2009 жылға жұмысының қорытындылары және 2010 жылға даму туралы Украин селолық округі әкімінің есебі



Дата23.02.2016
өлшемі41.15 Kb.
#4059
2009 жылға жұмысының қорытындылары және 2010 жылға даму туралы Украин селолық округі әкімінің есебі

Ағымдағы жылдың мақсаты елбасының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттер мен басымдықтарды іске асыру.

Украин селолық округінің аумағында Малоросийка және Дубравка селолары орналасқан. Халық саны 01.01.2010 жылғы жағдайы бойынша 497 адамды құрады бір жыл ішінде халық саны 20 адамға азайды (01.01.2009 жылы халық саны 517 адамды құрады)

Халықтың экономикалық белсендісі 366 оның ішінде 220 өзін өзі жұмыспен қамтығандар. Бір жыл ішінде екі бала дүниеге келді, 6 өлді.

Округ бойынша аула саны 164

Округ тұрғындарының қосалқы шаруашылығында мал басы 01.01.2010 жылғы жағдайы бойынша:

Ірі қара мал - 835 бас

шошқа - 418 бас

қой және ешкі - 390 бас

жылқы - 69 бас


былтырғы жылмен салыстырғанда қой басы 15,8 % азайды, ірі қара мал, шошқа және жылқы малдары 5-7% өсті.

Ауыл шаруашылығының тауар өндірушілері және шағын бизнестің дамуы округтың экономикалық әлеуметтік дамуының серпіні.

Селолық округта 13 шаруа қожалығы жұмыс істейді. 2009 жылы 7972 га жерге дәнді дақылдар егілді (бұл 2008 жылмен салыстырғанда 15,0 % аз) 10 ц/га орта түсімділікте 797 мың тонна астық алынды. Ауыл шаруашылығының тауар өндірушілеріне көктемгі дала және егін жұмыстарын өткізуге, өнім сапасын арттыруға берілген мемлекеттік субсидия сомасы 2009 жылы 3622100 теңгені құрады.

Селолық округтың білім саласы Малороссийка селосындағы негізгі мектеп оқушылар саны 37 (31) бала, сонымен қатар мектепте шағын орталық ашылды оған 2 ден 5 жасқа дейінгі балалар оқиды.

Мектепте 9 педагог жұмыс істейді оның 6 жоғары білімді, 3 мұғалім бірінші санаты. Биылғы жылы мектепке жас маман химия пәнінің мұғалімі келді үкіметтің бағдарламасына сәйкес ол маманға әлеуметтік қолдау көрсетілді. Мектепте телефон және Интернет желісі бар. Балаларға ыстық тамақ ұйымдастырылған оның құны 40 теңге. Ыстық тамақтың арзан болуы көмек есебінен және мектеп жанындағы жер учаскесінде картоп өсіріп жиналды. Мектепті жөндеу жұмыстары бюджет есебінен 80000 теңге және тартылған қаражат есебінен жүргізілді. Иволга холдинг 780900 теңгеге қазандық сатып алды ол қазандықты Грушков шаруа қожалығы орнатты жалпы есептік кезеңде білім сала бойынша тартылған қаражат 1117,9 теңгені құрады.

Ағымдағы жылдың қаңтарынан бастап денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесі енгізіледі. Малороссийка селосында медициналық пункт жұмыс істейді жедел жәрдем көлігімен қамтамасыз етілген, 1 маман жұмыс атқарады. Осы жылы 118,4 м.теңгеге тегін негізінде дәрі-дәрмекпен қамтылды. 20 м.теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Округта селолық клуб және кітапхана бар. Кітапхана компьютермен жабдықталған. Жыл ішінде жөнгдеу жұмыстары мен мерекелік іс-шаралар өткізуге 120 мың теңге жұмсалды. Сонымен қатар кітап қоры 62 данаға толықты жалпы сомасы 22 мың теңгені құрады. 2010 жылдың І жартыжылдығына мерзімді басылымдарға жазу өтті, жазылу Қостанай и Федоровские новости газетінен басқалары 100 % орындалды. Жоспар бойынша 155 дана факт бойынша 95 дана немесе 61,3 % құрады.
Шағын және орта бизнес: 3 дүкеннің 2 дүкені Малороссийка селосында және 1 дүкен Дубравка селосында жұмыс істейді. Халықтың белсенді болуын және шағын кәсіпкерлік субьектілердің өсуін дамытамыз.

Қоғамның қорғалмаған бөлігін әлеуметтік қолдау жөніндегі іс-шаралар бүгінгі күні өзекті мәселенің бірі болып табылады. 18 жасқа дейінгі 41 бала мемлекеттік жәрдемақы алады, төленген төлемдердің барлығы 463,9 мың теңгені құрайды. аудандық бюджет есебінен екі отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады, жылдық төлемі 56 мың теңгені құрады.

Селолық округты көркейтуге жергілікті бюджетен 50 мың теңге бөлінді. Ол қаражаттарға билборд орнатылды, сенбіліктер мен қоғамдық жұмыстарды өткізу үшін бояу, бояу құралдыры, техникалық керек-жарақтар сатып алынды.

Қоғамдық жұмыстарға 12 адам қатысты. Көшелерді жинап сыпуру жұмыстары қоқыстан тазарту, ағаштарды әктеу кіреберістегі стела және Ленин ескерткіші мен ҰОС қаза тапқандар ескерткіші жөнделді. Тартылған қаражаттар есебінен Карл Маркс көшесінде халықтың ауыз суға пайдаланылатын шахталық құдығы тиісті санитарлық тәртіпке келтірілді. Шілде айында бюджеттік қаражаттар есебінен Малороссийка селосындағы қоқыс орны тәртіпке келтірілді.

Көшелерді жарықтандыруға аудандық бюджеттен 128 мың теңге бөлінді оның 72 мың теңгесіні жаддықтар сатып алынды (Дубравка селосына есептегіш және шамдар орнатылды) 56 мың теңге электоэнергия төлеміне жұмсалды.

Жеке аулалардағы және жалпы қоқыстарды шығару мәселесі 10 жылдан астам уақытта жүргізілмеген оған себеп арнайы техниканың (грейфер) жоқтығы. Жолдарды қысқы кезеңге дайындау бойынша жұмыстар атқарылуда: Малороссийка Федоровка бағыты бойынша жол жиегі тазартылды. Новая және Мельничный көшелерінің қиылысы Гожев шаруа қожалығының күшімен жөндеу жұмыстары жұргізілді.

Ағымдағы жылы селолық округтың әкімі халықтың 10 жиынын, 12 отырыс өткізді, отырыста елбасының Жолдауын түсіндіру және насихаттау қаралды, санитарлық тазалау, көркейту және жасыл желектендіру, мал бағу, салық жинау және т.б мәселелер қаралды.

2009 жылы әкім аппаратына 123 өтініш келіп түсті соның ішінде 5 жазбаша, 118 ауызша. Селолық округі әкімінің жанынан әлеуметтік көмек алуға өтініш берушілердің материалдық жағдайын тексеруге арналған учаскелік комиссия және отбасы және гендерлік саясат комиссиясы құрылған, 5 отырыс өткізілді.

Аудан әкімінің жұмыс сапарымен халықпен кездесу барысында тұрғындардың 3 ұсынысы бақылауға алында. 2009 жылы Шын ЖШС тапсырылған сүттің ақшасын бермеген 4-15 тамыз аралығында ол 180570 т. құрады. Бүгінгі күні ол берешек толық төленді. Тапсырма орындалды. 2009 жылдың қазан айында аудан орталығына ауруларды жеткізу мәселесі, жедел жәрдем көлігі жөнделуде болды және скважинаны жөндеу жұмысы.

2010 жылғы арналған міндеттер:

1. елді мекендерді көркейту жұмысын, көшелерді жарықтандыру сонымен қатар Дубравка селосын жарықтандыру жұмысын жалғастыру.

2. Жеке қосалқы шаруашылығын дамыту және мал сою пунктерін ашу.

3. Негізгі мектепті, медициналық пункт пен мәдениет мекемелерін ағымдағы жөндеу үшін көмек беру.

Округ тұрғындарына алдағы уақытта істер бастамасына сәттілік және еліміздің өркендеуіне үлес қосу тілегімді білдіремін.



__________________________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет