2009 жылғы 1 жартыжылдыққа ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы



Дата24.02.2016
өлшемі29.82 Kb.
2009 жылғы 1 жартыжылдыққа ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы

Әлеуметтік-экономикалық жағдай ағымдағы жылдың өткен кезеңі үшін негізінде оң қалыптасты. Бірқатар бағыттар бойынша жоспарланған нәтижелерге қол жеткізілді:



  1. Аудан бюджетіне төлем түсімдері бойынша болжамды көрсеткіштерді орындау қамтамасыз етілді, 358 млн.теңге жоспарында нақты 394 млн.теңге немесе 110% түсті. 14 млн.теңгеден астам сомаға салық салу база резервтері қаралды. Айта кету керек, кіріс бөлікті орындау мақсатында жоспарланған бюджеттік қаржы бөлуді біріншіден екінші жартыжылдыққа жылжыту жүзеге асырылған жоқ. Ауданның салық төлеушілерімен жыл басымен салыстырғанда бюджетке салық берешектерінің өсуі болған жоқ, олардың қаржы жағдайларының тұрақтылығын куәландырады.

  2. Жоспарланған бюджеттік қаржы бөлулер толық пайдаланылды: 1 млрд. 3 млн.теңге жоспарында 989 млн.теңге немесе 98,5% пайдаланылды. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мақсаттарды қалыптастыру мен бюджет бағдарламаларының соңғы нәтижелеріне бағытталған талдау жұмысы жақсарды, ол осы кезеңде өте өзекті, өйткені келесі қаржы жылынан бастап бюджеттік бағдарламалар паспорттарының орнына мемлекеттік органдардың стартегиялық жоспарлары әрекет ететін болады.

  3. Аудандық бюджет қаражатынан «Жол картасы» іс-шараларын қосымша қаржыландыру қамтамасыз етілді. Жоспарланған мерзімде 18 жобаны іске асыру басталды.

  4. Бұрынғыдай ауданның инвестициялық тартымдылығы жоғары болуда, ол 2008 жылдың ұқсас кезеңіне инвестиция көлемінің 40% өсуімен сипатталады.

  5. Ауданның екі ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының толық тоқтауына қарамастан- «ЕХМЗ» АҚ және «ЕСЖК» ЖШС – физикалық көлем индексі бойынша көрсеткіштер төмендеген жоқ.

  6. Республикалық бюджет қаражатынан шағын бизнес субъектілерін несиелеу бағдарламасы әрекет етеді. Жартыжыл ішінде 10 әртүрлі ұйымдастыру-құқықтық нысандағы кәсіпкерлер (шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер, жауапкершілігі шектеулі серіктестік) жалпы сомасы 171,3 млн.теңге несие алды.

  7. Қалыптасқан қиын экономикалық жағдайға қарамастан жұмысқа орналастыру қарқыны төмендеген жоқ: 2008 жылдың 1 жартыжылдығы ішінде келген азаматтардың ішінен 70% жұмысқа орналастырылды, 2009 жылдың 1 жартыжылдығында -68%. 2009 жылғы 1 сәуір жағдайы бойынша жұмыспен қамту орталығында 411 азамат есепте тұрды, сонымен қатар жұмыссыздардың деңгейі 1,5% деңгейінде қалыптасты. Осы күнге жұмыссыздардың жалпы саны 1572 адамды құрады, жалпы жұмыссыздық деңгейі – 5,6%.

  8. 2009 жылғы 1 шілде жағдайы бойынша жұмыспен қамту орталығында есепте 373 азамат есепте тұрады, сонымен қатар жұмыссыздық деңгейі 1,3%  қалыптасты. Осы күнге жұмыссыздардың жалпы саны 1544 адамды құрады, жалпы жұмыссыздық деңгейі – 5,5%.

2008 жылы 82 жұмыс орнына жыл басынан 142 жаңа орын құрылды.

  1. Тұрғын үй ғимараттарын пайдалануға енгізу бойынша көрсеткіштер төмендеген жоқ.

  2. Шаруашылықтардың барлық санаттарында өндірілетін ет көлемі 5% көбейді.

  3. Егістік жұмыстары жоспарланған мерзімде өтті, ылғалды ресурстарды сақтау аумақтары бойынша дақылдар егістігі 12% ұлғайды.

  4. Ауданның шаруашылық субъектілерімен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі меморандумдар жасау жалпы орындалуда. Жартыжылдық қорытындылары бойынша меморандумдар шеңберінде жалпы сомасы 26 млн.теңгеге қызмет көрсетілді.

Сонымен ауданның жалпы әлеуеті өткен жылғы 1 жартыжылдықта қол жеткізілген даму қарқынын сақтап ғана қоймай, оның өсуіне мүмкіндік береді.
Бірақ ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын сипаттайтын жартыжылдық бірқатар көрсеткіштері өткен кезеңдегі ұқсас мерзімге қарқыны төмен.

А.ж. 1 тоқсанымен салыстырғанда оң динамикаға қарамастан сүт өнімінің көрсеткіші өткен жылғы кезеңнен төмен, осы сияқты көрініс жұмыртқа өндірісінде де сақталуда. Өндірушілер бөлінісінде ірі қара мал басы көп төмендеді, оның ішінде тұрғындар шаруашылығында айқындалды. Инфлициялық процестерді ұстау бойынша нақты нәтижелер жоқ. Субвенциясыз қаржыландыруға ауданды көшіру бойынша іс-шаралар жоспары орындалмайды. Еңбекақы бойынша қарыздар көрсеткіші мейілінше жоғары болып қалуда. Жартыжыл қорытындылары бойынша шағын бизнестің қолданыстағы кәсіпорындар саны бойынша көрсеткіштер төмендеді, ол экономиканың осы секторындағы іскери белсенділіктің төмендеуін растайды.
Каталог: files
files -> Мазмұны мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері
files -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
files -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
files -> Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Сот кабинеті»
files -> Интернет арқылы сот ісі бойынша ақпаратты қалай алуға болады?
files -> 6М070600 –«Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» 1 «Пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау»
files -> Оқулық. қамсыздандыру: Жұмыс дәптері
files -> «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы
files -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
files -> Спорттық разрядтар мен санаттар беру: спорт шеберлігіне үміткер, бірінші спорттық разряд, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет