2011 жылғы 15 желтоқсандағы №1539 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»


IІІ дәрежелі «Заңгер» (19-қосымша)



бет14/16
Дата09.07.2016
өлшемі0.54 Mb.
#186216
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

IІІ дәрежелі «Заңгер» (19-қосымша)


      ІІІ дәрежелі «Заңгер» төсбелгісі шеңбер нысанында қондырмасы бар биіктігі 35 мм және ені 32 мм бес бұрышты жұлдыз нысанында болады.

      Белгінің бет жағында шеңбердің жиектерінде көк түсті фонда «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ» деген бедерлі жазу бар. Шеңбердің ішінде жоғарыда сәулелі жарты күннің бейнесі орналасқан және онда көгілдір түсті «ІІІ» рим цифры жазылған. Күннің астында бидай масағы және ақ түсті ашылған кітап орналасқан. Фоны ашық. Бес бұрыштың астында көгілдір түсті лента орналасқан. Лентада – «ЗАҢГЕР» деген жазу. Бес бұрыштың беті көлденең бедерлі жолақ түрінде жасалған.

      Төсбелгі үлес салмағы қорғасын сияқты түрлі-түсті металдардың қорытпасынан құю әдісімен жасалады. Белгілер гальванды тәсілмен мынадай металдар: мыс, никель, алтын жалатылады. Белгідегі логотиптер элементтері түрлі-түсті эмальдармен құйылады. Төсбелгілердің барлық элементтері сапалы көрнекі қабылдау үшін жеткілікті көлемде орындалуы тиіс.

      Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.



«Әділет органдарының үздігі» (20-қосымша)


      «Әділет органдарының үздігі» төсбелгісі диаметрі 26 мм дұрыс шеңбер нысанында қондырмасы бар биіктігі 35 мм және ені 32 мм бес бұрышты жұлдыз нысанында болады.

      Белгінің бет жағында шеңбердің жиектерінде көк түсті фонда «ӘДІЛЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҮЗДІГІ» деген бедерлі жазу және ұлттық ою-өрнек орналасқан. Шеңбердің ішінде жоғарыда сәулелі жарты күннің бейнесі орналасқан. Күннің астында бидай масақтары және ақ түсті ашылған кітап орналасқан. Фоны ашық.

      Белгі үлес салмағы қорғасын сияқты түрлі түсті металдар қорытпасынан құю әдісімен жасалады. Белгілер гальванды тәсілмен мынадай металдар: мыс, никель, алтын жалатылады. Белгілердегі логотиптер элементтері түрлі-түсті эмальдармен құйылады. Төсбелгілердің барлық элементтері сапалы көрнекі қабылдау үшін жеткілікті көлемде орындалуы тиіс.

      Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.



Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің төсбелгілері

«Қаржы қызметінің үздігі» (21-қосымша)


      «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісі диаметрі 30 мм екі нысаннан тұрады – сегіз бұрыш және шеңбер.

      Шеңбер ішінде көгілдір фондағы композиция екі жартыдан тұрады: композицияның төменгі бөлігінде алтыннан жасалған табақ (тостаған), жоғарғы бөлігінде алтын монеталар. Алтын табақтың үстінде ұлттық ою-өрнек түрінде жасалған айшықты қыран құс орналасқан. Шеңбердің сыртқы жоғарғы жиегінде «ҚАРЖЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҮЗДІГІ» деген жазу орналасқан, шеңбердің төменгі сыртқы жиегі ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген. Сегіз бұрыштың әр бұрышында сары түсті фонда ұлттық ою-өрнек орналасқан.

      Белгі құлақша мен шығыршық арқылы ені 25 мм және биіктігі 15 мм төрт бұрышты тағанмен жалғанады.

      Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.



«Салық қызметінің үздігі» (22-қосымша)


      «Салық қызметінің үздігі» төсбелгісі диаметрі 37 мм қою көк түсті сегіз сәулелі жұлдыз нысанында латуньнен дайындалады.

      Белгінің орталық бөлігінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің диаметрі 27 мм бедерлі эмблемасы бастырылған, жоғарыда эмблема айналасында «САЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҮЗДІГІ» деген жазу орналасқан. Эмблема және жазу шығыңқы жылтырақ.

      Белгі құлақша мен шығыршық арқылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы түстес жібек қатқыл лентамен қапталған, ені 25 мм және биіктігі 15 мм төрт бұрышты тағанмен жалғанады.

      Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.



Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің төсбелгісі

«Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» (23-қосымша)


      «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» төсбелгісі диаметрі 37 мм шеңбер нысанында латуньнен дайындалады.

      Белгінің бет жағында шеңбердің жиектерінде ұлттық ою-өрнек және «ӘЛЕУМЕТТІК ЕҢБЕК САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» деген мәтін орналасқан. Шеңбердің ортасында үш шеңберден тұратын фигура орналасқан. Шеңберлер күрделі үшбұрышты фигура түзілетіндей тәсілмен байланыстырылған. Фигураның ішінде қозғалыс динамикасын білдіретін үш элементтен тұратын ұлттық ою-өрнек орналасады.

      Айналасының жиегі, мәтін, ою-өрнек және символ шығыңқы жылтырақ. Айналасының ішкі бөлігі күңгірт. Символ көгілдір эмальмен құйылған.

      Белгінің сыртқы жағында ортасында «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ» деген жазу орналасқан, жиектерінде – ұлттық ою-өрнек. Белгінің сыртқы беті күңгірт. Жазу және ою-өрнек шығыңқы жылтырақ.

      Белгі құлақша мен шығыршық арқылы ені 28 мм және биіктігі 19 мм бес бұрышты тағанмен жалғанады. Тағанның ішкі бөлігі көгілдір эмальмен құйылған.
      Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.

«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» (24-қосымша)


      «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі диаметрі 40 мм шеңбер нысанында латуньнен дайындалады.

      Шеңбердің ортасында медицина эмблемасы - тостағанға оралған жылан, жоғары бөлігінде – шығып келе жатқан күн сәулесі, төменгі жағында – лавр бұтақтары бейнеленген. Шеңберді бойлай «ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ІСІНЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН», «ҚАЗАҚСТАН» деген жазулар орналасқан. Белгі фоны жылтырақ, әріптер және бейнелер шығыңқы, күңгірттелген.

      Белгінің сыртқы жағы күңгірттелген.

      Белгі құлақша мен шығыршық арқылы ені 33 мм және биіктігі 20 мм көгілдір түсті қатқыл лентамен қапталған тікбұрышты тағанмен жалғанады.

      Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.

«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» (25-қосымша)


      «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі диаметрі 40 мм тең емес шеңбер нысанында латуньнан дайындалады.

      Ортада, көгілдір эмальмен құйылған шеңбер фонында шаңырақтың бедерлі бейнесі орналастырылған. Шеңбердің ішінде фоны қызыл түсті эмальмен құйылған көлемі кіші шеңбер орналасқан және ортасында тостағанға оралған жылан түріндегі медицина эмблемасы бейнеленген. Белгі жиегін бойлай бейненің айналасы ақ эмальмен құйылған фонда «ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ІСІНІҢ ҮЗДІГІ» деген жазу бар, «ҮЗДІГІ» деген жазу нүктелермен бөлінген. Төменде лавр бұтақтарымен көмкерілген «ҚАЗАҚСТАН» деген жазу бар. Белгінің фоны жылтырақ, әріптер мен бейнелер шығыңқы күңгірттелген.

      Белгінің сыртқы жағы күңгірттелген.

      Белгі құлақша мен шығыршық арқылы ені 32 мм және биіктігі 19 мм көгілдір түсті қатқыл лентамен қапталған, төменгі жағында лавр бұтақтары бар тікбұрышты тағанмен жалғанады.

      Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет