2011 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының жұмыс жоспары кіріспе 2011 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының жұмысы «Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын жинақтау, сақтау



бет1/2
Дата12.06.2016
өлшемі0.64 Mb.
#130925
  1   2

БЕКІТЕМІН

Шығыс Қазақстан облысы

мемлекеттік мұрағатының директоры

___________О.Г.Полякова

«___» __________ 2010жыл


2011 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысы

мемлекеттік мұрағатының жұмыс

ЖОСПАРЫ
Кіріспе
2011 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының жұмысы «Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын жинақтау, сақтау, есепке алу және пайдалануды ұйымдастырудың бірыңғай ережелері» тәжірибесіне енуге бағытталады.

2011 жылы қаражат болған жағдайда Крылов, 39 көшесіндегі ғимараттың сыртын, Потанин, 12а көшесіндегі ғимараттың сыртын, шатырын, қызметтік кабинеттерін, мұрағат қоймаларын жөндеу жоспарланып отыр.

Облыс мемлекеттік мұрағатында құжаттардың табиғи куйлерін жақсарту, оның ішінде құжаттарды тігу, қайта қалпына келтіру, сондай-ақ мұқабалау, құжаттардың бар болуы мен табиғи күйлерін тексеру, 2010 жылы пайдалануда болған құжаттарды тексеріп шығу, құжаттардың санитарлы-биологиялық жағдайларын тексеру, пайдалану қорларын тексеру, өшіп қалған мәтіндерді қайта қалпына келтіру, аса құнды құжаттарды және ұлттық мәдени мүлікке жататын құжаттарды табу жұмыстары жүргізілмек.

Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау мақсатында облыс мемлекеттік мұрағаты ғимаратын тексеру ісіндегі мемлекеттік өрттік қадағалау органдарының қойған ескертулері жойылмақ .

2011 жылы облыс мемлекеттік мұрағатында негізгі және қосымша құжаттарды толтырып, мемлекеттік есепке алу жұмысы жалғасуда.

Облыс мемлекеттік мұрағатында электрондық мұрағат бағдарламасын құруды жүзеге асыру аумағында ақпараттық технологияны жетілдіру және дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде: құжаттарды сканерлеу, «Бейнехана», «Әкімшілік-аймақтық бөлімше», «Естелік кітабы», «Электрондық қор каталогы», «Мұрағат тіркеушісі», «Атау каталогы», мультимедиялық тұсаукесерлер дайындау. 2010 жылы жіберілген «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты»(http://e-arhiv.vko.kz) ресми сайты бірегей, тиімді және қызықты ақпараттармен толтырылады. Әкімшіліктің бюджеттік бағдарламасы бойынша қаржы бөлінетін болсы, «Электронды мұрағат» бағдарламалық-аппараттық кешенін құру және дамыту жұмыс жалғасын табады (3 кезең).

Қазақстан Республикасының ҰМҚ қалыптасу аймағында және ведомствалық мұрағаттармен ұйымдасытырушылық-әдістемелік басқару, сондай-ақ мекемелердің, ұйымдар мен кәсіпорындардың іс жүргізу ісінде құжаттарды ұйымдастыру төңірегінде облыс мемлекеттік мұрағаты «Құжаттандыру мен мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттандыруды басқарудың шартты ережелері», Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігінің 2009 жылдың 25 қыркүйегіндегі №128 (№ 5834, 28 қазан 2009жылы тірк.) бұйрығымен бекітілген «Сақтау мерзімдері белгіленген мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың жұмыстарындағы шарттық құжаттардың тізімі» ұйымдастығына ену. 2011 жылы облыс мемлекеттік мұрағатында басқарушылық, ғылыми-техникалық құжаттамаларды, жеке құрам бойынша құжаттамаларды іріктеу және де пленкалы таратушыларда жинақтау жұмысы ары қарай жалғасын табады. Аудиовизуалды құжаттамаларды, жеке текті құжаттарды іріктеу жұмысы да жалғасуда. Осыған байланысты облыс мемлекеттік мұрағаты бейне – және фото- түсірілім жұмыстарымен айналысады, жеке қор тұтынушыларымен жұмыс жүргізеді.

2011 жылы облыс мемлекеттік мұрағаты құжаттардың ғылыми-техникалық өңделу жұмысын, мұрағат ісі және жеке меншік мемлекеттік емес ұйымдармен құжаттамалық басқарушылықты қамтамасыз ету бойынша өзара қарым-қатынас туралы келісім шарттар мен олардың мерзімдерін ұзарту жұмысын жалғастырады. Тәуекел тобын анықтау мақсатында облыстың мұрағаттар және құжаттама басқармасымен бірлесе отырып, облыс мемлекеттік мұрағатының іріктеуші көздері саналатын ұйымдарда – Денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау министрлігі жүйесінде құжаттандыру және құжаттарды ведомствалық сақтау жағдайларына тексеру жүргізбек. Облыс мемлекеттік мұрағаты ұйымдастырушылық-әдістемелік басқару жоспарындағы ведомствалық мұрағаттармен және ұйымдардың, мекемелер мен кәсіпорындардың іс жүргізу ісінде құжаттарды ұйымдастыру ұйымдарымен жұмысын жалғастырады.

Облыс мемлекеттік мұрағаты ақпараттық-іздеу жүйесін құру аумағында жеке текті құжаттарды, пленкалы тасымалдаушылардағы құжаттарды баяндау, өңдеу, басқарушылық, ғылыми-техникалық құжаттамаларды және пленкалы тасымалдаушылардағы жеке текті құжаттарды каталогтандыру бойынша жұмысын жалғастыруда.

Құжаттарды пайдалану саласында жұмыс атаулы күндер мен оқиғаларға арналмақ. Осыған байланысты фотоқұжатты көрмелер, телебағдарламалар, мақалалар, ақпараттық құжаттар, мектеп сабақтарын дайындау жоспарланып отыр. Әсіресе әлеуметтік-құқықтық сипаттағы, тақырыптық, генеологиялық сипаттағы орындауларға басты мән беріледі.

Облыс мемлекеттік мұрағатында құжаттарды жариялау төңірегінде «Георгий Николаевич Потаниннің», «Протазанов Александр Константиновичтің» құжат жинақтары (кітапшалары) әзірленеді.

Әлеуметтік-құқықтық сұраныстардың көп түсіміне байланысты және олардың орындалуына барлық қызметкерлердің үлес қосуына байланысты 2010 жылы орындалусыз қалған кейбір жұмыстар 2011 жылға өтеді, сондай-ақ сол себепті де жұмыстың кей түрлерінің көлемдік көрсеткіштері азайып тұр.

Облыс мемлекеттік мұрағатында мемлекеттік тілді үйренуге үлкен назар аударылмақ. Мемлекеттік тілге жоспарлы-есептік құжаттамалар, негізгі жұмыстың бұйрықтары, дирекция мәжілістерінің хаттамалары, мақалалар, әдістемелік және т.б. өңдеулер аударылмақ.

Облыс мемлекеттік мұрағатының дирекция мәжілістерінде мұрағат жұмыс жоспарларының орындалу қарқыны, жұмыс кезінде туындаған өзекті мәселелер қарастырылады. Сараптау комиссиясының мәжілістерінде тізімдемелердің қайта қалпына келтірулердің нәтижелері, сақтандыру қорына тізімдеме құру, облыс мемлекеттік мұрағатының істер номенклатурасын және т.б. құру.




  1. ҚР Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын сақтаумен және мемлекеттік есепке алумен қамтамасыз ету.


ҚР Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын сақтаумен қамтамасыз ету.
2011 жылы әкімшіліктіің бюджеттік бағдарламасы бойынша қаржы бөлінсе, Крылов, 39 көшесіндегі ғимараттың сыртын, Потанин, 12а көшесіндегі ғимараттың сыртын, шатырын, қызметтік кабинеттерін, мұрағат қоймаларын жөндеу жоспарланып отыр.

2011 жылы мемлекеттік сақтауда болған құжаттардың сақталуы бойынша бақылау-сақтандыру шараларын міндетті түрде жинақтауды орындау, сондай-ақ олардың қабылдануларында: құжаттарды жерсіндіру, дезинфекция, құжаттарға дезинсекция жасау (арнайы қызметтің көмегімен), құжаттарды шаңнан арылту. Құжаттарды сақтаудың қажетті жағдайларын жалғастыру үшін мұрағат қоймаларында желдету, дымқылдап жинап-тазалау жолдарымен температуралық-дымқылдық режимі бойынша шаралар өткізіледі, электр және жылумен қамту жүйесі, су құбырлары жұмысы бақыланады. Электр және жылумен қамту ұйымдарының қойған ескертулері жойылады.

Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау мақсатында, егер қаржы бөлінер болса, белгіленіп қойылған мерзімдерде міндетті түрде жүргізілетін шаралар жоспарланып отыр: өлшеу, өрт сөндіру құралдарын қайта зарядтау, сондай-ақ Головков, 26/1 көшесіндегі мұрағат ғимаратындағы автоматтық газбен өрт сөндіру станциясындағы баллондарды қайта зарядтау және алдағы уақытта да оларды қадағалау, өрт және күзет дабыл қаққыш жүйелері құрылғыларының іске қосу тәртібін ауыстыру, облыс мемлекеттік мұрағаты ғимаратының өрт крандары түтіктерін алмастыру. 2010 жылдың бюджетінде қаржының болмауына байланысты облыс мемлекеттік мұрағаты ғимаратын өртттік-техникалық тексеруде табылған мемлекеттік өрттік бақылау органының ескертулерін жою 2011 жылға қалдырылып отыр: Головков 26/1 көшесіндегі ғимаратқа сорғыш-өршіткіштерді алу және құру, облыс мемлекеттік мұрағаты ғимаратындағы желдеткіш жүйелерін жөндеу, қалпына келтіру, Потанин 12а көшесіндегі ғимараттағы өрт сөндіру жүйелерін жөндеу.

Құжаттардың табиғи күйлерін жақсарту мақсатымен 2011 жылы 160 іс тізімдерінің қаптарын дайындау және тігу (мемлекеттік сақтауға қабылданғаннан кейін, сондай-ақ тым ескіргендіктен), қаражат болған жағдайда 83 газетті баспаханалық әдіспен тігу, 91 с.б., №1 «Өскемен Халық депутаттарының кеңесі және оның атқарушы комитеті» қорының, № 133п «Күршім аудандық Бүкілодақтық Коммунистік партиясы» (большевиктердің) қорының, № 652 «С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті» қорының, № 590 «Шығыс Қазақстан облысының су шаруашылығы және мелиорация басқармасы» қорының, № 169 «Алтайцветметразведка» Түсті металлдарды табу бойынша Алтай геологиялық барлау тресті» қорының 7000 бетін қалпына келтіру жоспарланып отыр. 2011 жылы құжаттардың бар болуы мен табиғи күйлерін тексеруде табылған 3100 с.б. тігіледі, сондай-ақ № 816 «Тұтынушылар қоғамының Шығыс Қазақстан облыстық кеңесі» қорының істер тізімдемелері тігіледі, тігілу сапасы негізгі жұмыстың жүргізілуін талап етеді.

2011 жылы 3740 с.б. мұқабаланады, 1200 қорап қолмен жасалған, 760 қорап шифрленген. № 816 «Тұтынушылар қоғамының Шығыс Қазақстан облыстық кеңесі» қорының істер тізімдемесін қайта қалпына келтіру жоспарында, құжаттардың бар болуы мен табиғи күйлерінің тексерілуіне байланысты 22680 бетті қайта нөмірлеу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, 2011 жылы 7000 құжат қайта мұқабаланады, 800 қорап қайта шифрленеді, 1500 бума дайындалып, 1300 жаңа жапсырма белгі әзірленді, 3943 ескі жапсырма белгі ауыстырыдды, 1300 жапсырма белгі қораптарға жапсырылды.

2011 жылы облыс мемлекеттік мұрағаты № 19п «Қазақстан коммунистік партиясының Өскемен қалалық комитеті» қорының өшіп қалған мәтіндерінің 150 бетін (24 с.б.) қайта қалпына келтіруді жоспарлап отыр.

2011 жылы облыс мемлекеттік мұрағаты ұлттық мәдени мүліктерге жататын АҚІ мен құжаттарды анықтау мақсатымен 1 және 2 дәрежелі 28 қордың – 16194 с.б. қарауды жоспарлап отыр (4345 с.б. бет бойынша, 11849 с.б. с.б. атау бойынша). Сонымен қатар келесі қорлардың құжаттарын қарау жоспарда бар:

№ 296 « «Өскемен қаласы Әкімінің аппараты» ММ» қоры, № 350 « «Дидар» облыстық газетінің редакциясы» қоры, № 631 «Герасимсов Семен Николаевич – Шығыс Қазақстан облысының аға мұғалімі, Өскемен педагогикалық институтының саяси экономия кафедрасының меңгерушісі, ғалым, өлкетанушы, журналист» қоры және т.б. (1 қосымша). Ауыспалыларға АҚІ анықтау 2011 жылға қалдырылады: №186 «Попов отбасылық қоры: Валентин Егорович – геология- минерология ғылымдарының кандидаты, Өскемен қаласы педагогикалық институтының физикалық география кафедрасының доценті, Ксения Ивановна – география ғылымдарының кандидаты, Өскемен қаласы педагогикалық институтының физикалық география кафедрасының доценті» және № 261 ««Ертіс химия-металлургиялық зауыты» Ашық акционерлік қоғамы»», сондай-ақ әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстардың көп түсіміне байланысты жұмыстың толық орындалмау себептеріне орай. 350 АҚІ тізімделенеді. Анықталған істерге, қораптарға АҚ штамптары қойылып, жеке қойылады. АҚІ анықтау нәтижелері есеп құжатына енгізіледі.

2011 жылы пайдалану қорын құру үшін қамқорлыққа алу және асырап алу бойынша «Аналық медаль» медальдарымен, ордендерімен марапаттау туралы құжаттарды сканерлеу, шешім шығару, мәжіліс хаттамалары, №1 «Өскемен қалалық Халық депутаттары кеңесі» қорының басқа жұмыстары жалғасын табады. Аса құнды құжаттарды сканерлеу және жеке текті құжаттарға пайдалану қорын құру үшін оларды лазерлі дисктерге жазу жұмысы жоспарланып отыр. Бұл №50 қор «Черных С.Е. – мұрағат ісінің үздігі, жазушы-өлкетанушы, ҚазКСР мәдениетінің еңбек сіңірген қызметкері, КССР жазушылар одағының мүшесі». Электрондық түрге барлығы 300 с.б., 44460 скан-бейне құрылды. Сканерленгендер, соның ішінде аса құндыларға сүргі соғылады.

Фотоқұжаттамалық көрмелерді, мультимедиялық тұсаукесерлерді, кітапшаларды және т.б. әзірлеу үшін 720 құжат пен фотосуреттерді сканерлеу жоспарда бар.

Электронды құжаттарға оперативті толықмәтінді кіру рұқсаты мүмкіншілігімен қамтамасыз ету үшін барлық сканерленген құжаттар «Мұрағат тіркеуі» атау базасына енгізіледі.

Облыс мемлекеттік мұрағаты құжаттардың 10000 бетін сканерлемек (сұраныстарды орындау кезінде, оқу залына зерттеушілерге).

2011 жылы 1 және 2 дәрежелі істер қорларының - 222742с.б. бар болуы мен табиғи күйлерін тексеру жүргізіледі, олардың 8069с.б. – құпия іс жүргізу құжаттары. (2 қосымша). Сонымен қатар, 2010 жылы пайдалануда болған істер тексеріледі – 8866с.б. (3 қосымша). 2011 жылға 1712с.б. санитарлық-биологиялық жағдайларын тексеру жоспарланып отыр. (4 қосымша). Сондай-ақ, 2011 жылы сақтандыру қоры құжаттарының 700 с.б. бар болуы мен техникалық жағдайлары тексерілмекші. Құжаттардың бар болуы мен табиғи күйлерін тексерумен қатар істердің табиғи күйлерінің есеп карточкалары, істердің бар болуы мен жағдайларын тексерудегі актілер құрылады.

50 қорға есеп құжаттары жинақтарын мұқият тексеру жоспарланып отыр.

Мұрағат қоймаларынан 2011 жылы әлеуметтік-құқықтық сипаттағы, тақырыптық сипаттағы сұраныстарды орындау үішін, істер тізімдемелерін қайта жасау бойынша, АҚІ анықтау бойынша оқу залында жұмыс істеу үшін 100000 с.б., 8700 тізімдеме берілу жоспарланып отыр. Сондай-ақ қала ұйымдары мен мекемелеріне уақытша пайдалануға 200с.б. берілмекші. Істерді мемлекеттік сақтауға қабылдау нәтижесінде тиімді орналастыру, сонымен қатар қор сақтаушыларының жұмыстары ыңғайлы болу үшін оларды мұрағат қоймаларының ішіне көшіру жұмысы жүргізіледі.

2011 жылы істер мен құжаттарды ретке келтіру мақсатымен келесі қорлардың 2202с.б. шифрленеді: № 85 « «Алтайэнерго» Алтай энергетика және электрификация өндірістік бірлестігінің Согра ЖЭО» қоры, № 658 « «Өскемен қаласының сүт комбинаты» ААҚ» қоры, № 665 «ҚР кәсіподақтар Одағы кәсіподақ Кеңесінің Шығыс Қазақстан қоғамдық бірлестігі» қоры, №751 «Өскемен қаласының білім беру бөлімі» қоры, № 852 «Өскемен қаласының титан -магний комбинаты» қоры, № 945 ««Востокмашзавод» ғылыми-өндірістік бірлестігі» қоры және №1150 «Өскемен металл өндіру зауыты» қоры. Сонымен қатар, № 1189 «№6 Горпромторг шаруашылық есеп дүкені» қорының, № 1293 ««Промтовары» Өскемен бірлестігі» қорының, № 1293 ««№7 Горпромторг шаруашылық есеп дүкені» қорының, № 1133 ««Сәулет» Өндірістік-акционерлік концернін механизацияландыру құрылысының басқармасы» қоры және т.б. барлығы 1113 с.б. Бір уақытта 331с.б. тұратын негізгі қорлар істеріне ішінара сараптама жүргізу жоспарда бар.




ҚР Ұлттық мұрағат қор құжаттарының мемлекеттік есебі
2011 жылы облыс мемлекеттік мұрағатының мемлекеттік есепке алу төңірегіндегі жұмысы ҚР ҰМҚ құжаттарын мемлекеттік есепке алу бойынша нұсқаулық аймағында жүргізілмек. Осыған байланысты қағаз түрінде түскен құжаттарды, фотоқұжаттарды, сақтандыру қорларын, қорлар тізімдерін, АҚІ тізімдемелерінің тізімдерін және т.б. есеп кітабына енгізу жүргізіледі.

2011 жылы қор көлемі мен құрамындағы өзгерістер жайлы мағлұматтар жасау, облыс мемлекеттік мұрағаты қорларының төлқұжаттарын жасау жұмысы жалғасады.

2011 жылы 15 жаңа қор беттерін құру, қорлардың 10 бетіне өзгерістер енгізу, қорлардың 65 бетін жалғастыру және қайта құру жоспарланып отыр. Сондай-ақ жаңа қорларға 10қ. 15 карточка құру, қорлардың 10 карточкасына өзгерістер енгізу, 10қ. 65 карточкасын қайта құру және аса құнды істер есебімен жалғастыру керек.

2011 жылы мұрағат қоймаларында ішіара істердің ауыстырылуына байланысты, мемлекеттік сақтауға құжаттардың қабылдануына байланысты мұрағат қоймаларының төлқұжаттарын анықтау жұмысын жалғастыру жоспарланып отыр.

№ 816 «Тұтынушылар қоғамының Шығыс Қазақстан облыстық одағы» қорының істер тізімдемелерін дайындау жоспарына, АҚІ анықтау, мемлекеттік сақтауға құжаттардың қабылдануына, 2011 жылға істердің бар болуы мен жағдайларын тексеруге байланысты қорлардың істерін енгізу жұмысы жалғасады. Істер тізімдемелерін қайта жасаудан кейін дайындалған № 816 қордың есеп құжаттарымен жұмыс жүргізілмек.

Облыс мемлекеттік мұрағаты мұрағаттар және құжаттама басқармасына 2010 жылдың 22 қарашасындағы № 299/01-28 «Мұрағат қоры» бағдарламасында 2010 жылдың сәуірінде тоқтаушылық болғандықтан бұл бағдарламамен ары қарай жұмыс істеу мүмкін емес екендігі және қайта қалпына келтірілмейтіндігі туралы қызметтік хат дайындалды. 2011 жылға «Электрондық мұрағат каталогы» атау базасына өзгерістер мен қосымша мәліметтер енгізу жұмысы жоспарланып отыр.

Облыс мемлекеттік мұрағаты істердің бар болуын тексерумен қатар, істердің орындарын ауыстыруға байланысты қатар-қатар сөрелік және қор бойынша топографиялық сілтегіштерді тексереді, анықтайды және қайта жасайды. 2010 жылы Шығыс Қазақстан облыстық сараптау-бақылау комиссиясына нәтижелерді қарауға ұсынылған мемлекет сақтауына түскен істерді, қорларды санаттау жұмысы жалғасын табады.

Тұрақты мерзімге сақтау бойынша және жеке құрам бойынша облыс мемлекеттік мұрағатындағы істерді ретке келтіру мақсатымен, 2011 жылы осы тізімдемелердің түрлерін салыстырып тексеру жоспарға кіріп отыр.


2.Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру. Ведомствалық мұрағаттармен ұйымдастырушылық-әдістемелік басқару және ұйымдардың, мекемелердің және кәсіпорындардың іс жүргізу ісінде құжаттарды ұйымдастыру. Мемлекеттік емес заңды тұлғалы мұрағаттармен және олардың бірлестіктерімен жұмыс істеу.
2011 жылы мемлекеттік сақтауға ведомствалық сақталу мерзімдері өтіп кеткен басқарма құжаттамаларының 3000 с.б., жеке құрам бойынша 660 с.б., ғылыми-техникалық құжаттаманың 250 с.б. (5 қосымша), бейнеқұжаттардың 3 с.б., фотоқұжаттардың 150 с.б. қабылдау жұмысы жоспарланып отыр. Жеке құрам бойынша құжаттарды қабылдау көрсеткіші 2010 жылмен салыстырғанда орынның болмауынан және жеке құрам бойынша құжаттарды сақтауға ұсынылған ғимараттың апаттық жағдайына байланысты төмен.

Облыс мемлекеттік мұрағаты 2011 жылы «Студия Реал-Тайм» ЖШС-мен, ««Қазақстан» Республикалық телерадиобірлестігі АҚ-мен» аудиовизуалды құжаттамаларды жинақтау мұрағаты бойынша ұйымдастырушылық жұмысын жалғастырады. Осыған сәйкес облыс мемлекеттік мұрағатында облыстың көрнекті адамдарының мерей-тойларына, Шығыс Қазақстан облысының өнер мұражайының, Халықтар достастығының Кіші ассамблеясының, А.С.Пушкин атындағы кітапхананың жоспарларымен сәйкес, сондай-ақ атаулы және есте қалған күндерге сәйкес ақындар мен жазушылардың шығармашылық кештерін өткізуде түсірілімдер өз бетінше жүргізіледі. Облыс пен облыс орталығында өткізілетін мейрамдарда және облыстың басқа да іс-шараларында жоспардан тыс бейне- және фототүсірілімдер өз күштерімен жүзеге асады. Барлығы 30 бейне- және фототүсірілім жоспарланып отыр.

Құжат иелерімен байланыс орнату бойынша, мемлекеттік сақтауға жеке текті құжаттарды тапсыру бойынша жеке текті құжаттарды ұстаушылармен сөйлесулер жүргізу жұмыстары жалғасын табады. Сөйлесулерден кейін 8 жеке текті құжаттарды ұстаушылардан мемлекеттік сақтауға қабылдау жұмысы жоспарланып отыр. (6 қосымша).

Ведомствалық сақтаудағы құжаттардың құндылығын сараптауға басқармалық құжаттамалардың 1095 с.б., жеке құрам бойынша 1781 с.б., ғылыми-техникалық құжаттаманың 250 с.б. (7 қосымша), фотоқұжаттардың 150 с.б. тартылады.

2011 жылы басқармалық құжаттамаларға ғылыми-техникалық өңдеу жүргізілуі қажеттігі туралы облыс мемлекеттік мұрағатының жинақтау көздері болып табылатын – 33 ұйымға хаттар жолданады (8 қосымша).

Облыс мемлекеттік мұрағаты мемлекеттік емес жеке меншік формадағы 11 ұйыммен мұрағат ісі және басқарманы құжаттандырумен қамту төңірегінде келісім шарттар жасасып және олардың мерзімдерін ұзарту жұмыстарын жалғастырады (9 қосымша).

2011 жылы облыс мемлекеттік мұрағаты облыстың мұрағатар және құжаттамалар басқармасымен бірге құжаттандыру жағдайын жиынтық тексерулерінің нәтижелері бойынша және Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрлігі жүйесі ұйымдарында құжаттарды сақтауды ұйымдастыру бойынша тексеру жүргізуге қатысады (10 қосымша).

Қазақстан Республикасының ақпараттар және мұрағаттар комитетінің нұсқауы бойынша облыс мемлекеттік мұрағаты облыстың мұрағаттар және құжаттамалар басқармасымен бірге Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау министрлігі жүйесіндегі 19 ұйымының тәуекел тобын анықтау үшін мұрағаттық құжаттарды құжаттандыру және ведомствалық сақтау жағдайларын тексеру жүргізуіне қатысады (11 қосымша).

Сонымен қатар, облыс мемлекеттік мұрағатының жинақтау көздері – ұйымдар тізімін анықтау және құру бойынша жұмыс жүргізіледі.

Облыс мемлекеттік мұрағаты 2009 жылдың 25 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігінің а.о. № 128 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар жұмыстарында жасалған құжаттамаларды басқару және құжаттандырудың үлгілік ережелері» мен «Сақталу мерзімдерінің көрсетілімімен мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың жұмыстарында жасалған үлгілік ережелерді» облыс мемлекеттік мұрағатының жинақтау көздері – мекемелер мен ұйымдарда енгізу жұмыстары жалғасын таппақ. Сол мақсатпен 2011 жылы облыс мемлекеттік мұрағаты ведомствалық мұрағаттармен ұйымдастырушылық-әдістемелік басқару және мекемелерде, ұйымдарда және кәсіпорындарда іс жүргізудегі құжаттарды ұйымдастыру жоспарындағы ұйымдармен жұмыс жүргізуді жалғастырады. Іс жүргізу бойынша нұсқаулықтарды өңдеу, ведомствалық мұрағаттар туралы ережелерді, орталық-сараптау комиссиясының (ОСК), сараптау комиссиясының (СК) ережелерін, ұйымдастырушылық-басқарушылық құжаттарының бланктерін дайындау, істер номенклатурасын құру, соның ішінде құпия іс жүргізу бойынша нұсқаулықтарды дайындауда құжаттамалар мен ведомствалық мұрағаттарды басқару қызметіндегі жұмысшыларға көмек көрсетіледі. Ведомствалық мұрағаттардың қызметкерлеріне, сонымен қатар, тұрақты, ұзақ мерзімді сақталудағы және жеке құрам бойынша істер тізімдемелерін дайындауда, жойылуға бөлінген құжаттар туралы актілер құруда әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетілмек. Құжаттамалық басқару және құжаттарды ведомствалық сақтаумен қамтудың негізгі міндеттерін үйрену бойынша ұйымдарда жиналыстар мен семинарларға қатысуды жоспарлап отыр.

2011 жылы ұйымдардың мұрағаттарына, ұйымдармен жұмыс есебінің картотекасына, жеке қор иелерінің есебіне, келіп түскен қорлардың есебіне бақылау жүргізу жұмысы жалғасады.

Облыс мемлекеттік мұрағаты жеке құрам бойынша құжаттардың орналасу орындары туралы анықтамалық құру жұмысы да жалғасын таппақ.

Құрылымның өзгеруіне байланысты 2011 жылы облыс мемлекеттік мұрағаты істер номенклатурасын қайта құруды жоспарлап отыр.


  1. Ақпараттық-іздеу жүйесін құру, ғылыми ақпарат және құжаттарды пайдалану.

2011 жылы облыс мемлекеттік мұрағатында журналист Б.Қ. Назырбаевтың, К. Аугалиевтың; тарихшы-өлкетанушы З. Қайсеновтың жеке текті құжаттары сипатталады. Барлығы 300 с.б. сипатталып тізімделенеді. 2010 жылдан 2011 жылғы жоспарға көшетін Өскемен қаласының Құрметті азаматтары З.К.Кырыкбаевтың, М.И., П.Л.Чижиковтың, А.С. Куленовтың жеке текті құжаттарының сипатталуы әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстардың көп түсіміне байланысты қалдырылады.

Бейнеқұжаттардың 30 с.б., фотоқұжаттардың 150 с.б. сипатталады, Сібір казак әскерлерінің тарихы бойынша жазылған В.И.Петровтың жеке қорының скан-бейнелерін сипаттау басталды.

Жоғарыда көрсетілген себеп бойынша 2011 жылға № 816 «Тұтынушылар қоғамының Шығыс Қазақстан облыстық бірлестігі» қорын өңдеу жұмысы қалдырылады (2528 с.б.).

«Өскемен қалалық халық депутаттары Кеңесі және олардың атқарушы органдарының комитеті» қорының құжаттарын (500 с.б.), Өскемен қаласының құрметті азаматы, Ұлы Отан соғысына қатысушы М.И.Чистяковтың жеке текті қорын (100 с.б.) каталогтандыру бойынша жұмысты жалғастыру жоспарланып отыр. Жоспарланған карточка саны 1100. Сондай-ақ, № 568 «Шығыс Қазақстан облысының жер құрылысы шаруашылығы бойынша құжаттар жинағы» қорының ҒТҚ 80 с.б. (80 карточка), бейнеқұжаттардың 30 с.б., фотоқұжаттардың 150 с.б. каталогтандырылады, 2007-2008ж.ж. «Дидар» газетін өңдеу кезінде 100 карточка құрылады. Барлық карточкалар жүйелендірілуге, индекстелуге және сәйкес келетін каталогтарға орналастырылуға жатады.

«Атау каталогы», «Естелік Кітабы», «Әкімшілік-аймақтық бөлу» атау базаларын толтыру жұмысын жалғастыру жоспарланып отыр.

Мұрағат құжаттарын пайдалану төңірегіндегі жұмыс келесі шаралармен тығыз байланысты болады: Шығыс Қазақстан облысының тумасы, жазушы Ефим Николаевич Пермитиннің дүниеге келгеніне 115 жыл толуы; ғалым, өлкетанушы Семен Николаевич Герасимовтың туғанына 110 жыл; ғалым, балалар жазушысы Александр Мелентьевич Волковтың; дүниеге келгеніне 120 жыл; өлкетанушы, «Орыстың жеке аттары» сөздігін құрушы Никадр Александрович Петровскийдің дүниеге келгендеріне 120 жыл; саяси жер аударылушы, ғалым, өлкетанушы, Абайдың досы Евгений Петрович Михаэлискидің туғанына 160 жыл; Қазақстанның Тәуелсіздік алғанына 20 жыл; Өскемен қаласында жоғарғы бастауыш мектебінің ашылуына 125 жыл; Өскемен қаласында В.В.Воровский атындағы педагогикалық техникумның ашылғанына 90 жыл толу және т.б. Осы шараларға 3 фотоқұжаттық көрме, 2 телебағдарлама, 6 мақала, 4 ақпараттық хат, 6 мектеп сабақтары арналады.

Облыс мемлекеттік мұрағаты «Георгий Николаевич Потаниннің», «Протазанов Александр Константиновичтің» құжаттар жинағын (кітапшалар) дайындайды.

Студенттер мен оқушылар үшін мұрағат ішінде 6 экскурсия жүргізіледі. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік университеті тарих факультетінің, кәсіби дайындық және сервис колледжінің студенттері үшін мұрағаттық тәжірибе жүргізіледі.

А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханамен шығармашылық байланыс жаслғасады. Мемлекеттік мұрағат «Ертіс жеріндегі іздер» шығармашылық кешіне және «2012 жылға атаулы және Шығыс Қазақстанның естелік күндерінің күнтізбесін» дайындауға қатысады.

Облыс мемлекеттік мұрағаты сондай-ақ, ұлттық-мәдени орталықтармен, кітапханалармен, мұражайлармен, мұрағатың оқу залында зерттеушілердің жұмысын қамтамасыз етудегі ғылыми-тәжірибелік конференцияларға және семинарларға қатысаду.

2011 жылы мемлекеттік қызмет көрсету, соның ішінде Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы және Шығыс Қазақстан облысы әкімшілігінің электрондық Қызмет көрсету орталығы арқылы интегралданған түсімдерді

орындау жұмысы жоспарланып отыр. Әлеуметтік-құқықтық сипаттағы 10000-нан жоғары, тақырыптық сипаттағы – 100, Қазақстан Республикасы СІМ желісінің - 25 сұранысты орындау жоспарда бар. Облыс мемлекеттік мұрағатының сақтауындағы қорлардан жеке құрам бойынша алынған мағлұматтарды компьютерге енгізу жұмысы жоспарлануда.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет