2009 жылғы облыс бюджетінің атқарылуы жөнінде баяндама Құрметті Бердібек Машбекұлы! Құрметті депутаттар!



жүктеу 102.7 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі102.7 Kb.
2009 жылғы облыс бюджетінің атқарылуы жөнінде баяндама

Құрметті Бердібек Машбекұлы!

Құрметті депутаттар!

Бюджет кодексінің талаптарына сәйкес Сіздерге 2009 жылға арналған облыстық бюджеттің бюджеттік бағдарламаларын іске асыру қорытындысы ұсынылып отыр. Өткен жылы жергілікті атқарушы органдардың жұмысы әлеуметтік тұрақтылықты сақтау мақсатында қосымша кіріс көздерін іздестіру, шығындарды оңтайландыру және мемлекеттік қаражаттың шығыстаудың басымдылығын қамтамасыз ету бойынша шараларға бағытталған болатын.

Облыс бюджетінің 85,3% қаражаты мемлекет кепілдігімен төлемдерге, әлеуметтік саланың жұмыс істейтін желілерінің өте маңызды бағыттары бойынша шығындарға, өндірістік емес сектордағы мемлекеттік қолдауға жұмсалды.

Облыстық бюджеттің жалпы кіріс бөлігі 100,4%-ға орындалды, кіріске 109,5 млрд.теңге түсті, ол облыс бюджетінің 81,3%-ын құрады.

Бюджеттің жалпы көлемін 16,8 млрд.теңгесі немесе 15,6%-ы әкімшілік жасайтын салықтар мен төлемдер, 38,6 млрд.теңгесі тұрғын үй құрылысына арналған нысаналы трансферттер мен кредиттер, сондай-ақ облыс 54,1 млрд.теңге ресми трансферттер құрайды, оның ішінде облыстық бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға 33,6 млрд. теңгесі немесе 62,1%-ы жұмсалды.

Жыл қорытындысы бойынша барлық кірістер көздері бойынша бекітілген жоспарлар орындалды.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда төлем көздерінен салынатын, шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы (80,8 млн.теңге), орманды пайдаланғаны үшін төлем (74,5 млн.теңге), жергілікті атқарушы органдар салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұл, санкциялар, өндіріп алулар (410,6 млн.теңге) бойынша түсімдер ұлғайды.

Ағымдағы жылы қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемге белгіленген ставкалар мен заттар көлемінің төмендеуіне байланысты қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем түсімдері өткен жылмен салыстырғанда 941,9 млн.теңгеге төмендеді.


Құрметті депутаттар!

Өткен жылы бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға облыстық бюджеттен 111,3 млрд.теңге жұмсалды, игеру 99,6% құрады.

Республикалық бюджеттен денсаулық сақтау, білім, азаматтарды әлеуметтік қорғау салаларында мемлекеттік қызметті ұлғайтуға, ауыл шаруашылығын қолдау, көлік инфрақұрылымы, коммуналдық тұрғын үй және коммуникациялық инфрақұрылым, әлеуметтік сала объектілерінің құрылысы, сумен жабдықтау, Семей қаласындағы жылумен жабдықтауды жаңғыртуға нысаналы трансферттер алынды, 36,9 млрд.теңгесі немесе 98,7%-ы игерілді.

Өткен жылы жалпы көлемнен экономиканың тұрақсыздығының теріс салдарын жеңілдетуге, «жол картасы» шеңберінде жұмыс орындарын сақтауға бағдарланған шаралар кешенін іске асыруға 17,4 млрд.теңге жұмсалған болатын, оның 14,2 млрд.теңгесі республикалық бюджеттің нысаналы трансферттері, жергілікті бюджеттерден инвестициялық жобаларды қоса қаржыландыруға 2,9 млрд.теңге жұмсалды.

1006 жоба іске асырылды, 32872 жұмыс орны құрылды, 244,4 млн.теңге салықтар түсті. Бюджеттік саланың мынадай басым бағыттары жөндеу жұмыстарымен қамтылды:

тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жүйесін жөндеу, қайта жаңарту және дамыту бойынша 6,3 млрд теңге игерілді, 119,3 км су құбыры-кәрізіне және 34,1 км жылу желісіне ағымдағы жөндеу жүргізілді. Жоспарланған 77 объектінің 76 объектісінде жұмыстар аяқталды, қаражаттар екінші жартыжылдықта бөлінетіндіктен және құрылыс мерзімдерінің сәйкессіздігінен Көкпектідегі тазалау құрылыстарын салу 2010 жылға қалтырылды.

3,3 мың км астам жол жөнделді, 18 ауылдағы ұзындығы 12,4 км кентішілік жол жөнделді, 326,6 км жол жабынына ағымдағы жөндеу жүргізілді, оған 4,9 млрд.теңге жұмсалды.

Облыстың әлеуметтік сала объектілерін жөндеуге 5,6 млрд.теңге жұмсалды. 380 білім объектісінде, денсаулық сақтаудың 88 объектісінде, 11 спорт объекітісінде, 71 мәдениет объектісінде толығымен жұмыстар аяқталды, әлеуметтік объектілер бойынша 13 жоба іске асырылды. Азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсарту үшін 120 ауылда 338,5 млн.теңгеге 183 жоба іске асырылды.

945 кәсіпорын және ұйыммен әлеуметтік жұмыс орындарын құру үшін шарттар жасалды, жұмыспен қамту органдары 7092 адамды жұмысқа орналастырды. Жастар тәжірибесі бағдарламасы бойынша 3663 түлек жұмысқа орналастырылды, 9011 адам кадарларды қайта даярлаудан өтті. Аталған мақсаттарға 1,1 млрд.теңгеден астам қаражат жұмсалды.


Денсаулық сақтау
Денсаулық сақтаудың бюджеттік бағдарламалары 99,9%-ға игерілді, 30,3 млрд.теңге жұмсалды, 2008 жылмен салыстырғанда 31,1%-ға артық.

Бюджет қаражаттары есебінен 25,7 млрд.теңгеге 3 миллионнан астам аурулар жағдайларына стационарлық және амбулаториялық медициналық көмек көрсетілді.

Жеңілдікті жағдайларда дәрілік құралдармен қамтамасыз етуге 1,2 млрд.теңге нысаналы трансферттер, жергілікті бюджет қаражаты есебінен 0,9 млрд.теңге жұмсалды.

Медициналық ұйымдар 1,5 млрд.теңгеге жабдықтар мен медициналық құралдармен техникалық жарақтандырылды. Облыстық, аудандық және қалалық ауруханаларға, (ЖҚТБ) жұқтырылған қорғаныш тапшылығы белгісі індетінің алдын алу және қарсы күрес жөніндегі орталықтарға, балалар ауруханалары мен босандыру ұйымдары, туберкулезге қарсы, психоневрологиялық, инфекциялық мекемелерге, жедел және шұғыл медициналық көмек стансаларына 1000 бірліктен астам жабдық сатып алдынды.

Өткен жылы денсаулық сақтаудың алты объектісі инвестицияланды, оған 3,3 млрд.теңге қаражат жұмасалды, оның ішінде «100 мектеп, 100 аурухана құрылысы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Өскемен қаласындағы облыстық Қан орталығы, Катонқарағай және Көкпекті аудандарындағы аудандық ауруханалар құрылысы, сондай-ақ 20,6 млн.теңгеге 3 объектіге жобалау жасалды.
Білім
Инновациялық технологиялар, дамыта оқытудың оқу бағдарламалары мен оқу-әдістемелік әдебиетін енгізуге, балаларды тәрбиелеу және оқыту үшін жағдайларды жақсартуға, балалар мен жеткіншектерді оңалту және әлеуметтік-педагогикалық бейімдеуге, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға, материалдық-техникалық базаларды нығайтуға, білім объектілерін салу және жөндеуге 12,7 млрд.теңге жұмсалды.

Оқулықтарды сатып алу және жеткізу толығымен қамтамасыз етілді, білім деңгейін арттыру үшін жағдайлар жасалды, интерактивті оқыту жүйесін дамыту және ақпараттық технологияларды оқу үрдісіне енгізу жалғастырылды, аталған мақсаттарға 126,8 млн.теңге қаражат жұмсалды.

2008 жылға қарағанда экономика салаларын кәсіби кадрлармен қамтамасыз ету үшін шығындар 19%-ға өсті, мемлекеттік тапсырыс 11,3%-ға ұлғайды, орта буын біліктілігі бойынша даярланатын мамандардың тізбесі жаңартылып, көбейтілді, өсім 27 біліктілікті құрады, оның 21 біліктілігі жұмысшы мамандар. Өткен жылмен салыстырғанда технологиялық профилдегі мамандар үлесі 25%-ға ұлғайды.

Білім берудің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 163,0 млн.теңге (интерактивтік жабдық, пәндік, мультимедиялық, медициналық кабинеттер, компьютерлік және технологиялық жабдықтар) жұмсалды, 228,0 млн.теңгеге білім берудің 25 объектісіне күрделі жөнеу жүргізілді.

Білім берудің 10 объектісінің құрылысы жүргізілді, оның ішінде 3 мектеп ауылдық жерлерде, 8 объект бойынша жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеу жүргізілді. Ақсуат ауылындағы және Семей қаласындағы бала бақшалар, сондай-ақ Көкпекті, Қаракөл ауылдарындағы мектептер пайдалануға берілді.

Инвестициялық жобаларды іске асыруға 4,0 млрд.теңгеден астам қаражат жұмсалды.



Халықты әлеуметтік қорғау
Медициналық-әлеуметтік мекемелерде қарттар мен мүгедектердің тұрмыс жағдайын жақсартуға, оларды материалдық-техникалық жарақтандыруға, медициналық көмек көрсетуге, республиканың сауықтыру орындарында санаториялық-курорттық емдеуді қамтамасыз етуге 2009 жылы 4,6 млрд.теңге жұмсалды.

2073 адамға ортопедиялық көмек көрсетілді, 589 техникалық қозғалу құрал (кресло-арба), есту және көруі нашар 804 мүгедек сурдо-тифлоқұралдармен қамтамасыз етілді, 2109 зейнеткер «Уба» және «Мойылды» шипажайларында денсаулықтарын түзетті.

Облыстық бюджет есебінен соғыс мүгедектері мен қатысушыларына, көпбалалы аналарға, жоғары оқу орындары бітірген ауылдық жерлерде жұмыс істеуге ниет білдірген жас мамандарға, сонда-ақ жалпы білім беру мектептерін бітірген аз қамтылған отбасыларының түлектеріне жоғары оқу орындарында оқыту үшін төлемге қосымша көмек берілді. Барлығы 65 мың алушыға 911,5 млн.теңгеге материалдық көмек көрсетілді.
Мәдениет, спорт
Өткен жылы 3,5 млрд.теңгеге жоспарланған облыстық ауқымдағы мәдени-бұқаралық іс-шаралар орындалды, мәдени-демалыс жұмысын қолдау қамтамасыз етілді, өңірде дәстүрлерді дамыту, бұқаралық және кәсіби спорт іс-шаралары атқарылды.

54 млн.теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары, мәдениет және спорт мекемелерінің материалдық-техникалық базаларын нығайтуға 368,9 млн.теңге жұмсалды.


Құқық қорғау органдары
Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестің өңірлік бағдарламаларын іске асыруға, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 5359,3 млн.теңге жұмсалды. 288,7 млн.теңгеге арнайы жабдықтар мен техникалар, жаңа үлгідегі нысанды киiм сатып алынды, ішкі істер органының 4 объектісіне 57,5 млн.теңгеге күрделі жөндеу жүргізілді, 127,6 млн.теңгеге облыстық жол полициясы басқармасының ғимаратының құрылысы аяқталды.

Тұрғын үй құрылысы
Ипотекалық тұрғын үйдің қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жалғастырылуда. Өткен жылы алынған 1 123,0 млн.теңге сомасындағы кредиттік ресурстар Өскемен және Семей қалаларындағы қол жетімді тұрғын үй құрылысына бағытталды, іске асыру мерзімі 2010 жыл. Қайта қаржыландыру қаражаты есебінен 152,5 млн.теңге сомасына тұрғын үй сатып алынды. Есеп беру жылында Семей қаласындағы 126-пәтерлі 2 тұрғын үй және Өскемен қаласындағы 5 тұрғын үй (240 пәтер) пайдалануға берілді. Республикалық бюджет алдында кредиттерді уақытында өтеу жөніндегі міндеттемелер толығымен орындалды, 2009 жылға жоспарланған 964 млн.теңге қайтарылды.

Сонымен қатар, республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен 593,4 млн.теңгеге 6 коммуналдық тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді, оның ішінде Өскемен қаласында (370,9 млн.теңге), Семей (27,5 млн. теңге) және Зайсан (194,9 млн. теңге). Өскемен және Семей қалаларындағы 4 тұрғын үй пайдалануға берілді. Облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен Ұлан ауданы Молодежный кентіндегі коммуналдық 80-пәтерлі тұрғын үй құрылысы аяқталды (178,8 млн.теңге).

Өскемен, Семей қалалары мен Ұлан, Зайсан аудандарында инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мен жайластыруға 1,2 млрд.теңге жұмсалды.
Табиғатты қорғау іс-шаралары
Қоршаған ортаны қорғау іс-шараларына 2,0 млрд.теңге қаражат жұмсалды. Серебрянск қаласындағы және Самар ауылындағы тазалау құрылғылары пайдалануға беріліп, қайта жаңарту жұмыстары аяқталды.

«Жол картасы» бағдарламасын іске асыру мақсатында Өскемен қаласындағы, Тарбағатай және Көкпекті аудандарындағы тазалау құрылғыларының құрылысы мен қайта жаңарту іс-шаралары басталды, оған 600,6 млн.теңге қаражат жұмсалды.

Сонымен қатар, 172,7 млн.теңгеге биологиялық, су, жер, атмосфералық ауа ресурстарын қорғау, суды қорғау аймақтары мен су объектілерінің жолақтарын белгілеу, 84,8 млн.теңгеге жануарлар әлемін және орманды ұдайы өндіру бойынша іс-шаралары жүргізілді. Жағалау жолағының бұзылуына жол бермеу үшін 327,4 млн.теңгеге Алакөл көл аймағының жағалауын бекіту жұмыстары жүргізілді.

«Ауыз су» бағдарламасы бойынша жобаларды іске асыру және ауыз судың сапасын арттыру үшін 8 өңірде сумен қамтамасыз етудің 14 объектісін қайта жаңғыртуға 821,5 млн.теңге шығындалды.

Аягөз, Жарма, Бородулиха, Зырян, Ұлан және Үржар аудандарының жекелеген объектілерінде сатылған 13 объектінің 11 объектісінде сумен жабдықтау жүйелерін қайта құру жұмыстары аяқталды.


Ауыл шаруашылығы
Слайд.

Ауыл шаруашылығы саласына өткен жылы тұқым өсіру, мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруға, жанар жағар май материалдарының құнын арзандатуға 4,5 млрд.теңге қаражат бағытталды. Осы қаражатты пайдаланудың есебінен үш элиталық-тұқым өсіру шаруашылығының элиталық және бірегей тұқым түрлерін өндіруге кеткен шығынның 40% дейін өтеуге көмектесті, олар облыстың 40-тан астам ауыл шаруашылық құрылымында сатылды, 2 мыңнан астам ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерге көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу кезіндегі жанар жағар май материалдары шығындарын өтеу жүргізілді.

Сонымен қатар, ауылдардағы шағын және орта бизнеске қолдау көрсету мақсатында облыстың 25 ауыл шаруашылық құрылымын кредиттеуге облыстық бюджеттен 50,0 млн.теңге кредиттік ресурстар жұмсалған болатын («0%» сыйақы ставкасы бойынша).
Көлік
Автомобиль жолдары желісінің қызмет етуін қамтамасыз етуге және дамытуға шығыстар 3 428,9 млн.теңгені құрады.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен Риддер қаласының айналма жолының құрылысы, «Шемонаиха-Секисовка», «Семей-Курчатов», «Өскемен-Тарғын-Самар», «Семей-Қарауыл», «Большенарым-Күршім», «Семей-Долонь-Үлкен Владимировка» 6- автожолдар учаскелеріне күрделі жөндеу жүргізіліп, қазіргі уақытта пайдалануға берілді. Барлығы көрсетілген 6 бағыт бойынша автомобиль жолдары учаскесінің 54 километрі жөндеуден өтті. Сонымен қатар, Өскемен және Семей қалаларының көшелері мен аулалары, жолдарына, Катонқарағай ауданындағы демалыс базасына дейінгі жолына ағымдағы жөндеу жүргізу үшін, Курчатов қаласындағы нөсерлік кәрізді тазалауға облыстық бюджеттен 298,6 млн.теңге трансферттер жұмсалды, Үржар ауылының әуежайына ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Облыс ішіндегі әуе қатынастарды дамыту, сондай-ақ қала маңындағы теміржол бағыттарында жол жүру ақысын арзандату үшін 308,2 млн.теңге сомасында қолдау көрсетілді. Сонымен қатар, әуе тасымалы арқылы 5 177 жолаушы, темір жол көлігімен 231 643 жолаушы тасымалданды.

Инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған дамыту бағдарламалары 15,6 млрд.теңгеге орындалды немесе 98,7%.

Республикалық бюджеттен бөлінген 475,6 млн.теңге ауыспалы нысаналы трансферттер 2010 жылға игеруге қалды, Семей қаласының Холодный ключ кентіндегі мектеп бойынша 22,3 млн.теңге игерілмеген, оның толық іске асуы мемлекеттік қабылдау комиссиясынан кейін қарастырылған, Тарбағатай ауданының екі ауруханасы бойынша объектіде анықталған ескертулерді мердігер ұйымның жоймағандығынан, өндіріс жұмысы кестесінен қалыс қалуы мен жабдықтар толық жеткізілмегендіктен- 154,3 млн.теңге, Көкпекті ауылындағы тазалау құрылғысының құрылысы бойынша 166,9 млн.теңге, кадрларды даярлау мен қайта даярлауды жалғастыру бойынша 145,0 млн.теңге игерілмеген.

Өткен жылы Семей қаласының жылумен жабдықтау жүйесін дамытуға республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен 2 257,1 млн.теңге, ол қаланың жылумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғыртуға жұмсалды, оның ішінде Юность ауданындағы (ЖЭО-1) орталық магистральды және бөлгіш жылу желілерін қайта құру, 2 қазандыққа арналған су ысытқыш қазандығының құрылысы. Облыстық бюджет қаражаты есебінен Семей қаласының жылумен жабдықтау жүйесін дамытуға 145,6 млн.теңге жұмсалған болатын.

Өскемен, Курчатов қалалары мен Глубокое, Зырян аудандары елді мекендерінің тұрғындарын үзіліссіз жылумен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін 422,8 млн.теңгеге отынның нормативтік қоры құрылды, сондай-ақ облыстық бюджет резерві есебінен Зырян ауданына, Семей және Өскемен қалаларына 99,0 млн.теңге сомасындағы қаржылық қолдау көрсетілді.
Құрметті депутаттар!

Жалпы жыл оң нәтижелермен аяқталды, бекітілген бюджеттік бағдарламаларды ақшалай қамтамасыз ету және олардың толық игерілуі бойынша шаралар қабылданды, қалдықтарда республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің объективті себептері бойынша пайдаланылмаған көлемдері сақталған, (денсаулық сақтау бойынша жеткізушілердің жабдықтарды жеткізу бойынша шарттық міндеттемелерді орындамауын, өтпей қалған форумның, конкурстық рәсімдер, бос лауазымдар бойынша үнемді) қоспағанда түпкілікті нәтижелерге барлық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жетті.


Назарларыңызға рахмет!


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет