2010 жылдың 1-ші жартыжылдыққа арналған Федоров ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру



жүктеу 52.96 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі52.96 Kb.
2010 жылдың 1-ші жартыжылдыққа

арналған Федоров ауданының мәдениет,

тілдерді дамыту, дене шынықтыру

және спорт бөлімінің жұмысы

туралы ақпарат
І. Желі.

Федоров ауданының мәдениет және спорт мекемелерінің желісі 172 бірлікті құрайды, оның ішінде: 21 кітапхана, 20 клубтық мекемелер мен 131 спорттық ғимарат.


ІІ. Бюджет.

2010 жылға арналған Федоров ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бюджеті 61535 мың теңгені құрайды, 1-ші жартыжылдықтың шығыны 30350,5 мың теңге (49%)



2010 жылдағы дамыту бюджеті 6311,9 мың теңгені құрайды, оның ішінде: 3154,38 мың теңге аудандық бюджеттен және 3157,6 мың теңге тартылған қаражат.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен (жалпы сомасы 3154,38 мың теңге) төмендегі аталғаны жасалды:
1. 3154,38 мың теңге мәдениет пен спорт объектілерінің материалды техникалық базаны нығайтуға жұмсалды:

- селолық клубтар үшін алынды: көркемөнерпаздар халық шығармашылығының байқауының қорытындысы бойынша бас жүлде 1-3 орындар 295,0 мың теңге сомасына, дыбысты ұлғайтатын аппаратура – 148 мың. теңге; «Лазерный снег» жарық орнатқыш – 35,0 мың. теңге; шардағы жарық диоды – 30,0 мың. теңге; 2 комплект DVD – 34,0 мың теңге; музыкалық орталық – 48,0 мың теңге.

- жазылым – 999,98 мың теңге.

2. Жаппай мәдени-спорттық іс-шараларды өткізуге 1859,4 мың теңге жұмсалды, оның ішінде:

- мәдениет бойынша – 490,0 мың теңге (5 іс-шараны өткізу үшін: Киелі Валентин күнін, 8 Наурыз, Наурыз мейрамы, көркемөнерпаздар халық шығармашылығының байқауы, 9 мамыр);

- спорт бойынша – 1369,4 мың теңге облыстық жарыстарға аудан құрама командаларының мүшелерін дайындау мен қатысуға, аудандық деңгейде спорттық жарыстарды өткізу оның ішінде аудандық деңгейде – 491,4 мың теңге.
Тартылған қаражат есебінен келесі жасалды: (жалпы соммасы 3157,6 мың теңгені құрайды):
1. Мәдениет пен спорт объектілерінің материалды-техникалық базасын нығайтуға 659,3 мың теңге игерілді, оның ішінде:

- селолық клубтарға жабдықтар мен құрал саймандарды сатып алуға – 234,0 мың теңге (Жанахай селолық клубы үшін алынды: синтезатор – 130,0 мың теңге, микрофон – 10,0 мың теңге, микрафон – 27,0 мың теңге, күшейткіш - 32,0 мың теңге, тігу машинасы – 35,0 мың теңге.)


- костюмдер тігуге – 335,0 мың теңге (95,0 мың теңге сомасына Новошумный селолық округінің би ұжымына 11 комплект, 200,0 мың теңге сомасына Баннов селолық клубы үшін 3 комплект костюм, 40,0 мың теңге көлемінде Жанахай селолық клубы үшін 9 комплект костюм тігілді).
- спорттық мүкәммал 57,0 мың теңге көлемінде (Жарколь с/о – волейбол торы, доптар, Жанахай селсы – «Лыжник» тренажеры)
2. Мәдениет және спорт объектілерінің ағымды жөндеуін жүргізуге 993,6 мың теңге жұмсалды, оның ішінде:
- клубтар – 573,0 мың теңге (Костряков селолық клубы – 550,0 мың теңге және Первомай селолық клубы – 23,0 мың теңге);
- ескерткіштердің жөндеуі – 360,7 мың теңге (27);
- спорттық ғимараттардың жөндеуі – 59,9 мың теңге (Первомай селосындағы спорттық комплекстің металды қоршауын жөндеу – 5,0 мың теңге, Новошумный селосының стадионын жөндеу – 54,9 мы теңге).
3. Жаппай мәдени-спорттық іс-шаралар өткізілуіне 1504,2 мың теңге жұмсалды, оның ішінде:

  • клубтармен – 1063,2 мың теңге (70 іс-шара)

  • спорттық іс шаралар – 441,5 мың теңге.


ІІІ. Кадрлар.

Жалпы мәдениет пен спорт жүйесінде 166 адам жұмыс істейді: (жоғары біліммен 55 адам), оның ішінде: мәдениет саласында 108 адам, спорт 46 адам және бөлім аппаратында 12 адам, оның ішінде:



  • жалпы мәдени-демалу жұмыс бойынша – 73 адам, оның ішінде: мамандар - 35, қызмет ететін персонал - 38;

- жалпы кітапханалық жұмыс бойынша – 35 адам, оның ішінде: мамандар – 28, қызмет атқаратын персонал – 7:

  • жалпы спорт бойынша – 46 адам, оның ішінде: мамандар – 46.


IV. Компьютерлік техникамен жабдықталуы.

  • аудан кітапханаларында – 29 компьютер, 2 ксерокс.

  • ауданының клубтық мекемелерінде – 5 компьютер;

  • спорттық мекемелерде – 3 компьютер;

  • бөлім аппаратында – 4 компьютер.


V. Негізгі көрсеткіштер.

1. Мәдениет бойынша:

- 2010 жылдың 1-ші жартыжылдығында клуб типтегі мекемелермен – 851 іс-шара, көрермендер – 74815 адам, (2009 жылы, іс-шаралар – 951, көрермендері 79863), - 100 іс шара, - 5048 адам (Курск, Запасный, Костряков, Ленин – бос орын);

- 2010 жылдың 1-ші жартыжылдығында клубтық бірлестіктер – 119, оған 1527 адам қатысады, (2009 жылы - 199, онда ішінде 1527 адам қатысты).

- 2010 жылдың 1-ші жартыжылдығында аудан кітапханаларымен – 359 іс шара өткізілді (2009 жылы – 209 іс-шара) + 150 іс-шара;

- аудан кітапханаларының кітаптық қоры 1.07.2010 жылына – 227724 дана құрайды, (2009 жылы – 224284 дана), + 3440 дана;

- 2010 жылдың 1-ші жартыжылдығында аудан кітапханаларының оқырмандар саны – 7197 адам, (2009 жылы – 7136 адам), + 61 адам (Копычен селолық округ бойынша бос орын);

- 2010 жылдың 1-ші жартыжылдықтағы аудан кітапханашылардың кітап үлестірудің саны – 110169 дана, (2009 жылы – 113099 дана), - 2930 дана;

- 2010 жылы 1-ші жартыжылдықтағы аудан кітапханаларын қатысушылығы – 58569 адам, (2009 жылы – 62763 адам), - 4194 адам (азаю Копычин және Владыкин селолық кітапханалардағы бос орындармен байланысты).

2. Спорт бойынша:

- дене шынықтыру ұжымдарының саны – 80, оған 4352 адам қатысады (аудан халқының жалпы санының15% );

- 2010 жылдың 1-ші жартыжылдықтағы өткізілген іс-шаралардың саны - 215, оларға қатысқандар – 16352 адам, (2009 жылы – 188 іс шара, оларға қатысқандар саны – 11330 адам), + 27 іс-шара, +5022 адам.

3. Тіл бойынша:

- 2010 жылдың 1-ші жартыжылдықтағы өткізілген іс-шаралардың саны – 5, оларға қатысқандар – 56 адам, (2009 жылы – 5 іс-шара, қатысқандар – 50 адам), + 6 адам.

- тілдерді оқыту бойынша үйірмелердің саны 61 (2009 жылы – 59, мемлекеттік тіл – 59), онда 811 адам айналысады (2009 жылы – 800 адам), +1 үйірме, + 11 адам.
VІ. Бағдарламалар

1. 2009-2010 жылдарға арналған аудандық «Асыл мұра» тілдерді дамыту және қызметі бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы

2001 жылдың 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының № 550 «2001-2010 жылдарға арналған тілдерді дамыту және қызметі мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығын жүзеге асыру мақсатында, 2001 жылдың 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 450 «2001-2010 жылдарға арналған тілдерді дамыту және қызметі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру бойынша іс шаралардың жоспары туралы» қаулыны орындау үшін, 2009 жылдың 30 қаңтарында аудандық маслихаттың № 154 шешімімен бекітілген, 2009-2010 жылдарға арналған аудандық «Асыл мұра» тілдерді дамыту және қызметі бағдарламасы әзірленді.

2010 жылда бағдарламаны жалпы қаржыландыруы 0,723 млн. теңге құрайды.

Ағымдағы жылдың 1-ші жартыжылдығында 464,0 мың теңге игерілді, оның ішінде:



  • мұғалімдердің жалақысы – 331,2 мың теңге

  • іс шараларды өткізу – 132,38 мың теңге


VІІ. Түйінді мәселелер
1. Бөлімнің жұмыс көлемі көбейуін ескере отырып, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі аппаратына қосымша екі маман керек (тарих және мәдениет ескерткіштері бойынша маман және спорт бойынша әдіскер).

2. Клуб және кітапханалық жұмысында мамандар қажет етуі бар (көркемөнерпаздар ұжымының басшылары, хореографтар, аккомпаниаторлар, кітапханашылар).

3. Ауданда спортты дамыту үшін әрбір селолық округта спорт бойынша әдіскер ставкасын енгізу керек.

4. АМҮ-не жөндеу жүргізу үшін қаржы жоқ. Жеті селолық клубтарға күрделі жөндеуді өткізу үшін қаражат керек.

5. Ауданда ақпараттық-кітапханалық қорға қол жетімділігі жоқ және орталық усадьбалардан алыс тұрған 21 село бар (5653 адам). Осы тұрғын пунктеріне толық қызмет ету үшін авто көлік керек.

6. Мәдениет және спорт мекемелерінің материалдық-техникалық қоры нашар (сахналық киім, музыкалық аспаптар, жарық дыбыс аппаратурасы, жиһаз, сахна киімі, шаңғы мүкәммалы, хоккейлік киім-кешек, облыстық спартакиадаларға шығу үшін аудандық спортшылардың салтанатты киімі).



7. БЖСМ аясында шаңғы бойынша бөлімді ашуға шаңғы мүкәммалын алу керек.
Федоров ауданының мәдениет,

тілдерді дамыту, дене шынықтыру

және спорт бөлімінің бастығы М. Қойшығұлов


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет