2011 жылдың 1 тоқсаны ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы Анықтама



жүктеу 139.08 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі139.08 Kb.
2011 жылдың 1 тоқсаны ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы

Анықтама
Бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы.

2011 жылдың 1 тоқсаны ішінде аудан бюджетіне 394108,3 мың теңге кірістер түсті, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 69628,4 мың теңгеге артық. Республикалық және облыстық бюджеттен түскен субвенция мен мақсатты трансферттер 339625,0 мың теңгені құрады.

Ағымды жылдың 1 тоқсаны ішінде жергілікті бюджетке түскен өзіндік кірістер 137,4 пайызға орындалды, нақты түсім 54483,3 мың теңге.

Өткен кезеңнің ішінде бекітілген салықтар мен төлемдер бойынша түсімдердің жоспары 130,0 пайызға орындалды. Есепті кезңге жалпы жоғарғы бекітілген жоспардан тыс 14820,3 мың теңге түсті.

Өнеркәсіп жерлеріне салық бойынша түсімдерді есептемегенде кіріс көздерінің барлық түрлері бойынша жалпы аудандық бюджетте бекітілген жоспарлар (54,4%) орындалды.

Өткен жылмен салыстырғанда төлеушілер санының төмендеуі жоғарыда көрсетілген салықтың орындалмауына себеп болды.

2011 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша бересілер жоқ.

Ауылдық округтердің кесіндісінде бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы жоспар жөнінде және пайыздық байланысын №1 кестеге сәйкес қарауға болады.

Бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуы.

Бағдарламалар әкімшілері кесіндісінде аудан бюджетінің орындалуын жоспар жөнінде және пайыздық байланысын №3 кестеге сәйкес қарауға болады.

Ауылдық округтердің кесіндісінде аудан бюджетінің орындалуын жоспар жөнінде және пайыздық байланысын №1 кестеге сәйкес қарауға болады.

Қорғанысқа 3757,6 мың теңге немесе 86,4 пайыз шығындалды. Төтенше жағдайдың жоқтығына байланысты 590,4 мың теңге сома игерілген жоқ.

Білім беруге 227631,7 мың теңге немесе 98,7 пайыз шығындалды. 2976,3 мың теңге игерілген жоқ, оның ішінде жергілікті бюджет бойынша 519,3 мың теңге, республикалық және облыстық трансферттер бойынша- 2483,0 мың теңге.

Республикалық трансферттер бойынша қаражаттардың игерілмеу себептері:

983,0 мың теңге – жетім балаларды қамтамасыз етуге қорғаншыларға ай сайынғы төлемге ҚР Білім беру министрлігінің деңгейінде нормативтік құқықтық актілердің болмауы.

Облыстық трансферттер бойынша қаражаттардың игерілмеу себептері:

1500,0 тыс.тенге – оқулықтарды сатып алу және жеткізу бойынша трансферттер 2011 жылғы 31 наурызда түсті, аудандық мәслихат сессиясының тіркелуі (тіркелу оған сәйкес бөлінген) және казынашылық банкі бойынша өзгерістерді енгізуге анықтамаларды 2011 жылғы 31 наурызда жүргізілді.

Жергілікті бюджет бойынша қаражаттардың игерілмеу себептері:

519,3 мың теңге –білім берудің 23 мекемелерінде мемлекеттік сатып алулардың қорытындылары бойынша үнемдеу себебіне байланысты қалдық қалды.

Ауданның халқын әлеуметтік қорғау бойынша орындау 44054,1 мың теңге немесе 99,9 пайызды құрады, жалпы 51,9 мың теңге игерілмеген, оның ішінде республикалық трансферттер есебінен – нақты есептеуге байланысты арнайы әлеуметтік есептеудің қызметтердің стандарттарынан енгізу бойынша 35,5 мың теңге; жергілікті бюджет бойынша - мемлекеттік сатып алулар бойынша қорытындылары бойынша үнемдеуге байланысты 16,4 мың теңге игерілмеген.

Халықты әлеуметтік қорғау мекемелерін ұстауға 4659,0 мың теңге немесе 99,2 пайыз шығындалды, қалдық 38,0 мың теңгені құрады. Қаражаттар нақты есептеу себебі бойынша игерілмеген.

Жұмыспен қамту Бағдарламасы бойынша жоспарланғандардан 5046,0 мың теңге, 5046,0 мың теңге немесе 100,0 пайыз игерілді. Қоғамдық жұмыстарға 151 жұмыссыз тартылды, жұмыстардың төлеміне 4221,0 мың теңге бөлінді, бұл 100,0 пайызды құрады. 642,0 мың теңге сомаға (100,0 пайыз) кәсіптік дайындыққа және қайта дайындыққа 16 адам жіберілді. Әлеуметтік жұмыс орындарға 3 адам орналасты және жалпы 2400,0 мың теңге сомаға 8 жас маман жастар іс- тәжірибесінен өтті, бұл 100,0 пайызды құрады.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті көрсетуге 5800,0 мың теңге сомада қаражаттар қарастырылған және 619 алушыларға 5800,0 мың теңге жоғарыда көрсетілген көмек көрсетілді, бұл 100,0 пайызды құрады, төлем алушылардың нақты өтінімдеріне сәйкес жүргізілді.

18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге 4320,0 мың теңге қарастырылған және 667 балаға 4320,0 мың теңге сомада жәрдемақылар төленді, бұл 100,0 пайызды құрады, төлем алушылардың нақты өтініштеріне сәйес жүргізілді.

Тұрғын үй көмек көрсетуге 632,0 мың теңге қарастырылған және 39 отбасыға 632,0 мың теңге сомада көрсетілген көмек төленді, бұл 100,0 пайызды құрады.

Ауданда жалпы дене шынықтыру және спорт іс-шаралары бойынша 1469,4 мың теңгені құрады, жоспар 1494,0 мың теңге немесе 98,4 пайыз, қалдық жергілікті бюджет бойынша карта шотының жоқтығына байланысты – 24,6 мың теңге.

Мәдениет ұйымдары бойынша пайдаланылмаған бюджеттік қаражаттардың қалдықтары жергілікті бюджет бойынша 212,2 мың теңгені құрады, яғни бюджет 98,9 пайызға орындалды, есепті кезеңге жоспар 19623,0 мың теңге.

Тіркелуі 2011 жылғы 31 наурызда аудандық мәслихат сессиясы бойынша қаржыландырудың жылдық жоспарының өзгеруіне байланысты қалдық қалыптасты.

Ауданның тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығына 5882,0 мың теңге жіберілді.

Су құбыры жүйесін дамыту бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттің есебінен Қоянбай ауылында су құбырын қайта жаңартуға жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге 886,0 мың теңге немесе 52,1 пайыз төлем жүргізілді. Конкурстың қорытындысы бойынша болған үнемдеуден 814,0 мың теңге сома игерілмеген.

Су құбыры жүйесін дамыту бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет қаражаттар есебінен Қара-Мырза ауылында саңылауларды жайластыруға жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге, Семияр ауылында су құбырының құрылысына жобалау-сметалық құжаттаманы пысықтауға 1533,0 мың теңге немесе жоспардан 100,0 пайыз төлем жүргізілді.

Білім беру нысандарының құрылысына (жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеуді есепке алғанда) жергілікті бюджет қаражаттар есебінен Жыланды ауылындағы мектептің спорт залын салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге 312,0 мың теңге жіберілген болатын.

Есепті кезеңге білім беру нысанын дамытуға жергілікті бюджеттің қаражаттарынан 312,0 мың теңге жоспарланды, 312,0 мың теңге немесе 100,0 пайыз игерілді.

Қысқы жолдарды ұстауға жергілікті бюджеттен көлік инфрақұрылымын қалыптастыруға 3500,0 тыс.тенге шығындалды, игерілгені 100,0 пайыз.

Ауыл шаруашылығы бойынша қаражаттар 84,4 пайызға немесе 9780,2 мың теңге сомаға игерілді. 946,3 мың теңге игерілмеген, оның ішінде эпизоотияға қарсы жұмыстар жүргізу үшін республикалық бюджеттен 937,5 мың теңге игерілмеген, себебі атқарылған жұмыс актісінің ұсынылған дерек бойынша төлем болуда.

Жергілікті атқарушы органның резервінен шұғыл шығындарға 2011 жыл ішінде көп салалы коммуналдық кәсіпорындарға коммуналдық қызмет көрсетуді төлеуге 1500,0 мың теңге жіберілді.

2011 жылғы 1 сәуірге өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 72,5 млн. теңгені құраса, өткен жылдың осы кезеңінде 69,7 млн.теңге. Нақты индекс көлемі 102,4 пайызды құрады.



Ауыл шаруашылығы

2011 жылғы 1 сәуірге ет өнімдері– 684,5 тоннаны құрады, 2010 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда – 4,4 пайызға, сүт –1,1 пайызға, жұмыртқа – 2,1 пайызға өсті.

Жалпы ауыл шаруашылық өнімнің көлемі 792,6 млн. теңгені құрады. Өткен жылдың тиісті кезеңіндегі нақты индекс көлемі 101,9 пайызды құрады.

2011 жылғы 1 сәуірге ірі қара мал– 42,9 мың басты құрап, өсімі – 103,8 пайызды, қой мен ешкі – 62,5 мың бас немесе 100,9 пайызды, шошқа – 2,9 мың бас немесе 113,3 пайызды, жылқы – 7,6 мың бас немесе 104,3 пайызды, құс – 31,1 мың бас немесе 3,4 пайызды құрады. №5 кесте

Ауылдық округтер кесіндісіндегі №6 кестеде көрсетілген, келесі:

1) Бесқарағай ауылдық округі бойынша өндірістегі өсім қарқыны: ет 4,0 пайызды, сүт 4,0 пайызды, жұмыртқа 2,0 пайызды, жалпы ауыл шаруашылық өнімнің көлемі 79,6 млн.теңгені құрады.

2) Баскөл ауылдық округі бойынша өндірістегі өсім қарқыны: ет 3,9 пайызды, жалпы ауыл шаруашылық өнімнің көлемі 67,2 млн.теңгені құрады. Сүт өндірісі 25,2 пайызға, жұмыртқа 5,6 пайызға төмендеді.

3) Беген ауылдық округі бойынша өндірістегі өсім қарқыны: ет 460 пайызды, сүт 4,5 пайызды, жұмыртқа 3,1 пайызды, жалпы ауыл шаруашылық өнімнің көлемі 69,4 млн.теңгені құрады.

4) Глуховка ауылдық округі бойынша өндірістегі өсім қарқыны: сүт 37,7 пайызды, жұмыртқа 6,1 пайызды, жалпы ауыл шаруашылық өнімнің көлемі 96,4 млн.теңгені құрады. Ет өндірісі 5,1 пайызға төмендеді.

5) Долон ауылдық округі бойынша өндірістегі өсім қарқыны: сүт 4,8 пайызды, жұмыртқа 7,1 пайызды, жалпы ауыл шаруашылық өнімнің көлемі 83,3 млн.теңгені құрады. Ет өндірісі 35,7 пайызға төмендеді.

6) Канонерка ауылдық округі бойынша өндірістегі өсім қарқыны: ет 4,3 пайызды, сүт 5,1 пайызды, жұмыртқы 2,9 пайызды, жалпы ауыл шаруашылық өнімнің көлемі 54,2 млн.теңгені құрады.

7) Мало-Владимировка ауылдық округі бойынша өндірістегі өсім қарқыны: ет 4,6 пайызды, сүт 6,9 пайызды, жұмыртқа 112,5 пайызды, жалпы ауыл шаруашылық өнімнің көлемі 77,1 млн.теңгені құрады.

8) Сосновка ауылдық округі бойынша өндірістегі өсім қарқыны: ет 0,9 пайызды, сүт 0,9 пайызды, жұмыртқа 1,0 пайызды, жалпы ауыл шаруашылық өнімнің көлемі 96,6 млн.теңгені құрады.

9) Семеновскому ауылдық округі бойынша өндірістегі өсім қарқыны: ет 4,1 пайызды, сүт 5,6 пайызды, жұмыртқы 5,9 пайызды, жалпы ауыл шаруашылық өнімнің көлемі 91,1 млн.теңгені құрады.

10) Семияр ауылдық округі бойынша өндірістегі өсім қарқыны: жұмыртқа 7,5 пайызды, жалпы ауыл шаруашылық өнімнің көлемі 77,7 млн.теңгені құрады. Ет өндірісі 16,6 пайызға, сүт 12,6 пайызға төмендеді.

2011 жылғы 1 сәуірге «Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу» 026 бағдарламасы бойынша 18497,0 мың теңге бөлініп, 4,3 млн. теңге игерілді.

Ірі қара малдарды бірдейлендіру жүргізілуде, қазіргі таңда 16143 бастарды бірдейлендіру жүргізілді, сібір жарасына қарсы 10152 бас ірі қара, 2237 бас ұсақ малдар, 10 бас жылқы егілді.

Глуховка ауылдық округінде «Каликанулы» шаруа қожалығымен (басшысы Каликов М) жасанды ұрықтандыру пункті ашылды. Бөлінген бюджет қаражаттарын игеруде жұмыстар жалғасуда.



Шағын бизнес

2011 жылғы 1 сәуірге аудан бойынша 126 дүкендер, 43 дүңгіршектер, 23 қоғамдық тамақтандыру нысандары және 62 тұрмыстық қызмет көрсету нысандары жұмыс істейді.

2011 жылғы 1 сәуірге кәсіпкерліктің 1032 шағын бизнес субъектілері жұмыс істейді, 2010 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 108,2 пайызға артты.

Шағын бизнесте тіркелген кәсіпорындар саны – 51, 2010 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 58 бірлік немесе 87,9 пайызды құрады. Оның ішінде жұмыс істейтін кәсіпорындар 29, 2010 жылдың осы кезеңінде 30 бірлік немесе 96,7 пайызды құрады. Белсенді кәсіпорындар саны - 27, 2010 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11 бірлік немесе 255,5 пайызды құрады.

Қазіргі уақытта 8 шағын-наубайхана жұмыс істеуде, нанды пісірудің орта тәулікті қуаттылығы 2300 бөлкеден астамды құрайды. Қазіргі таңда шағын-наубайхана жұмыс істейді, нан және нан өнімдері пісіріледі.

Ағымды жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай кезінде «20 игі іс» акциясы шеңберінде, Бесқарағай ауылында жеке кәсіпкер «Монькина» дүкендер мен шаштараз кешеннің жаңа нысанын пайдалануға берілді. Жаңа сауда кешенін ашу 10 жұмыс орынын құруға мүмкіндік берді.



Инвестициялық қызмет

2011 жылғы 1 сәуірге инвестицияның негізгі капиталы – 175,3 млн. теңгені құрады, 2010 жылдың осы кезеңінде 19,6 млн.теңгені құрап, 8,4 есе артты.

2011 жылғы 1 сәуірге 218 мың шаршы метр тұрғын үй енгізілді, 2010 жылдың осы кезеңінде 164 мың шаршы метрді немесе 132,9 пайызды құрады.

Бесқарағай ауылындағы су құбыры жүйесін қайта құруға республикалық бюджеттен 27,0 млн. теңге бөлінді, облыстық бюджеттен 30,0 млн. теңге. Жобалау-сметалық құжаттамаларды осы жобалар бойынша әзірлеуге: 1) «Қоянбай ауылындағы су құбырын қайта жаңарту» жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге республикалық бюджеттен 5,0 млн. теңге бөлініп, 886 мың теңге игерілді. 2) «Семияр ауылында су құбырының құрылысы» 2166,0 мың теңге бөлініп, 1533 мың теңге игерілді.

2011 жылы «Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде облыстық бюджеттен бөлінген жалпы 29,1 млн теңге сомаға білім беру нысандарында күрделі және ағымды жөндеу жүргізіледі.

Білім беру

Ауданда 24 мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 18 орта, 4 негізгі және 2 бастауыш орта мектеп. Мектептер бойынша оқушылар саны 3294, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 120 адамға кем.

2011 жылдың 1 тоқсан ішінде аудан мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 13201 мың теңге бөлініп, 12687 мың теңге

игерілді, 2010 жылы аудан мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 3497 мың теңге бөлініп, 3100 мың теңге игерілді.

Мектепке дейін тәрбиелеу мен білім алу шығыстарының үлесі жыл сайын артуда. 95 баланы қамтитын 1 мектепке дейінгі мекеме - Борас орта мектеп-бақшасы мен 16 баланы қамтитын бір мектепалды сынып жұмыс істейді. Ауданның мектептерінде 3-4 жастағы 390 баланы қамтитын қысқа мерзімді 24 топ және 50 баланы қамтитын толық күнді 2 шағын-орталықтар жұмыс істейді. Барлығы шағын орталықтарда 440 бала.

Мектепке дейінгі білім алу 551 бала, бұл 50 пайызды құрайды. Ауданның 23 мектептерінде 28 мектеп алды сыныптары ұйымдастырылды, олардан 17 қазақ тілінде оқиды. Мектеп алды сыныптарында – 353 бала.

2011 жылы Беген орта мектебі және Н.Баймұратов атындағы орта мектепте толық күнді шағын-орталықтарды ашу жоспарлануда. Жыл сайын кітаптарды сатып алу үшін жергілікті бюджеттен ақша қаражаттары бөлінеді, 2011 жылы осы мақсатқа 7000,0 мың теңге бөлінді, осыған сәйкес 2010 жылы 8520,0 мың теге бөлінген болатын..

Халықтың мектепке дейін білім алу қызметін қажетсінулері жыл сайын артуда. 2011 жылғы 1 сәуірге бала-бақшаға 60 өтініш білдіргендер тіркелді.

Білім беру бөлімімен мектеп директорларымен оқушыларды альтернативтік үлгісін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілді, бұл оқушылардың тамақтандырудың пайызына артты. 2011 жылғы 1 наурызға ыстық тамақпен тамақтандыру 23 мектептерде ұйымдастырылған, бұл 95,8 пайызды құрайды.

Қазіргі уақытта оқушыларды буфеттік және ыстық тамақпен тамақтандыратын 14 асхана және 15 буфет жумыс істейді. Асхана мен буфеттері жоқ мектептерде тамақтандырудың альтернативтік үлгісі енгізілді, үзіліс 30 минутқа дейін ұзартылды.

Бастауыш сыныптардағы оқушылар саны 1194 адамды құрайды, олардан жергілікті бюджет қаражаттар есебінен бастауыш сыныптарының 947 (79,3 пайыз) оқушылары тегін тамақтанады, Мостик орта мектебінің 26 оқушысы және Жыланды бастауыш орта мектебінің 32 оқушысы бюджеттік қаражаттар есебінен тегін буфеттік тамақпен тамақтанады, 189 альтернативті ыстық тамақпен қамтылған, 1-4 сыныптың 1136 оқушылары ыстық тамақпен тамақтанады (97,6 пайыз).

Мектептерде тамақ беретін орындар жұмыс істейтін технологиялық құралдармен жабдықталды. Оқушылардың тамақтандырылуы ұйымдастырылған барлық мектептерде тамақ беретін орындарының паспорттары бар.

2011 жылдың бюджетінде ыстық тамақтандыруға 15141,0 мың теңге қарастырылды, оның ішінде балға 1275 мың теңге, 2011 жылдың бюджетінде ыстық тамақтандыруға 28777,0 мың теңге қарастырылды қаржыландыру 2 есе артты, оның ішінде бір балаға аптасына бір рет балға арналып бөлінетін грамм балға – 1741,3 мың теңге, олардан 1-4 сыныптардағы оқушыларға (947 оқушыға) 1364 мың теңге бөлінді, игерілгені 3418,4 мың теңгені құрады. 2011 жылдық 1 тоқсаны ішіндегі жоспар 7603,0 мың теңге, дерек 6375,4 мың теңгені құрады.

Тамақтандыру құрамына сүт және сүт қышқылды өнімдер қосылды.

2011 жылы білім берудің 4 нысанына 43694,0 мың теңге бөлінді, оның ішінде облыстық бюджеттен - 29129,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен -14565,0 мың теңге. Ауданның барлық мектептері отынмен 100 пайызға қамтамасыз етілді. Ауданның барлық мектептері жылу беру кезеңін сәтті аяқтады, Ағымды жылдың 1 сәуіріне барлық мектептердегі көмір қалдықтары 807 тонаны құрады.

Жол саласы

Аудандағы автомобиль жолының ұзындығы 234 шақырымды құрайды, оның ішінде:

-қара ұсақ таспен жабылған жол-76 шақырым

-ұсақ тастармен жабылған жол-89 шақырым

-жабылмаған жол-69 шақырым.

2011 жылғы 1 сәуірге автомобиль жолдарын қамтамасыз етуге 2,5 млн. теңге бөлініп, 100,0 пайыз игерілді.



Денсаулық сақтау

Ауданның медициналық қызмет көрсетуі 51 керуетті аудандық орталық ауруханамен, 7 дәрігерлік амбулаториялармен, 3 фельдшерлік-акушерлік және фельдшерлік пункттермен, 15 медицина пункттері жоғары білімді, 33 жоғарғы білімді дәрігер, 116 орта арнаулы білімді медицина мамандарымен қамтылып, халыққа қызмет көрсетуде. 2010 жылдан бастап Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізілді. Жаңа бағдарлама әр азаматқа өздігімен мемлекетіміздің аумағындағы емдік мекемені және дәрігерді таңдау құқығын берді.

Жаңа бағдарламаға сәйкес тұрғындарға көмектесудегі стационарлық үлесінің төмендеуі және стационарды орнын алмастыруды дамыту жорамалдануда, осыған байланысты ауданда күндізгі стационар 14 керуетке артты, олардан 9 керует аудандық орталық аурухана стационарында және 5 керует Семеновка дәрігерлік амбулаториясында орналасқан.

2011 жылғы 1 сәуірге ауданда аналар өліміне жол берілген жоқ. Сәбилердің өлімі бойынша–2 оқиға болды, 1000 тірі туылғандарға шаққанда өлім көрсеткіштері - 40,0, 2010 жылғы осы кезеңінде өлім тіркелген жоқ. 2011 жылғы 1 сәуірге 50 нәрестелер дүниеге келді. Жас нәрестелердің дүниеге келуі 1000 адамға шаққанда көрсеткіш-2,2, 2010 жылдың осы кезеңінде - 2,2 болды.

Туберкулез бойынша жағдайлар: 2011 жылғы 1 сәуірге бастапқы сырқаттанғандардың 1000 адамға шаққанда көрсеткіштері 7 оқиға немесе 30,9, 2010 жылдың осы кезеңінде – 6 оқиға немесе көрсеткіш 25,9 тең. Онкологиялық аурулардың көрсеткіштері - 6 оқиға немесе 1000 адамға шаққанда 26,5, 2010 жылдың осы кезеңінде - 6 оқиға немесе 25,7 көрсеткішке тең болды. Онкологиялық аурулардың көрсеткіштері 9 оқиға немесе 1000 адамға шаққанда 39,7, 2010 жылдың осы кезеңінде 6 оқиға немесе көрсеткіш 25,7 тең.

Денсаулық сақтау штаттармен толық іріктелінген. Емхана толық көлемінде дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілді.

Стационарлы науқастарды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, тегін медициналық көмек «СК-фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бірыңғай дистрибьютеры арқылы жүргізіледі, келісім қорытындысы,

сонымен қатар, веб-сайт арқылы бағалы ұсыныстарды сұрау жолымен жүргізіледі. Стационардың науқастарына үш мезгілді тамақтандыру жүргізіледі. Бағалы ұсыныстарды сұрау арқылы электронды сатып алу бойынша азық-түлік өнімдерін сатып алынады.

Ағымды жылы дәрі-дәрмектерді сатып алуға 21,4 млн. теңге бөлінді, игерілгені 2,1 млн. теңге.

Тамақтандыруға 4,6 млн. теңге бөлініп, 1,01 мың теңге игерілді.



Әлеуметтік бағдарламалардың орындалуы

2011 жылғы 1 сәуірге ақылы қоғамдық жұмыстарға 151 адам тартылып, жоспардың орындалуы 58,0 пайызды құрады. 2010 жылдың осы кезеңінде 145 адам тартылды немесе 56,8 пайыз. Игерілгені 4,2 млн. теңге.

Кәсіптік дайындық жоспары 30 адамды құрайды. 2011 жылғы ақпан айынан бастап 16 жұмыссызды кәсіптік дайындыққа жіберу жоспарлануда. Семей қаласындағы құрылыс колледжінде «Газ электрмен дәнекерлеуші» мамандығы бойынша 5 адам, «Болашақ» кәсіптік лицейіне «Шаштараз» мамандығы бойынша 11 адам жіберілді.

2011 жылғы 1 сәуірге 161 жұмыссыз жұмысқа орналасты немесе жылдық жоспардан– 63,1 пайыз. 2010 жылдың осы кезеңінде 122 адам орналасты, жоспардың орындалуы 48,8 пайыз.

2011 жылы 78 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. 2011 жылғы 1 сәуірге 24 жаңа жұмыс орны ашылды, бұл жылдық жоспардан 30,7 пайызды құрайды. 2010 жылдың осы кезеңінде 22 жаңа жұмыс орны ашылды немесе 28,9 пайыз.

«Жастар іс-тәжірибесіне» жіберу бойынша жоспар жоғарғы оқу орындары және орта оқу орындарының 6 түлектерін құрайды. 2011 жылғы 1 сәуірге жоспардан 2 түлек немесе жылдық жоспардан 33,3 пайызы жіберілді. 2010 жылдың осы кезеңінде жоспардан 3 түлек жіберілді немесе 50 пайыз.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 6 жұмыссыз орналасты. 2011 жылғы 1 сәуірге әлеуметтік жұмыс орындарына 3 жұмыссыз немесе 50 пайызы жіберілді. 2010 жылдың осы кезеңінде 3 жұмыссыз немесе 50 пайызы жіберілді.

Жұмыс орындарына 166 адам өтініш білдірді немесе жылдық жоспардан 63,8 пайыз, 2010 жылдың осы кезеңінде 276 адам немесе 108,2 пайыз.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша оқу топтарын құруға 25 адамды 2011 жылғы мамыр айынан бастап Бесқарағай аудандық №16 кәсіптік лицейіне «Көлік жөндеу бойынша слесарь» мамандығы бойынша оқу орнына жіберу жоспарлануда.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша оқу топтарын құруға 25 адамды жіберу жоспарлануда. 2011 жылғы 1 сәуірге шаруа қожалықтарына, фермер шаруашылықтарына, жеке кәсіпкерлерге жұмыс істеу үшін жоғарғы оқу орындары және орта оқу орындарының 6 түлектері немесе жылдық жоспардан 24 пайызы жіберілді.

Ауылдық округтер кесіндісіндегі №7 кестеде көрсетілген, келесі:

Баскөл, Глуховка, Беген ауылдық округтерінде ең төмен күн көріс деңгейінде тұратын тұрғындар үлесінің табыстары 14,0 пайыздан 12,3

пайызға дейін көп пайыздық мөлшерін құрайды. Жұмысқа орналасу 97,0 пайыз.

Семеновка, Сосновка ауылдық округтерінде ең төмен күн көріс деңгейінде тұратын тұрғындар үлесінің табыстары 3,8 пайыздан 2,7 пайызға дейін көп пайыздық мөлшерін құрайды.

Жұмысқа орналасу мәселесі бойынша өтініш білдірген азаматтардың жалпы санының жұмысқа орналасқан үлісі Беген ауылдық округінде 60,8 пайыз, Глуховка ауылдық округінде 83,3 пайыз ең төмен пайызды құрады.

Өндірістік инфрақұрылыс және коммуникация

Мемлекет соңғы жылдары орман шаруашылығын қалпына келтіруге үлкен қолдау көрсетуде. Оның тұрақты құрылымы құрылды, қаржыландыру, материалды-техникалық жабдықтау ұлғайды, орман күзетінің штаты қалпына келтірілді.

Атқарушы, құқық қорғау органдары өрттерді болдырмауды алдын алу мақсатында қосымша ұзақ мерзімді шаралар қабылдауда.

2011 жылдың 1 тоқсан ішіндегі жоспар елді мекендерді абаттандыру бойынша 2007,0 мың теңге бөлініп, 1757,0 мың теңге игерілді, оның ішінде ауылдық округтердің елді мекендеріндегі көшелерін жарықтандыруға 1422 мың теңге бөлініп, 1172,0 мың теңге игерілді, санитарияны қамтамасыз етуге 385 мың теңге бөлініп, 100,0 пайыз игерілді; елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға жоспар 200,0 мың теңге, 100,0 пайыз игерілді.

Ауылдық округтердің әкімдерімен әрбір ауылды дамытуға арналған іс-әрекет жоспарлары құрылып, бекітілді, жылдың қорытындысы бойынша олардың орындалуы қарастырылатын болады.

Экономика, қаржы және



кәсіпкерлік бөлімінің бастығы М.Скакова


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет