2011 жылғы бірінші жартыжылдық бойынша мемлекеттік органдардың елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін атқарған және жоспарлап отырған шаралары туралы жиынтық есеп



бет3/3
Дата30.06.2016
өлшемі428.76 Kb.
#167339
1   2   3

Білім беру

- сыртқы бағалудың бар нысандарын жетілдіру;

- мектеп жасындағы балаларды есепке алудың автоматтандырылған жүйесін қалыптастыру;

- аккредиттеу ресімдерін жетілдіру, жоо-ларды аккредиттеу жөніндегі сарапшыларды даярлауды күшейту;

- ұлттық және халықаралық рейтингілерге қатысушы жоо-лардың желісін кеңейту;

- жергілікті атқарушы органдар техникалық жәнекәсіптік білім беру ұйымдарында білім алуға мемлекеттік тапсырысты арттыру бойынша шараларды қабылдасын.

Бұдан басқа, алдағы кезеңде:

- білім алушыларды құзыреттіліктің қалыптасу деңгейін анықтауға бағытталған және компьютерлік тестілеу әдісі бойынша өткізілетін білім алушылардың оқу жетістіктерін сыртқы бағалаудың жаңа жүйесін (БОЖСБ) әзірлеу;

- ашылатын аумақтық департаменттер арқасында білім беру сапасына бақылау жасау жүйесін жақсарту;

- 90 объектілердің құрылысын аяқтау (25 мектеп, 65 бала бақша);

- Аккредиттеу агенттіктерінің, аккредиттелген білім беру ұйымдарының және аккредиттелген білім беру бағдарламаларының ұлттық тізілімін құру;

- Жоғары оқу орындарының ұлттық рейтінгісін өткізу;

- техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының желісін кеңейту (2011 жылы РБ есебінен 1200 орынға арналған 2 кәсіптік-техникалық лицей салынатын болады);

- ТжКББ-дің 65 мамандығы бойынша жаңа мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар мен жалпы білім беру бағдарламаларын, 720 пән бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлеу жоспарланып отыр.

«Денсаулық сақтау»

Алдағы уақытта келесі шаралар қабылданатын болады:

- әлеуметтік маңызы бар аурулардың таралуын алдын алу мақсатында әлеуметтік қызметкерлерді, үкіметтік емес ұйымдарды тарту;

- туберкулез бен АИТВ/ЖИТС ауруларының таралуын алдын алу мақсатында ақпараттық материалдарды тарату;

- қажетті медицианалық құрылғыларды сатып алу;

- медициналық және медициналық емес мамандар үшін кәсіби стандарттарды жасау;



«Халықтың әл-ауқаты»

жұмыспен қамту:

Орталық және жергілікті атқарушы органдар қабылданған бағдарламалар шеңберінде жаңа жұмыс орындарын ашатын болады.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде келесілер көзделеді:

кәсіптік біліммен 75 мың адамды қамту;

әлеуметтік жұмыс органдарына 9,4 мың адамды жұмысқа тұрғызу;

3 мың адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;

өз ісін ашуға және кеңейтуге микронесиелер ұсыну;

2018 жобаны үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету;

бағдарламаның 2 528 қатысушыларына көшу үшін субсидиялар бөлу;

жалпы алғанда жыл соңына дейін бағдарлама 100 адамды қамтитын болады.



тұрғын үймен қамту:

Жалдамалық тұрғын үйлердің құрылысы бойынша «Самрұқ-Қазына» Жылжымайтын мүлік қорынының қызметін кеңейту.



қылмыспен күрес:

Мына мәселелерді пысықтау жоспарланып отыр:

- полицияның қызметін бағалаудың жаңа өлшемдерін әзірлеу және ендіру;

- ішкі істер органдарын сот сараптамаларының жеке түрлерін жасау құзыретімен бөлеу;

- есептіліктің статистикалық нысандарын оңтайландыру.

Азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеуге міндеттейтін «Халықтың көші-қоны туралы» заң жобасы қабылданатын болады.

Көшелерде және қоғамдық орындарда бейнебақылау жүйесін ендіру, азаматтардың көп қоныстанған тұрғын шағын аудандар мен жерде бейнебақылау камераларын орнату бойынша жұмыс жалғасатын болады.

Атырау қаласында орналасқан Экстремизммен күрес жөніндегі басқарманың Крминалдық полиция және Ұйымдасқан қылмыстылықпен күрес жөніндегі Батыс өңірлік басқармасымен жұмыс жалғасатын болады.

Қылмыстық істерді зерттеу кезінде сотқа дейінгі өндірістің оңайлатылған нысаны одан әрі таратылатын болады. Ағымдағы жылғы ақпан айынан бастап айқын аса ауыр қылмыстарды зерттеу кезінде енгізілді.

«Институттар» факторы

«Институттар» факторының барлық көрсеткіштерін жақсарту бойынша есепті кезенде мемлекеттік органдармен шаралар өткізілген. Жекешелеп айтқанда:



  • Нормативтік-құқықтық база жетілдірілуде:

- кәсіпкерлік субъектілерін жекешелендіру құқықтарын қорғауына бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес пен жеке меншікті заңсыз тартып алуға (рейдерлікке) қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданған;

- «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы қабылданған, оның щеңберінде мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде пайда болатын, меншік иесінің құқықтарын қамтамассыз ету мақсатында қатынастары регламенттелген;

- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданған, оның шеңберінде мәміле жарамсыздығы салдары нақтыланған;

- «Медиация туралы» Заңы қабылданған, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар (дау-шаралар) медиацияның қолданылу саласы болып табылады;

- «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мен сақтау саласындағы бірыңғай реттеу қағидаттары туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы қабылданды;

- «Зияткерлік меншік саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысы қабылданған 6;

- соттардын әлеуметтік кепілдіктерін нығайту үшін, бағытталған үш заңжобасы әзірленіп және тиісті мемлекеттік органдарға талқылау үшін ұсынылған, соттар үшін биік стандарттарды енгізу, соттын қолжеткі зімдігі мен ащықтығын камтамасызету, сондай-ақ, сот жүйесіндегі жемқорлықты түбімен жою мақсатында әділ соттын тиімділігін арттыру үшін;

- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншікті қорғау және дамыту тетіктерін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметіне енгізілген болатын, зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы халықаралық нормаларға сәйкестендіруге бағытталған, патенттік құқықтарының негізгі қағидаттарын өзгерту, дәстүрлі зияткерлік меншік құқықтарының объектілеріне деген кейбір қөзқарастарын қайта қарау, сондай – ақ, Интернет торындағы сабақтас және авторлық құқықтарды қорғауына;

Салық төлеушіге мүлікпен пайдалану жөніндегі шектеулер туралы шешімді (бұдан әрі - шешім) қолға беру мерзімді 5 жұмыс күніне ұзартуды және хабарландыруды қолға берген күннен бастап 10 жұмыс күннен кейін тізімдеме актісін жасау мерзімін белгілеуді көздейтін "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне енгізілді;



- «Осы Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің актілері мен тапсырмаларын орындау сапасын бағалау әдістемесі» Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бұйрығы қабылданған7;

- «Қадағаланатын аяда/салада/өңірде стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру тиiмдiлiгiн бағалау жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық дамыту және сауда министрлігінің бұйрықтары89 (орталық және жергілікті атқарушы органдар жұмысын бағалау үшін);

- «Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін жалпы бағалауды қалыптастыру кезінде үкіметтік емес ұйымдарды (қоғамдық бірлестіктерді), тәуелсіз сарапшыларды тарту тәртібін және Үкіметтік емес ұйымның/тәуелсіз сарапшының мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау жөніндегі сараптамалық қорытындысының форматын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық дамыту және сауда министрлігінің бұйрығы қабылданған 10;

Ұйымдық- ақпараттық шаралар өткізілуде:

- Жеке құқықты жүзеге асыру және қорғалатын сұрақтарды реттеу бойынша, қолданып жүрген заңнамалардың талдау анализі өткізілді, қорытынды бойынша: «Заңды және жеке тұлғалардың жеке құқықтарын қорғау бойынша мәселелерді анықтау» тақырыбында «дөнгелек стөл» өткізілген.

- Қызыққан мемлекеттік органдардың қатысуымен қоғамдық және басқада ұйымдарда, сонымен қатар кәсіпкерлер өз қызметінде жеке меншік интеллектуал объектілерін қолданатын, ұйымдық және 758 семинар сабақтары өткізілген, 524 «дөңгелек стол», 306 теледидарлар мен радиодаларда шығу ұйымдастырылған, 369 бап мерзімді баспасоз басылымдарында жарияланған, көптеген ұйымдарда және оқу орындарында 3 264 лекциялық сабақтарда оқылды.

- 2011 жылдың I жарты жылдығында өткізілді:

Жеке меншік интеллектуалды объектілерін қолданатын 539 субъектілер тексерісі. Өткізілген тексеріс қорытындылары бойынша 248 құқық бұзушылық анықталды. Соттық органдарда қарастыруға қозғалған 226 әкімшілік жұмыстар бағытталған. 180- сотпен қаралған, 6- қайтарылған, 4- тоқтатылған, 39 жұмыс соттың қаралуында.

Мемлекеттік органдардың қызметі мемлекеттік қызмет туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларын сақтау сұрақтары бойынша 1239 тексеріс, сонымен бірге 918- жоспарланған, 155- азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің өтініштері бойынша, 79- мемлекеттік органдар және басқада заңды тұлғалардың өтініштері бойынша, 81– ҚР мемлекеттік қызмет ісі туралы Агенттігінің басшысының тапсырмасы бойынша, басқада ақпараттар бойынша, 6- БАҚ және басқада көздерде басылып шығарылған. Тексеріс қорытындысы бойынша 5198 заңнамалық бұзушылық анықталды, сонымен бірге жоспарлық тексеріс кезінде 4964 факт бұзушылық орын алды.

- Жоғарғы Соттың ресми өкілінің қатысуымен (7.06.2011) бірінші брифингі БАҚ үшін өткізілді. Тұрақты негізде айына екі рет осындай шаралар өткізілу жоспарлануда;

- Соттардың және Жоғарғы баспасоз қызметкерлерінің қатысуымен, орталық және аумақтық дәрежеде баспасөз және электронды шығарылымдарда 4215 басылымдар облыстық соттарда құрады, 318 бағдарлама және теледидар және радиоға сұхпат алу ұйымдастырылған, 253 пресс- конференция және брифингтер, 445 тұрғындармен кездесу. Соттар мен сот мүшелерінің қатысуымен «СТВ» каналында «Әділ қазы» бағдарлама түсірілімдері жалғасуда;

- Жасырын түрдегі әдіспен 346 соттарда немесе (соттардың 96%) прессаға қатысқандардың арасындағы республикалар және басқада азаматтардан әлеуметтік сұрау сауалнамасы өткізілген. Жалпы сұрау алынған азаматтар саны 56836 құрады. Өткізілген әлеуметтік сұрау нәтижелері Жоғарғы Соттың Веб-сайтында жарияланған;

- мемлекеттік органдар қызметін бағалауға тәуелсіз сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдарды (қоғамдық бірлестіктерді) қызықтыру сұрақтары бойынша БҰҰДБ Өкілдігімен бірге Қазақстанда (25.03.2011ж.) дөңгелек стөл өткізілді;

- «ҚР мемлекеттік органдар қызметін бағалау жүйесіне жәрдем енгізу» жобасын жетілдіруге БҰҰДБ Өкілдігімен Қазақстанда 320мың.АҚШ долл. соммасы грантына қатысты шартқа қол қойылған;

- 2011 жылғы бағалауға қатысты, барлық мемлекеттік органдар үшін бағалау жүйесін түсіну бойынша (14.13.2011г.) семинар- жиналысы өткізілген;

- АҚ «Экономикалық зерттеулер институты» ішінде мемлекеттік органдар қызметін бағалау Орталығы сарапшы- аналитикалық, әдістемелік және ұйымдастырушылық мақсатта құрастырылған;

- Құқық тәртібін қадағалауға қоғамды тарту бойынша шаралар қабылданды. Полициямен тығыз байланыс қорытындысында 36мың.аса адам саны 8 мың.аса қоғамдық құрамалар жүзеге асырады.

Қоғамдық полиция көмекшілері, консьержалар, студенттік отрядтар, «Сақшы» осындай құрамалардың қызметін жетілдіреді.



Жалпы «Институттар» факторының көрсеткіштерін жақсарту үшін келесі шараларды өткізу жоспарланып отыр:

- құқықты түсіндіру жұмыстарын кеңінен, тексеру шараларын, заңнмаларды жетілдіруді жүргізу;

- халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің жаңа стандарттарын енгізу және жетілдіру;

- жыл сайынғы бағалау жүйесінің тәсілдері мен жолдарын жетілдіру, мемлекетік органдар қызметінің тиімділігін бағалауды терендету және қамытыуын кеңейту;

- жалпы мемлекеттік органдарда еңбекті ұйымдастыру тиімділігін арттыру мақсатында әрбір жеке қызметкердің қызметін бағалайтын ішкі аудит жүйесін енгізу;

- тиісті мемлекеттік органдармен (Жоғарғы сот, ІІМ, ЭДСМ, АШМ, КТМ, Қаржымині), сондай-ақ, (заңды тұлғаларын бірлестігі) азаматтық сот ісін жүргізу мәселелері болған жағдайда жеке кәсіпкерлер ассоциясымен «дөңгелек үстел» өткізу;

- «Мемлекеттік қызметкерлердін имиджі», «Мемлекеттік қызметкерлердің имиджі мен этикасы» тақырыптары бойынша лекциялар, семинарлар өткізу;

- мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жүргізу;

- құқық тәртібін қамтамасыз ету кезіндегі сияқты, полиция қызметіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету мақсатында, полиция қызметіне қоғамдық құрылымдардың қатысуын қамтамасыз ету;



- «Нұр Отан» ҚДП-мен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қонституциялық құқықтарымен қорғау қылмыстық қол сұғушылықтан азаматтардың бостандығын, қоғамдық және діни ұйымдармен одан әрі өзара іс-қимыл жасау.
____________________

1 ҚР Индустрия және жаңа технология минимтрлігінің мәліметтері бойынша.

2ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 7 шілдедегі № 787 қаулысы

3ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 7 шілдедегі № 787 қаулысы

4ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 232 қаулысы

5 ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 30 маусымдағы № 736 қаулысы

6 2011 жылғы 26 мамырдағы № 579 ҚРҰҚ

7 2011 жылғы 14.01№ 01-38.8 ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының бұйрығы.

82011 жылғы 27.06. № 187 ЭДСМ бұйрығы.

9 2011 жылғы 27.06. № 188 ЭДСМ бұйрығы.

10 2011 жылғы 04.03. № 50 ЭДСМ бұйрығы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет