2010 жылғы қаңтар-сәуірдегі Қазақстан Республикасындағы инфляция деңгейі



Дата19.06.2016
өлшемі20.18 Kb.
#147287


2010 жылғы қаңтар-сәуірдегі

Қазақстан Республикасындағы инфляция деңгейі

2010 жылғы сәуірде тұтыну бағасының индексі өткен аймен салыстырғанда 100,7% құрады, оның ішінде: азық-түлік тауарларының баға индексі – 101,0%, азық-түлік емес тауарларының бағасы және ақылы қызметтер 100,4%-ды құрады.



2010 жылдың сәуірдегі инфляция деңгейі
өткен айға қарағанда %-бен

Ағымдағы жылдың сәуірде наурызға қарағанда азық-түлік тауарларында жемістер мен көкіністер 3,5%, жұмыртқа – 2,7%, кондитерлік өнімдер – 1,6%, ет және ет өнімдері – 1,4%, темекі өнімдері – 1,2%, қант – 1,1%, алкогольді ішімдіктер – 0,6%, балық және теңіз өнімдері – 0,3%, май және тоң майы – 0,2% бағасында едәуір өсуі байқалды. Нан және жарма өнімдері – 0,3%, сүт өнімдері – 0,1% бағасында төмендеуі орын алды.

Азық-түлік емес тауарлары тобында едәуір деңгейде дәрі-дәрмектер 0,7%-ға, киім және аяқ киім – 0,5%-ға, дизельдік отын 0,2%-ға қымбаттаған. Бензин 0,1%-ға арзандаған.

Ақылы қызметтер құрамында амбулаторлық қызметтер – 1,5%, тұрғын үйді күтіп ұстау – 1,3%, тұрғын үйді жөндеу және оған арналған тауарлар – 1,1%, тұрғын үйді жалға беру – 0,9% бағасынада едәуір деңгейде өскен.

2010 жылғы сәуірде инфляция деңгейі 2009 жылдың желтоқсанына қарағанда 3,6%-ды құрады, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңінен 0,6%-ға жоғары (2,8%).

2010 жылғы сәуірде 2009 жылғы желтоқсанға азық-түлік тауарлары бағасының өсуі 4,7%-ды құрады, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңінен 2,3%-ға жоғары (2,4%). Азық-түлік емес тауарлары бағасының өсуі 1,6%-ды (3,8%), ақылы қызметтер 4,1%-ды (2,3%) құрады.

2010 жылғы сәуірдегі инфляция деңгейі

және ТБИ-ды құрайтын бағаның өсуі

өткен жылдың желтоқсанына қарағанда %-бен

2010 жылғы қаңтар-сәуірде инфляция деңгейінің орташажылдық көрсеткіші өткен өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 7,2%-ды құрады және 2009 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 1,6 пайыздық көрсеткішке төмендеді.

Азық-түлік тауарларының бағасы 4,8%-ға жоғарылады (2009 жылдың сәйкес кезеңінде 8,7%), азық-түлік емес тауарлары – 7,6% (6,2%) және ақылы қызметтер – 10,3% (11,6%).
Тұтыну тауарлары мен қызметтерге баға өзгеруі,

өткен жылдың тиісті кезеңіне пайызбен, өсуі


Өңірлік бөлігінде 2010 жылғы сәуір 2009 жылдың желтоқсанына қарағанда орташареспубликалық инфляцияның едәуір деңгейі көтерілген Ақмола (5,6%), Шығыс Қазақстан (4,4%), Атырау (4,2%), Палодар (4,0%), Жамбыл (3,8%), Қызылорда (3,7%) облыстарында қалыптасты.
2010 жылғы сәуірдегі 2009 жылдың желтоқсанына қарағанда

өңірлер бөлігінде инфляция деңгейі, %

------- – орташареспубликалық деңгей – 3,6%





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет