2009 жылғы 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы Өнеркәсіп



Дата22.02.2016
өлшемі59.8 Kb.
#1477
2009 жылғы 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы

Өнеркәсіп
2009 жылғы I тоқсанда  Зайсан ауданындағы өнеркәсіп орындары қолданыстағы  бағамен алғанда 211,645 млн. теңгенің тауарлы өнімдерін өндірді, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 65,2% пайызды құрайды. Өнеркәсіп өнімдерінің ішінде есепті мерзімде 11,8 мың тонна тас көмір (2008 жылдың I тоқсанында 15,4 мың тонна), 104 тонна балық өнімдері (2008 жылдың 1-тоқсанында 218 мың тонна), минералды су 59 мың литр (2008 жылдың I-тоқсанында 93 мың литр) өндірілді.
Бюджет
2009 жылға арналған аудан бюджетінің барлық кіріс бөлігінің нақтыланған жоспары 1935,730 млн. теңгені құрайды, оның ішінде салықтар түсімдер бойынша 348,8 млн. теңге, салықтық емес түсімдер бойынша 1,2 млн. теңге, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 6,0 млн. теңге, трансферттердің түсімдері бойынша 1576,615 млн. теңге, оның ішінде ағымдағы нысаналы трансферттер 133,638 млн. теңге, нысаналы даму трансферттер 212,329 млн. теңге, субвенция – 1230,648 млн. теңге. 
Аудан бюджетінің өз кірісінің Iтоқсандағы жоспары 78,319  млн. теңгеге бекітіліп, нақты 79,304  млн. теңге түсіп, жоспар 101,3%  орындалды.
Аудан бюджетінің шығыс бөлігінің I тоқсандағы жоспары 421,576 млн. теңге, нақты орындалуы 417,457 млн. теңге, яғни жоспар 99.0% орындалды.

Ауылшаруашылығы
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2009 жылдың Iтоқсанында 734,941 млн. теңге болып, 2008 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда  5,7% артты. Аудан көлемінде 2009 жылдың I тоқсанында 1843 тонна ет, 7351 тонна сүт, 281 мың дана жұмыртқа өндірілді. Өткен жылмен  салыстырғанда ет 107,2%, сүт 103,6%, жұмыртқа 107,6%  артық өндірілді. Осы жылдың 1 тоқсанында  ірі қара саны 64924 басқа (өткен жылдың осы мерзімінен салыстырғанда 0,5% артық), қой мен ешкі саны 188627 басқа  (0,1% артық), жылқы 11625 басқа (9,8% артық), құстар саны 28798 басқа (9,8% артық) жетті.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар.
Аудан бойынша жұмыс іздеуші ретінде жыл басынан 187 адам тіркелді. 1 сәуірге 248 жұмыссыз тіркеуде тұр,  жұмыссыздардың экономикалық белсенді халықтың ішіндегі (19958 адам) үлес салмағы 1,2% құрайды.
Есепті мерзімде 114 жұмыссыз әр түрлі жұмыстарға орналастырылды, бұл тіркелгендердің 61%.
27.01.2009 жылы бекітілген дағдарысқа қарсы іс – шаралар және жұмыспен қамту бағдарламасына сәйкес төмендегі жұмыстар атқарылды. Жастар іс – тәжірибесіне 4 жұмыссыз қатысуда.
Ақылы қоғамдық жұмыстарында 55 келісім шарт жасалынып, 137 адам қатысуда, оның ішінде ауылдық жерден 66 адам.
Оқуға 31 жұмыссыз жіберілді. Жаңадан 26 жұмыс орны ашылды. Мекемелерден қысқарып 3 адам жұмыссыз болып тіркелді.
 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес 2009 жылға 18311 мың тенге әлеуметтік көмек бөлініп, 234 отбасының 713 мүшесіне 5252,1 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, оның 4992 мың теңгесі төленді.
«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес 2009 жылға 46916 мың теңге балалар жәрдемақысы бөлініп, 1284 отбасынаң 3194 баласына 11962,8 мың теңге мемлекеттік балалар жәрдемақысы тағайындалып, оның 10754 мың теңгесі төленді.
«Табысы аз отбасыларға тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй – коммуналдық қызметтеріне ақы төлеу үшін тұрғын үй көмегін беру Ережесіне» сәйкес 2009 жылы жергілікті бюджеттен 1516 мың теңге қаражат бөлініп, 68 отбасыға 1130,7 мың теңге тұрғын үй көмегі тағайындалып, оның 1116 мың теңгесі төленді.
Аз қамтылған, тұрмысы нашар, әлеуметтік көмекті қажет ететін 63 адамға жергілікті бюджеттен 500 мың теңге материалдық көмек төленді.
«Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапатталған Батыр аналарға, I – II дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған, 4 және одан көп кәмелетке толмаған 18 жасқа дейінгі балалары бар аналарға бір жолғы материалдық көмек ретінде 1032 анаға 5160 мың теңге төленді.
Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен оған теңестірілгендерге, Чернобыль АЭС-індегі апаттың, радиациялық апаттар мен ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған 178 адамға коммуналдық шығындарын өтеу үшін 2201 мың теңге төленді.
Жалпы білім беретін мектептердің аз қамтылған отбасыларынан шыққан түлектерінің, жетім балалардың және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуын төлеу үшін 2009 жылдың I тоқсанында 26 балаға 3794 мың теңге төленді.
«Мүмкіндіктері шектеулі балалардың әлеуметтік, дәрілік – педагогикалық қолдау арқылы оңалту туралы» Заңына сәйкес үйде оқып – тәрбиеленетін мүгедек балаларға жергілікті бюджеттен 3184 мың теңге қаражат бөлініп, жыл басынан бері 39 балаға 795 мың теңге материалдық қамсыздандыру төленді.

Білім саласы
2009 жылдың  Iтоқсанында  аудан бойынша ІІІ тоқсан қорытындысы шығарылды. 1-11 сынып аралығындағы бала саны-7135. Олардың 1343-і үздік, 2326-і екпінді, 3 оқушы үлгермей, 8 оқушы денсаулықтарына байланысты қорытылмай отыр. Жалпы  сапа-52%,  үлгерім-99,95% . 
2009 жылға арналған аудан бюджетінде білім беру нысандарының күрделі жөндеуіне 15500 мың теңге (Ломоносов мектебі ғимаратының күрделі жөндеуіне 3500 мың теңге, Дауленов мектебінің жылу қазандығы мен жылу жүйесінің күрделі жөндеуіне 4000 мың теңге, №1 балабақшаның ғимаратының және жылу жүйесінің күрделі жөндеуіне 8000 мың теңге), материалдық-техникалық жарақтандыруға 15328 мың теңге қаржы қаралған. Ағымдағы жылдың Iтоқсанында 300 мың теңгеге Шілікті мектебінің, 296 мың теңгеге Ломоносов мектебінің асханаларына электропештер, 100 мың теңгеге Амангельді мектебіне компьютер алынды.
Республикалық бюджеттен Сартерек, Амангельді мектептеріне биология кабинеттерін алуға 8193 мың теңге қаржы бөлінді.
Аудандық бюджеттен Мұжықсу (1500 мың теңге), Жаңа-Тұрмыс (1000 мың теңге), Жамбыл (1500 мың теңге), Мустафина (3114,9 мың теңге) мектептерінің жылу қазандықтарының ағымдағы жөндеуіне 7114,9 мың теңге қаржы қаралды.
Сәулет және қала құрылысы, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары
2009 жылдың 3  айында аудан бойынша жалпы ауданы 381 ш.м. болатын 5 жеке меншік үйлер салынды, бұл 2008 жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 32,4%. Халықтың өз есебінен 1 дүкенге қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.
Республикалық бюджеттен: Зайсан қаласындағы 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысына биылғы жылы 195288 мың теңге бөлінген, Iтоқсанда осы қаржының 30%, яғни 58548,0 мың теңгесі игерілді. 60 пәтерлі үйдің инженерлік жүйелерінің құрылысына 17041 мың теңге бөлінді.
Аудандық бюджеттен: Зайсан (20162 мың теңге), Қаратал (6100 мың теңге), Жарсу (4100 мың теңге) су жүйелерінің реконструкциясының жобалық-сметалық құжаттарына және Біржан (860 мың теңге) су жүйесінің жобалық-сметалық құжатын аяқтауға, Какен – Талды ауылында (2400 мың теңге) скважина бұрғылау жұмысына қаржы қаралды. Скважина бұрғылау жұмысының сметалық құжаттары жасалынып,           I тоқсанда жоспардағы 56 мың теңге қаржы игерілді. Зайсан ауданының су жүйелерін қайта жаңғыртуға жобалық сметалық құжаттама жасауға ашық конкурс ағымдағы жылдың 31 наурыз күні өткізілді.
Зайсан қаласындағы орталық «Сайхан» стадионының реконструкциясын аяқтауға 7487 мың теңге қаржы қаралған, 31 наурыз күні тендер өткізілді.
Зайсан қаласының су жүйесін қайта жаңғырту жұмысына жасалған техникалық – экономикалық ұйғарым алынды.
Зайсан қаласының қатты қалдық төгетін, утилизация жасайтын орынның техникалық – экономикалық ұйғарым және жобалық сметалық құжаттамасы алынды.
2009 жылға аудан бюджетінде аудан жолдарының ағымдағы және орташа жөндеуіне 39300 мың теңге, Боқажанов көшесінің күрделі жөндеуіне 45000 мың қаржы қаралған.

Шағын кәсіпкерлік
Зайсан ауданы бойынша 2009 жылдың 1 сәуіріне  2236 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп жұмыс атқаруда. Атап айтқанда: заңды тұлғалардың саны – 60, жеке  кәсіпкерлердің саны - 1001, шаруа қожалықтарының саны – 1175 жетіп, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 174-ке немесе 8,8 пайызға өсті.
Барлық шағын кәсіпкерлік субьектілерінен түскен салық түсімі 2009 жылдың 3 айында 41,231 млн. тенге салық түсіп, былтырғы жылдың алғашқы тоқсанымен салыстырғанда 7,2%азайды.
Зайсан ауданы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері бойынша  2009 жылға 723,7 млн. тенгенің инвестициялық жобаларының іс-шаралары жоспарланып, аудан әкімімен бекітілді. 
2009 жылдың қаңтар-наурызына жеке кәсіпкер Р.Қадырханов Зайсан қаласынан қуаттылығы жылына 5 мың м.куб. құрайтын ағаш өңдеу шеберханасына 8,0 млн. тенгенің инвестициясын салып, іске қосып, 3 адам  жаңадан жұмыс орнымен қамтылса,  ақпан айында жеке кәсіпкер Б.Жапсарбаев 20,0 млн. тенгенің инвестициясын салып, Зайсан қаласынан «Керей» кафесін бильярд залымен іске қосып, 6 жаңа жұмыс орны ашылды.
2009 жылы Зайсан ауданы бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 61 млн. тенгенің 6 бизнес-жобалары ұсынылып,  қаңтар-ақпанына «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ және «БТА Банк» АҚ  Зайсан аудандық бөлімі арқылы екі кәсіпкердің 28,5 млн. тенгенің несиесін алуға бизнес-жобалары облыстық комиссияның оң шешімін алып, қаржыландыруды тосуда. 
Ауданда кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға   2009 жылдың наурызына  4 кәсіпкерге  жер учаскелері берілді. 
Аудан бойынша алкоголь өнімдерін саудалау үшін 2009 жылдың 1 наурызына 7 кәсіпкер жаңадан лицензия алды.
Аудан бойынша 2009 жылға азық-түлік, көкөніс, өндірістік тауарларының, дәрі- дәрмектің және жанар-жағар май өнімдерінің бағаларының өсуіне жол бермей, тұрақтандыру туралы барлығы 170 меморандум жасалды.

Денсаулық сақтау саласы
Денсаулық сақтау саласында 310 маман қызмет етеді, оның ішінде 78 дәрігер.
Аудан бойынша ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 7 жас нәресте шетінеді. (2008 жылдың 1 тоқсанында  7 бала).
Түберкүлез ауруымен тіркелген адам саны 9.
2009 жылдың 1 тоқсанында 2614 адамға жедел жәрдем көмегі көрсетілді. Ауруханада емделіп шыққандар 1106 адам, күндізгі стационарда емделгендер 377 адам.
2009 жылы 1 тоқсанында профилактикалық тексеруден 2932 адам өтті, 0 – 18 жасқа дейінгі 2017 бала тексерілді.

Қоғамдық тәртіп
2009 жылы негізгі бағыттар қылмысқа қарсы күрес және құқықтық тәртіпті күшейту бойынша ішкі істер органдарының қызметі елеулі түрде жандандырылды.  Аудан аумағында 2009 жылдың 1-ші тоқсанында тіркелген барлық қылмыстардың саны 34, 2008 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 32  пайызға азайды.
Бірінші тоқсанда тіркелген қылмыстардың ашылуы 92,2  пайызды құрады, 2008 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2,2 пайызға артты.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет