2010 жылы азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды өткiзу туралы



Дата25.02.2016
өлшемі58.17 Kb.
2010 жылы азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды өткiзу туралы

Қарағанды облысы әкiмдiгiнiң 2010 жылғы 04 мамырдағы N 13/16 қаулысы. Қарағанды облысы Әдiлет департаментiнде 2010 жылғы 17 мамырда N 1878 тiркелдi


"Орталық Қазақстан", 2010 жыл 22 мамыр, N 78-79 (20 863)


      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңының 19, 20, 23 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 29 наурыздағы "Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы" N 960 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қарағанды облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Шақыруды кейiнге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегiзден жиырма жетi жасқа дейiнгi ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жетi жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтiң белгiленген мерзiмiн өткермеген азаматтарды 2010 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсаны аралығында мерзiмдi әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.
      2. Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды басқаруды үйлестiру және бақылауды ұйымдастыру үшiн облыстық шақыру комиссиясының құрамы 1 қосымшаға сәйкес құрылсын.
      3. Қалалар мен аудан әкiмдiктерi:
      1) қалалық және аудандық шақыру комиссияларын құрсын;
      2) шақыру комиссияларының жұмысын қамтамасыз ету және мерзiмдi әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтардың шақыру учаскелерiне ұйымдасқан түрде келулерi жөнiндегi қажеттi iс шаралар қабылдасын;
      3) шақыру пунктiн (шақыру учаскелерi) жабдықтауды, дәрi-дәрмекпен, құралдармен, медициналық және шаруашылық мүлiктермен, автомобиль көлiгiмен қамтуды, сондай-ақ байланыс құралдарымен қамтамасыз етсiн;
      4) қызмет көрсететiн медициналық және техникалық қызметкерлердiң қажеттi санын қамтамасыз етсiн.
      4. Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы (Е.Ә. Әбiлқасымов) қалалық және аудандық медициналық шақыру комиссияларын дәрiгер – мамандар және орта медициналық қызметкерлермен толықтырсын, облыстық жинау пунктiнiң базасында шақырылғандарды адам иммунитетi тапшылығы вирусiне тексеру және бақылау флюорографиялық тексеруiн ұйымдастырсын.
      5. Қарағанды облысының iшкi iстер департаментi (Н.А. Рахымберлин - келiсiм бойынша) өз құзырының шеңберiнде:
      1) қорғаныс iстерi жөнiндегi департаментiнiң басқармалары және бөлiмдерiмен бiрлесе отырып шақыру учаскелерiнде, жөнелту станцияларында, облыстық жинау пунктiнде тәртiптi қамтамасыз етудi ұйымдастыру;
      2) әскери мiндетiн орындаудан бас тартқан тұлғаларды iздестiрудi және ұстауды жүзеге асыру;
      3) әскери қызметке шақырудан бас тартқан тұлғалардың жеткiзiлуiн қамтамасыз ету ұсынылсын.
      6. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiнiң мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Комитетiнiң Қарағанды облысы бойынша департаментi (Т.Н. Хамитов - келiсiм бойынша) облыстық жинау пунктi бөлмелерiнiң санитарлық жағдайын бақылауды қамтамасыз етсiн.
      7. "Қазақтелеком" акционерлiк қоғамының Қарағанды облыстық телекоммуникациялар дирекциясына (Б.Р. Аманов) облыстық жинау пунктiнде байланыс құралдарының үздiксiз жұмысын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      8. Iшкi саясат басқармасы (Г.Х. Қаңтарбекова), Қарағанды облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы (Е.Б. Халилин) қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармалар және бөлiмдермен бiрлесе отырып соғыс, еңбек және Қарулы Күштер ардагерлерiмен кездесулер өткiзумен әскери-патриоттық сипаттағы тәрбиелiк iс-шараларды ұйымдастырсын және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi және әскери құрамаларына шақырушылардың командаларын аттандыру кезiнде спорт ұжымдарының көрсетiлiмдерiн өткiзсiн.
      9. Қарағанды облысының мәдениет басқармасы (Р.К. Омарбекова) шақырылғандарды салтанатты шығарып салу күндерi көркемөнерпаз және шығармашылық ұжымдардың өнер көрсетуiн ұйымдастырсын.
      10. Қарағанды облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы (Ж.И. Ибадiлдин) шақыруды өткiзумен байланысты iс шараларды өткiзу үшiн облыстың тиiстi ұйымдар және мекемелермен қажеттi шарттар жасасын, олардың орындалуы үшiн бақылауды жүзеге асырсын.
      11. Қарағанды облысының қорғаныс iстерi жөнiндегi департаментi (Т.Б. Амангелдиев - келiсiм бойынша) шақыру аяқталған соң облыс әкiмiне оның қорытындылары туралы ақпарат тапсыру ұсынылсын.
      12. Қарағанды облысы әкiмдiгi қаулысының күшi жойылды деп танылсын (2 қосымшаға сәйкес).
      13. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары А.О. Қырықбаевқа жүктелсiн.
      14. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енедi.

      Қарағанды облысының


      әкiмi                                      С. Ахметов

      КЕЛIСIЛДI:

      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрлiгiнiң
      мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау Комитетiнiң Қарағанды облысы
      бойынша департаментiнiң
      директоры
      Т.Н. Хамитов
      2010 жыл 25 сәуiр

      Қарағанды облысының қорғаныс iстерi


      жөнiндегi департаментiнiң бастығы
      Т.Б. Амангелдиев
      2010 жыл 26 сәуiр

      Қарағанды облысының iшкi iстер


      департаментiнiң бастығы
      Н.А. Рахымберлин
      2010 жыл 26 сәуiр

Қарағанды облысы әкiмдiгiнiң


2010 жыл 04 мамырдағы
"2010 жылы азаматтарды
мерзiмдi әскери қызметке
шақыруды өткiзу туралы"
N 13/16 қаулысына
1-қосымша

Облыстық шақыру комиссия құрамы

      Амангелдиев                         - қорғаныс iстерi жөнiндегi


      Талғат Бекмұратұлы                    департаментiнiң бастығы–
                                            комиссия төрағасы

      Ибадiлдин                           - жұмылдыру дайындығы


      Жұмамәдi Ибадiлдәұлы                  азаматтық қорғаныс,
                                            авариялар мен дүлей
                                            апаттардың алдын алуды
                                            және жоюды ұйымдастыру
                                            басқармасының бастығы-
                                            комиссия төрағасының
                                            орынбасары

      Шинкарук                            - қорғаныс iстерi жөнiндегi


      Галина Васильевна                     департаментiнiң облыстық
                                            медициналық комиссия
                                            медбикесi - комиссия
                                            хатшысы

Комиссия мүшелерi

      Әуезов                              - қорғаныс iстерi жөнiндегi


      Әмiржан Таңатарұлы                    департаментiнiң шақыру
                                            басқармасы бастығының
                                            орынбасары – медициналық
                                            комиссия төрағасы–
                                            дәрiгер (келiсiм бойынша)

      Бөлекбаев                           - iшкi iстер департаментi


      Берiк Сейiтханұлы                     бастығының орынбасары
                                            (келiсiм бойынша)

      Сәдуақасов                          - денсаулық сақтау


      Төлеген Мергенұлы                     басқармасы бастығының
                                            орынбасары

Қарағанды облысы әкiмдiгiнiң


2010 жыл 4 мамырдағы
"2010 жылы азаматтарды
мерзiмдi әскери қызметке
шақыруды өткiзу туралы"
N 13/16 қаулысына
2-қосымша

Күшi жойылған қаулылар тiзiмi:

      1. Қарағанды облысы әкiмдiгiнiң 2009 жылғы 4 мамырдағы "2009 жылы азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды өткiзу туралы" N 12/06 қаулысының (Қарағанды облысының әдiлет департаментiнде 2009 жылғы 27 мамырда N 1867 тiркелдi; 2009 жылғы 2 маусымдағы "Орталық Қазақстан" газетiнiң N 81, 2009 жылғы 2 маусымдағы "Индустриальная Караганда" газетiнiң N 62 номерлерiнде жарияланды);


      2. Қарағанды облысы әкiмдiгiнiң 2007 жылғы 15 мамырдағы "2007 жылы азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды өткiзу туралы" N 10/04 қаулысының (Қарағанды облысының әдiлет департаментiнде 2007 жылғы 7 маусымда N 1829 тiркелдi; 2007 жылғы 16 маусымдағы "Орталық Қазақстан" газетiнiң N 92-93, 2007 жылғы 16 маусымдағы "Индустриальная Караганда" газетiнiң N 70 номерлерiнде жарияланды);
      3. Қарағанды облысы әкiмдiгiнiң 2006 жылғы 29 қыркүйектегi "2006 жылы азаматтарды жедел әскери қызметке шақыруды өткiзу туралы" N 20/02 қаулысының (Қарағанды облысының әдiлет департаментiнде 2006 жылғы 20 қазанда N 1820 тiркелдi; 2006 жылғы 26 қазандағы "Орталық Қазақстан" газетiнiң N 211-212, 2006 жылғы 26 қазандағы "Индустриальная Караганда" газетiнiң N 128 номерлерiнде жарияланды).
Каталог: files -> NPA
NPA -> Жеке табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (240. 00-нысан) Жалпы ережелер Осы Жеке табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары
NPA -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
NPA -> Инструкция по эксплуатации маслонаполненных вво­дов 110-1150 кВ (Инструкция) переработана и дополнена на базе «Типовой инструкции по эксплуатации маслонаполненных вводов 110-750 кВ»
NPA -> Мүгедектер қатарынан кемтар балаларға үйде әлеуметтiк көмек көрсететiн бөлiмшелер туралы Ереженi бекiту туралы
NPA -> Қолданыстағы НҚА 2008 жылдың 1 маусымына
NPA -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
NPA -> Қарағанды облысының мемлекеттiк коммуналдық меншiк объектiлерiн сенiм бiлдiрiлген басқаруға беру жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет