2011 жылға Малеевка селолық округі әкімнің жұмысы туралы



жүктеу 112.25 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі112.25 Kb.
2011 жылға Малеевка селолық округі әкімнің жұмысы туралы

есеп
Округ құрамына төрт елді мекен кіреді, тұрғындардың жалпы саны 3270; Малеевск-1738, Путинцево -946, Быково -382, Богатырево -173, бұрыңғы Ново-Калиновск ауылында -31.

Округтағы тұрғын жайдың жалпы саны 1045.

2011 жылы 31 азамат дүниеге келді, 50- қайтыс болды.

«Малеевка селолық округі әкім аппараты» ММ қарасты аймағында өз қызметін Конституция, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңдарына, Президентің Жарлығы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулыларына сәйкес жұмысын жүргізеді. Әкім және оның аппаратының қызметі округ аймағындағы халықтың жағдайын жақсарту, адамдардың өмір деңгейін көтеру.

Өткен 2011 жыл көп тарихи оқиға және естее қалар күндерге мол болды. Ең басты Қазақстан Республикасінің Тәуелсіздігіне 20 жыл болғаны.

2011 жыл бойы мемлекетіміздің Тәуелсіздігінің жетуіне арналған көп ісшаралар өткізілді.

Кәсіпкерлердің көмегімен мейрамдар, қайырылымдық акциалары ткізілді.

Ауданда өткен фестивальда мектеп оқушылар мұғылімдарымен қатысты.

Көп жылдар бойы әкімдің есеп беру кездесуінде тұрғындардың ұсыныстары мәдениет үйі болған, өйткені мәдениет үйі деген болған жоқ. 2011 жылғы маусым айында бұрынғы «Тополек» балабақшасының ғимаратын сатып алу үшін аудан бюджетінен ақша бөлінді деген хабарға өте риза болдық. 2012 жылы құжаттар рәсімделгеннен кейін күрделі жөндеу өткізіледі. Сенеміз, 2013 жылды жаңа Мәдениет үйінде кездесеміз.

2011 жылы «Аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда (селоларда) округтерде автомобиль жолдарына жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 3 мил. 225 теңге шығын шықты. Малеевка селолық округунің жолдарын қардан тазалау жұмысын «Серебряный ключ» ӨК жүргізді.

Малеевск-Зыряновск-Путинцево-Богатырево-Быково бағыты бойынша қардан тазаланатын магистралдық жолдардың қашықтығы 44 км. Бар ақшаның 2 мил. теңгесі қысқы жолды ұстауға, 1 мил. теңге Путинцево ауылына кіреберісінде жолы жөндеуге, 225 мың. округ жолдарының жиектерін шауға кетті.

Зырян ауданы әкімінің шешуіне байланысты 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап Малеевка селолық округінің жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету «Плюс» ЖШС арнайы ұйымына берілді. Жазғы және қысқы уақытта жолдарының жұмысын қамтамасыз етуге бұл кәсіпорында арнайы жол техника парк бар. Бұдан текқана біз ұтамыз деп үміттенеміз.

2011 жылы Богатырево-Быково бағытындағы автокөлік жолы жөнделді, сонымен бірге 2010 жылы көктемде таудың баурайындан аққан су Быково асуының ауданында шайып кткен жолы да жөнделді.

Төменгі Быково ауылының тұрғындарының үйлері жыл сайын көктемде су көтерілгенде үлкен мәселе болған ол да шешілді кіші бөгет қойылып, Шиколиха өзенінің арнасын өзгертты.

Малеевск ауылында көше жарықтандыру үшін 32 тірек қойылды, жартылей Бұқтарминская, Степная көшелері жарықтандырылды.2012 жылы көшелерді жарықтандыру жұмыстары жалғанады. Бұл мақсатпен 3924 теңге бөлінді, одан 1369 Путинцево көшелерін жарықтандыруға, 2555 теңге Малеевск көшелерін жарықтандыру жұмысын жалғастыруға.

Жағдайлары нәшар отбастарына көмек көрсету және жұмыспен қамту жұмыстары басым бағытты болып табылады. 2011 жылдың қаңтардан желтоқсанға дейінгі мезгілде 98 атаулы әлеуметтік көмек алушыға 2370,8 мың.теңге. 107 балаларға мемлекеттік көмек алушылар 1279,6 мың.теңге, үйде оқыйтын 3 бала кезінен мүгедектерге 443,6 м.т. жәрдемақысы төленді. Тұрғын үй көмегі 10 сұраушыға соммасы 115,5 м.т. төленген.

Жалпы оқу мемлекеттік қорынан жағдайлары нәшар балалары бар отбастарына 2011 жылы 1635550 теңге бөлінді, оның ішінде Леснопристань мектебіне 870 мың. теңге осыдан 265 мың.теңге жазғы мектеп ішіндегі лагерге және балаларды Астана қаласына экскурсияға апаруға, 94878 теңге жағдайлары нәшар отбастарының балаларына киім, аяқ киім алуға, 39500 кеңсе тауарларға, 470622 теңге жағдайлары нәшар отбастарының балаларына тегін тамақ ішуге. Путинцево мектебіне осы мақсатпен 2011 жылы 697900 теңге бөлінді, одан 250 мың т. Астана қаласына және «Зорька» лагеріне баруға қолданылды, 195 мың теңге жағдайлары нәшар отбастарының балаларына киім, аяқ киім алуға, 210 мың теңге жағдайлары нәшар отбастарының балаларына тегін тамақ ішуге, 42900 теңге кеңсе тауарларына бөлінді. Быково мектебіне жалпы оку мемлекеттік қорынан 2011 жылға 67650 теңге бөлінді, олар Астана қаласына балалардың экскурсиясына және нәшар отбастарының балаларына киім, аяқ киім алуға жұмсалды.

Леснопристань орта мектебінде жарты күнге кіші орталығы жұмыс істеуде. Бұгінгі күнде мұнда 3 тен 5 жасқа дейінгі балалар қатысуда. Толық қаражат бөлінсе Путинцево, Леснопристань мектептерінде толық күнге орталық жұмыс істейді.

2011 жылы «Зырян ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама» ММ есепте тұрған 9 жұмыссыз азаматтар қоғамдық жұмысқа Малеевск ауылын абаттандыру және әр бір аулаға кіріп шаруашылық кітабі мәлімттерін тексеру үшін қабылданды. Жұмыссыз азаматтардың көмегімен Малеевск ауыланың әрбір шетіндегі пайда болған коқыс алаңдары, Хамир, Бұқтырма өзенінің жағалауы тазаланды, орталық көшелердің және зират территориясының шөбі шабылды.

Малеевка селолық округі әлеуметтік қызметінде 3 әлеуметтік қызметкер жұмыс істеуде, екеуі 10 жаңғыз тұратын қарт адамдарға қызмет етуде, В.И.Тимофеева мүмкіншілігі шектеулі балалармен үйлерінде жұмыс істейді.

Жыл сайын 1 қаңтар және 1 шілде жағдайы бойынша азаматтардың шаруашылықтары мал басының және құстарының санағы өткізіледі. Бес жыл сайын жаңартылатын шаруашылық кітабіне жазылады.

01.01.2011 жылғы жағдайыға қарай мал басының саны: ІҚМ 1045, сиыр 446, шошқа 350, жылқы 331, құс 4273. 2010 жылмен салыстырғанда мал, құс саны өскен, болашаққа сене қараудамыз.

Өткен 2011 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің Жолдауына сәйкес «2020 Жұмыспен қамту» Бағдарламасы рәсімделіп еңгізілді. Осы бағдарламаның екінші бағытына сәйкес 2011 жылы жеке үй шаруашылығын дамыту үшін округтің 4 тұрғыны несие алды, 6,5 млн. теңге. Жаңа жылда осы бағдарлама жұмысын жалғастырады. Осы мүмкіншілікті пайдалануға шақырамын, әсіресе жас отбастарын.

Мал өріске шығатын кезінде бызде ауылдарда жеке меншік малды бағуын ұйымдастырамыз. Бұл мәселелер жиналыстарда шешіледі. Өткен жилда Малеевск ауылында 3 табун болды. Александр Чекушкинды ерекше атап өткім келеді, жұмысын бірінші күннен бастап күзде ақырғы күніне дейін бағып берді.

2009 жылғы 4 қарашасында № 1754 Қазақстан Республикасы Өкіметінің «Сатуға арналған ауылшаруашылық малдарын союды ұйымдастырудың ережесін бекіту туралы» Қаулысы қабылданған. Сол ережеге байланысты еттей сатылуға арналған малдар ветеринарлық-санитарлық нормалармен сәйкес мал сою алаңдарында сойылуға тиісті.

Бюджет қаржысының бөлінбеуінен және жеке кәсіпкерлердің бас тартуларынан округта мал сою алаңы салынбады.

Округтағы есепке тұрған 19 ауылшаруашылықтың 15 ұсақшаруашылықтар шөп дайндаумен, үшеуі жермен, біреуі маралмен және панты өнімдерін сатумен айналысады. Округте екі ЖШС «Марал-Сервис» және ШҚ«Пант» марал шаруашылығы бар.

ШҚО әкімі Б.М.Сапарбаевтің инциативасы бойынша облыс орталығында жұмасайын демалыс күнгі жәрменке ұйымдастырылған. Қалалық тұрғындарға ауыл шаруашылық өнімдерді бағасы төмендеп сатылады, өйткені әр бір шаруа қожалықтар не жәке кәсіпкерлер өздері сатады. 2011 жылы Малеевка селолық округі 4 рет жәрменкеде қатысты. Төмен бағамен бал, көкеністер, сут тағамдары, сиыр, жылқы еті.

2009 жылғы 4 қарашасында № 1754 Қазақстан Республикасы Өкіметінің «Сатуға арналған ауылшаруашылық малдарын союды ұйымдастырудың ережесін бекіту туралы» Қаулысы қабылданған. Сол ережеге байланысты еттей сатылуға арналған малдар ветеринарлық-санитарлық нормалармен сәйкес мал сою алаңдарында сойылуға тиісті.

Бюджет қаржысының бөлінбеуінен және жеке кәсіпкерлердің бас тартуларынан округта мал сою алаңы салынбады.

Округтағы есепке тұрған 19 ауылшаруашылықтың 15 ұсақшаруашылықтар шөп дайндаумен, үшеуі жермен, біреуі маралмен және панты өнімдерін сатумен айналысады. Округте екі ЖШС «Марал-Сервис» және ШҚ«Пант» марал шаруашылығы бар.

ШҚО әкімі Б.М.Сапарбаевтің инциативасы бойынша облыс орталығында жұмасайын демалыс күнгі жәрменке ұйымдастырылған. Қалалық тұрғындарға ауыл шаруашылық өнімдерді бағасы төмендеп сатылады,


Округте 3 мектеп, отбасы дәрігерлік амбулаториясы, 3 фельшерлік пункт, " Зырян орман шаруашылығы" ММ, " Востоклеспром" ЖШС, "Мұса" ЖШС, "Алау " АҰ жұмыс істейді.

200 астам адам қала немесе Зубовск кентінде еңбек етуде.

Округ территориясында 19 магазин күнделікті сұраныстағы тауарларды сататын, наубайхана, аптекалық киоск жұмыс істеп тұр.

Округ мектептерінде 402 бала оқыйды, оның ішінде; ЛОМ-218, ПОМ-120, БОМ-62 оқушылар бар. Богатырево ауылының 22оқушысы Малеевск орта мектебінде оқыйды және оларды бюджет қаражатымен тасымалдайды.

БҰТ 10 адам қатысты. Орташа балл 79% құрады.

Леснопристан және Путинцево мектептері ыстық тамақпен қамтылған. Кортофель және басқада көкөністер мектеп ауласында өсірілгендіктен тамақ құнының төмендеуіне әсер етеді.

Аудан орталығынан Малеевск және Путинцево ауылдарына күнделікті автобус қатынасы ұйымдастырылған. Ұзақ үзілістен кейін 2011 жылдың 25 қазанынан бастап Зыряновск-Богатырево-Быково бағытында автобус қатынасы басталды.

Республика, обылыс, аудандағы болып жатқан жағыдайлардан хабарлар болып тұру үшін округ тұрғындарымен кездесулер өткізіліп тұрады. 2011 жылы барлық елді мекендегі тұрғылықты халықпен 12 кездесу өткізіліп мал бағу, ветеринарлық шараларды өткізу, көгалдандыру және абаттандыру, ҚР «ҚР мемлекеттік шекарасы» Заңын орындау, Богатырево және Быково ауылдарындағы көшелерге ат беру сұрақтары талқыланған. Мәслихат депутаттығына үміткерлермен кездесіп басқада сұрақтар қаралды.

Мемлекетіміздің негізгі Заңдарын, Бұйрықтарын, Шешімдерін талдап түсіндіру үшін 7 адамнан тұратын үгіт-ақпарат тобы жұмыс істейді. 2011жылы өнеркәсіп, өндіріс ұжымдарымен, халықпен 56 кездесу өткізілді.

Негізгі міндеттердің бірі болып Малеевск округі ауылдарының тазалығы мен көгалдандыру болып табылады. Жылда көктемгі және күз мезгілдерінде тазалық айлығы,екі айлығы өткізіледі. Абаттандыру жұмыстарыда ұйымдастырылуда. Бірақ бұл шараларға адамдардың қатысу деңгейі жоғары болуын қажет етеді. Үйлерінің маңайын жыйнағылары келмейді, үйлердің 70% келеңсіз жағыдайда, аздағандары жаз айларында арам шөптерін шабады. Кейбір үйлер жаз айларында 2 м болып өсіп кеткен арам шөптен көрінбей қалады. Жағыдайы жақсыларда бар деуге болады. Олардың қатарына Пикулин Виктор Михайлович, Боков Дмитрий Николаевич, Шаньшин Василий Григорьевичтерді кіргізуге болады. Ескі, кауіп төндіретін өсіп тұрған ағаштарды қыйуға көп жылдан бері қаражат бөлінбеді. Ондай ағаштар Малеевск және Путинцево ауылдарындада бар. Оларды жоюға арнаулы техникалар- автокран және оларға қаражат қажет.

«Малеевка селолық әкім аппараты» ММ 2012 жылы осы сұрақтың шешімін табуға ауданның экокномика бөліміне қаражаттық сұраным салынған. Ақша бөлінген жағыдайда осы жұмысты ұйымдастыруға және проблеманы шешуге мүмкіндік болады.

2011 жылы округ тұрғындарымен көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. 100-ден аса самырсын және қайың өскіндері отырылғызылды. Осы жылы 200 жас өскіндерді отырғызуды жоспарлап отырмыз. Осы жұмыс жыл сайын, дәстүрлі түрде өткізіліп отырады, округ мектеп ұжымдарына алғыс айтқым келеді. Халықтыңда осындай жұмыстарға көптеп қатысуын қалар едім.

Көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына аудан бюджетінен 37 мың тенге бөлінді.

Малеевск селолық округінің орналасқан географиалық орны таулы аймақ, екі өзенімен жылдың 12 айында ТЖ қауіпті.

Көктем мерзімі басталысымен, көктемгі күннің жылынуы қосымша қиындықтар туғызады. Қардың қатты еруінен, мұздан өзендер бетінің ашылуынан, өзен суларының өз арнасынан шығып топан су басу қауіпі төнеді. Осы уақытта барлық ауылдарда өзен суларының деңгейлері бақылауға алынады. Хабар Зырян ауданы ТЖ басқармасына беріліп отырады.

2011 жылдың көктемі біз үшін оңай болған жоқ. Бұқтарма өзенінің бөгеліп қалуынан Богатырево ауылының жартысы және быково ауылы бағытындағы автокөлік жолы су астында қалды. Тікұшақ көмегімен екі күн бойы жарылыс жұмыстары жүргізілдіде үшінші күні бөгелген мұз орнынан қозғалып су деңгейі түсті. Ауыл тұрғындары қөмегімен адамдар мен үйлерге қауіп төнгендіктен тәулік бойы күзет ұйымдастырылды. Бұл жұмыстарға Томилов Андрей Юрьевич, Власов Сергей Васильевич, Карпыза Сергей Николаевич, Шимолин Александр Петровичтер аянбай еңбек етіп, зор үлестерін қосты. Осы адамдарға қиын жағыдайларда сенуге болады.

Биылғы 2011 жылы мемлекетімізде көп жаңалықтар болды- ҚР Президентінің «Келешекті бірге құрамыз» Жолдауы жарыққа шықты, Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы халық арасында кеңінен талқыланды.

Жаңа жыл, Халықаралық әйелдер Күні, Наурыз Мейрамы, Жеңіс Күні, Конституция Күні, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған шараларды Малеевка орта мектебі, Путинцево орта мектебі, Быково орталау мектебі оқушыларымен оқытушылары дайындаған, көпшілікте қатысқан.

Қарттар күніне округ ауылдарында мектеп оқушыларымен оқытушылардың қатысуымен мейірімділік акциалары және мерекелік шаралар өткізілді. Малеевка селосында округ ардагерлері алдында үлкен мерекелік концерттік шаралармен зәріптердің воколдық тобы концерт берді.

Мерекелік шараларды өткізуге қаражат қажет етеді. 2011жылы мерекелік шараларды өткізуге «Востоклеспром» ЖШС ( Хлебов.А.П.), «Марал-Сервис» ЖШС (Сильков В.Г.), жеке кәсіпкерлер: Совицкая Л.Ю., Катаева О.В., Катаев А.В.Журкубаева У.М., Абышева Д.Т., Исаева Т.К., Мусобаев Т.Т. және басқалардың мейірімділік көмектері болды.

«Малеевка селолық округінің әкім аппараты» ММ белгіленген межемен жемқорлықпен күрес, Жемқорлықпен күрес заңын оқу жұмыстары жүргізілуде. 2011-2012 жылдарға жемқорлықпен күрес жоспары межеленіп бекітілген. «Малеевка селолық әкім аппараты»ММ мемлекеттік қызметшілеріне сегіз этикалык нормалары күнделікті жұмыстарда басшы болуда.

Азаматтарды қабылдау күндері, сағаттары талапқа сай орындалады. Сенім телефоны жергілікті «Заря востока» газетінде басылған. «Малеевка селолық округінің әкім аппараты» ММ кешенінде округ тұрғындарынан тілектер, ұсыныстар, үндеулер жыйнайтын жәшік орнатылған.

Қаражатпен жұмыс Бюджеттік, Салық кодксімен, ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңымен қатаң түрде жүреді.

Малеевка селолық округінің әкім аппаратында азаматтардың ауызша немесе жазбаша өтініштері заң жүзінде қарастырылады.2011 жылы заңды және заңсыз тұлғаладан 10 өтініш түсті. Барлық өтініштер бойынша шара қолданылған немесе түсініктеме берілген.

Салықты есептеу мен жыйнаумен округ аппаратының жетекші маманы айналысады. 2011 жылы міндетті түрдегі салық 639723 теңге болса жыйналып бюджетке өткізілгені 1819267 теңге. Оның ішінде: Зат салығы 88083 теңге, жер салығы 547243 теңге, автокөлік салығы 1183941 теңге.

Округ бас маманы2011 жылы 34 наториалдық көмек көрсетіп мемлекетке 3052 теңге түсірген.

Қосалқы шаруашылық анықтамасын беруде 274 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Басққада 150 анықтама берілген.2011 жылы негізгі қызмет бойынша 37, кадр бойынша 42 өкім қабылданған. Барлық төрт ауылға телефон тартылған.Малеевск селосында Цифрлык АТС 300 номерге жұмыс жасайды. 50 аса абономенттар сымсыз телефон қондырғыларын пайдалануда. Путинцево,Быково, Богатырево селолары тұрғындарыда сымсыз телефондарды қолданукда. Бірақ сымсыз терминалдар қызметінің сапасын әсірісе Путинцево селосында арттыруды қажет етеді. Округ өміріне белсене қатысқан тұрғындар атына үлкен алғысымды айтамын.

Мемлекеттік мейрамдарға дайындық, тарихта қалған күндер, көпшілік саясат акцияларын өткізу, халықпен жұмыс істеу көмекші адамдарсыз болмайды. Осындай жағыдайларда тірегімізбен үмітіміз мектеп мұғалімдері.Осындайда көрсеткен көмектері, бастамалары, көрсеткен жоғарғы жауапкершіліктері үшін мектеп директорларына және оқытушылар ұйымына үлкен алғысымды айтамын. Көпшілік орындарда тәртіпті сақтау Зырян ҚАІІБ участкелік полицияларымен олардың көмекшілеріне тапсырылған. Участкелік полициялар жеке қызмет бөлмелерімен және тұрғын үйлермен қамтылған ( Малеевск және Путинцево ауылдарында).Округтегі криминогендік жағыдай осал балмайтұр. Округ әкімінің, учаскелік инспекторлардың құқық бұзушылыққа және қылмысқа қарсы жұмысы негізделіп бірқалыпта жұмыс істейді. Барақ қиыншылықтар жоқ емес.

Мектеп директоры Хорошевская Г.А.басқарған Семенова О.Ю. біріккен көпшілік кеңесі жағыдайлары нәшар отбастарымен, қиын жеткіншектермен үлкен жұмыстар жүргізуде. Участкелік инспекторлармен бірігіп жағыдайлары нәшар отбастарын аралап, әңгіме өткізеді.

Биылғы жылы Малеевск және Путинцево село тұрғындары электр жүйелерін қалыпына келтіруді ұсынған еді, өйткені катты тозғандықтан жиі-жиі электр жүйесі жұмыстан шығып қалады. Электр жүйесінің иесі «ЦентрЭнергоЭкспертиз»ЖШС болып табылады( Директоры Хасис А.Г.). Жағыдайдың қиыншылығына қарамастан 2011 жылы электр жүйесін қалыпына келтіру жұмыстары жүргізілмеді. Электриктардың негізгі жұмысы қираған жүйені қалыпына келтіру болды. Биылғы басталған жылда жағыдай өзгеріп, аталған өндіріс басқармасы элетр жүйелерін қалыпына келтіреді деп сенеміз.

Сонымен бірге кейбір азаматтардың түйсігінің аз екенін атап айту керек. Электр энергиясын ұрлау, оны уақытында төлемеу кеңінен орын алуда.

Басталған 2012 жыл еліміз саясатында үлкен оқиғалар болды-Қазақстан Республикасы Мәжіліс Парламентіне, обылыс және аудан мәслихаттарына сайлау өтті. Осы оқиғаға дейін сайлау орындарын дайындау, халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Округте 5 учаскелік сайлау комиссиясы, бір округтік комиссия жұмыс ічтеді. Сайлауға дайындыққа және оны өткізгендерге яғни, мектеп мұғалімдеріне, өндіріс қызметкерлеріне, қарттарға үлкен жаупкершілікпен қарағаны үшін алғысымды айтамын. Біздің осы жұмысымыз аудан әкімімен бағаланып алғыс жарияланды.

Биылғы жылыда жылдағыдай бізге небір қиындықтармен жағыдайлардың шешімін табу керек. Көктемнен кейін жаз келеді, бұл дегеніміз ауыл адамдарына қызу жұмыс мерзімі.Барлық тұрғындарға мықты денсаулық, отбасылық бақыт, бейбітшілікпен байсалдылық тілеймін.

Малеевка селолық округінің әкімі Н. Зайцева







©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет