2011 жылы 30 желтоқсанында 722



жүктеу 40.75 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі40.75 Kb.
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша 2011 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде

АҚПАРАТ

Халықты жұмыспен қамту

2011 жылы 30 желтоқсанында 722 жұмыссыз есепте тұрды, оның 396-ы (54,8%) әйелдер, 266-ы 29-жасқа дейінгі жастар (36,8%).

Жыл басынан Жұмыспен қамту бөліміне 7185 жұмыс іздеушілер жолықты.

Оның 3567-і (жоспар 3502) тұрақты жұмысқа орналасты, яғни жоспар 101,9 пайызға орындалды.

Қоғамдық жұмысқа 69 мекемеден 1378 адамға тапсырыс түсті. Жоспар бойынша 1526 жұмыссызды қоғамдық жұмысқа жолдауға тиісті едік, жыл басынан 1743 жұмыссыз қоғамдық жұмысқа (114,2%) жіберілді, оның 242-і тұрақты жұмысқа орналасты. Қоғамдық жұмысқа 70000 мың теңге жұмсалынды.

2011 жылы әлеуметтік жұмысқа 420 жұмыссыз жолданып, жоспар 100 пайызға орындалды.

Жастар практикасына 655 жас маман жолданды, оның 282-і жол картасы бойынша. Жастар практикасында жүрген 74 жас маман өз біліктілігін көрсете білгендіктен тұрақты жұмысқа қабылданды.

Жыл басынан кәсіптік оқуға 11-оқу орнына 17-мамандық бойынша 599 жұмыссыз жолданды (жоспар-588) 101,9%-ға орындалып, 9805 мың теңге жұмсалынды, оның 64-і тұрақты жұмысқа орналасты.

Қала бойынша жыл басынан 5248 жаңа жұмыс орыны ашылды. Оның 3341-і аймақтық бағдарлама бойынша (жоспар-2938) ашылып, 113,7%-ға, 1907-і шағын бизнес бойынша (жоспар-1903) 100,2%-ға орындалды.



2011 жылы IV-тоқсанның аяғында ҚЖҚ және ӘББ-де 898 тұрақты бос жұмыс орны болды.

Қалада 194 меморандумға қол қойылған, оның 64-і жаңадан, 32-сі жаңа мерзімге меморандум жасады.

Қала бойынша 340 ұжымдық шарт жасалынды, оның 40-ы жаңадан, 110-ы жаңа мерзімге ұжымдық шарт жасады.

Қалада жыл басынан 8 бос жұмыс орындар жәрмеңкесі болды. Оған 194 жұмыс беруші, 7536-ның үстінде жұмыс іздеушілер қатынасты. 617-ден астам адам тұрақты жұмысқа орналасты. 5145- адамға кеңес (әлеуметтік жұмыс, қоғамдық жұмыс, жастар практикасы, кәсіптік оқу жөнінде) берілді.

Жыл басынан қалада үлкен 30-мекеме өздерінің мүмкіндігі шектеулі адамдарына, зейнеткерлеріне, мүгедектерге, жалғыс бастыларға, көп балалы аналарға, балалар үйіне әлеуметтік жобамен шамамен 54798 мың теңге көлемінде көмек (ақшалай, заттай, тамақ, дәрі-дәрмек, санаторияға жолдама, тіс протездеу) көрсетті. Атап айтсақ: «Талап» АҚ-ы-7103 мың теңге көлемінде, «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ-2415 мың теңге көлемінде, Қалалық әкімшілік жергілікті бюджеттен 10262 мың теңге көлемінде әртүрлі көмектер көрсетті.

Мүгедектерді оңалту бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде:

Орал қаласы бойынша барлығы 35 374 - зейнеткер, 111 - ҰОСМ, 219 - ҰОСҚМ, 450 ҰОСҚ және ҰОСМ теңестірілгендер, І және ІІ топтағы мүгедектер – 5345, ІІІ-топтағы - 3699, мүгедек балалар саны 793.

Орал қаласы бойынша «2009-2011 жылдарға арналған мүгедектерді оңалту Бағдарламасының жоспарлы іс-шаралар шығындары» туралы қабылданып, бұл мәселені жүзеге асыруға 2011 жылы 197,0 млн. теңге қарастырылды.

Жеке оңалту бағдарлама парағы бойынша 1158 мүгедек есепте тұрады, оның ішінде есту қабылеттері нашар мүгедектер – 246, ал І-топтағы зағип мүгедектер, жүру қабілеттері нашар мүгедектер - 506 және оларды 482 адам келісім шарт бойынша жеке көмекшілер ретінде қызмет көрсетеді, сонымен қатар 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар – 195 және жалпы аурулықтарын байланысты 209 мүгедектер бар.

Орал қаласы бойынша елді мекендерді жобалау, салу және оларда құрылыс жүргізу, тұрғын аудандарды қалыптастыру, осындай жұмыс жүргізу барысында мүгедектердің тұрғын үйлерге, қоғамдық және өндірістік үйлерге, ғимараттар мен үй жайларға кіріп-шығуын, сонымен қатар коляска-арбамен жүретін мүгедектерге жол және пандустар орнату сынды игі істерді жүзеге асыру жұмыстары басты назарда.

Қалалық маршруттарда 554 автокөлік қамтиды оның ішінде 409 автобус және 145 шағын автобустар. Осылардың ішінде орталық маршрутта есіктен кіретін жерлері төмен орнатылған 34 комфертабеллді автобус бар, ал оның 23 автобуста мүгедектер кіріп және шығуға арналған құралдар орнатылған. Барлық автобустарда мүгедектер отыратын орын белгілері көрсетілген.

Қала бойынша 230 жолаушылар аялдамасында мүгедектер мінуге және түсуге жағдай жасалған. Қазіргі уақытта 108 қолмен басқарылмайтын жайау жүрушілердің жол өткелдері бар, 38 жол өткелдері қолмен басқарылады оның ішінде 15 синхроналық дыбысты бағдаршамдармен және жарықтармен жабдықталған.

Атаулы әлеуметтік көмек.

ҚР «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес, оларға АӘК көмек көрсетеді. 2011 жылы АӘК 181 отбасы (427 адам) жалпы құны 5511,0 мың теңгеге рәсімделді.

Кедейлік шегі былтырғымен салыстырғанда 38 пайызға төмендеді (579- дан 360-қа дейін).

18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы.

«Балалы отбсыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңы негізінде 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларынан жәрдемақы тағайындауға құжаттар қабылдауда. Есептік мерзім аралығында 1457 отбасына жәрдемақы тағайындалды, олардың 2823 балаға жалпы сомасы 27970,8 мың теңге тағайындалды.



Тұрғын үй көмегі.

2011 жылы Тұрғын үй көмегі Ережесіне өзгерістер енгізіліп, соған сәйкес шығынның шекті шығын көлемі 7 және 10 пайызды құрайды.

2011 жылдың 12 ай көрсеткіші бойынша тұрғын үй көмегі 3783 отбасына 63234,0 мың теңге тағайындалды.

Азаматтардың жекелеген санаттарына төленетін төлемдер.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер төленеді. Бұлар: жерлеуге материалдық көмек; жұмыссыздарға материалдық көмек және т.б. халықтың тұрмысы төмен топтарына әлеуметтік төлемдер. 2011 жылы 6 646 азаматқа жалпы сомасы 134 814 мың теңге материалдық көмек көрсетілді.

Көктемгі су тасқыны кезінде зардап шеккен азаматтарға 353 адамға 246 654,6 мың теңге төленді.

Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды емдеуге 7 млн. теңге бөлініп, 85 балаға оның 6535 теңгесі игерілді.



Жергілікті бюджеттен барлығы 6999 азаматқа 381 468,6 мың теңге материалдық көмек төленді.

ЖҚ және ӘББ бастығы А.Төкешева


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет