2011 жылғы 3 наурыздағы №432/58-iv астана қаласында құрылыс салу



Дата30.06.2016
өлшемі12.13 Kb.
#167317
Жоба
Астана қаласы мәслихатының шешімі

Астана қаласы «___» __________ 2011 жыл

Астана қаласы мәслихатының

2011 жылғы 3 наурыздағы № 432/58-IV

«Астана қаласында құрылыс салу

Қағидалары туралы» шешіміне

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Астана қаласы прокуратурасының наразылығын қарап, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 22-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1. Астана қаласының мәслихатының 2001 жылғы 3 наурыздағы № 432/58- IV «Астана қаласында құрылыс салу Қағидалары туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне 2011 жылғы 15 сәуірде № 671 болып тіркелген, 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 47 «Вечерняя Астана», 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 45 «Астана ақшамы» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

6-тараудың 2-бөлімінің 46-тармағында «осы Қағидаларға сәйкес» сөздері «осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес» сөздерімен ауыстырылсын.

2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Астана қаласы мәслихаты

сессиясының төрағасы С. Хамхоев
Астана қаласы

мәслихатының хатшысы В. Редкокашин

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет