2009 жылы Бесқарағай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2010 жылға тапсырмалар



жүктеу 119.58 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі119.58 Kb.
2009 жылы Бесқарағай ауданының әлеуметтік-экономикалық

дамуы және 2010 жылға тапсырмалар
2009 жылдың есеп беру кезеңінде өнеркәсіп өнімдерін өндіру 191,7 млн. теңгені құрады. Нақты индекс көлемі 2008 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда – 100,5 пайызға ұлғайды. 2010 жылы өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемін 195,4 млн. теңгеге немесе 101,4 пайызға ұлғайту жоспарлануда.

Ауданның негізгі саласы ауыл шаруашылығы.

Жалпы ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 2009 жылы 5,0 млрд. теңгені құрап, 2008 жылы 3,8 млрд. теңгені құраған болатын. Өткен жылдың мерзімінің өсім қарқыны 133 пайызға ұлғайды.

2009 жылы ет өнімдері – 6,8 мың тонна болып, 2008 жылмен салыстырғанда – 101,1 пайызды, сүт – 40,4 тонна немесе 103,9 пайызды, жұмыртқа – 3,5 млн. дананы немесе 104,7 пайызды құрады.

2009 жылы ірі қара мал – 31,8 мың бас, 2008 жылмен салыстырғанда - 101,7 пайызды, қой мен ешкі – 43,8 мың бас немесе – 112,7 пайызды, жылқы – 7,2 мың бас немесе – 109,8 пайызды, шошқа – 1,9 мың бас немесе – 81,2 пайызды, құс – 30,1 мың бас немесе – 106,6 пайызды құрады.

Асыл тұқымды малдар мен оның өнімділігін арттыру үшін ауданда 7 қолдан ұрықтандыру пункттері жұмыс істейді. Соңғы жылдары бұл жұмыстардың өзінің жемістерін беруінің арқасында, асыл тұқымды малдардың тұқымдарын ала бастадық. 2010 жылы қалған 3 ауылдық округтерінде жасанды ұрықтандыру пунктті ашу жоспарлануда.

2009 жылы 3 шаруа қожалығы қазақтың ақ бас сиырын өсіруде асыл тұқымды шаруашылық статусын алды.

2010 жылда «Мукинов» шаруа қожалығы «Жәбе» асыл тұқымды жылқы жылқы тұқымының өсіру мәртебесін алуды жоспарлауда, қазіргі уақытта құжаттары дайындалуда.

Ауданда «АсАй и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Лана», «Мукинов» шаруа қожалықтары базасында 3 мал бордақылау алаңдары жұмыс істейді, бордақыланған ірі қара мал етінің салмағы 380 килосымен өткізіледі. 2010 жылы «Балке» шаруа қожалығы мал бордақылайтын алаңдарын ашуды жоспарлауда.

Бүгінгі күн талабына сай аудан бойынша ірі шаруа қожалықтарында малдарды союдың 15 пункттері жұмыс істейді, оның төртеуі бірдейлендіру кодын және мемлекеттік ветеринарлық қадағалаудың тіркеу нөмірін алу туралы келісім жасады, қалған 11 шаруашылық құжаттарын Астана қаласына ресімдеу үшін жіберді. 2010 жылы әр елді мекендерде мал сою пункттерін, сонымен қатар мал сою алаңдарын ашу жоспарлануда.


2

Аудан бойынша егілген жер көлемі – 36,4 мың гектарды құрады, оның ішінде дәнді дақылдар – 28,9 мың гектар (бидай – 25,5 мың га, арпа – 1,3 мың га, сұлы – 0,6 мың га, қара құмық – 0,5 мың га), майлы дақылдар - 6,3 мың га, картоп – 0,7 мың га, көкөніс – 0,3 мың га, бақша – 0,1 мың га. 2010 жылы егістік көлемін 10 пайызға ұлғайту жоспарлануда. 2010 жылы егістік көлемін 37,9 гектарға ұлғайту, дәнді дақылдар өнімдерін өсіру жоспарлануда.


Өткен жылмен салыстырғанда арпа 37,3 пайызға, майлы дақылдар 96,8 пайызға, картоп 36,3 пайызға, көкөніс 28,3 пайызға артты.

2009 жылы жиналған дәнді дақылдар 28,8 мың гектар, орташа өнімділігі гектарына 9,2 центнерді құрады.

Аудан аумағында 3 ұн шығаратын цехтар мен 9 наубайхана және май өңдейтін шағын цехтар жұмыс істейді. 2010 жылы 1 ұн шығаратын «АсАй и К» және 1 макаронда цех «Мейрамгалиев шаруа қожалығы» ашуды жоспарлауда.

Аудан аумағында жұмыс істейтін «Бесқарағай несие» несиелік серіктестігі 2009 жылы 15 шаруа қожалықтарына 49,2 млн.теңге сомада несие берді. 2010 жылы Канонерка ауылдық округінде ауылдық тұтыну кооперативін ашу жоспарлануда.

2009 жыл ішінде негізгі капиталдың инвестициялық көлемі 217,5 млн. теңгені құрап, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 754,1 млн. теңгені немесе 27,0 пайызды құрады.

2009-2010 жылы жүзеге асырылатын инвестициялық жобалар:

1) Бөдене ауылыңда «Қасқыр» шаруа қожалығымен өндірістік күші тәулігіне 30 ірі қара және 50 ұсақ малдар мал сойатын модульдік пункті, 100,0 млн. теңге сомада несие ресурстарын алу үшін құжаттары «Аграрлық өнеркәсіптік бірлестігіне» жіберілді;

2) Бесқарағай ауылында «Астана – Агроөнім» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен өндірістік күші тәулігіне 25 ірі және 30 ұсақ малдарды соятын модульдік пункті, 30,0 млн. теңге сомада несие ресурстарын алу үшін құжаттары «Қазагроқаржы» акционерлік қоғамына жіберілді;

3) «Азамат» шаруа қожалығымен өндірістік күші 300 тонна көкөніс сақтау қоймасының құрылысы, 8,0 млн. теңге сомада несие ресурстарын алу үшін құжаттары «ТӘБ-Банкіне» жіберілді;

Аудан бойынша 2009 жыл ішінде кәсіпкерлікті дамыту бойынша 40 шағын бизнес субъектілерінен несие алуға өтініштер түсті. Бүгінгі күні 21 кәсіпкерлер «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» акционерлік қоғамы арқылы 6,8 млн. теңге сомада несие алды. 2010 жылы 10,0 млн. теңге неисие беру жоспарлануда.

2009 жылы тіркелген кәсіпорындар саны- 1040, бұл 2008 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,6 пайызға кем, бұл шаруа қожалықтарының ірілендірілуіне және жұмыссыз тұрған ұсақ кәсіпорындардың жабылуына байланысты болды. Аудан бойынша орта және шағын бизнес кәсіпорындарында жұмыс істейтін адамдар саны- 2075. Бұл көрсеткіш 2008 жылмен салыстырғанда 335 адамға көбейді. Сонымен қатар салықтар түсімі 2,1 млн. теңгеге артты.

3

2009 жылы ауданда аумағында 132 дүкендер немесе 101 пайызы, 28 қоғамдық тамақтандыру нысандары немесе 112 пайызы жұмыс істеуде, және бұл 2008 жылдың ұқсас кезеңінде (25 нысандар), 37 қызмет көрсету нысандары немесе 106 пайыз, бұл 2008 жылдың ұқсас кезеңінде (35 нысан) жұмыс істеуде.



Аудан аумағында 5 жанар-жағар май құю стансасы тіркеліп, төртеуі жұмыс істеуде, оның тағы бір стансаны ашуды жоспарлауда.

2009 жылы шағын және орта бизнес субъектілерімен аудан орталығында жол үстіндегі кафе, қоғамдық монша құрылысы салынуда, Бесқарағай ауылында техникалық қызмет көрсету стансасы, «Алтай» дүкені ашылды.

Аудандық жер комиссиясы жер қатынастары бөлімімен бірлесе шағын және орта бизнес субъектілеріне өтініштері бойынша, құрылыс нысандары үшін жерлер бөлуде.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне 259,5 га алқапқа 325 жер телімдері берілді.

Аудан бюджетінің өзіндік кірісі 2009 жылы 102,1 пайызға орындалды, жоспар бойынша 178,2 млн.теңге болса, негізгі түсім 181,9 млн.теңгені құрады асыра орындау 3,7 млн. теңгені құрады. Қосымша қаражаттар іздестіру және аудан бюджетінің кіріс бөлігін арттыру туралы облыс әкімінің тапсырмасы бойынша маңызды жұмыстар атқарылып, нәтижесі бойынша бюджетке қосымша 16 млн.теңге түсті.

Бюджеттің шығыс бөлігі 2009 жылы ішінде 100,0 пайызға орындалды, бұл көрсеткіш 2008 жылдың осы кезеңінде – 99,7 пайызды құраған болатын.

Белсенді халықтың жалпы санынан жұмыссыздар үлесі 2009 жылы 0,8 пайызды құрады. 2009 жылдың 1 қаңтарына 103 жұмыссыз есепте тұрса, 2010 жылдың 1 қаңтарында 95 адам есепте тұр, мұның 7,8 пайызға төмендеуі жұмыссыздардың жұмысқа орналасуы мен жаңа жұмыс орындарының ашылу есебінен.

Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша

2009 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарға 480 адам тартылып, жоспардың орындалуы 188,2 пайызды құрады. 2010 жылы 260 жұмыссыздарды жұмысқа тарту жоспарлануда.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 8 жұмыссыз жіберіліп, жылдық жоспар 133,3 пайызды құрады, орындалуы 100 пайыз. 2010 жылы 6 адамды жіберу жоспарлануда.

Жол картасы бойынша оқу топтарын құру үшін 107 адамды жіберу жоспарланған болатын, оқуға 140 адам жіберіліп, жоспар 130,8 пайызға орындалды.

Барлығы 139 адам оқуда, оның ішінде №16 кәсіптік лицейінде жүргізуші мамандығы бойынша - 48 адам, «Қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша - 27 адам, трактор-машинист мамандығы бойынша – 37 адам оқыды.

4

Екінші топ Семей қаласының құрылыс колледжінде «сылақшы» мамандығы бойынша - 3 адам және үшінші топ «газбен дәнекерлеуші» мамандығы бойынша барлығы - 7 адам, Семей қаласының Сервис колледжінде хатшы-референт мамандығы бойынша 17 адам оқуын бітірді.



«Жол картасы» шеңберінде әлеуметтік жұмыс орнына 48 адам орналастырылып, жылдық жоспар 141,2 пайызға орындалды.

Жастардың іс-тәжірбиесіне 29 адамды жіберу жоспарланды, жіберілгендер 36 адам немесе 124,1 пайыз.

«Жол картасы» шеңберіндегі 12 әлеуметтік жоба бойынша жұмыспен қамту бөлімі арқылы жұмысқа - 148 адам жіберілді.

2009 жылы ауылды жерлерде жұмыс істеуге ниет білдірген, жоғарғы оқу орындарын аяқтаған 24 жас мамандар келді, олар: білім беру саласы бойынша – 22 маман, денсаулық сақтау саласы бойынша -2 маман. Аудан әкімдігінің қаулысы бойынша әрбір маманға көтерме жәрдемақы берілді, мұғалімдерге – 200 мың теңге, дәрігерлерге – 250 мың теңге. Барлығы көтерме жәрдемақы 24 мамандарға – 4,9 млн. теңге бөлінді.


Денсаулық сақтау
Аудандағы медициналық қызмет көрсету 51 керуетті аудандық орталық ауруханамен, 10 дәрігерлік амбулаториямен, 20 фельдшерлік –акушерлік және фельдшерлік пункттермен іске асырылады.

Ауданның медицина мекемелерінде – 245 адам жұмыс істейді, олардан:

- дәрігерлер -35

-орта медициналық персоналдар -112,

-кіші медициналық персоналдар – 52

- өзге де персоналдар -46.

2009 жылы денсаулық сақтау бюджеті 2008 жылмен салыстырғанда 12 пайызға өсіп, 165,1 млн теңгені құрады. Жас нәрестелердің дүниеге келуі 1000 адамға шаққанда 11,9-дан 12,0-ге дейін өсуі байқалуда. Жалпы өлім саны дүниеге келген сәбилер 2,4 –тен 2,7-ге дейін 1000 адамға шақққанда 9,5 – тен 9,3-ке төмендеді.

Сондай-ақ, тубуркулезбен алғашқы ауырғандардың ертеректегі тубуркулез диагностикасы мен халықтар арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жақсарту есебінде 82,9-дан 74,5-ке дейін төмендеуі байқалуда.


Білім беру

2009 жылы білім беру саласына 745,4 млн. теңге бөлініп, 2008 жылмен салыстырғанда 23,7 пайызға өсті. 2009 жылы жоспардан игерілгені 100 пайыз.

Ауданда жалпы білім беретін 25 мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 3 –бастауыш, 3- негізгі және 19- орта мектептер.
5

Ауданда - 1 бала бақша және 18 шағын-орталықтар жұмыс істейді, оларда 403 бала тәрбиеленеді.

Мектепке дейінгі жастағы балалар санынан қамтылған балалар 36,1 пайызды құраса, 5-6 жастағы балаларды мектеп алды дайындыққа қамту 62,3 пайызды құрады.

2009 жылы оқушылардың білім сапасының көрсеткіштері артты. Ауданда бірыңғай ұлттық тестілеудің орташа балы 70,2 пайызды құрап, бұл көрсеткіш өткен жылғы нәтижелерден 8,6 балға жоғары болды (2008 жылы - 61,6; 2007 жылы -63,6; 2006 жылы - 56 пайыз).

Ыстық тамақты ұйымдастыруға 14,5 млн. теңге бөлінсе, 2008 жылы 1,1 млн бөлінген болатын, бұл өткен жылмен салыстырғанда 75 пайызға артық. 2010 жылы 20,0 млн.теңге бөлу жоспарлануда.
2009 жылы жалпылай оқыту қорына 3,4 млн. теңге бөлініп, бұл мектептерді ұстау бойынша бюджетте қаралған шығыстар сомасынан 0,56 пайызды құрады. 2010 жылы 7,4 млн. теңге бөлініп 1 пайызды құрайтын болады.

Республикалық бюджеттен «Жол картасы» бағдарламасы бойынша аудан мектептеріне 27,8 млн. теңге бөлінген болатын, игерілгені 100 пайыз.

Интернет желісіне 25 мектеп (100 пайыз) қосылып. 2 мектеп интерактивті құрал- жабдықтармен жабдықталды.

Медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін 14 мектептерде медициналық кабинеттер ашылды.

2008 жылы медициналық кабинеттер 2 орталықтандырылған мектептерде ғана болса, олардың өсуі 12 кабинетті құрайды.

2009 жылы балаларды тасу үшін жалпы сомасы 5561 мың теңгеге 2 көлік сатып алынды. 2010 жылы балаларды таситын 3 автокөліктер сатып алу жоспарлануда


Сумен жабдықтау
Ауданның 6 елді мекендері орталықтандырылған су құбырларымен жабдықталған (Бесқарағай, М-Владимировка, Канонерка, Бозтал, Башкуль, Кривинка). Қалған ауылдар тереңдетілген құдықтармен қамтамасыз етіледі.

Бесқарағай және Беген ауылдарының су құбырларын қайта жөндеуге арналған сомасы 453 млн. теңгелі жобалау-сметалық құжаттама Ауыл шаруашылығы министрлігінің су ресурстары комитетінде қаралып, 2010 жылға қаражаттар бөлінетінін күтудеміз.

Бүгінгі күні ауданның 8 ауылдарында көшелер жарықтандырылған (Семеновка, Семияр, Бесқарағай, Малая Владимировка, Сосновка, Канонерка, Башкуль және Глуховка). 2009 жылы жергілікті бюджеттің қаражаттары есебінде Қоянбай, Грачи, Лесной, Бозтал және Өндіріс ауылдарын жарықтандыруға 4,2 млн. теңге ақша қаражаты бөлінді. 2010 жылы осы жұмыс түрлеріне 5,1 млн. теңге қарастырылуда.

6

Жол саласы


Аудандағы автомобиль жолының ұзындығы 418 шақырымды құрайды, оның ішінде:

-қара ұсақ таспен жабылған жол-234 шақырым

-ұсақ тастармен жабылған жол-115 шақырым

-жабылмаған жол- 69 шақырым.

2009 жылы аудандық бюджеттен автомобиль жолдарын ағымды жөндеуге, оларды ұстауға 12 млн. теңге бөлінсе, жергілікті маңыздағы жолдарды қысқы ұстауға ауылдық округтер бойынша 11,4 млн. теңге бөлінді. Жергілікті маңыздағы қара ұсақ таспен жабылған жолдарды жөндеуге 37,0 млн.теңге бөлініп, толық игерілді. 2010 жылы жолдарды қамтамасыз етуге 63,7 млн. теңге бөлінді.
Өндірістік инфрақұрылым және коммуникация
Ауданда тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру жалғастырылуда. Өздеріңіз білетіндей соңғы жылдары ауданда құрылыстар негізінен жеке секторлардың қаражаттары есебінен және «Семей орманы» филиалдарының есептерінде жүргізілуде 2008 жылы жергілікті бюджеттің қаражаттары есебінде бір пәтерлі 2 үй Бесқарағай ауылында салынды.

Қолданыстағы және өнделіп жатқан мемлекеттік салалалық бағдарламалардың кесіндісінде инновациялық басымдық жобалардың 2010-2011 жылдардың тізбесіне облыс бойынша Бесқарағай, Семеновка, Беген, Сосновка және Н-Николаевка ауылдарын сумен жабдықтау жүйелері енгізілді. Осы жобаларды іске асыру бойынша біз жұмыстар атқарудамыз.

М-Владимировка және Семеновка мектептерінде қазандықтарының құрылысына жобалау-сметалық құжаттамаларын істеуге қаражаттар салынған. Долон ауылында 80 орынды балалар мен жасөспірімдерге арналған сауықтыру кешені құрылысына жобалау-сметалық құжаттамалар дайындалуда. Білім беру нысаны бойынша 2010-2011 жылдары Башкуль мектебінде шағын орталық құрылысы және 180 орынды Семияр мектебінің құрылысы жоспарлануда.

Байланыс құралдары мен телефон жүйелерін кеңейту бойынша іс-шаралар жүзеге асуда.

2009 жылы Сосновка, Лесной, Семияр, Белокаменка, Бірлік, Кривинка, Жыланды, Башкөл ауылдарында телефон байланыстары кеңейтіліп, байланыс анағұрлымға жақсартылды.

Үкімет соңғы жылдары орман шаруашылықтарын қалпына келтіруге қамқорлық жасауда, ауданның төрттен бір бөлігін белдеулі орман алып жатыр.

Бесқарағай ауданының аумағында бүгінгі таңда «Семей орманы» резерваты мемлекеттік мекемесінің 6 филиалдары орналасқан. Осы филиалдарда жұмыс істейтін адамдар саны-325.

7

Орман өрттерін сөндіруге арналған техникалар саны-62, оның ішінде 32- өрт сөндіру машинасы, 30-трактор.



Аудан аумағында Жаңасемей, Морозов және Бұқабай орман шаруашылықтарында 3 питомниктер бар. Бір орман шаруашылығы жылына орта есеппен 450 гектар алқапқа ағаш-көшеттерін отырығызады.

2009 жылы аудан аумағында 143 өрт болса, оның 82-і орман өрті. 2008 жылы өрт сөндіретін 5 тірек пункттері жұмыстарын іске қосты, «Семей орманы» резерватының мемлекеттік орман қорғау инспекторларымен жыл басынан 978 тексерулер жүргізілді. Тексеру барысында заңсыз ағаштарды кесудің 72 деректері анықталып, 72 хаттама толтырылды. Оның 22-сі сотқа беріліп, 50-уі құқық қорғау органдарына берілді. Олардың ішінен 4-уіне қылмыстық іс қозғалды. 24 заң бұзушылыққа- 615,6 мың теңге айыппұл салынды.

Атқарушы органдардың үнемі бақылауына құқық тәртібі және қоғамдық қауіпсіздік мәселесі алынған. 2009 жылы ішкі істер бөлімі мен ауылдық округтері әкімдерінің бірлесе атқарған жұмыстарының нәтижесінде қылмыстарды ашу 90,0 пайызға артып, қылмыс жасау 8,5 пайызға төмендетілді, өткен жылы 2 оқиға болған, ағымдағы жылы да 2 оқиға, ашылуы 100 пайыз болды.

Сондай-ақ, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар 37,5 пайызға төмендеуде және орман ағаштарын ұрлау тоқтатылмауда. Құқық қорғау органдарының, Семей орманы» мемлекеттік орманы табиғи резерваты мемлекеттік мекемелері филиалдарының қызметкерлері ауылдық округтердің әкімдерімен, аудан ауылдарының қоғамдық ұйымдарымен бірлесе аудан тұрғындарының арасында, әсіресе жастар арасында алдын-алу жұмыстарын жүргізу қажет.

Сонымен қатар, әлі де болса шешімін таппаған мәселелер мен алдағы жоспарларымыз бар, осы мәселелер бойынша маңызды жұмыстар атқаруымыз қажет:

1. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін шағын кәсіпкерлердің санын ұлғайту. Қазіргі уақытта жұмыс істейтін шағын кәсіпорындардың өніндіретін өнімдерді жеткіліксіз. Әсіресе сүт, ет, көкөніс өндіру жағынан, біздің аудан Семей қаласының айналасындағы белдеуге енеді. Осы бағытта тиісті жұмыстар атқаруымыз керек.

Инвесторларды тарту жағынан маңызды жұмыстар атқарылуда. Жеке кәсіпкер «Каликовта» сүт өңдеу үшін 3,7 млн. теңге сомаға құрал-жабдықтар орнатылды. Осы цехты іске қосу 2010 жылдың басына жоспарланды.

2. Қолданыстағы 242,8 мың гектар жерлер, оның ішінде 160,1 мың гектар жайылым алқабы, 12,0 мың гектар тыңайған жерлер, 11,4 мың гектар суармалы жерлер толығымен пайдаланылмайды. Мұның негізгі себептері: жер шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарының мүмкіндігінің жоқтығынан және материалдық-техникалық базаларының төмендігінен. Осыған байланысты инвестицияларды тартуға аса назар аударуымыз қажет.


8
«Ертіс» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы мен 2010 жылы суармалы жерлерге қаржы салу бойынша бірлесіп жұмыстар анықталады.

Жоғарыда аталған босалқы жерлерді толық пайдалану үшін ірі қара мал басын - 30 пайызға, ұсақ мал басын - 28,7 пайызға, жылқыны- 33 пайызға өсіру мүмкіндігі бар. Ол үшін мал шаруашылығы асыл тұқымды бағытта болуы қажет. Осы бағытта жұмыстар атқарылуда.

«Балке» шаруа қожалығының (Тоқашев О.Н.) базасында сүт бағытындағы асыл тұқымды ірі қара малдар шаруашылығын ашуды жоспарлауда, қазіргі уақытта малдардың сапасын бағалау жұмыстары жүргізіліп, құжаттары дайындалуда.

Жоғарыда аталған, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жұмыстар бойынша кемшіліктер шеттетіліп, жаңа технологиялар енгізу, ауданның экономика салаларына арналған іс-шаралар жоспарын дайындау бойынша нақтылы жұмыстар жүргізілетін болады.




Бөлім бастығы С.Оразданов


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет