2009 жылы Бесқарағай аудандық бюджеттің орындалу туралы ақпарат



Дата24.02.2016
өлшемі15.17 Kb.
#17273
2009 жылы Бесқарағай аудандық бюджеттің орындалу туралы ақпарат
Бесқарағай ауданының бюджеті кірістер бойынша 2009 жылы 100,3 пайызға орындалды, яғни 2009 жылғы түсімдердің жиынтық жоспары 1233247,6 мың теңге, кірістер бойынша түсімдер 1236937,9 мың теңгені құрады.
2009 жылы ресми трансферттердің түсімі 1055048,6 мың теңгені құрады, жоспарлау кезінде 1055048,6 мың теңге немесе 100 пайыз.

2009 жылы мақсатты ағымдағы трансферттер бойынша жоспар 112914,6 мың теңгені құрап, игеру – 107059,3 мың теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 89313,6 мың теңге, игеру – 89313,2 мың теңге, қалдық 0,4 мың теңге, облыстық бюджеттен 23601,0 мың теңге, игеру - 23601,0 мың теңгені немесе 100 пайызды құрады.

2009 жылы бос қалдықтардың бағыттары бойынша орындалу 5574,9 мың теңгені құрады, жоспар 5574,9 мың теңге немесе 100 пайыз.
Ауданның жергілікті атқарушы органының қорынан шұғыл шығындарға 2009 жылы қаражаттар халықты ауыз сумен тоқтаусыз қамтамасыз ету мақсатында «Водник» мемлекеттік көпсалалы коммуналдық кәсіпорнының электр қуатының берешегін жабуға 2704,0 мың теңге, Бесқарағай ауылдық округіне қысқы кезеңде электр қуатын беру күшінің жетіспеушілігіне байланысты Молдажанов, 2 көшесіндегі КТП ауыстыру үшін – 296,0 мың теңге бөлінді.
Аудандық бюджеттің қаражаттарынан 2009 жылы несиелер беру қарастырылмаған.

Ертеректе берілген несиелер бойынша 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдайда берешектер жоқ.

2009 жылы аудан бюджетін бос қалдықтарды бекіту, мақсатты трансферттердің түсімі, мақсатты трансферттерді қысқарту, бюджеттің кіріс және шығыс бюджеттерін түзету бойынша 5 нақтылау жүргізілді.
Күрделі шығындар мен инвестициялық жобалар бойынша (республикалық трансферттердің есебінсіз) орындалу 96153,9 мың теңгені құрады, жоспарлау кезінде 96170,6 мың теңге немесе 100 пайыз.

2009 жылы жергілікті бюджетке өзіндік кірістердің түсім жоспары 102,1 пайызға орындалды, болжам жоспары 178199,0 мың теңге және нақты түсімі 181889,2 мың теңге, асыра орындалуы 3690,2 мың теңге.


2009 жылы бюджеттің шығыс бөлігі 100 пайызға орындалды, жоспар бойынша 1238514,9 мың теңге болса, кассалық орындалу 1238514,9 мың теңгені құрады.

Бесқарағай ауданы бойынша 2010 жылғы 1 қаңтарға кредиторлық және дебиторлық берешектер жоқ.



Қаржы бөлімінің бастығы: М.СКАКОВА

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет