Z- сызығы бойымен сарколемма ойыстанып тік Т- түтікшесін түзеді. Түтік бойымен нерв импульсі өткен кезде түтіктің екі жағында орналасқан түйіршіксіз ЭПТ каналдарынан Са ионы бөлінеді де, актин миозинм
Z- сызығы бойымен сарколемма ойыстанып тік Т- түтікшесін түзеді. Түтік бойымен нерв импульсі өткен кезде түтіктің екі жағында орналасқан түйіршіксіз ЭПТ каналдарынан Са ионы бөлінеді де, актин миозинмен әрекеттеседі.
Z- сызығы бойымен сарколемма ойыстанып тік Т- түтікшесін түзеді. Түтік бойымен нерв импульсі өткен кезде түтіктің екі жағында орналасқан түйіршіксіз ЭПТ каналдарынан Са ионы бөлінеді де, актин миозинмен әрекеттеседі.
Миозин молекулаларының ұзын құйрығы мен екі басы болады.
Са ионының концентрациясы көбейген кезінде, конфигурациясы өзгеріп, миозин актинді өзіне тартып айқасады, бұған тропонин,тропомиозин белоктары ықпал етеді. Осының арқасында Z- сызықтарын бір-біріне жақындатады. Осыдан саркомер қысқарады. Сарколемманың іш жағында, миофибрилдер тобының сыртында олармен қатар жатқан саркоплазмалық ритикулум мембрананың Т-түтікшесіне жеткенде кеңіп, Са иондарына толы цистерна құрады. Осы сарколеммалық бір көлденең Т- түтікшесімен оның екі жағындағы 2 ритикулум цистернасының түйіскен жері - триада деп аталады.
Миосимпласт
Миосателлиоциттер.
Аз дифференцияланған жасушалар. Ет тінінің регшенерациясына қатысады. Миосимпласттың сыртындағы базальді мембрана мен сарколемманың арасында орналасады.. Әр миосателлиоцит- 1ядролы жасуша. Ядросы - кіші, шеңбер тәрізді болып келген. Митохондрия мен ЭПТ цитоплазмада әр түрлі орналасқан. Гольджи комплексі және жасуша орталығы ядроға жақын орналасқан. Миосателлиоциттер – қаңқа бұлшықет тінінің камбиальді элементі.