2009 жылдың І жартыжылдықта атқарылған жұмыстар Қазақстан Республикасының ұлттық, мемлекеттік және басқа да маңызды мерекелері мен атаулы күндері



Дата21.06.2016
өлшемі94.89 Kb.
#151599
2009 жылдың І жартыжылдықта атқарылған жұмыстар


Қазақстан Республикасының ұлттық, мемлекеттік және басқа да маңызды мерекелері мен атаулы күндері
8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай төмендегі мерекелік іс-шаралар жұмыстары жүйелі түрде жүргізілді.

Халықаралық әйелдер күніне орай Зайсан қаласында Нұр Отан халықтық демократиялық партиясының аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Ерлер мен әйелдер құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі-саналы қажеттілік,- тақырыбында «Пікірталас» дөңгелек столының кезекті отырысы өтті.

Дөңгелек үстел барысында әйелдер арасындағы жұмыссыздық мәселесі, мектеп тәрбиес, қолайсыз отбасылар жағдайы қозғалды.

4 наурыз күні аудандық мәдениет үйінде «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Әйел денсаулығы-ұлттың денсаулығы» атты аудандық конференция өтті. Конференцияға аудан мекемелерінде қызмет ететін әйел адамдар, жасөспірім қыздар, азаматтық қоғам өкілдері қатысты. Конференцияда бүгінгі күннің өзекті мәселесі әйел денсаулығын сақтауға байланысты аудан дәрігерлерінің баяндамалары тыңдалды. Сонымен қатар халықтың денсаулығын нығайту және өмір сүру сапасын арттыру жөнінде аудандық перзентхана бөлімі және №1 жанұялық емхананың көріністері қойылды. Мерекелік іс-шараларға белсене қатысқан әр әйел дәрігерге сыйлықтар берілді. Жиналған қауым конференция соңынан «Ана - өмір шуағы» атты мерекелік концертті тамашалады.

6 наурыз күні аудан әкімшілігінің ғимаратында аудан әкімі Ә.М.Мұхтархановтың халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік қабылдауы өтті. Мерекелік шараға ауданның көп балалы аналарды, білім және денсаулық сақтау саласының қадірлі қызметкер-әйелдерін, қоғамдық ұйым өкілдерін, ауданның экономикасына оңды ықпал етіп отырған кәсіпкер әйелдер шақырылды. Аудан әкімі Ә.Мұхтарханов шақырылғандар арқылы ауданның әйел қауымын құттықтай келе, әйелдердің ауданның дамуына, қоғамды тұрақтандыруға қосып отырған үлестерінің зор екенін атап көрсетіп, көп балалы аналарға «Күміс алқа» тапсырды. Сондай ақ әр саланың әйел қауымына сыйлықтар берілді. Салтанатты қабылдау соңы «Бастау-Зайсан жастарының» қала мектептері оқушыларымен бірлескен мерекелік концертіне ұштасты. Әйел қауымы өз тараптарынан осындай мерекелік көңіл-күй сыйлайтын шараны өткізіп отырған аудан әкіміне алғыстарын білдірді.

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай орталық алаңда халықтық тойлау өткізілді. Халқымыздың ұлттық мерекесіне халық көптеп жиналды. Аудан әкімі Ә.Мұхтарханов аудан халқын мерекемен құттықтады. Өз сөзінде аудан әкімі ауданның тыныс тіршілігіне тоқталып, әлеуметтік – экономикалық жетістіктерімізге тоқтады. Аудандық маслихат депутаты Б.Қошпанов, №3 балалар бақшасының директоры З.Я. Шипилова жиналған жұршылықты мерекемен құттықтады. Аудан тұрғындарына мәдени бағдарлама, салт – дәстүрлерден көріністер көрсетілді. Мерекеге барлық мекемелер ат салысты. Аудандық мәдениет үйі, аудандық ауылшаруашылық бөлімі мен аумақтық инспекциясы, оралман ағайындар, СМУ «Шығыс», «Зайсан құрылыс компаниясы», мектеп интернат, медициналық бірлестік, аудандық білім бөлімі киіз үй қалашығын құрып, жиналған жұртқа наурыз көже үлестірсе, қала мектептері халыққа концерттік бағдарламаларын ұсынды. Аз қамтылған отбасыларға киіз үйлерден тамақ берілді. Мерекеге орай 8 ауылдық округ әкімшіліктері қала тұрғындарына арнап жәрмеңкесін өткізді. Аудандық спорт және денешынықтыру бөлімі ұлттық спорт түрлерінен (арқан тарту, бағанаға шығу, қол тіресі гир көтеру) жарыстар өткізді. «Бастау Зайсан жастары» жастар ұйымы мерекеге жиналған қауымға мерекелік концерттік бағдарлама тарту етті. Бұл - халықты жұмылдыратын, басын біріктіретін, жаһандағы ең қатал дағдарысты жеңу жолында ауданымыздың береке бірлігін көрсеткен мереке болды.

Ауданда 1- мамыр Қазақстан Халықтарының бірлігі мерекесіне арналған «Біз салауатты өмір сүреміз!» атты жанұялардың ұлттық спорт ойындар конкурсы өткізіліп, жеңімпаз болып 2017 әскери бөлімінің қызметкері Б. Ақшанов танылды.

Мерекеге орай орталық алаңда ретродискотека ұйымдастырылды. Закиев атындағы саябақтың жаздық маусымының ашылуы - «Жастық шақ..Достық..Ынтымақ..» атты жастарға арналған би кеші жастар арасында кең қолдау тапты.

2 мамыр күні аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Бастау – Зайсан жастары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен көңілді тапқырлар клубының аудандық чемпионатының 2 туры болып өтті.

2 турға өткен командалардан Қарабұлақ, Кеңсай, Шілікті ауылдық округтерінен және Ломоносов орта мектебінің командалары қатысты. Алайда, Мустафина, Гагарин орта мектептерінің командалары белгісіз себептермен ойынға қатыса алмады. «Ертегілер елінде» атты тақырыпта өткен ойынға командалар жаңаша әзіл қалжың сыйлай отырып, жастарды тәрбиеге, салауатты өмірге шақырды.

Ойында бас жүлдені Қарабұлақ ауылдық округінің командасы жеңіп алса, Кеңсай, Шілікті ауылының жастары 2,3 орындарды бөлісті. Ойынға Ломоносов орта мектебінің жастары тиянақты дайындалғандығы көрініп тұрды. Ойын барысында жастардың тапқырлығы, жаңашылдығы көңіл қуантты.

Мамыр айы - әскери - патриоттық тәрбие айы болып жарияланды. 1-7 мамыр аралығында аудандық, ауылдық және мектеп кітапханаларында «Еліміздің қуаты -бірлікте» атты тақырыптық шолулар, кітап көрмелері ,«Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмтылмайды» атты ертеңгіліктер мен кездесулер ұйымдастырылды.

7 мамыр күні әскерге шақырылған және әскерге дейінгі жастардың Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлерімен кездесулері, патриоттық әндері фестивалі өткізілді. Әскерге шақырылған жастар аллеясы ашылып, көшеттер отырғызылды. 2017 әскери бөлімінде «Ашық есік» күні өткізілді.

9 мамыр Ұлы Жеңіс Күні аудан әкімінің салтанатты қабылдауында «Бастау-Зайсан жастары» ұйымының ұйымдастыруымен жасалған мерекелік бағдарламасымен әрленді.

Ағымдағы жылдың 28 мамырында 31 мамыр – Саяси репрессия құрбандарын еске алу күніне арналған «Зайсан ауданы қуғын сүргін жылдарында» атты ғылыми конференция өткізілді. Конференцияны аудан әкімі Ә.Мұхтарханов ашып, саяси репрессия құрбандарын еске алу күнінің маңыздылығы туралы айтып өтті.

Конференцияға мектеп директорлары, тарих пәні мұғалімдері, кітапханашылар, аудандық мұрағат, мұражай, «Бастау – Зайсан жастары» қоғамдық бірлестігі, ақсақалдар кеңесі, БАҚ өкілдері қатысты.

Аудандық мұражай директоры Ә.Әбілмәжінов «Зайсандағы қуғын сүргін» тақырыбында мұражай экспонаттарынан көрме ұйымдастырды. Аудандық мұрағат директоры Қ.Жақсылықова «Құжаттардан алынған 1930 - 1940 жылдардағы қуғын сүргін туралы», аудандық кітапхана қызметкерлері де репрессия жылдарындағы Зайсан ауданы жайлы баяндама жасап, көрме ұйымдастырды.

Гагарин орта мектебінің оқушысы М.Әлібекова «Зайсан қуғын сүргін жылдарында» атты өзінің шығармашылық ғылыми жұмысын келген қонақтарға ұсынды.

Конференцияны қортындылай келе аудан әкімі, «Нұр Отан» ХДП-ның аудандық филиалының төрағасы Ә.Мұхтарханов саяси қуғын сүргін құрбандарына арналған ескерткіш - монумент орнату туралы ұсыныс жасады. Жиында «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалына аудан халқына арнаған Үндеу жолдау туралы шешім қабылданды.

Конференция соңынан аудандық мәдениет үйінің шағын концерті көрермен қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Зайсан қаласының орталық алаңында айтулы мерекеге арналған «Менің Отаным – Қазақстан» атты салтанатты жиын Қазақстан Республикасының көк байрақты туының сахнаға енгізілуінен басталды.

Мемлекеттік ән ұран орындалғаннан кейін, аудан әкімі, «Нұр Отан» ХДП-ның аудандық бөлімшесінің төрағасы Ә.М.Мұхтарханов қала тұрғындарын мерекемен құттықтау үшін сөз алды.

Аудан әкімінің халыққа деген жылы лебізінен соң, сөз кезегі «Нұр Отан» ХДП- ның аудандық бөлімше төрағасының 1-ші орынбасары Ш.Оралбаевқа берілді. Өзінің құттықтау сөзінен кейін, партия қатарына жаңадан қабылданған партия мүшелеріне куәлік тапсыру рәсімін өткізді.

Салтанатты жиын аудан оқушыларының «Ту ұстаушы» шеруімен жалғасты.Ту ұстаушылардың шеруін жүргізушілер жалынды сөздермен әрледі. Шерудің нәтижесінде М. Дәуленов атындағы орта мектеп оқушылары бас жүлдеге ие болды. Жиылған көпшілік ортасында викториналық сұрақтар қойылды. Рәміздерге байланысты өз білімдерін дәлелдеген оқушыларға аудандық ішкі саясат бөлімінен арнайы сыйлықтар таратылды.

Салтанатты жиынның екінші бөлімі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен «Бастау – Зайсан жастары» ұйымының ұйымдастырған концерттік бағдарламасымен ұласты.
Азаматтық қоғамды дамыту, үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс, жастар саясатын жүргізу
Ауданда үкіметті емес ұйымдармен жұмыс жүйелі жүргізіледі. 27 ақпан күні аудандық мүгедектер қоғамының жанына құрылған «Бозторғай» ансамбілінің концерті өтті. Концертте әсем әні мен көңілді қойылымдар жұртшылық назарына ұсынылды.

Зайсан ауданында 13 ақпанда «Бастау-Зайсан жастары» қоғамдық бірлестігі заңды тұлға ретінде тіркеліп, жұмысын белсенділікпен жүргізе бастады. Ұйымның белсенді мүшелері өз жұмыстарын патриотизмді қалыптастыруға, шешімдер қабылдауға жастардың қатысуын кеңейтуге бағытталған ақпараттық-насихаттау жұмыстарымен кеңінен қамту нәтижесінде анықталған жастардың құндылықтары негізінде жастарға кері әсер беретін жағымсыз факторлардың алдын-алуды мақсат қойып отыр.

Ұйымның негізгі бағыты:

1.Жастар бағалайтын негізгі құндылықтарды анықтау;

2.Жастардың бос уақытын тиімді өткізу;

3. Жас жеткіншектердің әлеуметтік-психологиялық портретін жасау;

4. Құқықбұзушылық және заңбұзушылықтың алдын-алуға бағытталған шаралар ұйымдастыру;

5. Насихаттық бағдарламаларды кеңінен іске асыру;

6.Өнерлі жастарға қолдау көрсету.

7.Салауатты өмір салтын дамыту

8.Жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту

Ұйым негізігі жұмысын клубтың жүйе бойынша іске асырылуда. Алдын-ала жүргізілген тексеруге жасалынған сараптама барысында анықталған қызығушылық бойынша жастар топталып, жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, аудан көлемінде жастарға жан-жақты қолдау көрсету оның ішінде заңгерлік, психологиялық көмек көрсету; тіл дамыту, оның ішінде мемлекеттік тілге қолдау көрсете отырып, орыс, ағылшын тілдерін жетілдіру, басқа тілдерді үйрену; салауатты өмір салтын қалыптастыру; жастар арасында өнерді дамыту, олардың қоғамдық көзқарастарын қалыптастыру, жастарды елімізде болып жатқан қоғамдық-саяси жайлармен кеңінен ақпараттық тұрғыда қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істейді. Әр бағыттағы клубтың міндеті аудан жастарына тәрбиелік мәні зор шараларды ұйымдастыра отырып, жастардың бос уақытын тиімді өткізуге бағыттау.

1.«Релакс» тренингтік клубы

2. «Жеті жарғы» құқықтық клубы

3. Пресс-клуб

4. «Болашақ» дебат клубы

5. «Дарынды жастар» өнерпаздар клубы

6. «БАРС» Спорттық клубы

7.Жобаны іске асыру барысында қамтылған ауданның жұмыссыз жастарын жұмыспен қамту мақсатында кадр агенттігі жұмыс істейді.

2009 жылдың ақпан айының өзінде өнерлі жастар 2 концерттік бағдарлама, оның ішінде 1 патриоттық әндер кешін өткізді. Бұл шаралар аудан жастары арасынан кеңінен қолдау тапты. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға қолдау көрсету үшін «Аялы алақан» қайырымдылық акциясы өтті.

Аудан әкімі Ә.М.Мұхтархановтың қолдауымен , зайсандық «Нұр Зайсан» қазақ КТК (КВН) командасы 1 наурызда Өскемен қаласында өткен «Қазақ КТК (КВН) лигасы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің «Өр Алтай» филиалының аймақтық чемпионатының Маусымашар фестиваліне қатысып, І-ші дәрежелі «Сәтті бастама» номинациясын алып қайтты.

14 наурыз күні «Бастау-Зайсан жастары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен көңілді тапқырлар клубының аудандық чемпионатының маусым ашар фестивалінің ашылу салтанаты өтіп, Зайсан КВН Лигасы құрылды. Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен жастар ұйымының белсенді мүшелері сайыстың өтуіне ұйытқы болды. Ойынның ашылу барысында аудан әкімінің орынбасары Қазбек Солтанбекұлы Биқадамов аудан жастарын құттықтап, ұйымның игілікті істерге бастау болуына сәттілік тіледі. КВН-ға Кеңсай, Қарабұлақ, Шілікті, Айнабұлақ, Біржан, Сартерек, Қаратал ауылдық округтерінің және қала мектептерінен, барлығы 11 топ қатысты. Зайсан қаласындағы аудандық мәдениет үйінде «Біз жалынды жастармыз» атты ұранмен өткен аталмыш ойын аудан жастары арасынан кеңінен қолдау тапты. Жастар қоғамдық бірлестігі көздеген мақсаттарына жеткені анық. Себебі аудан жастарының шығармашылық, интелектуалдық мүмкіндіктерін дамыту басшылыққа алынған сайыста, әр-жерде жұмыс істейтін жас мамандар әзіл-қалжыңмен көңілді-күй сыйлай отырып, жастарды тәрбиеге, отансүйгіштікке салауатты өмірге шақырды. Сондай ақ мектеп командаларының тәлім - тәрбиелік мәні бар ойын көрсетіп, салт-дәстүрді насихаттауы қуантты. Ойында бас жүлдені жеңіп алған Гагарин мектебінің жастары болса, Мұстафина, Қарабұлақ ауылының, Ломоносов орта мектептері 1,2,3 орындарды иеленді, Әуезов, Кеңсай, Шілікті командаларына түрлі номинациялар берілді. Аудан жастарының уақытын қызықты да ұтымды өткізуді көздеген жастар ұйымы ендігі кезекте мекемелерде жұмыс істейтін жастар арасында КВН ұйымдастыруды жоспарлауда.

23 наурыз күні Зайсан қаласының орталық алаңында «Бастау-Зайсан жастары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қош келдің, Наурыз!» атты жастар акциясы өткізілді. Ұйым мүшелері аудан жастарына арнап ұлттық салт-дәстүрден қызықты көріністерін, аудандық көңілді тапқырлар клубының көңілді сәттерін сыйлады. Сондай ақ патриоттық бағыттағы қазақ әндерін ауданға танымал жас әншілер орындады. Мерекелік концерт соңынан, жастар дискотекасы ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталды. Жастар бұл бастаманы қуанышпен қолдады, шара-тақырыптық дискотекалардың жастарға патриоттық тәрбие берудегі маңыздылығын көрсетті.

Жастармен жүргізілген жұмыстың нәтижесін анықтау үшін тоқсанына бір рет әр клуб мүшелері арасында сауалнамалар жүргізіледі. Жастар тобымен болатын кездесулерде түскен ұсыныстарға үнемі талдау жасалынып, келесі кездесуде жауаптары беріледі. Жастар ұсыныстары бойынша түрлі қызмет түрі құрылады. Аудандық «Достық» газетінде, жастар газетінде жарияланған мақалаларға мониторинг жасалынып, жастардың көшбасшыларының ұсынымдары ексеріледі. Ұсыныс-пікірлер бойынша жұмыс жоспары жасалып, жастар орталығы арқылы жауаптары беріледі.



Жастардың негізгі құндылықтарын анықтау үшін «Жастарды не қызықтырады?» атты сауалнама жүргізілді. 100 респондент сұралып, сараптама жасалды.

Жастар орталығы арқылы құрылған кадр агенттігі арқылы наурыз айында 3 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды. Кадр агенттігі жұмыс берушілерден және жұмыс сұраушылардан сұраныстар жинақтауда.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет