«2011 жылғы аудандық бюджеттің орындалуы туралы» аудандық мәслихаттың сессиясында аудандық қаржы басқармасының бастығы Б. Т. Боранбайдың сөз сөйлеуі



жүктеу 155.26 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі155.26 Kb.
«2011 жылғы аудандық бюджеттің орындалуы туралы» аудандық мәслихаттың сессиясында аудандық қаржы басқармасының бастығы Б.Т.Боранбайдың сөз сөйлеуі
Құрметті депутаттар!
Аудандық бюджеттің кірісіне тоқтала кететін болсақ, 2011 жылы жергілікті бюджеттің кіріс бөлігінің жоспары жыл ішіндегі нақтылануларымен 2 302 538,2 мың теңге болып белгіленіп, нақтысында 2 670 121,0 мың теңгеге немесе 116,0 пайызға орындалды. Нәтижесінде 103 199,1 мың теңгеге кіріс жоспары 367 582,8 артық орындалды.

Жалпы аудандық кірістер оның ішінде салықтық түсімдер бойынша жоспар 1 509 281,0 мың теңгеге нақтыланып 2 046 277,7 мың теңгеге немесе 135,6 пайызға, салықтық емес түсiмдер бойынша жоспар 6 334,3 мың теңгеге нақтыланып  7 017,7 мың теңгеге немесе 110,8 пайызға, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер жоспары 2 320,0 мың теңгеге нақтыланып  2 320,7 мың теңгеге немесе 100,0 пайызға орындалды.

Жергілікті салық және салыққа жатпайтын 39 түсімнің 37 түрінен жоспар артық орындалса, 2 түрінен орындалмай отыр. Артық түскен салықтардың анағұрлым көп бөлігін мына салықтар құрайды:


  • Меншiкке салынатын салықтар – 515 913,7 мың теңге,

  • Жеке табыс салығы – 16 188,9 мың теңге,

  • Көлiк құралдарына салынатын салық – 1 169,1 мың теңге

  • Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем – 899,5 мың теңге

Байғанин ауданының шығыс бөлігінің жоспары 2 113 387,0 мың теңге болып бекітіліп, жыл ішіндегі нақтылануларымен 2 455 265,9 мың теңге болып нақтыланып, жыл ішіндегі түзетулермен 2 451 111,4 мың теңге болып түзетіліп, нақтысында 2 430 960,9 мың теңгеге орындалды немесе 99,2 пайызға. Нәтижесінде 20 150,5 мың теңгеге шығыс жоспары кем орындалды.
2011 жылға аудан бюджетінің атқарылуын функционалдық топтар мен салалар бойынша талдайтын болсақ, Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер бойынша жылға бекітілген жоспар 182 014,0 мың теңге болып бекітіліп, жыл ішіндегі нақтыланумен жоспар 204 787,0 мың теңге болып нақтыланып, жыл ішіндегі түзетулермен 204 787,0 мың теңге болып түзетіліп, 202 941,8 мың теңгеге орындалды немесе 99,1 пайызға. Бөлінген қаржы 1845,2 мың теңгеге орындалмай қалды. Себебі, Жарқамыс селолық округі әкімшілігі ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарын жасауға жеңімпаз болып танылған «Нефтегазмонтаж Ақтөбе» ЖШС-сі қаржының 30 пайызын алып жұмыс жасамауына байланысты, 1 777,3 мың теңге игерілмей қалды.

Аудан әкімдігі ғимаратын күрделі жөндеуге 7 828,0 мың теңге бөлініп, Ғимараттың төбесін «Эконс и К» ЖШС-гі 3397,0 мың теңгеге металлочерепицамен қаптады және ғимараттың ішін «Аст Транс Энерго Рем Строй» ЖШС-гі 4 150,0 мың теңгеге гипсокартонмен қаптады, қаржы толық игерілді.

Көлтабан селолық округіне күрделі жөндеу жұмыстарына 3500,0 мың теңге бөлініп, «СМК-Дан» ЖШС-гі мемлекеттік сатып алу қортындысы бойынша жеңімпаз атанып 3499,1 мың теңгеге ғимараттың барлық есік пен терезелері толық ауыстырылып, ғимараттың ішкі қабатына толық жөндеу жұмыстары жасалды.

Материалдық-техникалық жарақтандыру үшін 2911,0 мың теңге бөлініп,

барлығы 2810,8 мың теңгеге негізгі құралға жататын тауарлар сатып алынып негізгі қорға кірістелді.

Қорғаныс саласына 2011 жылға жоспар 17 060,0 мың теңге болып бекітіліп, жыл ішінде нақтыланумен 15 390,0 мың теңгеге нақтыланып 15 388,4 мың теңгеге орындалды немесе 100 пайыз.

*Аудандық ауқымдағы дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елдi мекендерде өрттердің алдын алу және оларды сөндіру жөніндегі іс-шаралар бағдарламасы аясында 5 285,0 мың теңгеге су таситын ГАЗ-330900 маркалы авто көлігін және 2 100,0 мың теңге УАЗ-39945 маркалы авто көлігі сатып алынды.

*Төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында яғни, су тасқынын алдын алу үшін 500,0 мың теңгеге жанар-жағар май алынды, 500,0 мың теңгеге «Мерей и К» ЖШС –мен келісім-шартқа отырып қар аршу жұмыстары жасалды.

*Әскерге қатарына шақырылғандарды медициналық тексеруден өткізу үшін 613,2 мың теңгеге медициналық құрал жабдықтар алынды. 260,3 мың теңгеге кеңсе құралдары алынды.



Білім беру саласы бойынша 2011 жылға жоспар 1 453 796,0 мың теңге болып бекітіліп, жыл ішінде нақтыланумен 1 642 403,9 мың теңгеге нақтыланып, жыл ішіндегі түзетулермен 1 641 339,1 мың теңгеге түзетіліп, 1 629 012,6 мың теңгеге орындалды немесе 99,2 пайызға.

Білім беретін мемлекеттік мекемелердің кітапхана қорларын жаңарту үшін оқулықтар сатып алуға 7491,0 мың теңге бөлініп, қаржы толығымен игерілді.

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерде лингафондық және мультимедиалық кабинеттер құруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерден 5541,0 мың теңге бөлінді. Тендер қортындысы бойынша «НАТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңімпаз атанып 5 541,0 мың теңгеге Жаңатаң орта мектебі лингофон кабинетімен жасақталды. Аудан бойынша мектептердің лингофон және мультимедиалық кабинеттермен жабдықталуы 50 пайызға жетті.

Орта жалпы білім беру мемлекеттік мекемелерінде химия, физика, биология кабинеттерін оқу құралдармен жабдықтауға Республикалық бюджеттен 8192,0 мың теңге трансферттер бөлініп, тендер қорытындысы бойынша жеңімпаз болған «Нии Мобил Инжиниринг» ЖШС-і Қ.Жазықов атындағы және Байғанин орта мектептерінің биология кабинетін оқу құралдарымен жабдықтап,қаржы толығымен игерілді.Аудан бойынша биология кабинеттерімен жабдықталған мектептер саны 90 пайызға жетті.

Республикалық бюджеттен балапан бағдарламасымен 17 750,0 мың теңге бөлініп, «Балдаурен» бала бақшасын ұстауға жұмсалды. «Балдаурен» балалар бақшасында 50 бала тәрбиеленуде, бұл аудан бойынша мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытумен қамту, кезекте тұрған мектеп жасына дейінгі жалпы балалардың санын 27 пайызға азайтты.

Аудандық бюджеттің есебінен 1-4 сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз етуге 43966,0 мың теңге бөлініп, 1601 оқушыға 43 966,0 мың теңгеге тамақ берілді.

Республикалық бюджеттен уйден оқылатын мүгедек балаларды жабдықпен қамтуға 1600,0 мың теңге бөлінді. «Медиус-К» ЖШС-мен келісім шартқа отырып, құны 1590,0 мың теңгеге үйден оқитын 2 мүгедек балаға компьютер алып берілді. 10,0 мың теңге мемлекеттік сатып алу қортындысы бойынша үнемделді. Бұл бағдарлама арқылы көру қабілеті нашар (соқыр), есту қабілеті нашар (естімейтін) және (нашар еститін), демеу қозғалтқыш аппаратты және зияткерлік сөйлеу қабілеті күрделі бұзылыс және сезімдік-қайратты бұзылыстары бар мүгедек балаларды 24,5 пайыз жабдықпен қамтылды.

Республикалық бюджеттен жетім балаларды және ата-аналарының қамқорынсыз қалған 21 балалардың асыраушыларына ай сайынғы төленетін төлемдері үшін 2873,0 мың теңге қаралып ( 21 балаға тамағы мен киім ,аяқ киімдері ) 2872,8 мың теңге жұмсалып, 0,2 мың теңге үнемделді. Аудан бойынша ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды күту 100 пайызға жеткізілді.

Аудандық бюджеттен жалпы құны 47460,0 мың теңгеге «Infinity Communication» ЖШС-гі арқылы 12 мектеп химия кабинетімен және жалпы құны 36 360,0 мың теңгеге «Айко» ЖШС-гі арқылы 9 мектеп биология кабинетімен жабдықталды.

Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылындағы 75 орындық балалар бақшасының құрылысына жобалау сметалық құжаттама мен мемлекеттік сараптамадан өткізуге 6135,2 мың теңге бөлініп, «Запказжелдорпроект» ЖШС-мен 5300,0 мың теңгеге жобалау сметалық құжаттама жасалды және «Ақтөбемемсараптама» ЕМК-мен 835,2 мың теңгеге сараптамадан өткізілді.

Республикалық бюджеттен мектеп мұғалімдеріне және мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне біліктілік санаты үшін республикалық бюджеттен 12 486,0 мың теңге бөлініп, 438 штат бірлігіне 4871,0 мың теңге төленді. Артық қаралған 7615,0 мың теңге кейін қайтарылды. Осының негізінде мектеп мұғалімдерінің және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиешілердің біліктілік санаты үшін қосымша ақысы ұлғайтылды.

Аудандық бюджеттен сегіз мектепке күрделі жөндеуден өткізу үшін 44 346,4 мың теңге бөлініп, жұмыстар уақытылы жасалып, қаржы толығымен игерілді. Оның ішінде:

*Сағыз орта мектебіне «Қалақ» ЖШС-гі 10 003,1 мың теңгеге күрделі жөндеу жұмыстарын жасады. Есік, терезелері алмастырылды, ғимарат қабырғаларын тұрақтылығын күшейту, сырлау жұмыстары жүргізілді.

*Қосарал негізгі мектебіне ЖШС «Аман Құрылыс Ойл» мекемесі 4918,9 мың теңгеге қосымша 3 сынып бөлмесі қосылып, төбесі шатырланып, жылу жүйесі жүргізілді, есік-терезелері алмастырылды.

*А.С.Пушкин атындағы орта мектебіне ЖШС «Ақтөбе Дом-2008» мекемесі жылу құбырларын, жылу қазандығын жаңарттылып, барлығы 2906,8 мың теңге жұмсалды.

*Т.Жармағанбетов атындағы орта мектебіне «Ақтөбе Дом-2008» мекемесі 5517,6 мың теңгеге мектептің төбесін шатырлады, жылу жүйесін қайта жүргізді, қабырғаларын қайта қалады, тоқ желілерін жаңартты, бөлмелер гипсокартонмен қапталды.

*Шаттық бала бақшасына «Алиев Р» мекемесі 3000,0 мың теңгеге аула қоршап, балаларға ойын алаңы жасалды.

*Қарауылкелді бала бақшасына ЖШС «Инжэнерго» мекемесі 6000,0 мың теңгеге есік, терезелерін ауыстырды және ішкі жөндеу жұмыстарын жүргізді.

*Жарлы бала бақшасына 5000,0 мың теңгеге ЖШС «Ақтөбе Құрылыс Аймақ» мекемесі күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді және жапсырма асхана бөлмесі салынды.

*Ебейті бала бақшасына 7000,0 мың теңгеге «Қалақ» ЖШС-гі күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Оқу бітіріп келген жас мамандарды әлеуметтік қолдау үшін республикалық бюджеттен 15938,0 мың теңге несие бөлініп, 4 адамға 7366,9 мың теңге кредит берілді. 2011 жылы несие алған адамдардан 690,1 мың теңге ұсталып облыстық бюджетке қайтарылды. Білім беру объектілерінің құрылысы бағдарламасынан 1064,8 мың теңгеге секвестр жасалды.
Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру саласы бойынша 2011 жылға жоспар 146 729,0 мың теңге болып бекітіліп, жыл ішінде нақтыланумен 149 102,6 мың теңгеге нақтыланып, 149 099,5 мың теңгеге орындалды немесе 100,0 пайызға.

Қоғамдық жұмыстар бағдарламасы бойынша аймақтарды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған жоспары бойынша қоғамдық ақылы жұмыстарға 400 адам жіберу жоспарланған болатын, өткен жылдың 1 шілдесінен «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының жүзеге асырыла бастағанының арқасында жұмыссыздар саны 0,1 пайызға азайып, соның нәтижесінде ақылы қоғамдық жұмыстарға 385 адам жіберілді, оған 22158,0 мың теңге еңбекақы аудан әкімдігінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 76 «Ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізу бойынша ұйымдардың тізбесін бекіту және 2011 жылы Байғанин ауданы бойынша аталмыш жұмыстарды қаржыландыру туралы» қаулысына сәйкес жұмсалды.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасына қатысушыларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету бойынша республикалық бюджеттен 2145,0 мың бөлінді. Әлеуметтік жұмыс орнына 15 маман жіберілу жоспарланып, нақтысында 23 маман әлеуметтік жұмыс орнына жіберілді. Оларға республикалық бюджеттен 2144,9 мың теңге жұмсалды. Жұмыссыздар деңгейі 5,4 пайызға, күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар адамдардың саны 5,7 пайызға азайтылды.

Республикалық бюджеттен жұмыспен қамту орталықтарын ұстауға 6968,0 мың теңге бөлініп, 6965,4 мың теңгеге 5 штат бірлігі ұсталды. 2,6 мың теңге үнемделді

Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмек көрсету бағдарламасы бойынша 1402 маманға 10418,0 мың теңге берілді. Салалар бойынша:

- білім бөлімінің мамандары 1080 адамға 8048,6 мың теңге

- денсаулық сақтау саласының мамандары 212 адам 1545,9 мың теңге

- мәдениет саласының мамандары 83 адамға 621,2 мың теңге

- спорт бөлімінің мамандары 21 адамға 157,2 мың теңге

- әлеуметтік сала мамандары 6 адамға 45,1 мың теңге.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен бизнес саласын қолдауға 1900,0 мың теңге бөлініп,жыл ішінде 18 жас маманға жолдама берілді. Нәтижесінде 1899,2 мың теңге игерілді.

Республикалық бюджеттен аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерге аз қамтылған жанұялардан 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге ағымдағы нысаналы трансферттерден 5 000,0 мың теңге және аудандық бюджеттен 16 926,0 мың теңге бөлінді. "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы Заңы негізінде 18 жасқа дейінгі 2217 балаға 21 926,0 мың теңгеге жәрдемақы төленіп, қаржы 100,0 пайызға игерілді.



Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жыл бойы 41000,0 мың теңге жұмсалды. Оларға:

  • Облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 317 «Жеңілдіктер беру туралы» шешіміне сәйкес 2011 жылы 19974,1 мың теңге жұмсалды, атап айтқанда:

  • 8 Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне 999,3 мың теңге, оның ішінде 14,0 мың теңге суға, 90,0 мың теңге газ баллонға, 35,0 мың теңге қоқыс шығаруға, 120,0 мың теңге электр энергиясына, 43,9 мың теңге телефонның абоненттік төлеміне, 696,4 мың теңге қатты отын үшін;

  • ЧАЭС апатының зардаптарын жоюға қатысқан және Семей апат аймағынан мүгедектік алған 7 адамға 572,3 мың теңге,оның ішінде 12,7 мың теңге суға, 45,6 мың теңге газ баллонға,30,0 мың теңге қоқыс шығаруға,89,6 мың теңге электр энергиясына, 31,1 мың теңге телефонның абоненттік төлеміне, 363,3 мың теңге қатты отын үшін;

  • Ұлы Отан соғысында қаза болғандардың жесірі 2 адамға 230,8 мың теңге, оның ішінде 13,0 мың теңге суға,19,5 мың теңге газ баллонға, 5,0 мың теңге қоқыс шығаруға,16,9 мың теңге электр энергиясына,7,6 мың теңге телефонның абоненттік төлеміне,168,8 мың теңге қатты отын үшін;

  • қайтыс болған ҰОС қатысушыларының жесірлері 76 адамға 7131,7 мың теңге, оның ішінде 127,2 мың теңге суға,643,5 мың теңге газ баллонға, 190,0 мың теңге қоқыс шығаруға, 1093,3 мың теңге электр энергиясына, 301,1 мың теңге телефонның абоненттік төлеміне, 4776,6 мың теңге қатты отын үшін;

  • ауған соғысы ардагерлері мен олардың отбасына 12 адамға 933,5 мың теңге, оның ішінде 15,5 мың теңге суға,186,7 мың теңге газ баллонға, 30,0 мың теңге қоқыс шығаруға,156,8 мың теңге электр энергиясына,46,1 мың теңге телефонның абоненттік төлеміне, 498,4 мың теңге қатты отын үшін;

  • бейбіт уақытта қаза тапқан әскерилердің отбасына 5 адамға 194,9 мың теңге, оның ішінде 7,8 мың теңге суға, 11,8 мың теңге газ баллонға, 30,4 мың теңге электр энергиясына, 11,1 мың теңге телефонның абоненттік төлеміне,133,8 мың теңге қатты отын үшін;

  • 215 тыл еңбеккерлеріне 9791,0 мың теңге, оның ішінде 261,7 мың теңге суға, 479,5 мың теңге газ баллонға, 12,0 мың теңге қоқыс шығаруға, 1324,7 мың теңге электр энергиясына, 407,8 мың теңге телефонның абоненттік төлеміне, 7305,3 мың теңге қатты отын үшін коммуналдық төлемдерден өтем жасалып отыр;

  • 1999 жылғы 5 сәуірдегі № 165 «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес Ақтөбе облысына ерекше еңбегі сіңген 14 ардагерге айына 1 АЕК мөлшерінде барлығы 242,1 мың теңге төленді;

  • Ақтөбе облысы әкімдігінің 2007 жылғы 10 мамырдағы № 156 «Он алты жасқа дейінгі мүгедек балалары бар отбасыларына қосымша көмек беру туралы» қаулысына сәйкес 100 мүгедек балаға 3349,5 мың теңге;

  • Облыс әкімдігінің 13 наурыз 2009 жылғы № 80 «Ақтөбе облысы әкімдігінің 2007 жылғы 10 мамырдағы № 156 «Он алты жасқа дейінгі мүгедек балалары бар отбасыларға қосымша көмек беру туралы» қаулысына толықтырулар және өзгерістер енгізу туралы» қаулысына сәйкес 1,2,3 топ мүгедектері 469 адамға айына 3000 теңгеден 15771,0 мың теңге;

  • Байғанин аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 шілдедегі № 101 «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешіміне сәйкес аз қамтылған 60 отбасына 102,0мың теңге және төмен және одан да төмен зейнетақы алатын 208 адамға азық-түлік бағасының өсуіне байланысты айына 1,5 АЕК мөлшерінде 1601,1 мың теңге ,6 мүгедектің облыстық денсаулық сақтау басқармасының жолдамасымен емделуге кеткен жол шығынына 82,8 мың теңге,әлеуметтік жағдайлары қиын,отбасы табысы азық-түлік себетінен төмен туберкулез ауруымен ауыратын 5 адамға 20,0 мың теңгеден 100,0 мың теңге материалдық жәрдем аударылды.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге республикалық бюджеттен 600,0 мың теңге бөлінді. Аз қамтылған 11 отбасы 43 адамға тағайындалып төленді. Бөлінген қаржы толықтай игеріліп 100 пайызға орындалы.

Облыстық бюджеттен Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне 120,6 мың теңге бөлініп, 8 Ұлы отан қатысушылары мен мүгедектеріне біржолғы материалдық көмек төленді.



Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық функционалдық тобы бойынша жылдық бекітілген жоспар 99 124,0 мың теңге болып, жыл ішінде нақтыланумен 190 875,3,0 мың тенге нақтыланып, 187 785,3 мың теңгеге түзетіліп, 182 502,9 мың теңгеге орындалды немесе 95,2 пайыз яғни 5 282,4 мың теңге игерілмеген.

Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салу бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен бөлінген 31 769,0 мың теңге қаржыға Қарауылкелді селосында 140 шаршы метрлік коммуналдық екі пәтерлік 4 тұрғын үй салынды. Құрылысқа 30 744,7 мың теңге жұмсалды. Мердігер «Стройуниверсал» ЖШС-і. Мемлекеттік сатып алу қортындысы бойынша 1024,3 мың теңге үнемделді. Республикалық бюджеттен бөлінген қаржыны пайдалану арқылы 560,0 шаршы метр коммуналдық жалға берілетін тұрғын үй пайдалануға берілді, әлеуметтік қорғауды қажет ететін 10 азаматтың тұрғын үй мәселелері шешілді.

Осы бағдарлама бойыншы облыстық бюджеттен 440,0 мың теңге бөлінді. Қарауылкелді селосында салынатын екі пәтерлік 3 тұрғын үй салуға жобалау сметалық құжаттама жасалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Құжаттама «Стройуниверсал» ЖШС-мен 198,5 мың теңгеге жасалды. Мемлекеттік сараптама «Ақтөбемемсараптама» ЕМК-мен 187,4 мың теңгеге өткізілді.

Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға берілетін нысаналы даму трансферттерінен 62 000,0 мың теңге бөлініп, 9764,3 мың теңгеге Қарауылкелді селосының «Солтүстік аудан» көшелеріне жаңадан ұзындығы 2085 метр болатын су құбыры тартылды. Мердігер – Қарауылкелді селосынан «Мерей и К» ЖШС-і.

Қарауылкелді селосының "солтүстік ауданының" жаңа көшелерін электрмен қамтамасыз ету (2 кезең) құрылысына 911,0 мың теңгеге жобалау сметалық құжаттама жасалып, мемлекеттік сараптамадан өкізілді. Жалпы сомасы 51 324,7 мың теңге тұратын Қарауылкелді селосының "солтүстік ауданының" жаңа көшелерін электрмен қамтамасыз ету (1 кезең) құрылысы ұзындығы 7800 метр жоғары кернеулі электр желісі жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс монтаж жұмыстары 2012 жылы бітетіндіктен, 48 884,0 мың теңгенің жұмысы жасалды.

Облыстық бюджеттен инженерлік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы бойынша 1333,0 мың теңге бөлініп, Бармақ батыр көшесіне электр энергиясын тарту үшін «Стройуниверсал» ЖШС-мен 88,0 мың теңгеге жобалау сметалық құжаттама жасалды. Мемлекеттік сатып кортындысы бойынша 1213,5 мың теңге үнемделді.

«Ноғайты ауылындағы көше жарығы» құрылысына жобалау сметалық құжаттамасына аудандық бюджеттен 60,0 мың теңге бөлініп, 55,0 мың теңгеге жобалау сметалық құжаттама жасалды.

Облыстық бюджеттен Дияр елді мекенін сумен жабдықтауға 2010 жылы 34295,7 мың теңге бөлініп, сметалық құны 34295,7 мың теңге құрылыс монтаждау жұмыстарына «Ади-Нұр» ЖШС-і ұтып алып, құрылыс нысанын қараша айының соңына тапсыру керек болатын, алайда мердігердің жауапсыздығы салдарынан құрылыс-монтаж жұмыстары 2010 жылы толық жасалмай, құрылыс нысаны уақытылы тапсырылмауына байланысты, құрылыс-монтаж жұмыстары 29333,5 мың теңгеге орындалды. 2011 жылы құрылыс монтаж жұмыстары аяқталып 4962,2 теңгесі аударылып берілді.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы шеңберінде инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымдардың дамуы бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 4500,0 мың теңге бөлініп, «Ай-Жібек» базарына «АманҚұрылысОйл» ЖШС-мен 2459,0 мың теңгеге 300 метр, «Шанов» ЖК-нің кондирерлік цехына «АқтөбеЖарық» ЖШС-мен 1668,3 мың теңгеге 240 метр су құбырлары тартылды. «Етенбаева» ЖК-не құны 295,0 мың теңге тұратын тоқ генераторы сатып алып берілді.

«Ауылдың гүлденуі-қазақстанның гулденуі" жастар марафон эстафетасы жүргізілді. Марафонға 1310 оқушы қатысты. Оған облыстық бюджеттен 13243,1 мың теңге қаржы бөлініп, қаржы толық игерілді.

2010 жылы «Жол картасы» бойынша келісімнің негізінде, «Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді селосындағы су құбыры желілерін қайта жаңарту» жұмыстарын жүргізу үшін барлығы 32 451,0 теңге бөлінген болатын. Жалпы құны 28 951,3 мың теңгеге 7 км су құбыры желілері жаңартылды. Республикалық бюджеттен 21432,0 мың теңге, Облыстық бюджеттен 5359,0 мың теңге, аудандық бюджеттен 2160,3 мың теңге. Үнемделген қаржыға қосымша аудандық бюджеттен 300,0 мың теңге бөліп, Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді селосының су шаруашылығы нысанына қайта жаңартуға 3323,1 мың теңгеге Қарауылкелді су құбырларын ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған ІІ – ші дәрежелі көтерілімді су айдау станциясының нысанына қайта жаңарту жұмыстары жасалды. 166,6 мың теңгесі үнемделіп, технологиялық қамтамасыз етуге 10,0 мың теңгені аударып үлгермеуіне байланысты 2011 жылы аударылды.

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы Жаңатаң ауылына су құбырлары кешенінің құрылысы жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттама даярлау үшін облыстық бюджеттен 2100,0 теңге бөлінді. Бір көзден сатып алу тәсілімен «Актюбинский институт инженерных изысканий » ЖШС-і жеңімпаз атанып, алдын ала 30 пайызы 2100,0 мың теңге аударылды. Жобалау сметалық құжаттама 2012 жылы дайын болады.

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы Жарлы ауылына су құбырлары кешенінің құрылысы жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттама даярлау үшін облыстық бюджеттен 2400,0 теңге бөлінді. Бір көзден сатып алу тәсілімен «Актюбинский институт инженерных изысканий » ЖШС-і жеңмпаз атанып, алдын ала 30 пайызы 2400,0 мың теңге аударылды. Жобалау сметалық құжаттама 2012 жылы дайын болады.

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы Бұлақтыкөл ауылына су құбырлары кешенінің құрылысы жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттама даярлау үшін облыстық бюджеттен 2250,0 теңге бөлінді. Бір көзден сатып алу тәсілімен «Инженерное проектирование» ЖШС-і жеңмпаз атанып, алдын ала 30 пайызы 2 250,0 мың теңге аударылды. Жобалау сметалық құжаттама 2012 жылы дайын болады.



Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк функционалдық тобы бойынша жылдық бекітілген жоспар 118 899,0 мың теңге болып жыл ішінде нақтыланумен 148 571,0 мың тенге нақтыланып, жыл ішіндегі түзетулермен 148 571,0 мың теңгеге түзетіліп, 148 557,9 мың теңгеге орындалды, немесе 100,0 пайызға орындалды.

Аудандық бюджеттен Кемерши селолық клубы ғимараты мен Аудандық мәдентиет үйі ғимаратын күрделі жөндеуге 22 000,0 мың теңге бөлінді. Кемерши селолық клубының күрделі жөндеу жұмыстарына «Инж-Энерго» ЖШС-мен 16 999,9 мың теңгеге, ал аудандық мәдениет үйінің күрделі жұмыстарын «Кураганов Н» ЖК-мен 4 922,0 мың теңгеге жөндеу жұмыстары жасалды.

Айрық елді мекеніне кітапхана жасақтау үшін Көшім Сарсен Нұрбергенұлынан 600,0 мың теңгеге ғимарат сатып алынды (Аудандық мәдениет үйіне 1915,8 мың теңгеге әртүрлі музыкалық аппаратуралар мен дыбыс күшейткіштер сатып алынды. Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне 694,0 мың теңгеге 4 компьютер, 1 көп қызметті құрал (принтер, сканер), 1 проектор сатып алынды.)

Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салу бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен бөлінген қаржыдан 3090,0 мың теңге секвестр жасалды.



Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары функционалдық тобы бойынша жылдық бекітілген жоспар 49 827,0 мың теңге болып, жыл ішінде нақтыланумен 56 255,9 мың теңге болып, 55 636,6 мың теңгеге орындалды яғни 98,9 пайыз.

Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен ауылдық елді мекендер саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру бағдарламасы бойынша 3312,0 мың теңге бөлініп, мамандарға 2174,7 мың теңге және банктің қызметіне 566,8 мың теңге аударылды. Игерілмеген 570,5 мың теңгесі республикалық бюджетке қайтарылады.

Республикалық эпизоотияға қарсы шаралар 35 563,0 мың теңге бөлініп 35 562,3 мың теңгеге игеріліп 0,7 мың теңге үнемделді.

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі функционалдық тобы бойынша жылдық бекітілген жоспар 7581,0 мың теңге болып жыл ішінде нақтыланумен 7 581,0 мың тенге болып, 7 580,4 мың теңгеге орындалды немесе 100 пайыз.

Көлiк және коммуникация функционалдық тобы бойынша жылдық бекітілген жоспар 11 8250 мың теңге болып, жыл ішінде нақтыланумен 12 331,0 мың тенге болып, 12 330,5 мың теңгеге орындалды немесе 100.0 пайыз

Басқалар функционалдық тобы бойынша жылдық бекітілген жоспар 26 532,0 мың теңге болып, жыл ішінде нақтыланумен 25 706,0 мың тенге болып, 25 647,8 мың теңгеге орындалды яғни 99,8 пайыз

Кәсіпкерлік қызметті қолдау қызметіне 2 340,0 мың теңге бөлініп, 2 340,0 мың теңге игерілді.

Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайтуға 8 500,0 мың теңге бөлініп, «Байғанин» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорының жарғылық қоры ұлғайды.

Республикалық бюджеттен аудандық бюджетке 203 099,0 мың теңге бөлініп, 191 135,2 мың теңге игеріліп, 11 963,8 мың теңге қалдық қалдырылды.

Облыстық бюджеттен аудандық бюджетке 28 871,9,0 мың теңге бөлініп, 27 601,6 мың теңге игеріліп, 1270,3 мың теңге қалдық қалдырылды.

Құрметті аудандық Маслихат депутаттары! Сіздерге ұсынылып отырған 2011 жыл ішіндегі бюджеттің атқарылуы туралы есебін тыңдадыңыздар , осы ұсыныстарды ескере отырып, аудан бюджетінің атқарылуы кіріс бойынша 2 670 121,0 мың теңге, шығыс бойынша 2 430 960,9 мың теңге көлемінде бекіту ұсынылады.

Байғанин аудандық



қаржы бөлімінің бастығы: Б.Т.Боранбай


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет