2009 жылғы 1-ші жартыжылдықтағы құрылыс қорытындысы және 2-ші жартыжылдықтың жоспары туралы ақпарат



Дата01.07.2016
өлшемі45.45 Kb.
2009 жылғы 1-ші жартыжылдықтағы құрылыс қорытындысы
және 2-ші жартыжылдықтың жоспары туралы
ақпарат

Құрылыс басқармасы ағымдағы жылы 14 бюджеттік бағдарламаны іске асыруда, олар республикалық және облыстық бюджеттерден жалпы сомасы 10122,9 млн.теңгеге қаржылындырылуда. 6 айғы жоспарда көзделген      5800,7 млн.теңге сомасындағы қаржының 5491,3 млн.теңгесі, яғни 94,6% игерілді.



Республикалық бюджет есебінен облыс бойынша 6 білім беру және    5 денсаулық сақтау объектілерін салу қарастырылған, соның ішінде, «100 мектеп және 100 аурухана салу» бағдарламасы шеңберінде 2 білім беру объектісі және 3 денсаулық сақтау объектісі бар. Бұл мақсатта, 2009 жылы 5122,7 млн.теңге бөлінген, соның ішінде «100 мектеп және 100 аурухана салу» бағдарламасы шеңберінде 3285,3 млн.теңге бөлінді.

Білім беру объектілері бойынша 2009 жылы 1961,3 млн.теңге бөлінді. «100 мектеп және 100 аурухана салу» бағдарламасы шеңберінде Өскемен қаласында 1000 оқушыға арналған мектеп, Үржар ауданы Благодарное ауылында 320 оқушыға арналған мектеп, Катонқарағай ауданы Өрел ауылында 320 орынға арналған мектеп, Жарма ауданы Үшбиік ауылында 250 орынға арналған мектеп, Семей қаласы Холодный ключ кентінде 400 орынға арналған мектеп және Семей қаласында 320 орынға арналған бала бақша салу және пайдалануға енгізу жоспарланып отыр.

Өскемен қаласындағы, Өрел және Үшбиік ауылдарындағы мектептерді пайдалануға енгізу үшін жалпы сомасы 1631,9 млн.теңгені құрайтын қаржы жетіспейді. Аталған объектілер бойынша үстеме қаржыландыру болмаған жағдайда, ағымдағы жылы Семей қаласы Холодный ключ кентіндегі мектеп қана пайдалануға енгізілуі мүмкін.

Қазіргі уақытта барлық объектілерде құрылыс-жинақтау жұмыстары жүргізілуде. 1-ші жартыжылдықта 1070,1 млн.теңге сомасында бөлінген трансферттер толық көлемде игерілді, соның ішінде «100 мектеп және 100 аурухана салу» бағдарламасы шеңберінде іске асырылып жатқан объектілер бойынша.

Денсаулық сақтау объектілеріне 2008 жылы 3171,4 млн.теңге бөлінген. Катонқарағай, Көкпекті, Тарбағатай аудандарында және Өскемен қаласында 5 денсаулық сақтау  объектісінің құрылысы жүргізілуде.   2009 жылдың желтоқсанында Көкпекті ауданы Көкпекті ауылындағы ауысымына  150 адамды қабылдайтын емханасы бар 100 төсек орынға арналған аудандық аурухана құрылысын «100 мектеп және 100 аурухана салу» жобасы шеңберінде, Тарбағатағай ауданы Ақсуат ауылындағы ауысымына 100 келушіні қабылдайтын 75 орынға арналған аурухана және Тарбағатай ауданы Ақжар ауылындағы 50 төсек орынға арналған туберкулез ауруханасының құрылысын аяқтау және пайдалануға енгізу жоспарланып отыр.

1 шілде жағдайындағы есепті кезеңде 1471,9 млн.теңге немесе 92,8% игерілді, соның ішінде «100 мектеп және 100 аурухана салу» жобасы бойынша 542,5 млн.теңге немесе 91%. Қаржының толық игерілмеуі 100 мектеп және 100 аурухана салу» жобасы шеңберінде іске асырылып жатқан Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылындағы аурухананың және «Өскемен қаласындағы қан орталығының құрылыстары жұмыс өндірісінің кестесінен кешіктірілуіне байланысты болып отыр.

Тұрғын үй құрылысының өңірлік бағдарламасына сәйкес, 2009 жылдың қаңтар-мамыр айларында қаржыландырудың барлық көздері есебінен облыс бойынша 50,976 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген, бұл былтырғы жылдың осы кезеңіндегісінің 68,5% құрайды. Ағымдағы жылдың сәуір айында Абай ауданының Қарауыл ауылында жалпы ауданы    0,255 мың шаршы метрді құрайтын жалға берілетін екі пәтерлі бір тұрғын үй пайдалануға енгізілді.

Үстіміздегі жылдың 26 маусымында Өскемен қаласы Островский көшесіндегі жалпы ауданы 2,2 мың шаршы метрді құрайтын 39 пәтерлі тұрғын үйді қайта жаңғырту бойынша мемлекеттік қабылдау комиссиясы өткізілді.

Өскемен, Семей, Зайсан қалаларында, Ұлан және Бородулиха аудандарында жалға берілетін және кредиттік тұрғын үйлер салуға және де инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға 2009 жылы республикалық және жергілікті бюджеттерден 3285,3 млн.теңге сомасында трансферттер мен кредиттер бөлінді.

Ағымдағы жылдың 6 айына 1799,6 млн.теңге сомасындағы қаражат қарастырылған, соның ішінде:


- кредиттік тұрғын үй құрылысына 628,5 млн.теңге бөлінген, оның игерілгені - 333,1 млн.теңге немесе 53%. Өскемен қаласындағы үйлердің құрылысы бойынша 295,4 млн.теңге сомасындағы қаржы игерілмеген.
- жалға берілетін тұрғын үй құрылысына 456,2 млн.теңге бөлініп, оның 317,6 млн.теңгесі немесе 69,6% игерілген. 138,6 млн.теңге сомасындағы қаражат игерілмеген, соның ішінде: Өскемен қаласындағы үйлердің құрылысы бойынша 120,9 млн.теңге, Зайсан ауданы Зайсан қаласындағы тұрғын үйдің құрылысы бойынша 16,2 млн.теңге, Семей қаласындағы тұрғын үй құрылысы бойынша 1,5 млн.теңге.
инженерлік инфрақұрылым құрылысына 714,9 млн.теңге бөлініп, оның 445,3 млн.теңгесі немесе 62,3 % игерілген. Өскемен қаласы бойынша       269,6 млн.теңге сомасындағы қаржы игерілмеген.

Үйлер мен инженерлік желілер  құрылыстарының жобалау-сметалық құжаттамаларына түзетулер енгізу қаржы игерілмеуінің себебі болып табылады.


Осы жылдың аяғына дейін облыс бойынша:  жалпы ауданы        10,3 мың шаршы метр болатын жалға берілетін 3 тұрғын үй (Зайсан және Семей қалаларындағы 60 пәтерлі тұрғын үйлер, Бородулиха ауданы бородулиха ауылындағы 4 пәтерлі үй)   және жалпы ауданы 32,1 мың шаршы метрді құрайтын кредиттік 4 тұрғын үй (Өскемен қаласында  тұтасқұймалы 2 тұрғын үй, Семей қаласында 72 және 54 пәтерлі тұрғын үйлер) пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Бағдарлама шеңберінде коммуналдық және кредиттік тұрғын үйдің   491 пәтері салынатын болады.

2009 жылы облыстық бюджеттен әлеуметтік маңыздағы 21 объектінің құрылысына және 22 жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге  2085,2 млн.теңге бөлінген.


Қазіргі уақытта, «100 мектеп және 100 аурухана салу» жобасы шеңберінде Семей қаласында 1200 орынға арналған мектеп пайдалануға берілген. Ұлан ауданы Молодежное кентіндегі спорт модулінің құрылысы бойынша, Өскемен қаласындағы «Восток» стадионын қайта жаңғырту бойынша жұмыс комиссиялары өткізілді. Объектілерде мемлекеттік комиссия өткізу осы жылдың маусым-шілде айларына жоспарланып отыр.

Ағымдағы жылдың 2-ші жартыжылдығында Күршім ауданы Теректі бұлақ ауылындағы 180 орынға арналған мектепті және «100 мектеп және 100 аурухана салу» жобасы шеңберінде Үржар ауданы Қарақол ауылындағы 600 орынға арналған мектепті, Семей қаласындағы педагогикалық колледжі спортзалының  жапсаржайын, Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайының ғимаратын және дене шынықтыру–сауықтыру кешенін, Тарбағатай ауданы Ақжар ауылындағы спорт модулін, Өскемен қаласында облыстық жол полициясы басқармасының негізгі ғимаратының жапсаржайын және 28 орынға арналған уақытша ұстау оқшаулағышын, Зырян ауданы Серебрянск қаласы мен Көкпекті ауданы Самар ауылындағы тазарту имараттарын пайдалануға беру жоспарланған.



Облыстық бюджеттен 6 айға 1474,9 млн.теңге бөлініп, оның     1279,3 млн.теңгесі немесе 86,7 % игерілді.  Қаражаттың толық игерілмеу себебі Семей қаласындағы дене шынықтыру–сауықтыру кешені құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасын түзетуге, Ұлан ауданындағы «Бәйтерек» балаларды сауықтыру кешені құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жөніндегі жұмыс ауқымын түзетуге, Үржар ауданы Қабанбай ауылы маңындағы Алакөл көлінің тынысжай аймағының жағалауын бекітуге техникалық-экономикалық негіздемені түзетуге байланысты болып отыр.
Каталог: files
files -> Мазмұны мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері
files -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
files -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
files -> Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Сот кабинеті»
files -> Интернет арқылы сот ісі бойынша ақпаратты қалай алуға болады?
files -> 6М070600 –«Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» 1 «Пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау»
files -> Оқулық. қамсыздандыру: Жұмыс дәптері
files -> «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы
files -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
files -> Спорттық разрядтар мен санаттар беру: спорт шеберлігіне үміткер, бірінші спорттық разряд, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет