2011 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуын бақылау нәтижелері туралы Қызылорда облысының тексеру комиссиясының есебі



жүктеу 403.41 Kb.
бет1/3
Дата23.02.2016
өлшемі403.41 Kb.
  1   2   3




Қызылорда облыстық мәслихатының

2012 жылғы 28 маусымдағы

№ 34 шешіміне 4-қосымша

2011 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуын бақылау нәтижелері туралы Қызылорда облысының тексеру комиссиясының есебі
І. Кіріспе бөлім

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 142-бабына сәйкес Қызылорда облысының тексеру комиссиясы (бұдан әрі - тексеру комиссиясы) құзыретінің бірі - жергілікті бюджеттің атқарылуын, оның ішінде Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің принциптеріне сәйкес жүзеге асырылуын бағалау болып табылады. Осы бапты негізге ала отырып, тексеру комиссиясы 2011 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы Қызылорда облысы әкімдігінің есебін облыстық мәслихат сессиясында қарап, бекіту үшін 2011 жылғы бақылау нәтижелері туралы қорытынды есеп әзірледі.

Қызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған әлеуметтік-эконо-микалық даму болжамы негізінде әзірленген 2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет Қызылорда облыстық мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқ-сандағы № 261 шешімімен 2011 жылға арналған облыстық бюджет кірістері 73 176 429 мың теңге, шығындары 73 297 974 мың теңге болып бекітілген.

Қызылорда облысы әкімдігі тарапынан 2011 жылғы облыстық бюджет 9 рет нақтыланып, нәтижесінде кірістер көлемі 99615973,0 мың теңге болып бекітілген бюджетпен салыстырғанда ең бастысы республикалық бюджеттен трансферттердің бөлінуіне байланысты 26 439 544,0 мың теңгеге артты. Облыстық бюджет құрамында салықтық түсімдер – 7001339,0 мың теңге, салықтан тыс түсімдер - 612 098,0 мың теңге, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 3 700,0 мың теңгені құраған. Бюджет кірістері 10317,8 мың теңгеге артығымен орындалған.

Облыстық бюджет құрамында субвенцияны қоса есептегенде республика-лық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер 92,4 (оның ішінде субвенция 64, нысаналы трансферттер 27,8) пайызды құрайды. Облыстық бюджеттің өз кірістері 7617137,0 мың теңге болып отыр.

2011 жылы республикалық бюджеттен 1501952,0 мың теңге бюджеттік кредит берілген.

2011 жылы бюджеттік кредит мынадай мақсаттарға берілген:


  1. 2011 жылы «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы шеңберінде тұр-ғын үй салуға және (немесе) сатып алуға республикалық бюджеттен бөлінген 595 000,0 мың теңге бюджеттік кредитті жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі және Қызылорда облысы әкімдігі арасында 7 жыл мерзімге 2011 жылдың 29 шілдесінде № 9 МИО201 Кредит шарты жасалған;

  2. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы шеңберінде ауылда кәсіпкер-лікті дамытуға жәрдемдесуге кредит беруге республикалық бюджеттен бөлін-ген 200 000,0 мың теңгені игеру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері және Қызылорда облысы әкімдігі арасында 2011 жылдың 27 тамызында жасалған № 9 МИО239 кредиттік келісім жасалған;

  3. «Ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік саладағы мамандарға әлеу-меттік қолдау шараларын жүзеге асыру үшін жергілікті органдарға бөлінген бюджеттік кредиттер» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен бөлінген 194952,0 мың теңгені жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республи-касының Қаржы, Ауыл шаруашылығы министрліктері және Қызылорда облысы әкімдігі арасында 2011 жылдың 18 мамырында № 9 МИО180 Кредит шарт жасалған;

  4. Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысының 2011-2014 жыл-дарға арналған бағдарламасы шеңберінде 2011 жылға арналған тұрғын үй құры-лыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға республикалық бюджеттен бөлінген 512000,0 мың теңгені жүзеге асыру мақса-тында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі және Қызылорда облысы әкімдігі арасында 2011 жылдың 25 сәуірінде жасалған № 9 МИО173 Кредит шартына сәйкес кредитті пайдалану үшін 0,01 % сыйақы ставкасы есептеліп, оны төлеу 2011 жылғы 25 желтоқсаннан бастап, жылына 1 рет әрбір жылдың 25 желтоқса-нында жүзеге асырылуы қажет.

2011 жылы республикалық бюджетке 2008-2011 жылдары алынған бюджеттік кредит шартына байланысты барлығы 1206394,0 мың теңге қайтарылған.

2011 жылдың қорытындысымен облыстық бюджеттен 4230126,6 мың теңге бос қалдық қалған, ол 2010 жылғы бос қалдықпен салыстырғанда 2,2 есеге артып отыр (2010 жылы 1 818 221,0 мың теңге бос қалдық қалған).

2011 жылғы облыстық бюджеттің 101362020,0 мың теңге түзетілген бюджеті бойынша тіркелген міндеттемелер 99365906,0 мың теңгені құрап, 1996114,0 мың теңге қаржыға міндеттеменің алынбауы, тіркелген міндеттеме-лердің 2185017,4 мың теңгесінің игерілмеуі бюджет қаржысын артығымен жоспарлау, республикалық бюджеттен трансферттердің жыл соңында бөлінуі, бюджетік бағдарлама әкімшілерінің бюджет қаржысын игерудегі салғыртты-ғынан деген тұжырым жасауға негіз болады.

2011 жылғы түзетілген бюджетте 2014169,0 мың теңге бюджет тапшылы-ғы болған. Қарыздардың түсімі – 1501952,0 мың теңге, бюджет қаражаттары-ның бос қалдығы – 1818221,0 мың теңге және қарыздарды өтеу – 1306004 мың теңге есебінен бюджет тапшылығын қаржыландыру 2014169,0 мың теңге болған.

2011 жылы облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша 468686,8 мың теңге дебиторлық қарыз қалыптасқан, бұл 2010 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 383168,4 мың теңгеге немесе 5,4 есеге ұлғайып отыр.

Облыстық бюджеттің бірнеше рет нақтыланғанына қарамастан, облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің кредиторлық қарыз көлемі 2010 жылмен салыстырғанда 153954,5 мың теңгеге ұлғайып, 227543,7 мың теңгені құрап отыр.


ІІ. Бақылау нәтижелері туралы

Қызылорда облысы бюджеті бойынша 2011 жылы Қаржылық бақылау органдары тарапынан барлығы 336 бақылау іс-шаралары жүргізілген. Жыл көлемінде жүргізілген бақылау іс-шаралары нәтижесімен жалпы сомасы 28480278,3 мың теңгенің қаржылық бұзушылықтар анықталған.

Жүргізілген тексерулер нәтижесінде мекемелер мен кәсіпорындар бойынша қаржылық бұзушылықтар мен бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есеп беруді жасау ережелерінің бұзылғандығы анықталған.

Бюджетке өтеуге және қалпына келтіруге тиісті 1962248,1 мың теңге жолсыздықтарының 1739327,3 мың теңгесі бюджетке өндіріліп, қалпына келтірілген.

Қолданылған шаралар нәтижесінде жергілікті бюджеттен қаржыландыры-латын мекемелер мен кәсіпорындардан 230 лауазымды тұлға тәртіптік жауап-кершілікке тартылып, оның ішінде 4 адам қызметінен босатылған. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес 23 лауазымды тұлғаға 3024,0 мың теңге айыппұл салынған. Құқық қорғау органда-рына 1026381,8 мың теңгеге анықталған заң бұзушылықтарымен 26 бақылау материалдары процессуалды шешім қабылдау үшін жолданған. Оның ішінде облыстық бюджеттен қаржыландырылатын 42 бюджеттік мекемеге бақылау жүргізіліп, 1279027,0 мың теңге бұзушылықтар анықталған. Қалпына келтіруге тиісті 509747 мың теңге, қаржының қалпына келтірілгені 319552,0 мың теңге құрап отыр. Қолданылған шаралар нәтижесінде облыстық бюджеттен қаржы-ландырылатын мекемелер мен кәсіпорындардан 91 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, оның ішінде 1 адам қызметінен босатылған. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес 7 лауазымды тұлғаға 604,8 мың теңге айыппұл салынған. Құқық қорғау органдарына 550131,9 мың теңгеге анықталған заң бұзушылықтарымен 8 бақылау материалдары процессуалды шешім қабылдау үшін жолданған.
2011 жылдың ІV тоқсанында Тексеру комиссиясы жүргізген сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау нәтижелері туралы:

2011 жылдың ІV тоқсанына арналған бақылау шараларының жоспарында 6 бақылау объектісі бекітілді.

Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылаумен 3663693,0 мың теңге қамты-лып, 719 883,0 мың теңге бұзушылықтар анықталды. Қалпына келтірілуі тиіс 139291,0 мың теңге соманың 32178,0 мың теңгесі қалпына келтірілді.

2011 жылғы бақылау нәтижелеріне тоқталып өтетін болсақ:



  1. «Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 008 «Қоршаған ортаны қорғау шараларын жүзеге асыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қызылорда облысының елді мекендеріндегі каналдар мен қашыртқыларды тазалау жұмыстарына облыстық бюджеттен бөлінген 2010 жылы 168574,2 мың теңге, 2011 жылы 134762,0 мың теңге қаржының мақсатты және тиімді жұмсалуына бақылау жүргізді.

«Қызылорда облысының табиғи реcурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі тарапынан қазылып біткен каналдарды қабылдау кезінде жұмыс сапасы қадағаланбаған. Атап айтқанда:

Сырдария ауданы «Сейфуллин» ауылдық округіндегі «Кіші бостандық» каналы бойынша құны 438,6, мың теңгенің бетондап істелінген су тоспасы (шлюз) көктемгі мерзімде аяқ су келгеннен кейін құлап, жарамсыз болып қалса, Қармақшы ауданы «Жосалы» ауылдық округіндегі «Келте арық» каналындағы құны 1074,0 мың теңгенің бетондап істелінген 12 дана ПК-30х20 плиталары орнынан жылжып төмен түсіп кеткен.

Жалағаш ауданы «Қаракеткен» ауылдық округіндегі «Бұқарбай» каналын тазалау жұмыстарына 26820,0 мың теңге қаржы бөлініп, 25961,7 мың теңге қаржының игерілгені, бірақ каналға су келмегені, яғни нәтиже жоқ екендігі анықталды.

«Қызылорда облысының табиғи реcурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен аудан әкімдерінің өздеріне жүк-телген міндеттерін өз деңгейінде ұйымдастырмауы салдарынан облыс көлемін-дегі елді мекендердің экологиялық тепе-теңдігін сақтау, каналдар мен су қашыртқыларын тазалау бағдарламасы бойынша 2010-2011 жылдары облыс-тық бюджеттен бөлінген 300674,6 мың теңгенің негізсіз жұмсалғандығы, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі №481 Су Кодексінің 27- бабында Коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстары мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарға бекітіліп берілмегендігі анықталып, сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау барысында анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде Қызылорда облысы әкіміне, бюджеттік бағдарлама әкімшісіне ұсынымдар берілді.

Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау қорытындысы нәтижесінде жергілікті атқарушы орган – Қызылорда облысының әкімдігі тарапынан бірқа-тар жұмыстар жүргізіліп, қазіргі таңда «Табиғат» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны құрылып, жұмыстар жүргізілуде.

2. Қызылорда қаласын абаттандыруға облыстық бюджеттен бөлінген 725 520,0 мың теңге нысаналы трансферттерді пайдаланудың тиімділігіне бақылау жүргізілді.

Қызылорда қаласын абаттандыруға 2010 жылдың ақпан айында 102900 мың теңге, сәуір айында 624 279 мың теңге, барлығы 727179 мың теңге нысаналы трансферт бөлінген. Қазан айында үнемделген 1 659,0 мың теңге облыстық бюджетке қайтарылған, игерілгені 725 520,0 мың теңге.

Бөлінген қаржы мына мақсаттарға жұмсалған:


  1. Көппәтерлік үйлердің аулаларын абаттандыру – 139 138 мың теңге;

  2. кварталішілік жолдар мен автотұрақтарды, тротуарларды жөндеуге - 517401 мың теңге;

  3. Жібек жолы каналын абаттандыруға – 68981 мың теңге.

2010 жылғы қыркүйек айында қалалық мәслихаттың шешімімен кварталішілік жолдар мен автотұрақтарды жөндеуге берілген 92319 мың теңгені, Жібек жолы каналын абаттандыруға бөлінген 68981 мың теңгені пайдаланбай, Қызылорда қаласының санитариясын қамтамасыз етуге 154600 мың теңгесін және жарықтандыруға 6700 мың теңгесін қайта бағыттаған.

Нысаналы трансферттерді пайдалану барысында мынадай кемшіліктерге жол берілген.



  1. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 53, 62-баптарына сәйкес көп-қабатты тұрғын үйлер иелерінің ортақ үлестік меншігіндегі жер учаскесі болып табылатын аулаларға ойын және спорт алаңдарын салу кезеңінде жер үлескерлерінің жазбаша келісімдері алынбаған;

  2. 281962,3 мың теңге сомасында «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң талаптары бұзылғандығы анықталды;

  3. мердігер мекемелер келісім-шартта көрсетілген мерзімде жұмыстарды орындамай, келісім-шарт талаптарын бұзу фактілері орын алған.

Атап айтқанда келісім-шарттардың 7-бабының, 7.2-тармағына сәйкес кешіктірілген әр күніне 0,1 пайыз көлемінде тұрақсыздық сомасы келісім- шарттар сомасынан шегерілуі тиіс болғанымен, төлем толық жүргізілген (жалпы сомасы 4 келісім шарт бойынша 5229,4 мың теңге).

  1. Қаланың санитарлық тазалығын қамтамасыз етуге қаралған қаражат-тан келісім-шарттарда көрсетілген мерзімнен бөлек алдыңғы айларда атқарыл-ған жұмыстар үшін қаржы төленген, алайда мекеменің 2010 жылдың 1 қазанындағы жағдайға тоқсандық балансында ешқандай кредиторлық қарызы көрініс таппаған;

  2. Ит ату және аулау жұмыстары бойынша атылған иттер Қызылорда қаласының орталық бейіт аумағында көмілген, арнайы жер бөлінбеген. Иттер көмілген орын қоршалмаған, арнайы белгілер қойылмаған және атылған иттерді көметін арнайы жер телімін беру туралы Қызылорда қаласы әкімінің шешімі шықпаған;

  3. Қызылорда қаласындағы «Тағзым» кешені мен «Жалаңтөс Баһадүр» ескерткіші маңы 2010 жылы «Қызылорда қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекет-тік мекемесінің теңгерімінде болмаса да (2010 жылғы бухгалтерлік балансы бойынша), бюджеттен 75727,7 мың теңге қаржы бөлінген;

«Тағзым» кешенінің аумағына 2010 жылы бюджет қаржысы есебінен егілген 380 дана көшеттің тек 11 ғана өсіп тұрғаны анықталды.

  1. Қызылорда қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 9 қарашадағы № 2142 қаулысымен «Облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі» мемлекеттік мекемесіне Жалаңтөс Баһадүр ескерткішін орналастыру үшін Қызылорда қаласы Жібек жолы көшесі мен Мостовая көшелерінің қиылысынан көлемі 4080 шаршы метр жер учаскесі тұрақты пайдалану құқығы табысталған. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 56-бабының талаптары бұзылып, қаланың коммуналдық меншігіндегі емес жерге абаттандыру жұмыстары жүргізілген болып отыр.

3. Қазалы ауданы бойынша жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылығының қамтамасыз етілуіне жүргізілген сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау қорытындысымен бюджетке өндірілуі тиіс 8551,0 мың теңгенің бұзушылықтары анықталды.

1) «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Казалинское эксплуатационное вагонное депо» филиалының 2009 және 2010 жылдардағы жеке табыс салығы бойынша салық органына тапсырған декларацияларын тексеру нәтижесінде, салық төлемгерінің 2009 жылғы жалақы қоры 499224,4 мың теңгені құраса, 2010 жылғы жалақы қоры 535536,6 мың теңгені құрап отыр, яғни 2010 жылы жалақы қоры өткен жылмен салыстырғанда 36312,2 мың теңгеге немесе 7,3 %-ға артқан. Ал, бұл жалақы қорынан ұсталған жеке табыс салығы керісінше 2,3 %-ға немесе өткен жылмен салыстырған 696,9 мың теңгеге кем есептелген;

2) жергілікті бюджет есебіне төлем көзінен ұсталмайтын жеке табыс салығынан 184500 теңге және әлеуметтік салық бойынша 58456 теңге, барлығы 242956 теңге салық есептелінбей қалған, оған есептелуге тиіс өсімпұл 139908 теңге.

3) «Көркейту» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының жарғысында табыстарды бөлу үлесі көрсетілмеген. Бұл жерде кәсіпорынның 2008 жылғы таза табыс көлемі 27530 теңгені құрап отыр.



«Қазалы аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қатысты Қазалы ауданы аумағынан өтетін «Батыс Европа – Батыс Қытай» автожолының құрылысын жүргізу барысында кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіруге уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы мен табыстауға аудан әкімдігінің қаулысымен шаруашылық субъектілеріне келісім берілгендігі және «Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесімен жер учаскелерін жалға беру туралы шарт жасалғандығы анықталды.

Атап айтқанда, «Стандарт Ойл КЗО» ЖШС-не, «ВитаДорСтрой» ЖШС-не, «Жылыой Строй Сервис» ЖШС-не кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру үшін жер учаскесі уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын жалға беру туралы шарт жасалған.

Жоғарыда аталған шаруашылық субъектілері «Батыс Европа – Батыс Қытай» автожол құрылысының Қазалы ауданы аумағында жұмыс атқарып жатқандығы белгілі бола тұра, Салық басқармасы тарапынан Салық кодексінің 577-бабының 1-тармағына сәйкес салық салу объектісі бойынша аталған салық төлемгерлерін тіркеу есебіне тұрғызбаған. Қызылорда облысы бойынша салық департаменті осы мәселе бойынша жергілікті атқарушы органдарға хат жазумен ғана шектеліп, тиісті салықтық бақылау жұмыстары жүргізілмеген.

Бақылау барысында Қазалы ауданы аумағынан пайдалы қазбаларды барлау және өндіруге берілген карьерлер бойынша экологиялық рұқсат құжатынсыз «ВитаДорСтрой» ЖШС 30,005 тонна ластағыш заттар (органика-лық емес шаң) тасталған. Бұған есептелген төлем мөлшері: 30,005т. х 7560 х 2 х 10 = 4 536 756 теңге.

«Жылыойстройсервис» ЖШС 101995 текше метр топырақ өндіріп, қор-шаған ортаға эмиссияларға рұқсатсыз 19,827 тонна ластағыш заттар (органика-лық емес шаң) тастаған.Бұған есептелген төлем 2 997 842 теңге.

«Стандарт Ойл КЗО» ЖШС 15000 текше метр топырақ өндіріп, қоршаған ортаға эмиссияларға 2,916 тонна ластағыш заттар (органикалық емес шаң) тасталған. Бұған есептелген төлем мөлшері 44 090 теңге.

Салық басқармасының уәкілетті органдармен өз деңгейінде жұмыс жасамауы салдарынан және салықтық әкімшіліктендіру жұмыстары жүргізілме-уінен барлығы 7 578 688 теңге қоршаған ортаға эмиссиялар төлем түрі бойынша салықтандырылмаған.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ы «Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциясы» филиалы 2009 жылға және «Қазалы Құрылыс» ЖШС-і 2011 жылға ағымдағы сомаларының есеп-қисабын уақытында тапсырмаған және 34299 теңге көлеміндегі төлемді төлемеген.

Сонымен қатар жер учаскелерін сатудан түсетін түсім бойынша бақылаумен қамтылған 01.01.2009 жылдан 01.10.2011 жыл аралығында сатылған жер учаскелерінен барлығы 525,4 мын теңге көлеміндегі түсім бюджетке түспеген.

Қазалы ауданы бойынша жол полициясы бөлімінің тіркеу-емтихан қабылдау бөліміне үстеме бақылау барысында 254, 2010 жылы 247 салық төлемгері салықтандырылмағаны анықталды.



Қазалы ауданында қаржы бөліміне мемлекеттің активтерін пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін тексеру барысында барлық коммуналдық меншіктегі объектілерді кейіннен сатып алу құқығынсыз мүлікті жалға беруден 2009 жылдың 1 қаңтарынан 2011 жылдың 1 қазаны аралығында бюджетке барлығы 10286 теңге көлемінде түсім түспегендігі анықталды.
ІІІ. 2011 жылғы облыс бюджетінің атқарылуына талдау

«2011 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есеп туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы 27 наурыздағы № 374 қаулысымен бекітілген жылдық есепті талдау нәтижелеріне тоқталып өтетін болсақ:

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексі талаптарына сәйкес жергілікті бюджеттің атқарылуын талдау, қорытынды беру мақсатында облыстың қаржы басқармасы және аудандар мен Қызылорда қаласының қаржы бөлімдеріне 2010-2011 жылдардағы облыс бюджетінің атқарылуын, нысаналы трансферттер мен кредиттерді, бюджеттік инвестицияларды пайдаланудың Қазақстан Респуб-ликасының заңнамасына сәйкестігін бақылау жүргізіліп, 25026,3 млн. теңгенің бухгалтерлік және қаржылық заңдылық талаптарын сақтамау фактілері орын алған.

Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау барысында 6 облыстық бюджет-тік бағдарлама әкімшілеріне үстеме бақылау жүргізіліп, жалпы сомасы 23 млрд. теңге бюджет, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, мемлекеттік мүлік туралы заңнама бұзушылықтары анықталды.

Оның ішінде облыстық бюджет бойынша:

1. «Мемлекеттiк мекемелердегi бухгалтерлiк есеп жөнiндегi нұсқаулық бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi қазынашылық департаментiнiң 1998 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығы талаптары сақталмаған.

21 619 807

2. 2010 жылы бөлініп, ҚР Үкіметінің Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 44-бабының 7-тармағының талаптары сақталмаған.

215 545

3. «Мемлекеттiк мекемелердiң және бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк есептiлiктi жасау мен ұсынудың ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2009 жылғы 27 ақпандағы N 89 Бұйрығының талаптары сақталмаған.

1 191 579

4. 2011 жылы облыстық коммуналдық меншіктегі мүлікті жалдау-дан түсетін кірістер (201504) коды бойынша

4,4

 Барлығы

23 026 935,4

Бақылау барысында анықталған бұзушылықтардың құрамына келетін болсақ:



  1. 2011 жылы облыстық коммуналдық меншіктегі мүлікті жалдаудан түсетін кірістер (201504 коды) бойынша «ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекуемесі Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен жалпы көлемі 231,9 ш.м. жайды қызметтік мақсатта пайдалану үшін 2011 жылдың 1 қаңтарынан 2011 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалдау ақысы 473354 теңгеге 2011 жылдың 5 қаңтарында № 1 мүлікті жалдау шартын жасаған. Алайда, жалға алушы төлеуге тиіс 473354 теңгенің 469000 теңгесін төлеп, 4354 теңге берешегі төленбеген. Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан 9 сәуіріне дейінгі мерзімдегі 99 күнге өсімақы талап етілмей, тексеру күніне облыстық бюджетке аударылмаған.

  2. Аукциондарға коммуналдық меншіктегі барлығы 69 объект, оның ішінде 67 автокөлік құралдары және 2 электротехникалық құрал-жабдықтар шығарылған. Осылардан 37 объекті сатылса, 32 объекті сатылмай қалып отыр. Себебі мемлекеттік мүлікті сатып алуға заңды және жеке тұлғалардың қызығу-шылық танытпау, біріншіден, мүліктердің моральдық және физикалық тозуы болса, екіншіден, ашық саудаға шығарылатын автокөлік және өзге де техника-лық құралдарды сақтайтын, саудаға алдын-ала дайындайтын арнайы жабық орынның болмауынан орын алып отыр.

2010 жылы өткізілген аукциондар нәтижесінде 2011 жылы 709,1 мың теңге, 2011 жылы өткізілген аукциондар нәтижесінде 3355,7 мың теңге, барлығы 4064,8 мың теңге қаржы облыстық бюджет кірісіне түскен. 2011 жылы өткізілген аукцион нәтижесінде 709,1 мың теңге облыс бюджетіне түспеген.

  1. «Жергілікті атқарушы орган резервінің жалпы көлемі трансферттер мен қарыздарды есептемегенде, тиісті жергілікті бюджет түсімдері көлемінің екі процентінен аспауға тиіс» деген Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 19-бабының 5-тармағының талаптары сақталмай, 2011 жылға арналған облыстық бюджетте жергілікті атқарушы органның резерві 820,0 млн. теңге болып нақтыланып, 515,7 млн. теңге игеріліп, 304,3 млн. теңге пайдаланылмаған.

«Мемлекеттiк мекемелердiң және бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi-нiң бюджеттiк есептiлiктi жасау мен ұсынудың Ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2009 жылғы 27 ақпандағы № 89 бұйрығының талабы орындалмай, Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы 2011 жылы Қызылорда облысы әкімдігінің жергілікті атқарушы органның резервінен қаражат бөлу туралы қаулысы негізінде бөлінген 44,2 млн.теңге қаражаттың пайдаланылуы туралы № 9-нысандағы есебін тапсырмаған және тексеру мен үстеме тексеру барысында да ұсынбаған.

  1. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы» ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 19 мамырдағы № 663 қаулысының (ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы № 1189 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) және Қызылорда облысы әкімінің 2011 жылғы 15 қыркүйектегі № 15 шешімінің талаптары сақталмай, облыстық басқармаларда лимиттен артық 8 қызметтік автокөліктер есепте тұр;

  2. Бюджеттік заңнама сақталмай, 2011 жылдың қорытындысымен облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша 468686,8 мың теңге дебиторлық қарыз, 227543,7 мың теңге кредиторлық қарыз қалыптасқан.

  3. 2011 жылы «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға республикалық бюджеттен бөлінген 595 000,0 мың теңге бюджеттік кредит аудандар мен Қызылорда қаласы бюджеттеріне төмендегі көлемде бөліп берілген.

  1   2   3


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет