2011 жылдың I тоқсанына Курчатов қаласының бюджетінің орындалуы туралы ақпарат Бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы



жүктеу 52.01 Kb.
Дата17.07.2016
өлшемі52.01 Kb.
2011 жылдың I тоқсанына

Курчатов қаласының бюджетінің орындалуы

туралы ақпарат

Бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы

2011 жылдың I тоқсанына қала бюджетіне 159093,3 мың теңге түсті, өткен жылдың кезеңдерімен салыстырғанда 19371,3 мың теңгеге артық. Республикалық және облыстық бюджеттерден түскен нысаналы трансферттер мен субвенциялар 19945,0 мың теңгені құрады.

Ағымдағы жылдың I тоқсанына қала бюджеті меншікті кірісі бойынша 102 % орындалды, іс жүзінде түскені 138984,3 мың теңге.

Бекітілген жоспарлардың орындалуы бір реттік талондар бойынша (99,0 %) қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардан жеке табыс салығы бойынша түсімдерден басқасы, қызметтің әр түрлі түрлерімен айналысатын құқығы бар лицензиялық жинақ бойынша (43,1 %), транспорт құралдарын мемлекеттік тіркеу жинағы бойынша (62,6 %), жер учаскелерін сатудан түскен түсімдер (24,8 %), жер учаскелерін жалдау құқығын сатудан түскен түсімдер (0,0%) бойынша қала бюджеті бойынша толықтай кіріс көздерінің барлық түрлері бойынша қол жеткізілді.

Бір реттік талондар бойынша қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың жеке табыс салығы бойынша жоспардың орындалмауы қызметтің патенттер бойынша жүзеге асыруға өтуіне байланысты деп түсіндіріледі. Туындаған қаржылық қиындықтарға байланысты, жасалған келісім шарттар бойынша, транспорт құралдарын мемлекеттік тіркеуді жинау, лицензиялық жинақ бойынша салық төлеушілердің саны азайды, 1503,0 мың теңгеге жер учаскесін сатудан түскен түсімдер орындалған жоқ.

Ағымдағы жылғы 1 тоқсанда толықтай белгіленген жоспардан жоғары 3061,3 мың теңге түсті.


Бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуы

Ағымдағы жылғы 1 тоқсандағы қала бюджетінің орындалуы республикалық және облыстық бюджеттерден түскен нысаналы трансферттердің, субвенциялардың есебімен 155393,4 мың теңге немесе 99,6% құрады.



Жалпы түрдегі мемлекеттік қызметке 26891,7 мың теңге немесе 99,7% шығысталды. 94,3 мың теңге игерілген жоқ, соның ішінде: 79,0 мың теңге – бюджетті нақтылағанда наурыз айының аяғында вирусқа қарсы бағдарламаларды сатып алуға және «Ақпараттық есептеу орталығы» АҚ ақпараттық жүйеге тіркелімді ендіруді қол жетімділігіне бөлінді.

Қорғанысқа 1272,9 мың теңге немесе 98,4% шығысталды, соның ішінде 21,0 мың теңгеге автокөлік рәсімделген жоқ, ГАИ жұмыс істеген жоқ.

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздікке 284,0 мың теңге немесе 100 % шығысталды.

Білімге 62192,6 мың теңге немесе 99,6 % шығысталды. 222,4 мың теңге игерілген жоқ, оның ішінде: республикалық бюджеттен түскен нысаналы трансферттер 212,0 мың теңге, бекітілген нормативтік құжаттың жоқ болуына байланысты, республикалық комиссияның отырысының хаттамалық шешіміне сәйкес есебі жүргізілді, төлемі жүргізілген жоқ.

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз етуге 15297,3 мың теңге немесе 99,1% шығысталды. 138,9 мың теңге игерілген жоқ.

Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 2029,0 мың теңге сомасында жоспарланған қаражат толық көлемде игерілді. Қоғамдық жұмыстарға 165 адам қатысты. Қала кәсіпорындарында жастар практикасына 6 жас маман %10 әлеуметтік жұмыс орындары құрылды.

Мемлекеттік мекенжай әлеуметтік көмек көрсетуге 670,0 мың теңге қарастырылған, толық көлемде игерілді, осы көмек 79 алушыға тағайындалды және төленді.

Тұрғын жай көмегін көрсетуге 652,0 мың теңге қарастырылды, 122 отбасына тағайындалды және төленді.

Әр түрлі санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуге облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер 7577,0 мың теңге түсті, толықтай игерілді, ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына коммуналдық қызмет төлемі үшін 432 адамға материалдық көмек көрсетілді. Аз қамтылған отбасылардан 5 балаға жоғары оқу орнында оқу үшін көмек көрсетілді, көп балалы аналарға материалдық көмек көрсетілді. Қала бюджеті қаражаты есебінен 173,2 мың теңге бөлінді, 165,0 мың теңге шығысталды, 11 адамға материалдық көмек көрсетілді. Бюджетті нақтылағанда алушылар санының көбеюіне байланысты қосымша 118,0 мың теңге бөлінді.

Үйде оқып тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге 182,0 мың теңге бөлінді, 181,4 мың теңге сомасында немесе 99,7% игерілді. 4 мүгедек балаларға материалдық көмек көрсетілді, нақты есеп бойынша төлем жүргізілді.

18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы 531,0 мың теңге бөлінді және 412,9 мың теңге сомасында немесе 77,8% 142 балаларға жәрдемақы төленді. Алушылардың нақты өтініштері бойынша төлемдер жүргізілді.
Тұрмыстық коммуналдық шаруашылыққа 9738,0 мың теңге бөлінді игерілгені 9737,1 мың теңге сомада немесе 100% оның ішінде:

-Абай көшесі, 34,40,47 бойынша орналасқан жылжымайтын нысандар ды техникалық тексеру бойынша 750,0 мың теңгеге жұмыстар жүргізілді;

- бірінші көтерілімге және фикалдық канализацияны тазалауға ағымдағы жөндеуге 1763,1 мың теңге сомада аванс аударылды;

- 73209 квт электроэнергияны тұтынуға төленді, көшені жарықтандыру

желілеріне қызмет көрсету бойынша жұмыстарға, көшені жарықтандыру желілерінің кабельдерін ағымдағы жөндеуге және жартылай ауыстыру үшін аванс төленді, қалалық балалар алаңын жарықтандыру үшін ағымдағы жөндеу, барлығы 2165,0 мың теңге;

- қалада тазалықты қамтамасыз етуге 1375,0 мың теңге қаражат бөлінді,

қаражат толық көлемде игерілді, қысқы кезеңдерде механикалық жинауға келметін аумақтарды қолмен жинау жүргізілді, қоқыстар мен қарлар жинап шығарылды;


қаражат толық көлемде игерілді, гүлдердің тұқымын сатып алуға алдын-ала төлем жүргізілді;

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке 15198,0 мың теңге бөлінді, игерілгені 15172,8 мың теңге немесе 99,8 %.

  • Бос уақытты мәдениетті өткізуді қодау жұмыстарына

8106,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді, соның ішінде қалалық мерекелік іс шаралар өткізілді;

  • Спорттық сайыстарды өткізуге (мақтау қағаздарын, медальдар,

кубоктар) сатып алуға 40,0 мың теңге шығындалды, немесе 100%;

  • басқа аумақтардағы спорттық жарыстарға қатысуға (жол

шығындары, жатар орыны, тамақтану) 859,8 мың теңге шығындалды, немесе 100%;

  • мемлекеттік және басқа да Қазақстан халықтарының тілдерін

дамытуға 1481,0 мың теңге бөлінді, игерілгені 1479,6 мың теңге немесе 99,9 %;

өткізу бойынша қызметтерге 234,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді, «Спектор-резонанс» газеті арқылы ақпараттық қызметтерге төлем жүргізілді;

  • мемлекеттік ақпараттық саясаттарды телерадио хабарларын өткізу

бойынша қызметке 30,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді, қалалық радио бойынша хабарландыру және қала әкімінің пресс-қызметі материалдарын телевизияға шығару үшін «Сова» және «Поиск» берліген шоттары бойынша төлем жүргізілді.

  • Жастар саясаты саласында бағдарламаны жүзеге асыруға 40,0 мың

теңге бөлінді, толық көлемде игерілді, жастар іс шараларын өткізуге кеңселік тауарлар, приздар сатып алынды: «Президентті сайлау - сенің дұрыс таңдауың» акциясы, «Қазақстан ядролық қаруға қарсы» жас оқымыстылардың домалақ столы:

Ауыл шаруашылық, жер қатынастарына 3077,0 мың теңге бөлінді, 3076,8 мың теңге игерілді немесе 100 % соның ішінде:

  • Қаңғырған иттерді жойып және оларды ұстауды ұйымдастыруға

115,0 мың теңге шығындалды;

  • Жануарлар індетіне қарсы іс шаралар өткізуге 118,0 мың теңге

бөлінді, 100% игерілді, үй жануарларын егу жүргізілді;

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құылыс қызметтеріне

1285,0 мың теңге сомада бөлінді, 1246,0 мың теңге немесе 97,0% игерілді.



Көлік және коммуникацияға 5357,0 мың теңге қаражат бөлінді,соның ішінде 4551,0 мың теңге сомада Абай көшесін кеңейтуге және ағымдағы жөндеуге аванс төленді, қар жинау бойынша жұмыстар жүргізілді;

Қала қазандықтары үшін қазандық сатып алуға, «ККСЭК» МКК жарғы капиталын толықтыруға 2897,0 мың теңге сомада қаражат бөлінді. Конкурсты «Жылы Қыс» ЖШС жеңіп алды, 2 қазандық қойылды.

Бюджетке 2010 жылы пайдаланылмаған 24,0 мың теңге сомада

трансферттер қайта қайтарылды.


Курчатов қаласық

қаржы бөлімінің бастығы А.Уағызов


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет