2011 жылға арналған операциялық жоспары Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің іс-шаралары



бет5/5
Дата25.02.2016
өлшемі0.83 Mb.
#22213
1   2   3   4   5



3. Тәуекелдерді басқару




Ықтимал тәуекелдің

атауы

Тәуекелдерді басқару шараларын қабылдамаған жағдайда болуы мүмкін салдарлар

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

Іске асыру мерзімдері

Жауапты орындаушы

1

2

3

4

5

6

Сыртқы тәуекелдер

1

Қазақстан экспорттайтын энергия ресурстарына әлемдiк бағалардың тұрақсыздығы

Бағалардың өсуi кезiнде:

1. Мұнайдың әлемдiк бағаларының өсуi нәтижесiнде мұнай мен мұнай өнiмдерiне iшкi бағалардың өсуi

2. Мұнай экспорты көлемдерiнiң ұлғаюы нәтижесiнде iшкi нарықта мұнай мен мұнай өнiмдерiне ұсыныстар көлемiнiң төмендеуi

3. Экономиканың шикiзаттық бағыттылығының және оның сыртқы нарыққа тәуелдiлiгiнiң күшеюi

4. Инфляция деңгейiнiң өсуi

5. Энергия ресурстарына бағалардың өсуiнен мультипликативтiк әсердiң есебiнен экономиканың өсу қарқынының баяулауы



1. Елдегі және әлемдегі болып жатқан экономикалық процестерге жедел мониторинг жүйесін жетілдіру

2. Елдегі және әлемдегі болып жатқан экономикалық процестерге жедел мониторинг жүйесін жетілдіру бойынша ақпараттық-талдамалық жүйені пайдаланумен әлемдік және отандық экономикалар дамуындағы әлеуетті теріс тенденцияларды анықтау және Үкіметке тиісті ұсыныстарды жіберу



Жыл бойы

МТБД, ЭСДД

Бағалардың төмендеуi кезiнде:
1. Мемлекеттiк бюджет пен Ұлттық қорға түсетiн түсiмдердiң қысқаруы
2. Инвестициялық жобаларды қаржыландыру көлемiнiң қысқаруы
3. Экономиканың өсу қарқынының төмендеуi

2

Ауыл шаруашылығы шикiзатына әлемдiк бағалардың тұрақсыздығы

Бағалардың өсуi кезiнде:

1. Iшкi нарықта азық-түлiк бағаларының өсуi

2. Iшкi нарықта азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiне ұсыныстар көлемiнiң төмендеуi

3. Инфляция деңгейiнiң өсуi



1. Елдегі және әлемдегі болып жатқан экономикалық процестерге жедел мониторинг жүйесін жетілдіру

2. Елдегі және әлемдегі болып жатқан экономикалық процестерге жедел мониторинг жүйесін жетілдіру бойынша ақпараттық-талдамалық жүйені пайдаланумен әлемдік және отандық экономикалар дамуындағы әлеуетті теріс тенденцияларды анықтау және Үкіметке тиісті ұсыныстарды жіберу



Жыл бойы

МТБД, ЭСДД

Бағалардың төмендеуi кезiнде:

1. Ауыл шаруашылығы саласында кiрiстiлiктiң және ауыл шаруашылығында өсу қарқынының төмендеуi

2. Мемлекеттiк бюджетке түсетiн түсiмдер көлемiнiң қысқаруы


3

Әлемдік экономи-каның өсу қарқынының тежелуі

1. ЖІӨ өсу қарқынының төмендеуі

2. Мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қорға түсімдердің қысқаруы



Мемлекеттік бюджетті оңтайландыру және басымды емес шығындарды қысқарту, бюджет тапшылығының мөлшерін ұлғайту бойынша ұсыныстар әзірлеу

Қажеттілігіне қарай

МТБД, ЭСДД, ӘСМОДД, ӨСБҚД

4

Екі жақты келіссөздерге «ұйқыдағы» елдің немесе Қазақстанның ДСҰ-ға кіру жөніндегі жұмыс тобының жаңа мүшесінің бастамашылық етуі

Екіжақты деңгейде Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі келіссөздер процесі аяқталуының созылуы

Тиісті келіссөздерді жүргізу, қажет болған жағдайда саяси деңгейде уағдаластыққа қол жеткізу тетігін пайдалану

Жыл бойы

ССД

5

2010 жылға дейінгі ЕурАзЭҚ шеңберінде кеден одағын қалыптастыру жөніндегі іс-қимылдар жоспарында көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалмауы

Кеден одағы қалыптасуының созылуы

Кеден одағының қалыптасу процесін үйлестіру, тиісті келіссөздер жүргізу

Жыл бойы

ХҚД

6

2010 – 2011 жылдарға арналған Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі іс-қимылдар жоспарында көзделген іс-шаралардың уақ-тылы орындалмауы

Бірыңғай экономикалық кеңістіктің құқықтық базасын қалыптастырудың созылуы

Бірыңғай экономикалық кеңістіктің құқықтық базасын қалыптастыру процесін үйлестіру, тиісті келіссөздер жүргізу

Жыл бойы

ХҚД

7

Шетелдік мемлекеттің Қазақстанға қатысты ішкі нарықтағы жағдайды айтарлықтай нашарлататын сауда шараларын қолдануы

Бағалардың тұрақсыздануы, тұтынушылардың және отандық өндірушілер жағдайының нашарлауы

Сауда шараларын қолданған Тараппен келіссөздер жүргізу, жағдайды тұрақтандыруға бағытталған шаралар кешенін әзірлеу

Жыл бойы

ССД

8

Нарықтардың жабылуы немесе қазақстандық компаниялар үшін шетелдерде жағдайдың айтарлықтай нашарлауы

Халықаралық ықпалдың және Қазақстан имиджінің төмендеуі

Саяси деңгейде келіссөздер жүргізу

Жыл бойы

СК

9

Экспорттық тауар-лар бағаларының айтарлықтай төмендеуі

Төлемдік және сыртқы сауда теңгерімінің нашарлауы, тауар экспортынан түсетін валюталық түсімдердің қысқаруы

Экспорт құрылымын әртараптандыру, әлемдік тауар нарықтарының мониторингі

Жыл бойы

СК, құрылымдық бөлімшелер

Ішкі тәуекелдер

10

Ресурстардың экономиканың салалары арасында бiрдей бөлiнбеуiнiң салдарынан экономиканың шикiзат секторына тәуелдiлiгiнiң күшеюi

Елде «голланд ауруының» дамуы

1. Қорларды құру және қайта өндірудің оңтайлы пропорцияларын қолдау есебінен тұтынуды, инвестициялық белсенділікті жандандыру.

2. Құрылымдық және инвестициялық саясат шараларымен үйлестiрiлген фискалдық, ақша-кредит саясат құралдарының үйлесiмдiлiгi



Жыл бойы

ИСД, МТБД

11

ЕДБ-нің «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын қаржыландырудан бас тартуы

1. Халықтың әлеуметтік қауырттылығы, жұмыспен қамтылған қызметкерлер санының қысқаруы.

2. Экономиканың жекелеген салаларындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері орындайтын өндірілетін және іске асырылатын тауарлар, жұмыстар және қызметтер көлемінің қысқаруы.

2. Бюджеттік қаражаттарды игермеу

3. Қаржылық ұйымдарға халық тарапынан сенімнің жойылуы



Саяси деңгейде келіссөздер жүргізу

Жыл бойы

ИСД, КДД

12

Концессиялық жобаларға қатысу үшін жеке және халықаралық капиталды тарту мүмкінсіздігі

1. Жобаларды іске асырмау

2. Концессионерді тартпау



1. Хеджирлеу

2. Мемлекет пен концессионер арасында тәуекелдерді бөлу

3. Концессия бойынша келісімдер мониторингі


Жыл бойы

ИСД

Концессиялық жобаларды іске асыру кезіндегі бағамдық айырмашылықтың өзгеруі

Жобалардың қымбаттауы


Корпоративтік даму

департаментінің директоры Ә. Садықова
Ескерту: аббревиатуралардың тараптап жазылуы:

МТБД – Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаменті;

СЖТД – Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті;

«ЭЗИ» АҚ – «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамы;

МБЖДД – Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті;

КДД – Кәсіпкерлікті дамыту департаменті;

ИСД – Инвестициялық саясат департаменті;

ХҚД – Халықаралық қатынастар департаменті;

«ҚМЖӘО» АҚ – «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің орталығы» акционерлік қоғамы;

СК – Сауда комитеті;

«ССДО» АҚ – «Сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы;

ССД – Сауда саясаты департаменті;

ЗД – Заң департаменті;

ӨСБҚД – Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаменті;

ЭСДД – Экономика салаларын дамыту департаменті;

ӘСМОДД – Әлеуметтік саясат және мемлекеттік органдарды дамыту департаменті;

МАБСД – Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті;

Сауда өкілдігі – Ресей Федерациясындағы сауда өкілдігі;



КрДД – Корпоративтік даму департаменті;

ІӘД – Ішкі әкімшілендіру департаменті.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет