2011 жылғы 1 қаңтардағы облыс бюджетінің атқарылуы туралы



Дата25.02.2016
өлшемі79.02 Kb.
#22874


2011 жылғы 1 қаңтардағы облыс бюджетінің атқарылуы туралы

2011 жылдың 1 қаңтар айында облыс бюджетіне 159468,1 млн.теңге болжаммен 160298,5 млн.теңге түсті, соның ішінде 11569,8 млн.теңге сомасын республикалық бюджеттен берілген субвенция мен нысаналы трансферттер құрады.


Меншік кірістер 101,6%-ға орындалды. Барлық бюджеттердің деңгейлері жоспарды орындады.

2010 жылғы болжам қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем (98,1%), жергілікті бюджеттен берілген бюджет кредиттері бойынша сыйақы (98,4%), әкімшілік айыппұлдар (92,5%), түзету жұмыстарына сотталғандардың еңбекақысынан ұсталатын түсімдер (92,4%), өзге салық емес түсімдер (49,9%), жер телімдерін сатудан түскен (29,2%) түсімдерден басқа, барлық кіріс көздері бойынша жоспар орындалды.

Облыстық бюджетке 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 17480,3 млн.теңге болжаммен 17726,6 млн.теңге меншік кірістері немесе 101,4%-ға орындалды.








Республикалық бюджеттен алынған нысаналы трансферттерді ескере отырып, барлық деңгейдегі бюджеттерде бекітілген бағдарламаларды іске асыруға 160109,7 млн.теңге жұмсалды.

Облыстың мемлекеттік мекемелерін ағымдағы ұстауға 137597,9 млн.теңге, даму бюджеттік бағдарламаларына 22511,8 млн.теңге бағытталды.

Облыстың білімі беруіне 46603,9 млн.теңге немесе 99,7% жұмсалды, оның ішінде:

мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету және қолдау көрсетуге – 2042,3 млн.теңге;

- облыстың қалалары мен аудандарындағы жалпы білім беруге – 30571,2 млн.теңге, соның ішінде мектеп, гимназиялар, лицейлер, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру профильді мектептер, мектептер-балбақшаларға – 28619,2 млн.теңге, арнайы білім беру оқу бағдарламалары бойынша жалпы білім беруге – 1044,4 млн.теңге, мамандандырылған білім ұйымдарына дарынды балаларға жалпы білім беруге - 907,6 млн.теңге;

- техникалық және кәсіптік білім беруге – 3672,1 млн.теңге.

2010 жылдың 12 айында білім беру жүйесін ақпараттандыруға 136,4 млн.теңге жұмсалды.

Облыстық бюджеттен жетімдерді, ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды  әлеуметтiк қамсыздандыруға (балалар үйлер, баспаналар, отбасы үлгісіндегі  балалар ауылдары, патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) ұстау) ағымдағы кезеңде 867,1 млн.теңге жұмсалды, ол 100%-ды құрады.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыстың денсаулық сақтау мекемелері бойынша орындалу 24910,3 млн.теңгені құрады, жоспар бойынша есеп беру кезеңінде 24976,8 млн.теңге немесе немесе 99,7%. Шоттардағы қаражат қалдықтары 66,4 млн.теңгені құрады, оның ішінде жергілікті бюджет бойынша 21,5 млн.теңге, республикалық бюджет бойынша 44,9 млн.теңге: қаражат стационарлық медициналық көмек және денсаулық сақтау ұйымдары мамандарына, қан және оның құрамындағыларды өндіру, жекелеген санаттарындағы ауруларды препараттармен қамтамасыз ету, салауатты өмір салтына жұмсалды. Оның ішінде өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлаудың стратегиясын іске асыру шеңберінде денсаулық сақтау объектілеріне күрделі, ағымдағы жөндеуге жергілікті бюджеттен 288,1 млн.теңге бөлінді, 13 объектіге - 182,7 млн.теңге, медициналық мекемелердің 18 объектіге ағымдағы жөндеуге – 105,4 млн.теңге; республикалық бюджет қаражаты есебінен 867,8 млн.теңге, 13 объектіге күрделі жөндеуге 550,3 млн.теңге, 13 объектіге ағымдағы жөндеуге - 317,5 млн.теңге. Қаражаттар толығымен игерілді.

«ШҚО Денсаулық сақтау объектілерінің кейбір мәселелері туралы» облыс әкімдігінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 287 қаулысына сәйкес 31 мемлекеттік мекеменің 29-ы КМҚК қайта тіркелді.

2010 жылы жекелеген санаттағы қажет ететін азаматтарға жәрдемақылар төлеу жүзеге асырылуда: тұрғын үй көмегі – 255,2 млн.теңге, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі – 440,5 млн.теңге, оның ішінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен 323,2 млн.теңге, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар – 658,4 млн.теңге, оның ішінде жергілікті бюджет есебінен 552,6 млн.теңге көмек қарастырылды.

Жұмыспен қамту бойынша игеру 1051,7 млн.теңгеге 100%-ды құрады.

Бюджеттік инвестициялардың негізгі бағыттары болып: - әлеуметтік сала объектілерін, сумен жабдықтау желілері мен автомобиль жолдарын дамыту. Қаржыландыру көздері салынған қаражат көлемінде: республикалық трансферттер, облыстық бюджеттен және аудандық (қалалық) бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге трансферттер болып табылады.

Білім объектілерін дамытуға есеп беру кезеңінде 2 395,2 млн.теңге қаражат жұмсалды, оның есебінен 12 объект салынып жатыр, оның екеуі – «Нұрлы көш» бағдарламасын іске асыру шеңберіндегі Өскемен қаласындағы балабақша мен орта мектеп.

Облыстық бюджет есебінен білім объектілерін дамытуға 373,3 млн.теңге жұмсалды, оның есебінен Бородулиха ауданы Бородулиха ауылындағы, Аягөз ауданы Ақши ауылындағы мектептер құрылысы бойынша жұмыстар және Жарма ауданының Қалбатау ауылындағы балабақша құрылыс бойынша жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, 3 балабақша құрылысын одан әрі жалғастыруға арналған жобалық-сметалық құжаттаманы әзірленіп жатыр: Курчатов қаласындағы 100 орынды, Аягөз қаласындағы 200 орынды, Шемониха қаласындағы 280 орынды балабақша және Зайсан қаласындағы 600 орынды интернаты бар орта мектеп құрылысы.

Денсаулық сақтау объектілерін дамыту бойынша Қан орталығы мен Өскемен қаласындағы облыстық онкологиялық диспансердің Сәулелі терапия орталығы үшін арнайы медициналық жабдықтар жеткізіліп жатыр, Көкпекті және Катонқарағай аудандарында аудандық ауруханалары, Абай, Күршім және Тарбағатай аудандарындадәрігерлік амбулатория салынып жатыр, осыған 4099,4 млн.теңге республикалық трансферттер жұмсалып жатыр.

«Ауыз су» бағдарламасын іске асыру шеңберінде облыстың тоғыз ауданында сумен жабдықтау объектілерін қайта жаңарту бойынша іс-шаралар басталды, оның ішінде Аягөза, Бесқарағай, Бородулиха, Күршім, Катонқарағай, Ұлан, Үржар және Тарбағатай аудандары мен Өскемен қаласында, осыған есеп беру кезеңінде 1239,8 млн.теңге жұмсалды.

Көлік инфрақұрылымын дамыту үшін автомобиль жолдарының 7 учаскесінде құрылыс жұмыстары жүргізілді, оның ішінде: Күршім ауданы Қара Қаба өзені арқылы өтетін көпір құрылысы, Самара тас жолындағы темір жол арқылы өтетін автомобиль жолын, «Семей-Қайнар» автожолын қайта жаңарту, Глубокое ауданы «Волчиха-Карагужиха» автожолындағы Карагужиха өзені арқылы көпірін және «Риддер қаласының айналма жолы» және «Шыңқожа-Мыңбұлақ-Акшауле» автожолын қайта жаңарту, «Голубой залив» демалыс орнына кіреберіс автожолын жаңалау жұмыстары жүргізіліп жатыр, оған 863,2 млн.теңге жұмсалды.

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындалу мақсатында Өскемен қаласын жайластыру, сондай-ақ әуежайдың ұшу-қону жолағын қайта жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде, оған сәйкесінше 1 494,3 млн.теңге немесе 804,1 млн.теңге жұмсалды.

Тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы мен «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша 5965,7 млн.теңге пайдаланылды, аталған қаражаттар есебінен коммуналдық және ипотекалық тұрғын үй құрылысы, сондай-ақ инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салынып жатыр.

Агроөнеркәсіп кешенін қолдау мақсатында, оның ішінде мал шаруашылығын дамытуға және өнімдерінің өнімділігін арттыру, ауыз суды жеткізу, ЖЖМ бойынша қызметтерді төлеу үшін республикалық бюджеттен берілген субсидия есебінен 4259,8 млн.теңге жұмсалды.

Есеп беру кезінде Семей қаласының жылумен жабдықтауды жаңғыртуға жоспарланған қаражат толығымен игерілді, ол 3 300,0 млн.теңгені құрады.

Біршама қаражат дамыту бағдарламаларына және жергілікті бюджеттер есебінен жұмсалуда.

Мәдениет және спорт объектілерін дамыту мақсатында облыстық бюджетте Өскемен қаласындағы 800 орынды қазақ драма театрының құрылысы үшін ЖСҚ әзірлеуге, Семей қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы, Үржар ауданы Алакөл көлінің жағалауында бюджеттік ұйымдарының демалу базасының инфрақұрылымы жалғастырылып жатыр, Зырян ауданы Новая-Бухтарма кентіндегі спорт модулінің қайта жаңартуға жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеу бойынша жұмыстар аяқталуда.

Ішкі істер органдарының объектілерін дамыту үшін өңірлерде Семей және Зырян қалаларында уақытша ұстау изоляторының құрылысына жобалық құжаттарды әзірлеу іс-шаралары аяқталуда.

Облыстың автомобиль жолдарының ағымдағы жөндеу және ұстауға 3881,7 млн.теңге, әуе және теміржол тасымалдауға - 328,8 млн.теңге жұмсалды. Демалып жатқан халыққа жақсы көліктік инфрақұрылымын құру мақсатында «Голубой залив» демалу базасына кірме автожолын қайта жаңартуға жобалық-сметалық құжат әзірлену бойынша жұмытар басталды, 16,0 млн.теңге жұмсалды.


2010 жылға нысаналы ағымдағы трансферттер мен дамытуға арналған трансферттер қарастырылған, 36298,8 млн.теңге облыстық мәслихат сессиясының 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 18/237-IV шешімімен облыстық бюджетте 36298,8 млн.теңге бекітілген, оның ішінде 20553,6 млн.теңге нысаналы ағымдағы трансферттер, 15745,2 млн.теңге дамытуға арналған трансферттер, сонымен қатар 2877,5 млн.теңге тұрғын үй құрылысы мен оны сатып алуға кредиттер, ауылдық елдімекендердегі әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету шараларын іске асыру үшін кредит – 127,7 млн.теңге.

Облыстық мәслихат сессиясының 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 20/245-IV шешімімен жол картасы бойынша трансферттерді ескере отырып, республикалық трансферттер көлеміне өзгертулер енгізілді, сондай-ақ трансферттер көлемі 41 497,6 млн.теңгені құрады.

2010 жылғы 22 қазандағы № 20/245- IV облыстық мәслихат шешімімен жол картасы бойынша трансферттерді ескере отырып, респуликалық трансферттер көлеміне өзгерістер енгізілді, трансферттер көлемі 41 080,3 млн.теңгені құрады.

2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 25/307-IV облыстық мәслихат шешімімен жол картасы бойынша трансферттерді ескере отырып, респуликалық трансферттер көлеміне өзгерістер енгізілді, трансферттер көлемі 39 133,9 млн.теңгені құрады.

2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикалық бюджеттен облыс үшін 39 137,1 млн.теңге сомасында нысаналы ағымдағы трансферттер мен дамытуға арналған трансферттер қарастырылды, оның ішінде есеп беру кезеңінде 38 064,4 млн.теңге немесе республикалық бюджеттен бөлінгеннің 97,3%-ы игерілді.

Жалпы облыс бойынша нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша игеру 96,2%, толық пайдаланылмай қалған қаражат сомасы 847,8 млн.теңгені құрады; дамытуға арналған нысаналы трансферттер бойынша 98,6%, пайдаланылмай қалған қаражат сомасы 224,9 млн.теңгені құрайды.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі мен ай сайынғы 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге –223,1 млн.теңге, тегін медициналық көмекті қамтамасыз ету және кеңейтуге – 417,1 млн.теңге, вакциналарды және басқа да иммунобиологиялық препараттарды сатып алуға – 1608,2 млн.теңге, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға – 2567,7 млн.теңге, ҚР мен Ресей Федерациясының өңіраралық ынтымастықтығының VII Форумын өткізуге байланысты Өскемен қаласының жайластыру және инфрақұрылымын жөндеуге – 1494,3 млн.теңге, денсаулық сақтау объектілерін салуға және қайта жаңартуға – 4099,4 млн.теңге, білім объектілерін қайта жаңартуға - 2395,2 млн.теңге, жылу энергетикалық жүйесін дамытуға – 3300,0 млн.теңге, «бір терезе» қағидаты бойынша тұрғындарға қызмет көрсетуге – 637,1 млн.теңге жұмсалды.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет