2010 жылғы 9 желтоқсандағы Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың бірыңғай ережелері туралы келісімге сәйкестігін анықтау үшін Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық



жүктеу 47.7 Kb.
Дата24.02.2016
өлшемі47.7 Kb.
2012 жылғы 25 қыркүйектегі №166

Еуразиялық экономикалық комиссия

Алқасының шешімімен

БЕКІТІЛГЕН



2010 жылғы 9 желтоқсандағы Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың бірыңғай ережелері туралы келісімге сәйкестігін анықтау үшін Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікке мүше-мемлекеттердің заңнамаларына салыстырмалы-құқықтық талдау және мониторинг жүргізу тәртібі туралы

ереже

І. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың Бірыңғай ережелері туралы келісімнің 10 бабы 1 тармағымен белгіленген (бұдан әрі - Келісім), Еуразиялық экономикалық комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) уәкілеттіктерінің жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында жасап шығарылған және Келісімге сәйкестігін айқындау үшін Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікке мүше-мемлекеттердің заңнамаларына салыстырмалы-құқықтық талдау және мониторинг жүргізу, сонымен қатар Тараптардың Келісім ережелерінің қадағалануы туралы жыл сайынғы есеп берулерді әзірлеу тәртібін орнатады.

2. Осы Ережеде қолданылатын ұғымдар Келісімде анықталған мағынада қолданылады.
ІІ. Мониторинг және салыстырмалы-құқықтық талау жүргізу қағидаттары
3. Комиссия жүргізетін мониторинг және салыстырмалы-құқықтық талдау келесі негізге алынатын қағидаттарға негізделеді:

тәуелсіздік қағидаты: мониторинг және салыстырмалы-құқықтық талдау нәтижелері Тараптардың мемлекеттік билік органдарына тәуелсіз, сарапшылардың бағалауы арқылы қалыптасады;

шыншылдық қағидаты: мониторинг және салыстырмалы-құқықтық талдау нәтижелері зерттелетін саладағы істердің шынайы жағдайын көрсетеді және зерттеу жүргізген тұлғалардың субъективті пікірі мен еркіне тәуелсіз;

заңдылық қағидаты: мониторинг және салыстырмалы-құқықтық талдау Келісімнің ережелеріне негізделеді.


ІІІ. Мониторинг және салыстырмалы-құқықтық талдаудың мәні
4. Мониторинг және салыстырмалы-құқықтық талдаудың мәні Тараптардың ауыл шаруашылықты мемлекеттік қолдау саласындағы заңнамасы болып табылады.

5. Келісім бойынша міндеттемелердің бұзылуын, олардың Тараптармен адал, толық және уақытында орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Тараптардың заңнамаларының мониторингі және салыстырмалы-құқықтық талдауы жүргізіледі.

6. Тараптардың ауыл шаруашылықты мемлекеттік қолдау саласындағы заңнамасына мониторинг және салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізген кезде мыналар қолданылады:

1) Келісімнің жүзеге асырылуы үшін жауапты, Тараптардың уәкілеттік органдарынан Комиссияға келіп түскен ақпарат;

2) Тараптардың нормативтік-құқықтық акттары ресми жарияланатын ұлттық дереккөздерде орналастырылған ақпарат;

3) Тараптардың заңды және жеке тұлғаларынан келіп түскен ақпарат;

4) халықаралық ұйымдардың аналитикалық материалдары;

5) өзге ақпарат;

7. Мониторинг жүргізген кезде осы Ереженің 5 тармағында көрсетілген ақпараттан басқа ресми статистикалық ақпарат қолданылуы мүмкін.

IV. Мониторинг және салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізген кездегі Комиссияның уәкілеттіктері және Тараптардың уәкілеттік органдарының ақпараты ұсынуы
8. Тараптардың заңнамаларының Келісімге сәйкестігін анықтау үшін мониторинг және салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізу мақсатында Комиссия 2011 жылдың 18 қарашасындағы Еуразиялық экономикалық комиссия туралы шартта (бұдан әрі - Шарт) және Келісімде қарастырылған тәртіпте, Тараптан келесіні сұратады:

1) Тараптардың ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау саласындағы нормативтік құқықтық акттары туралы және оларға енгізілген өзгерістер туралы мәліметтер;

2) федералдық (республикалық) бюджетке, әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджетіне, оларға қандай да бір немесе ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау жөніндегі бағдарламаны шараны қосу немесе алып тастау бөліміне, өзгерістер енгізгені туралы мәліметтер;

3) Тараптардың ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдау көрсетуіне байланысты өзге мәліметтер.

9. Тараптар:

1) Келісімге сәйкес – 2011 жылғы 18 қазандағы №813 «Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының Біртұтас экономикалық кеңістігін қалыптастыру бойынша әрекеттер жоспарының орындалу барысы туралы» Кеден одағының шешімімен бекітілген, үлгіге сәйкес қолдау көрсетілген ауыл шаруашылығының көлемдері туралы мәліметтердің;

2) Шартқа сәйкес – Комиссия сұратқан ақпараттың белгіленген мерзімде ұсынылуын қамтамасыз етеді.
V. Тараптардың ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдау көрсетуі туралы ақпараттың Комиссиямен талдануы және бағалануы
10. Тараптар жүзеге асыратын ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдау көрсету шараларын талдау барысында Тараптардың ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдау көрсету шараларының жүзеге асырылуы туралы заңнама ережелері зерттеледі, соның ішінде:

1) ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдау көрсету шараларын жүзеге асырудың мақсаттары;

2) ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдау көрсету шараларының жүзеге асырылу кезеңдері;

3) ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдау көрсету шараларын жүзеге асыру механизмдері мен шарттары;

4) мемлекеттік қолдау шараларын федералдық (республикалық) бюджет және әкімшілік-аумақтық бюджеттер бірлігі арқылы қаржыландыру көлемдері.

11. Мониторинг және салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізу барысында Комиссия:

1) Тараптардың ауыл шаруашылық тауарларымен өзара саудасына бұрмаламайтын әсер көрсетпейтін, ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдау көрсету шаралары;

2) Тараптардың ауыл шаруашылық тауарларымен өзара саудасына бұрмалаушы әсер көрсететін, ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдау көрсету шаралары;

3) Тараптардың ауыл шаруашылық тауарларымен саудасына үлкен дәрежеде бұрмалаушы әсер көрсететін, ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдау көрсету шаралары.
VI. Мониторинг және салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізу нәтижелері бойынша Комиссияның есеп беруі
12. Мониторинг және салыстырмалы-құқықтық талдау нәтижелері бойынша Комиссия:

Шартта және Келісімде қарастырылған шараларды қабылдайды;

Тараптармен Келісім ережелерінің қадағалануы туралы жыл сайынғы есептер дайындайды және оларды Алқаның шешімдерімен бекітеді;

Тараптардың тиісті заңнамасын үйлестіру мәселелері бойынша Тараптарға консультация береді.


______________________________________________________________


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет