2011 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі Еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалы


Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011-2014 жылдарға арналған бағдарламасы



бет2/3
Дата22.02.2016
өлшемі5.03 Mb.
#1328
1   2   3

Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011-2014 жылдарға арналған бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы


31 наурыздағы қаулысымен Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011-2014 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама), сондай-ақ оны іске асыру бойынша Іс-шаралар жоспары бекітілді.

Бағдарламаға сәйкес 2011 жылы барлық қаржыландыру көздері есебінен жалпы көлемі 6 млн. шаршы м тұрғын үйді пайдалануға енгізу көзделген. Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің ақпараты бойынша 2011 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде барлық қаржыландыру көздері бойынша тұрғын үй құрылысына 417,1 млрд.теңге инвестиция жіберілген немесе 2010 жылғының 119,2 %-ы. Тұрғын үйді енгізу пайызы жылдық жоспардың 108,3 %-ын құрады.

Республиканың төрт облысында: Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласында 2011 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде барлық қаржыландыру көздері бойынша пайдалануға енгізілген тұрғын үйдің көлемі 2010 жылғы деңгейіне жеткен жоқ, Ақмола облысында мұндай көрсеткіш екі есеге өсті.

2011 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде мемлекеттік меншік кәсіпорындары мен ұйымдары пайдалануға 834,3 мың шаршы метр тұрғын үй енгізді. Мемлекеттік сектор республикадағы тұрғын үй енгізудің жалпы көлемінің небары 12,8 %-ын алады.

Есепті кезеңде жеке меншік нысандағы кәсіпорындар мен ұйымдар және халық есепті кезеңде жалпы алаңы 5,4 млн.шаршы метр тұрғын үй енгізді. Олардың ішінде халықтың қаражаты есебінен 3,6 млн. шаршы метр немесе енгізілген тұрғын үйдің жалпы көлемінің 54,6 %-ы.

Барлығы болып республика бойынша 55 511 пәтер пайдалануға тапсырылды, одан – 24 260-ы жеке тұрғын үйлер.

2011 жылы Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының


2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Мембағдарлама) шеңберінде бөлінген қаражат есебінен жалпы алаңы 314,6 мың шаршы метр үй немесе жалпы алаңы 263,6 мың шаршы метр пәтер, оның ішінде: 31,2 мың шаршы метр жалға берілетін (коммуналдық) тұрғын үй және 232,4 мың шаршы метр кредиттік тұрғын үй пайдалануға енгізілді.

Жалға берілетін тұрғын үй салуға облыстық бюджеттер, Астана мен Алматы қалаларының бюджеттеріне 2011 жылы республикалық бюджеттен сомасы 10 900 млн. теңге нысаналы трансферттер бөлінді, одан әкімдіктер 10 125,4 млн.теңгесін немесе 92,9 %-ын игерді. 2011 жылға арналған тұрғын үй енгізу жоспары 138,6 мың шаршы метрді құрайды, пайдалануға жалпы алаңы 120,5 мың шаршы метр пәтер немесе 2 006 пәтер жалға берілетін тұрғын үй енгізілді.

Республикада тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын үй салуға және сатуға республикалық бюджеттен кредиттік қаражат есебінен жергілікті атқарушы органдарға 28 776,9 млн.теңге бөлінді, одан өңірлер 25 157,9 млн.теңгесін немесе 87,4 %-ын игерді. Ағымдағы жылы кредиттік тұрғын үйлерді енгізу болжамы өтпелі объектілерді ескере отырып, 45,7 мың шаршы метрді құрайды. 2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша пайдалануға жалпы алаңы 54,1 мың шаршы метр пәтер енгізілді немесе
814 пәтер кредиттік тұрғын үй енгізілді.

Республикада тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесін жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ қызметінің басынан бастап шамамен 216,8 мыңнан астам қатысушы жалпы жинақтау сомасы 72,6 миллиард теңгеге тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарт жасасты. Тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы жасалған шарттардың неғұрлым көп үлесі Астана - 15,7 %, Алматы – 13,8 % қалаларына, Ақтөбе - 8,2 %, Шығыс Қазақстан - 7,7 % облыстарына келеді.

2011 жылы тұрғын үй, аралық және алдын ала тұрғын үй қарыздары 9 603 қарыз алушыға жалпы сомасы 29 800,2 млн.теңге, одан – 4 688 қарыз алушы немесе қарыз алушылардың жалпы сомасының 48,8 %-ы жалпы сомасы 16 348,5 млн.теңге Мембағдарлама шеңберінде берілді.

Жеке тұрғын үй құрылысын дамытуды ынталандыру жылжымайтын мүлік нарығын дамыту саласындағы дәйекті саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Республикада тұрғын үй құрылысы проблемаларын кешенді шешу мақсатында тұрғын үй құрылысы салынып жатқан аудандарды инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар жүргізілуде.

2011 жылы тұрғын үй құрылысы салынып жатқан аудандарды инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға және жайластыруға республикалық бюджеттен сомасы 28,1 млрд.теңге нысаналы трансферт, оның ішінде: Ақмола облысында Астана қаласының серіктесі ретінде Қосшы ауылын дамыту бойынша алдын ала жұмыстар жүргізуге - 3,8 млрд.теңге және Алматы қаласына төрт серіктес-қала салу бойынша Алматы облысында алдын ала жұмыстар жүргізуге – 4,0 млрд.теңге бөлінді. Жергілікті атқарушы органдарға бөлінген 28 071 млн.теңгеден іс жүзінде 26 165,0 млн.теңгесі немесе 93,2 %-ы игерілді.

2011 жылы республика бойынша 1 253 км.инженерлік желі, оның ішінде: 588,4 км электрмен жабдықтау желісі, 51,5 км жылумен жабдықтау, 125,8 км сумен жабдықтау, 144,7 км кәріз, 253,7 км газ құбырлары, 72,4 км кіреберіс жолдар салынды және 16,5 км телефон өткізілді.

Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

2011 жылы тау-кен өндіру өнеркәсібі кәсіпорындары 10,1 трлн. теңгеге өнім өндірді, көмір мен лигнитті өндіру  106 %-ға, табиғи газды өндіру 104,3 %-ға, темір рудасын өндіру 101,7 % -ға ұлғайды.  

2011 жылы тау-кен өндіру өнеркәсібі кәсіпорындары 4,6 трлн.теңгеге өнім өндірді, физикалық көлем индексі (ФКИ) 106,2 %; металлургиялық өнеркәсіп көлемі – 1,9 трлн.теңге, ФКИ 106,5 %. Қара металлургия өндірісі көлемі – 785,4 млрд.теңге, ФКИ 105,6 %; негізгі асыл және түсті металлдар – 1 156 млрд.теңге, ФКИ 107,2 %.

Химиялық өнеркәсіп көлемі - 142,7 млрд.теңге, ФКИ 121,5 %; машина жасау - 499,3 млрд.теңге, ФКИ 116,8 %.

Фармацевтикалық өнім өндіру көлемі - 21,8 млрд.теңге, ФКИ 94,9 %. Жеңіл өнеркәсіп өндірісі көлемі - 34,5 млрд.теңге, оның ішінде мыналар өндірілді: текстиль бұйымдары - 16,7 млрд.теңге, ФКИ 79,6 %, киім -
13,9 млрд.теңге, ФКИ – 101,2 %, былғары және оған жатқызылатын өнім -
3,9 млрд.теңге, ФКИ 103,7 %.

Мынадай 4: Астана қаласында көліктік машина жасау, Өскеменде тау-кен-металлургия жабдықтары және Петропавлда мұнай-газ жабдықтары, Астанада ауыл шаруашылығы машиналарын жасау сияқты конструкторлық бюролар (КБ) ашылды және жұмыс істеуде.

«Ұлттық инновациялық қор» АҚ жанынан Қазақстан-Корей технологиялық ынтымақтастық орталығы (бұдан әрі - ҚКТЫО) ашылды.

Олардың базасында коммерцияландыру кеңселерін ашу және дамытуға жәрдем көрсету мақсатында жыл сайынғы негізде ҒЗИ және университеттер іріктеу бойынша конкурс өткізіліп тұрады. 2011 жыл қорытындылары бойынша 9 коммерцияландыру кеңсесі ашылды, одан 7-еуі университеттерде және 2-еуі ҒЗИ-де.

Қазақстан экономикасының инновациялық құрамдастығын өсіру, халықтың кең ауқымының ұлттық инновациялық саясат туралы хабардарлығын арттыру мақсатында үгіт-насихат қызметі іске асырылуда. Жыл сайынғы негізде мыналар: Халықаралық инновациялық конгресс, NIF$50K инновациялық бизнес-жоспарлар мен ұтымдылық шешімдерінің конкурстары, «Өрлеу ақпараты» журналистік материалдар конкурсы, отандық инновациялық жобалар көрмесі.

Гранттық бағдарлама іске асырылуда. 2011 жыл қорытындылары бойынша жалпы сомасы 7,1 млрд.теңгелік 129 инновациялық грант берілді.

Қаржыландыруды ынталандыру мен инновациялық жобаларды енгізу мақсатында «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – заң) мынадай инновациялық қолдау шаралары көзделген: оларды алуға өтінімдерді тұрақты түрде жыл бойында қабылдауды көздейтін инновациялық гранттарды берудің жеңілдетілген схемасы, инновациялық гранттардың неғұрлым сұранысқа ие түрлері анықталды, олардың ішінде шетелдік және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге грант көзделген; инвестициялық стратегиялық жобалар үшін корпоративтік табыс салығы мен мүліктік салық, жер салығы бойынша салықтық демалыстар; венчурлік қорларда қатысу үлестерін (акциялар) сатып алуға шыққан шығын мөлшерінен салық салынатын табысты 50 %-ға дейінгі сомада азайту: салық салынатын табыс есебінен 10 жыл мерзімге венчурлік қорда акциялар мен қатысу үлестерін сатудан шығындарды өтеу; венчурлік қорлар төлейтін дивидендтерді, инновациялық жобалармен шұғылданатын (бизнес-періште) заңды тұлғалардағы қатысу үлестерін сатудан алған жеке тұлғаның мүліктік табысын салық салудан босату көзделген.

Ұсынылатын нормалар венчурлік қорларды, сондай-ақ венчурлік қорлар қаржыландыратын жобаларды ынталандыруға бағытталған. Венчурлік қаржыландырудың барлық сатыларында салықтық жүктемені төмендету венчурлік қорлардың инвестициялық табысын ұлғайтады, бұл түпкі нәтижеде инвесторларды оларды қаржыландыруға ынталандырады.



«Өнімділік-2020» бағдарламасы

Бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың бірқатар құралдары көзделген, бұл өз кезегінде шағын және орта бизнесті дамыту бағдарламасы - «Бизнестің жол картасы – 2020» мен Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасында (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) қамтылған басқа да құралдарды толықтырып отыр.

Бағдарламаны іске асыру барысында саны 150 өтінімнен асқан инвестициялық жобаларды ұсынатын өнеркәсіптік кәсіпорындар бойынша да жұмыстар жүргізілді. Одан, 2011 жылы Бағдарлама операторының оң сараптамасын алған – жалпы сомасы 40 млрд.теңгеден асатын 27 жоба, оның ішінде: машина жасау – 7 жоба; құрылыс материалдары индустриясы– 7 жоба; энергетика – 4 жоба; АӨК – 3 жоба; химиялық – 2 жоба; металлургия – 1 жоба; фармацевтика – 1 жоба; ағаш өңдеу – 2 жоба.

Бағдарлама 2011 жылдың екінші жартысынан бастап іске қосылуына қарамастан, онда қатысуға Қазақстанның дерлік барлық өңірлерінен өнеркәсіптің 12 саласын білдіретін 200-ден астам кәсіпорын қызығушылық танытты.



«Экспорттаушы-2020» бағдарламасы

«Экспорттаушы-2020» бағдарламасы шеңберінде «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттiгi» акционерлік қоғамы экспорттаушыларды сервистік және қаржылық қолдау бойынша қазақстандық шикізаттық емес экспортты дамыту және алға жылжыту бойынша жұмыстар жүргізуде.

Қазақстандық тауарлар мен брендтердің таныстырылымы бойынша шамамен 60-қа жуық арнайы іс-шаралар, 14 сауда-саттық миссиясы, 20-дан астам елде сатушылар мен сатып алушылар кездесулері өткізілді, 50 шетелдік көрмеде 67 экспорттаушының қатысуы қамтамасыз етілді. Осы іс-шаралардың нәтижелері бойынша сомасы 520 млн.АҚШ долларына экспорттық келісімшарттар жасалды.

Бұдан басқа, 2011 жылы 81 отандық экспорттаушыға өнімдерін экспортқа шығарумен байланысты сомасы 201 млн.теңгеге шығындары өтелді.



«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы

2011 жылы жаңа бизнес-бастамаларды қолдау, кәсіпкерлік секторды сауықтыру, кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету жөніндегі міндетті орындау шеңберінде субсидиялауға кредиттерінің жалпы құны


148,2 млрд.теңгелік 595 өтінім мақұлданды, одан:

- жаңа бизнес-бастамаларды қолдау бойынша сомасы 80,6 млрд.теңгелік 483 жоба мақұлданды, одан Павлодар облысында – жалпы құны


3,9 млрд.теңгеге 68 жоба, Ақтөбе облысында – сомасы 11,1 млрд.теңгеге
50 жоба, Қарағанды облысында – сомасы 10,9 млрд.теңгеге 50 жоба.

Қаражат мынадай: қонақ үй кешенін салуға «Акцент Contraction» ЖШС, кредит сомасы - 2,8 млрд.теңге; ет өндіру бағытындағы құс фабрикасын ашуға «Компания Сары-Булак» ЖШС Алматы облысында, кредит сомасы - 3 млрд.теңге; Шығыс Қазақстан облысында жүгеріні қайта өңдеу зауытын жаңғыртуға «Өскемен арматура зауыты» АҚ, кредит сомасы - 3,8 млрд.теңге; «Рудный цемент зауыты» ЖШС Қостанай облысында кредит сомасы - 4,5 млрд.теңге - жобалық қуаты жылына 500 мың тонналық жаңа цемент өндіруді ұйымдастыру сияқты ірі жобаларды іске асыруға бөлінді.



- кәсіпкерлік секторды сауықтыру бойынша – кредиттерінің жалпы сомасы 53,5 млрд.теңгеге 78 жоба. Саны ең көбі Алматы облысында – жалпы сомасы 20,8 млрд.теңгеге 11 жоба, Алматы қаласында – сомасы
6,7 млрд.теңгеге 10 жоба, Жамбыл облысында – сомасы 2,8 млрд.теңгеге
7 жоба.

Оның ішінде мынадай ірі жобаларды атап айтуға болады: Алматы облысында құс фабрикасын салу, «Казрос-Бройлер» АҚ, кредит сомасы -


18,8 млрд.теңге; оқу корпусын реконструкциялау және спорт залын салу, «Қазақ Гуманитарлық Заң университеті» АҚ Астана қаласында, кредит сомасы - 2,7 млрд.теңге; сүт өнімдерін өндіру үшін айналымдық қаражатын толықтыру «МАСЛО-ДЕЛ» ЖШС Алматы қаласында, кредит сомасы - 4,5 млрд.теңге.

кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету бойынша – жалпы сомасы - 14,1 млрд.теңгеге 34 жоба. Саны ең көбі Оңтүстік Қазақстан облысында - сомасы 3,8 млрд.теңгеге 9 жоба, Солтүстік Қазақстан облысында - сомасы 2,7 млрд.теңгеге 5 жоба, Шығыс Қазақстан облысында - сомасы 1,4 млрд.теңгеге 5 жоба.

Оның ішінде мынадай ірі жобаларды атап айтуға болады: Оңтүстік Қазақстан облысында ұнды қайта өңдеу үшін бидай сатып алуға «Алтын Дән» ЖШС, кредит сомасы - 1 млрд.теңге; Солтүстік Қазақстан облысында ұн тарту өндірісін дамытуға «Золотые поля» ЖШС, кредит сомасы - 1,9 млрд. теңге; Ақмола облысында астықты көтерме саудалау үшін айналымдық қаражатын толықтыруға «Атамекен-Агро» ЖШС, кредит сомасы - 3 млрд.теңге.

Бұдан басқа, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында бұрын жұмыс істеп тұрған ірі кәсіпорындар мен өнеркәсіптік аймақтар негізінде индустриялық аймақтарды ұйымдастыру жөніндегі жұмыстар басталды.

Жалпы алғанда Бағдарламаның барлық міндеттерін орындау шеңберінде саны 61 мыңнан аса адам жұмыс істейтін 600 кәсіпорынға қолдау көрсетілуде. Бұдан басқа, осы кәсіпорындарда 20 мыңнан астам жұмыс орын ашу жоспарланып отыр, бұл ретте субсидияланатын кезеңге салықтық аударымдар көлемі шамамен 40 млрд.теңге.

Сонымен қатар, бизнес-қоғамдастықтың ұсынымдары бойынша Бағдарламаға қосымша кәсіпкерлік әлеуетті күшейту бойынша міндет кіргізілді, ол мыналарды: енді бастаған кәсіпкерлерді (старт-ап жобалар) қолдау; қолданыстағы бизнесті жүргізуді сервистік қолдау; ШОБ топ-менеджментін оқыту; «Іскерлік байланыстар» жобасы; жастар практикасы бойынша іс-шаралар ұйымдастыруды қамтиды.

«Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту» міндеті шеңберінде «Даму» қоры «Енді бастаған кәсіпкерлерді (старт-ап жобалар) қолдау» құрауышын іске асыруды жүзеге асыруда, оның шеңберінде 12 мың адам оқудан өтті.

Жалпы республика бойынша 1000-нан астам кәсіпкерге сомасы
145 млн.теңгеден асатын 3 мыңнан астам сервистік қызмет көрсетілді.

«ШОБ топ-менеджментін оқыту» құрауышы шеңберінде шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жоғарғы және орта буын басшылары үшін оқулар ұйымдастырылды.

Қазіргі таңда «Назарбаев Университет» Дьюк (АҚШ) Университетімен бірлесе отырып, 210 кәсіпорын басшыларын оқытуды аяқтауда.

«Іскерлік байланыстар» жобасы шетелдік әріптестермен бірге екі кезеңде іске асырылады. Бұл ең алдымен Германия (ГИЗ) және АҚШ (ЮСАИД). Осы жоба шеңберінде Астана және Алматы қалаларында 293 қатысушы оқытылды, 21 кәсіпкер Германияда тағылымдамадан өтті.

ЮСАИД және ЕуроОдақпен қол жеткізілген екіжақты уағдаластықтардың арқасында 2012 жылдан бастап жоба қатысушылары АҚШ пен Еуропа елдерінде тағылымдамадан өтетін болады.

Жастар практикасы бойынша іс-шараларды ұйымдастыру үшін
2011 жылы республикалық бюджеттен 1 326 122 мың теңге бөлінді, 1 275 188,5 мың теңгесі немесе бөлінген соманың 96,2 %-ы игерілді, игерілмеген қаражат қалдығы - 50 933,5 мың теңге.

Игерілмеген қаражаттың ең көбі Астана қаласында байқалады, көзделген 17 550 мың теңгеден 4 010,4 мың теңге немесе 22,9 %-ы игерілген, Маңғыстау облысында көзделген 54 600 мың теңгеден 24 071,3 мың теңгесі немесе


44,1 %-ы игерілген және Қостанай облысында көзделген 51 687 мың теңгеден 46 356,2 мың теңгесі немесе 89,7 %-ы игерілген. Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша пайдаланылмаған қаражат қалдығы жұмыспен қамту органдарында есепте тұрған түлектердің Бағдарламаның әлеуетті қатысушылары үшін экономиканың басым секторларының тізбесіне қызметтері енгізілген жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты қалыптасқан.

2011 жылы жастар практикасына кәсіптік білім беру ұйымдарының


9 131 түлегін жіберу жоспарланған болатын. Оларға сәйкес 17 482 жұмыс орны ашылған, өз қызметін экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын 4 720 жұмыс берушімен шарт жасалған, оларға аудандардың (қалалардың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері жұмысқа тұрғызу үшін 14 958 түлекті жіберді, бұл жоспардың 165,7 %-ын құрады.

Арнайы экономикалық аймақтар.

Жұмыс істеп тұрған АЭА-ларды шартты түрде мынадай үш топқа бөлуге болады:

- өнеркәсіптік-өндірістік аймақтар – «Ақтау теңіз порты», «Оңтүстік», «Ұлттық индустриалық мұнай-химиялық технопаркі» және индустриалық қосалқы аймақтар бөлігінде «Астана – жаңа қала»;

- сервистік – «Бурабай» және құрылыстық қосалқы аймақтар бөлігінде «Астана – жаңа қала»;

- техникалық-енгізу аймағы – «Инновациялық технологиялар паркі».

Мембағдарлама шеңберінде нақты салалық бағыттары бар мынадай үш жаңа АЭА құрылды: Қазақстан Республикасы Президентінің


2011 жылғы 24 қарашадағы Жарлығына сәйкес Қарағанды облысында - «Сарыарқа» АЭА-сы –металлургия мен металл өңдеуді дамыту; Алматы облысында - «Қорғас – Шығыс қақпасы» –көлік-логистикалық әлеуетті дамыту; Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 қарашадағы Жарлығына сәйкес Павлодар облысында - «Павлодар» АЭА-сы –өнеркәсіптің химиялық және мұнай-химиялық салаларын дамыту».

Қолданыстағы АЭА-ларда 481 қатысушы тіркелген, бұл 2010 жылғы көрсеткіштен үш есе жоғары.



Тікелей шетелдік инвестициялар тарту

Инвестициялар тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде жақсы жетістіктерге қол жеткізілді. Жалпы алғанда негізгі капиталға салынатын инвестициялар көлемінің өскені өңдеуші секторда байқалып отыр, ол 2011 жылдың 11 айында 359,7 млрд.теңгені құрады.

Инвесторларды қолдау үшін инвестициялар тарту жөніндегі ұлттық жоспар бекітілді, онда заңнамалық және жүйелік шаралар көзделген. Оның ішінде айтарлықтай рәсімдік және визалық босаңсытулар, инвесторлардың елде, оның ішінде өңірлерде болуы үшін қолайлы жағдай жасау, инвесторларды орталық, сол сияқты өңірлік деңгейлерде де қолдау және сүйемелдеу.

12 тілде Қазақстан туралы инвесторлар үшін егжей-тегжейлі ақпарат беретін Ұлттық инвестициялық веб-сайт іске қосылды, онда қазірдің өзінде-ақ әлемнің 150 елінен 58 000 келуші тіркелген. Жүргізілген зерттеулер инвестиция көздері болып табылатын 20 елді және әлемдік технологиялық көшбасшылар болып табылатын 140 компанияны анықтады.



Индустриаландыру картасы

Қазақстанның Индустриаландыру картасы құрылыс кезеңінде


205 мыңнан астам жұмыс орны ашылатын және пайдалану кезеңінде 180 мың жұмыс орны ашылатын құны 9,6 трлн.теңгелік 609 жобаны қамтиды.

Бар болғаны 2010-2011 жылдар ішінде Индустриаландыру картасы шеңберінде сомасы 1,8 трлн.теңгелік 389 жоба іске қосылды, 90 мыңнан астам жұмыс орны ашылды, одан: 2010 жылы 45 мыңнан астам жұмыс орнын аша отырып, сомасы 800 млрд.теңгеден асатын 152 жоба пайдалануға енгізілді, 2011 жылы шамамен 45 мың жұмыс орнын аша отырып, сомасы 1 трлн.теңге 237 жоба іске қосылды.

Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің деректері бойынша жобаларды іске асыру нәтижесінде 2011 жылы тауарлар мен қызметтер
510,5 млрд.теңгеден астам сомаға өндірілген.

Бұдан басқа, бұдан бұрын Қазақстанда өндірілмеген 106 өнім игерілген, оның ішінде теңіз металл конструкциялары, турбиналық эстакадалар, композиттік металлопластикалық құбырлар, энергия үнемдеуші светодиодтық шамдар, таблеткалық дәрі-дәрмек препараттары, минералдар қосылған жем-шөп және басқалар.



Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың


2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде іс-шараларды іске асырудың 2011 жылғы қорытындылары мынадай көрсеткіштермен сипатталады.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтердің) жалпы шығарылымы 2011 жылғы қаңтар-желтоқсанда 26,7 %-ға ұлғайды және 2 256,6 млрд.теңгені, оның ішінде мал шаруашылығы өнімдерінің шығарылымы – 944,1 млрд.теңге, өсімдік шаруашылығы өнімдерінің шығарылымы – 1 305,1 млрд.теңгені құрады.

Өсімдік шаруашылығы

Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің деректері бойынша 2011 жылы барлық ауыл шаруашылығы дәнді дақылдарын егу алаңдары


21,2 млн.гектарды құрады, одан астық – 16,2 млн.га, оның ішінде бидай –
13,8 млн. га. Майлы дәнді дақылдары 1,8 млн.га егілген, мақталық – 160,6 мың гектарға, қант қызылшасы – 21,0 мың гектарға, картоп пен көкөніс-бақша дәнді –дақылдары тиісінше 184,2 және 196,5 мың гектарға егілген.

Бұл ретте, 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы мынадай дәнді дақылдардың егу алаңдары: жүгері –2,2 мың гектарға, астық-бұршақтылар – 19,9 мың гектарға, күнбағыс – 85,8 мың гектарға, соя – 8,9 мың гектарға, зығыр – 95,8 мың гектарға, мақталық – 23,4 мың гектарға, қант қызылшасы –0,9 мың гектарға, көкөніс-бақша дәнді дақылдары –12,7 мың гектарға, картоп – 4,4 мың гектарға, жемдік дәнді дақылдар – 97,3 мың гектарға ұлғайтылды.

2011 жылы астық дәнді дақылдарын егу кезінде ылғалды ресурстарды үнемдеуші технологиялар 11,7 млн.га алаңға немесе астық сынасының
72 %-ына қолданылды, бұл 2010 жылғы деңгейден 5 %-ға артық.

Астық дақылдарының өңделгеннен кейінгі салмағында жалпы жиналуы 27 млн.тоннаны, оның ішінде бидай – 22,7 млн.тоннаны құрады. Астықтың экспорттық әлеуеті 2011 жылы 15,0 млн.тонна деңгейінде бағаланып отыр, 2011 жыл қорытындылары бойынша астыққа балама ұнды есепке ала отырып, экспортқа 6,2 млн.тонна астық жүктелген.

Майлы дәнді дақылдардың жалпы жиналуы өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге ұлғайды және 1,1 млн.тоннаны құрады. Бұл көлем өсімдік майына ішкі мұқтаждықты 100 %-ға қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Көкөніс дәнді дақылдары мен картопқа деген ішкі қажеттілік 200 %-ға жабылды, ағымдағы жылы бұл дәнді дақылдардың жалпы жиналуы 6,0 млн.тоннаны, оның ішінде картоп – 3,1 млн.тоннаны, көкөніс –


2,9 млн.тоннаны құрады.

2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикада шамамен 20,7 млн.тонна, оның ішінде азық-түліктік – 17,4 млн.тонна, фураждық –


1,2 млн.тонна, тұқымдық – 2,0 млн.тонна астық бар.

Астықтың жалпы жиналуы жоғары болғанын ескере отырып, отандық экспорттаушыларды қолдау, Балтық теңізі порттары мен Азов-Қара теңіз бассейнінде қазақстандық астықтың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Қытай бағытында және Ресей мен Қытай аумақтарына транзитпен астық экспорттау кезіндегі көліктік шығыстарды субсидиялау жүзеге асырылуда. Аталған мақсаттарға республикалық бюджеттен көлемі


2,5 млн.тонна астыққа 15,0 млрд.теңге, оның ішінде 2011 жылы –
5,0 млрд.теңге, 2012 жылы – 10,0 млрд.теңге бөлінді.

Тұқым өндірушілерді ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей және элиталық тұқымдардың қажетті көлемімен қамтамасыз ету үшін республикада 45 бірегей тұқым өндіруші және 94 элиталық-тұқым өндіру шаруашылығы жұмыс істейді, олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аттестатталған.

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге сатылатын элиталық тұқымдардың құнының 40 %-ына дейін субсидиялау, бірегей тұқымдарды өндіруге сұрып оригинаторларының шығындарының 40 %-ына дейін орнын толтыру, сондай-ақ жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық ағаштарының аналықтарын салуға шыққан шығындарды толығымен орнын толтыру бағдарламасын іске асыру жалғастырылуда.

Тұқым шаруашылығын қолдау үшін 2011 жылы республикалық бюджеттен 2,4 млрд. теңге бөлінді, бұл жыл қорытындылары бойынша 9,7 мың тоннаға дейін бірегей тұқымдарды өндіруге шыққан шығындардың орнын толтыруға, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері сатып алған элиталық тұқымдардың құнын 73,8 мың тоннаға дейін және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық ағаштарын 2 476,3 мың данаға дейін арзандатуға, сондай-ақ 25,2 гектарға дейінгі алаңда жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық ағаштарының аналықтарын салуға шыққан шығындарды толығымен орнын толтыруға мүмкіндік берді.

Өсімдіктерді қорғау мақсатында 2011 жылы 2,9 млрд.теңге бөлінді, олар бүкіл болжамдалған – 2,9 млн. га алаңда айрықша қауіпті зиянкестерге қарсы, астық дәнді дақылдарының ауруларына қарсы – шамамен 1,0 млн. га алаңда немесе болжамдалған алаңның 50 %-ында химиялық күрес жүргізуге мүмкіндік берді. Астық дәнді дақылдарының ауруларына қарсы өңдеулер 0,8 млн. га алаңда ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің (бұдан әрі – АШТӨ) қаражаты есебінен жүргізілді. Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдар қаражаты есебінен 344,0 мың га алаңда саяқ шегіртке тұқымдастарға қарсы химиялық өңдеу жүргізілді.

«Өсімдіктер карантині» деген республикалық бюджеттік бағдарлама шеңберінде 1,0 млрд.теңге бөлінді, олар 150,0 мың га алаңда карантиндік арамшөптерге қарсы, – 19,4 мың га алаңда – зиянкестерге қарсы жергіліктендіру және жою бойынша іс-шараларды өткізуге мүмкіндік берді. Карантиндік зиянкестерді анықтауға тексерулер 149,7 мың га алаңда, арамшөптерді анықтауға тексерулер – 3 103,2 мың га алаңда, ауруларды анықтауға тексерулер – 15,5 мың га алаңда жүргізілді, одан зақымданған алаңдар тиісінше 19,5 мың га, 644,1 мың га және 18,0 гектарды құрады.

Республикада 356,6 га жабық топырақ құрылыстары бар, одан
33,6 гектарды «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ салған өнімділігі 20 кг/м2 жоғары технологиялық жылыжайлар алып отыр.

2011 жылы жылыжайлық көкөністердің жалпы жиналуы 29 мың тоннаны құрады, бұл 2010 жылға қарағанда 10,9 мың тоннаға немесе 60 %-ға артық. Аталған өндіріс көлемдері маусымаралық кезеңдегі елдің ішкі қажеттілігін 32 %-ға қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қала халқының маусымаралық кезеңдегі ай сайын шамамен 138-140 мың тонна көкөніс пен картоп тұтынатынын ескере отырып, 1 000-1 260 мың тоннаға дейін көкөніс пен картоп сақтауды қамтамасыз ету қажет. Көкөніс пен картоп сақтаудың жұмыс ыдыстары бір мезгілде 667 мың тоннаны немесе қажеттіліктің 67 %-ын құрайды, одан соңғы жылдар ішінде жалпы сақтау сыйымдылығы 43,9 мың тонналық 11 қойма салынды.

Республикада мыналар бар: 155 мың трактор, 47 мың астық жинаушы комбайн, 2 651 бірлік егіс кешендері, 15 мың егін орушы машина, 90 мың сепкіш, 51 мың жүк автомобилі, 337 мың жер қыртысын өңдеуші құрылғылар бар. Астық жинаушы комбайндар мен тракторлардың нормативтік пайдалану мерзімі 8-10 жыл бола тұрып, орташа жасы 13-14 жылды құрайды. Жалпы алғанда, Қазақстанның қолданыстағы ауыл шаруашылығы техникасы паркінде 87 % шегінде тозу бар және оны жұмысқа қабілетті жай-күйде ұстау үшін асыра шығынды қажет етеді. 2011 жылы 974 астық жинаушы комбайн, 937 трактор, 82 егіс кешендері, 325 сепкіш, 87 егін орушы машина сатып алынды. Ауыл шаруашылығы техникасының негізгі түрлерін жаңартудың жалпы пайызы 2011 жылы 1,5 %-ды құрады.

2011 жылы АШТӨ -нің көктемгі дала және күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынына мұқтаждығы егіс егілген алаңдар мен ауыл шаруашылығы дәнді дақылдарын өңдеудің технологиялық карталарына сәйкес шамамен 800 мың тоннаны құрады. АШТӨ-ге көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге бір тоннасына 70 000 теңгеден (бір литріне шамамен 59 теңгеден) 354 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді және жеткізілді, бұл АШТӨ-ге айтарлықтай қолдау болды. Бұл ретте дизель отынының орташа бағасы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге АШТӨ үшін шамамен бір литріне 68 теңгені құрады, бұл орташа бөлшекті нарықтық бағадан 6 теңгеге арзан. АШТӨ-ге күзгі дала жұмыстарын жүргізуге тіркелген жіберу бағасы бойынша бір тоннасына 80 000 теңгеден (бір литріне шамамен 67 теңгеден) 405 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді және жеткізілді. Бұл ретте операторлардың дизель отынының орташа бағасы АШТӨ үшін шамамен бір литріне 77 теңгені құрады, бұл қалыптасқан орташа бөлшекті нарықтық бағадан 15 теңгеге арзан болды.

Астық дәнді дақылдарының жиналу жоғарылығына және ылғалдылығы жоғары астықтың үлкен партиясы болуына байланысты дизель отынының қосымша көлеміне қажеттілік туындады. Қосымша күзгі дала жұмыстарын жүргізуге және астық тұқымдастарын құрғатуға аграриялар үшін бір тоннасына 80 000 теңгеден 40 мың тонна арзандатылған дизель отыны, оның ішінде 13 мың тонна – Ақмола облысына, 10 мың тонна – Қостанай облысына, 17 мың тонна – Солтүстік Қазақстан облысына бөлінді.



Мал шаруашылығы

2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өткен жылмен салыстырғанда мал шаруашылығының негізгі көрсеткіштері Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес мынадай: ірі мүйізді қара мал саны - 5,7 млн.бас, қой мен ешкі - 18,0 млн.бас, шошқа - 1,2 млн.бас, жылқы - 1,6 млн.бас, түйе - 1,6 млн. бас, құс - 32,8 млн. бас.

Бұл ретте аграрлық мекемелер мен шаруа қожалықтарында ауыл шаруашылығы малдарының барлық түрлерінің мал басы санының тұрақты түрде, атап айтқанда ірі мүйізді қара мал 7,9 %-ға, қой мен ешкі 5,1 %-ға, шошқа – 1 %-ға, жылқы – 12,4 %-ға, түйе – 4,4 %-ға, құстың барлық түрлерінің – 4,9 %-ға өсуі атап көрсетіледі.

Ет (сою массасында) және жұмыртқа өндіру өткен жылдың деңгейінде сақталып қалды және 937,6 мың тоннаны және 3 700,9 млн. дананы құрады, тиісінше сүт 3,0 %-ға азайды және 5 186,3 мың тоннаны құрады.

АШТӨ-нің қатты жемге қажеттілік 20 131,2 мың тонна болған кезде, қамтамасыз етілуі 114,5 %-ды немесе 23 047,6 мың тоннаны құрайды, құнарлы жемге (силос) қажеттілік 4 045,7 мың тонн болған кезде қамтамасыз етілуі - 20,6 %-ды немесе 834,1 мың тоннаны құрады, концентрацияланған жем бойынша қажеттілік 4 423,5 мың тонна болған кезде, қамтамасыз етілуі – 137,2 % немесе 6 067,4 мың тоннаны құрады.

Ветеринария саласында республикада эпизоотиялық қолайлылық пен мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мақсатты бағдарда жұмыс жүргізілді. 2011 жылы 47,0 млн. диагностикалық зерттеу жүргізілді. 94,0 млн. доза ветеринарлық препарат пен 20 000 литр дезинфекциялаушы құрал сатып алынды. 2011 жылдың басынан бастап,


216 ошақ тіркелді, жылдың аяғына 175 ошақ жойылды, ал 41 ошақта жою іс-шаралары жалғастырылуда. Сондай-ақ 323 қолайсыз пункттерде ауыл шаруашылығы малдарын бруцеллезден сауықтыру жұмыстары жүргізілді және жүргізілуде, 15 пункт 2010 жылдан өтпелі және 308 пункт 2011 жылы анықталған, олардан 299 пункт сауықтырылды, ал 23 пунктте сауықтыру жұмыстары жалғастырылуда. Мыналар салынды: 27 ветеринарлық зертхана
(11 облыстық және 16 аудандық), 36 аудандық зертхана бойынша құрылыс жүріп жатыр. Қалған 63 аудандық ветеринарлық зертханалар бойынша құрылыс кейінгі жылдары жүзеге асырылатын болады.

Қайта өңдеу өнеркәсібі

Тамақ өнімдерін өндіру көлемі 2011 жылы ақшалай түрде


747,4 млрд.теңгені құрады немесе 2010 жылға қарағанда 0,3 %-ға артық. Табиғи түрде тауарлар бөлінісінде сондай-ақ өндіріс көлемінің айтарлықтай ұлғайғаны байқалады. Атап айтқанда, көкөніс консервілерін өндіру 2,5 есеге өскен, макарон 13,9 %-ға, күріш 11,2 %-ға, шырындар- 23,2 %-ға, маргарин 10,3 %-ға, шоколад 11 %-ға, өсімдік майы - 3,3 %-ға және шұжық өнімдері 7,9 %-ға өскені байқалады.

Бұдан басқа, сүт өнімдерінің барлық түрлері айтарлықтай ұлғайды. Мәселен, өңделген сүт өндіру көлемі 13,9 %-ға ұлғайды: сұйық және кілегей, сары май - 7,1 %-ға, сүзбе мен ірімшік - 4,2 %-ға, құрғақ сүт - 12 %-ға, қойытылған сүт пен кілегей - 11,5 %-ға және ашытылған сүт өнімдері 14,7 %-ға ұлғайған. Сонымен қатар табиғи түрде тауарлар бөлінісінде елеусіз қысқарулар да орын алған. Мәселен, қант өндіру 25,4 %-ға, жарма - 17,5 %-ға, ет және ет-өсімдік консервілері - 4,1 %-ға және ұн - 4,4 %-ға қысқарған. Өндірістің төмендегені көптеген факторларға байланысты, олардың негізгілерінің бірі республикада азық-түлік тауарларының ішкі және сыртқы қайта ағыстары болып табылады. Бұл ретте елде өнімдердің бұл түрлері бойынша белгілі бір тапшылық байқалған жоқ.



Аграрлық ғылым

2011 жылы АӨК-ні ғылыми қамтамасыз ету бойынша мынадай нәтижелер алынды: жоспардағы 30-дың орнына ауыл шаруашылығы дәнді дақылдарының 103 жаңа сұрыптары мен гибридтер жасалды және мемлекеттік сұрып сынауға берілді, 300-ден астам шетелдік селекцияның үздік сұрыптары бағалау және өндірісте пайдалануды жеделдету үшін экологиялық сынаққа, берілді; жоспардағы 7-еудің орнына ауыл шаруашылығы малдары мен құстарының 17 тегі, түрі және желілері ашылды және сынауға өтінім берілді, оның ішінде: 2 текті, 4 түрлі және қойдың 1 желісі, ІҚМ қазақ ақ басты тектес аталық-бұқалардың 3 желісі, жылқылардың 1 зауыттық түрі мен 2 желісі, жұмыртқалық және еттік бағыттағы тауықтардың 4 желісі; жоспардағы 25-тің орнына 135 технология әзірленді және жетілдірілді; бруцеллезді, лейкозды, А, О, Азия-1 типтердегі безгекті анықтау үшін 4 диагностикум ашылды және 6 ветеринарлық препарат жасалды; аграрлық ғылым саласындағы түрлі ғылыми әзірлемелерге 192 патент пен инновациялық патент алынды; ғылыми қамтамасыз етудің әртүрлі мәселелері бойынша 233 ұсыным шығарылды; 2 051 ғылыми мақала, оның ішінде: Қазақстанның ғылыми басылымдарында – 1 477 мақала, ТМД елдері мен алыс шетелде - 574 мақала жарияланды.

Шетелдік жетекші ғылыми орталықтармен: Франция, Австралия, Израиль, Ресей, Мысыр (ИКАРДА), Мексика (СИММИТ) бидайдың, арпаның, қойдың, ірі қара малдың, балықтың геномдық селекциясы бойынша, АӨК мәселелері бойынша және т.б. 10 бірлескен ғылыми жоба іске асырылды.

АӨК-ні ғылыми қамтамасыз ету нәтижесінде: астық дәнді дақылдарының отандық селекция сұрыптарының егіс алаңдарының үлесі жалпы егіс алаңдарының 42 %-ын құрады немесе 6,8 млн. га; ылғалды ресурстарды үнемдеуші технологиялар 11,7 млн.га алаңға дейін ұлғайды.



Балық шаруашылығы

2011 жылы 158,4 млн. дана балық көбейту материалы өсірілді және шығарылды, одан Петропавл балық питомнигінде – 86,0 млн. дана, Майбалық балық питомнигінде – 41,0 млн. дана, Қамыстыбас балық питомнигінде – 15,2 млн. дана., Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығында – 8,4 млн.дана, Атырау бекіре балық өсіру зауытында– 7,0 млн. дана, Қазақ өндірістік жерсіндіру станциясында – 0,8 млн. дана.

2011 жылы Атырау бекіре балық өсіру зауыты мемлекеттік тапсырыс шеңберінде 7 млн дана бекіре балықтың түрлерін өсірді және табиғи ортаға шығарды.

Мемлекет Басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында Атырау облысында 30 млн дана бекіре балықтың түрлерін шығару қуаты бар жаңа бекіре балық өсіру зауытын салуға құжаттама дайындау жұмысы жүргізілуде.

Бұдан басқа, олардың қуатын жылына 12-15 млн данаға дейін жеткізе отырып, Атырау және Орал-Атырау бекіре балық өсіру зауыттарын реконструкциялау бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының жалпы құны 8,6 млрд.теңгені құрайды, оларды 2014 жылға аяқтау жоспарланып отыр.

Бұл объектілердің енуімен бекіре балықтың түрлерін өсіру санын 5-7 еседен асыра ұлғайту жоспарланып отыр.

Республика аумағында халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар 2 917 балық шаруашылығы су қоймалары (учаскелері) бар.

2006 жылдан бастап 2011 жыл аралығындағы кезеңде жеке және заңды тұлғаларға ұзақ мерзімді негізде 288 су қоймалары мен олардың халықаралық және республикалық маңызы бар учаскелері және 1 747 жергілікті маңызы бар су қоймалары бекітіліп берілген.

Балық шаруашылығын дамыту жоспарлары шеңберіндегі алған міндеттемелеріне сәйкес, бекітіліп берілген су қоймаларындағы балық ресурстарын қорғауды балық шаруашылығы ұйымдарының 1 633 күзетшісі жүзеге асыруда. 2011 жыл ішінде олар 8 932 бұзушылық фактісін анықтады және жолын кесті, 8 476 адам жауапкершілікке тартылды, одан 447 бұзушылық құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлесіп анықталды, 10 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, 68,2 тонна балық (оның ішінде 614 кг бекіре түрі, 41,8 кг уылдырық), 504 бірлік жүзу және көлік құралдары, 10 388 бірлік ау құралдары алып қойылды.

Су шаруашылығы

Отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында, сондай-ақ суарылатын жерлердің мелиоративтік жай-күйін жақсарту, топырақ құнарлылығы мен ауыл шаруашылығы дәнді дақылдарының өнімділігін арттыру мақсатында 2011 жылы «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін арттыруды субсидиялауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы іске асырылды. Пилоттық жоба түрінде Оңтүстік Қазақстан облысы таңдалды, бюджеттік бағдарлама шеңберінде қаражат далаларды жоспарлауға, топырақты тереңірек қопсытуға, суару және коллекторлық-дренаждық желілерді тазартуға жіберілді.

Су ресурстары комитетінің «Гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициялар» мемлекеттік мекемелері суарылатын жерлердің мониторингін жүргізді, республиканың оңтүстік өңіріндегі суарылатын жерлердің 1,6 млн. га алаңына агромелиоративтік тексерулер жүргізді, топырақты сулардың деңгейлі-тұзды режиміне - 48,8 мың өлшемге стационарлық гидрогеологиялық байқаулар, коллекторлық-дренаждық сулардың ағысына– 3,0 мың өлшемге гидрогеологиялық байқаулар, 788 байқау ұңғымаларының ағымдағы жөндеуін, 28,5 мың га алаңға қыртысты-тұзды түсірілім, 15,6 мың зертханалық талдаулар жүргізді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет