2011 жылғы 9 ақпандағы кеңеске «ШҚО жер қатынастары басқармасы» мм бастығы Қ. Қ. Толеубековтің баяндамасы



жүктеу 66.33 Kb.
Дата24.02.2016
өлшемі66.33 Kb.
2011 жылғы 9 ақпандағы кеңеске

«ШҚО жер қатынастары басқармасы» ММ

бастығы Қ. Қ. Толеубековтің

баяндамасы
Құрметті әріптестер!
Шығыс Қазақстан облысының жер қорының құрылымы.

2010 жылдың 1 қараша жағдайына Шығыс Қазақстан облысының аумағы 28 млн. 346,8 мың гектарды құрады, оның ішінде егістіктер 1 млн. 233,2 мың гектар, тыңайған жерлер 395,5 мың гектар, шабындықтар 1 млн. 56,9 мың гектар, жайылымдықтар 19 млн. 959,0 мың гектарды құрайды.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құрылымында ауыл шаруашылығы алқаптары 9 млн. 597,7 мың гектар құрайды, оның ішінде 1 млн. 206,7 мың гектар егістіктер, 2,3 мың гектар көп жылдық екпелер, 263,6 мың гектар тыңайған жерлер, 451,8 мың гектар шабындықтар, 7 млн. 672,8 мың гектар жайылымдықтар, 0,5 мың гектар бақшалар.

Облыс бойынша 9 млн. 746,9 мың гектар аумағында 18 001 бірлік агроқұрылымдар құрылды, оның ішінде: 7 млн. 932,9 мың гектар аумағында 17 372 шаруа (фермер) қожалықтар.

Елді мекендердің жерлері. Елді мекендер жерлерінің аумағы 2 млн. 978,8 мың гектар немесе облыстың барлық жер қорынын 10,5 % құрайды. 2010 жыл ішінде осы санаттың жерлері 65,8 мың гектарға ұлғайды.

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлердің ауданы 182,1 мың. га құрайды.

2009 жылмен салыстырғанда босалқы жерлерге аударуына және жалға алушылардың жер пайдалану мерзімінің аяқталуына байланысты осы санаттағы жерлердің ауданы 3,9 мың гектарға азайды.



Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ауданы 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жыл ішінде 0,1 мың гектарға ұлғайды.

Босалқы жерлердің ауданы 2009 жылмен салыстырғанда басқа санатты жерлерге ауыстыру есебінен 454,5 мың гектарға азайды.

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерден ауыл шаруашылық агроқұрылымдарына 1 млн. 206,7 мың гектарды егістіктер берілді. 2009 жылмен салыстырғанда ағымдағы жылда облыс бойынша егістіктердің аумағы 22,1 мың гектарға азайды.

2010 жылда егістіктердің аумағының ең үлкен азаюы Үржар, Көкпекті, Ұлан аудандарында болды.

2010 жылда тыңайған жерлердің аумағы ұлғайылды, 2009 жылмен салыстырғанда 26,1 мың гектарға ұлғайып 263,6 мың гектар құрады. Тыңайған жерлердің ең үлкен ұлғаюы:

- Үржар ауданында – 16 мың гектарға (66,6 мың гектар құрап отыр);

- Көкпекті ауданында – 11,5 мың гектарға (16,5 мың гектар құрап отыр);

- Ұлан ауданында – 5,4 мың гектарға (30,1 мың гектар құрап отыр) байқалады.

Агроқұрылымдарға берілген жалпы егістік алқаптардың аумағынан пайдаланылмайтын жерлердің ең үлкен пайызы:



- Семей қаласында 85% (26,4 мың гектар жалпы егістік жерлер, оның ішінде 4,1 мың гектар егістік, 22,3 мың гектар тыңайған жерлер);

- Тарбағатай ауданында 66 % (23,4 мың гектар жалпы егістік жерлер, оның ішінде 8 мың гектар егістік, 15,3 мың гектар тыңайған жерлер);

- Аягөз ауданында 63 % (37,3 мың гектар жалпы егістік жерлер, оның ішінде 13,7 мың гектар егістік, 22,6 мың гектар тыңайған жерлер);

- Зайсан ауданында 62 % (30,9 мың гектар жалпы егістік жерлер, оның ішінде 11,6 мың гектар егістік, 19,3 мың гектар тыңайған жерлер);

- Күршім ауданында 56 % (28,1 мың гектар жалпы егістік жерлер, оның ішінде 12,4 мың гектар егістік, 15,7 мың гектар тыңайған жерлер) байқалады.

2011 жылдың 1 қаңтар жағдайына барлық пайдаланылмайтын егістік жерлердің 49,6 мың гектары иесіз мүлік ретінде есепке қойылды , ол 18,8 % құрайды.

Облыс бойынша есепте тұрған егістік жерлерден мерзімі 1 жылға 12,6 мың гектар жерлер жалға берілді, ол 25,4 % құрайды.

Күршім ауданында 12,7 мың гектар жерлерден 1,1 мың гектар (8,7%) жалға берілді; Бородулиха ауданында 7,1 мың гектар жерлерден 2,3 мың гектар (32,4%) жалға берілді.
Суармалы жерлер
2011 жылдың 1 қаңтар жағдайына облыс бойынша 205,3 мың гектар суармалы жерлер есептелуде, олардың ішінде 76,3 мың гектар егістіктер, 121 мың гектар тыңайған жерлер.

Агроқұрылымдарға 157,4 мың гектар берілді, оның ішінде 69,6 мың гектар егістіктер, 84,8 мың гектар тыңайған жерлер, (суармалы егістіктердің 54,7% пайдаланылмайды).

Пайдаланылмайтын суармалы жерлердің ең үлкен аумақтары:

- Үржар ауданында 25,9 мың гектар;

- Тарбағатай ауданында 15 мың гектар;

- Зайсан ауданында 14,7 мың гектар.

Бүгінгі күнге облыс бойынша 31,5 мың гектар көлеміндегі суармалы жерлерді алқаптардың басқа түрлеріне аудару бойынша Глубокое, Зырян, Бесқарағай және Күршім аудандарында материалдар дайындалды.
Жерді сату
2009 жылмен салыстырғанда 2010 жыл ішінде жеке меншікке ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер 18,3 мың теңгеге артық сатылды.

2010 жылда Аягөз, Бородулиха, Көкпекті, Күршім ауданындарында және Риддер қаласында ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер сатылған жоқ.

2010 жыл ішінде облыс бойынша сомасы 637,7 млн. теңгеге ауданы 2,3 мың гектар 2239 ауыл шаруашылық мақсатындағы емес жер учаскелер сатылды (2009 жылмен салыстырғанда 294,2 мың артық).

Былтырғы жылда сомасы 26,4 млн. теңгеге ауданы 172,2 гектар 129 жер учаскелерін жалға беру құқығы сатылды (2009 жылмен салыстырғанда 19,1 млн. теңгеге кем сатылды).

2010 жыл ішінде облыс қалалары мен аудандарында жер аукциондары өткізілген жоқ.

Аукциондар өткізу үшін Абай, Зайсан, Ұлан, Шемонаиха аудандарында, Риддер мен Өскемен қалаларында қаржы бөлінген, басқа аудандарда осы мақсатқа қаржы бөлінбеген.


Лицензиялау
Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне сәйкес жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуін лицензиялауды облыстын өкілетті органы іске асырады.

2006-2011 жылдар аралығында Жер қатынастары басқармасымен жеке және заңды тұлғаларға жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуге 46 лицензия берілді, олардың ішінде:

- Өскемен қаласында 36 лицензия;

- Семей қаласында 5 лицензия;

- Зырян ауданында 2 лицензия,

- Аягөз, Глубокое және Үржар аудандарында бір лицензиядан берілген.

В 2011 жылда Басқармамен 6 лицензия берілді.
Жеке тұрғын үй салу
2005 жылдың 1 қаңтарынан 2011 жылдың 1 қаңтарына дейін Шығыс Қазақстан облысы бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беруі жөнінде 18 797 өтініш келіп түсті, оның ішінде 10 576 өтініш берушілерге жер учаскелер берілді, қалған 8 221 өтініш берушілер қалалар мен аудандар жер қатынастары бөлімдерінің арнайы тіркеу кезегінде тұр.

2010 жылы облыс бойынша 1560 жер учаскелері бөлінді. 2009 жылымен салыстырғанда 2010 жылда 891 жер учаскелерге кем берілді.

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру жөнінде ең көп өтініштер Өскемен қаласында берілді - 10 845, оның ішінде 5 596 өтініш берушілерге жер учаскелер берілді, қалған 5 249 өтініш берушілер арнайы тіркеу кезегінде тұр. Ахмирово кентінде жеке тұрғын үй салу үшін 549 жер учаскелеріне алаңдар дайындалды, бүгінгі күнге 131 жер учаскелер рәсімделді.

Новоявленка ауылында 1000 жер учаскелерге алаңдар дайындалған, оның ішінде жеке тұрғын үй салу үшін 297 жер учаскелер рәсімделді, қалған жер учаскелер «Нұрлы көш» бағдарламасына берілді.

Семей қаласында жеке тұрғын үй құрылысы үшін – 4 181 өтініш түсті. Оның ішінде – 1732 жер учаскелер берілді, арнайы тіркеу кезегінде – 2 322 өтініш берушілер тұр. Қазіргі уақытта Семей қаласында жер учаскелерін беруі тоқтатылды, өйткені қаланың бас жобасы бекіту сатысында.
Жер қойнауын пайдалану
2010 жылда баcқармамен:

- жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін облыс әкімдігінің жер беру туралы 26 қаулы қабылданды;

- 23 жерге орналастыру жобалары қаралып бекітілді;

- жерді пайдалану және қорғау бөлігінде 49 сараптама қорытындылары берілді;

- жер учаскелеріне 22 сәйкестендіру құжаттары берілді.

2010 жыл ішінде жалға беру төлемінің жылдық сомасы 11 млн. 937 мың теңгеге жер қойнауын пайдалану мақсатына жер учаскелерін жалға беру 39 келісімдер жасалды.

Облыстық жер комиссиясының 7 отырысы өткізілді, оларда 15 объектілер бойынша материалдар қаралып оң шешімдер қабылданды.

2010 жылда Басқармамен Қазақстан Республикасының Заңнамасына жер қатынастарына қатысты өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар берілді (Қазақстан Республикасының Салық кодексіне, Жер кодексінің 48, 69 бабтарына).


Халықпен қызмет ету
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 ақпандағы «Мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттарын бекіту туралы» № 102 және 2010 жылғы 26 маусымдағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» № 652 қаулыларына сәйкес, 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап «Жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу үшін лицензия беру» және «Жер учаскелеріне мемлекеттік актілерді беру» қызметтері альтернативтік негізде Халыққы қызмет көрсету орталықтар арқылы көрсетілуі мүмкін.

Жер қатынастарына қатысты мәселелер бойынша бізбен 280 өтініштер қаралды, олардың ішінде 193 заңды тұлғалардан, 87 жеке тұлғалардан. Барлық өтініштер бойынша заңнамаға сәйкес толық жауаптар беріліп жер заңнамасы жөнінде түсініктеме берілді.


Қалалық және аудандық жер қатынастары бөлімдеріне тапсырмалар.
1. 2010 жыл ішінде тыңайған жерлердің ұлғаюына байланысты қалалық және аудандық жер қатынастары бөлімдеріне ауыл шаруашылық құрылымдармен тыңайған жерлерді ауыспалы егіске тарту бойынша және жердің жағдайы мен пайдалану туралы мәліметтерді уақытында беру бойынша жұмыстарды жандандыру;

2. Берілетін есептердің және Басқармамен сұратылған ақпараттың нақтылығы мен уақытында берілуін қатан бақылау;

3. Аягөз, Зайсан, Көкпекті, Күршім, Тарбағатай, Үржар аудандарында және Семей қаласында пайдаланылмайтын алқаптарды анықтау және оларды ауыспалы егіске тарту үшін барлық берілген егістік жерлерді түгендеу;

4. Жасалынған жалға беру келісімдердің орындалуына жерді пайдалану фактісі бойынша жүйелі мониторинг жүргізу;

5. Иесіз мүлік ретінде есепке қою және оларды ары қарай агроқұрылымдарға беру үшін нысаналы мақсатымен пайдаланылмайтын егістік жерлерді анықтау жұмыстарын жандандыру;

6. Мемлекеттік меншікке қайтарылған жерлерді реттеу;

7. Өндірістік объектілердің санитарлық қорғау аймақтарын уақытында ресімдеу бойынша жұмысты жалғастыру, сонымен қатар санитарлық қорғау аймақтарын ресімдемеген объектілер бойынша материалдарды санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарына тапсыру;

8. Қала және аудан әкімдерінің ресми сайттарындағы жер және жер ресурстары туралы ақпараттың нақтылығын және толықтығын қамтамасыз ету қажет.



Назарларыңызға рахмет!


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет