан аумағында 34 мәдениет объектісі бар, соның ішінде,

20 – ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткіш, 8 – Жеңістің 60 жылдығына арналған ескерткіш, Кеңес Одағының қаһарманы Қойгелді Аухадиевке арналған бюст, Интернационалист жауынгер А. Асламовқа арналған ескерткіш, Интернационалист жауынгер К.Букетовқа арналған ескерткіш, 2 – Ауғанстан жерінде қайтыс болған жерлестерге арналған Даңқ мемориалы, Кеңес Одағының қаһарманы Қойгелді Аухадиевке арналған обелиск, 2 – соғыс және еңбек қаһармандары – жерлестерге арналған Даңқ мемориалы

Көкпекті ауданының аумағында жергілікті есептеу санатындағы 34 ескерткіш орналасқан. Соның ішінде: 25-қорған, 5-жартастағы оюлар, 4-қорық.

Самар ауылында тарихи өлке тану мұражайы жұмыс істейді.

Жеке меншіктің барлық түрлеріндегі (клубтар, мәдениет үйлері) мәдени-демалыс ұйымдары желілерін дамыту динамикасы былтырғы жылмен салыстырғанда 100 % құрайды.



Мемлекеттік органдардағы, мемлекеттік ұйымдар мен мекемелердегі мемлекеттік тілдегі құжат айналымының үлесі құжаттардың жалпы көлемінде 100 % құұрайды.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет