2011 жылы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларының іске асырылуы туралы және 2012 жылы әлеуметтік қолдау шараларын алуға үміткер мамандарға ақпарат



жүктеу 67.07 Kb.
Дата04.03.2016
өлшемі67.07 Kb.
2011 жылы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларының іске асырылуы туралы және 2012 жылы әлеуметтік қолдау шараларын алуға үміткер мамандарға ақпарат
2009 жылғы 15 мамырында Баянауыл аудан әкімдігінің «Мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру комиссиясын құру туралы» №76/5 қаулысымен бекітілген тұрақты түрде жұмыс істейтін комиссия құрылды: төрайымы – Б. К. Тоғжігітова аудан әкімінің оранбасары, хатшысы – Т. П. Асқарова экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы. Комиссия мүшелері: Армизов К.А. - аудандық орталық аурухананың бас дәрігері, Арыстанбеков Е.Т. аудан әкімі аппаратының бас маманы-заңгері, Әбілғазин Қ.Қ. аудан әкімі аппаратының басшысы, Әлтаева Р.Ж. – «Нүр Отан» ХДП Баянауыл филиалының төрағасының бірінші орынбасары, Белгібаев А.А.– қаржы бөлімінің бастығы, Лекеров А.А. білім бөлімінің бастығы, Мұқышев А.М. «Ақсақалдар кеңесі» - аталатын қоғамдық ұйымы, Рахимова С. Ф. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы, Сарбасов Қ.Қ. мәдениет, тілдерді дамыту, дене шыныктыру және спорт бөлімінің бастығы, Шаймерденова В.З. аудандық мәслихат депутаты және жұмыс органы болып Баянауыл ауданның экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі белгіленді.

2011 жылы республикалық трансферт есебінен ауданның әлеуметтік саласының 12 мамандарына тұрғын үй сатып алуға 13336,0 мың теңге бөлінді, оның ішінде;

- денсаулық сақтау саласында – 4 маман (Қожагельдинова Ж.Б.-1400,0 мың теңге, Самофалова Е.А. Майқайың кенті, Баянауыл орталық ауруханасы -1034,0 мың теңге, Акимбекова А.А., Кұндыкөл ауылдық амбулаториясы -900,0 мың теңге, Армизов К. Баянауыл орталық ауруханасы, Баянауыл ауылы – - 2268,0 мың теңге.

- білім саласында – 7 маман (Майқайың кенті - Нурмаков А.Б. Үшқұлын негізгі мектебі.-952,5 мың теңге, Жаңатілек ауылы - Қарамбаева А.Н. Б.Хайдаров атындағы жалпы орта білім беру мектебі-952,5 мың теңге, Баянауыл ауылы - Омаров Е.Б. Баянауыл жалпы орта білім беру мектеп – интернаты-952,5 мың теңге, ТемірбековаЗ.Т. Баянауыл жалпы орта білім беру мектеп – интернаты-952,5 мың теңге, Кадиров К.К. Баянауыл жалпы орта білім беру мектеп – интернаты-952,5 мың теңге, Сейсембаева Г.К. Баянауыл жалпы орта білім беру мектеп – интернаты- 2241,0 мың теңге, Тукенова Э.Т. «Жас даурен» облыстық оқыту-сауықтыру орталығы -1050,0 мың теңге.)

- мәдениет саласында – 1 маман.(Баянауыл ауылы - Страдаева Т.В. С. Торайғыров атындағы мәдени-сауық орталығы .-952,5 мың теңге).

Бюджеттік кредиттің мөлшері қозғалмайтын мүлікті бағалау актісіне байланысты белгіленеді. Бюджеттік кредиттің ең жоғарғы мөлшері 1500 айлық көрсеткішке тең.

2011 жылдың шілде айында Баянауыл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі тарапынан қосымша 4 мәдениет сала мамандарына (Страдаева Т. С. Торайғыров атындағы мәдени-сауық орталығы, Селеусина М. С. Торайғыров атындағы мәдени-сауық орталығы, Кабдуалиев Н. . Құндыкөл ауылдық мәдениет үйі, Бекмагамбетова М. Ақсан ауылдық мәдениет үйі) бюджеттік кредитке қаржы бөлу туралы Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына хат жолданған болатын, бірақ сұраныс қанағаттандырылмады. Қаржының тапшылығына байланысты бюджеттік кредит беру туралы келесі мамандардың өтініштерін комиссия отырысында қарау, 2012 жылға ауыстырылды: Калиакпар К.М.- «Жас даурен» облыстық оқыту-сауықтыру орталығы, Баянауыл ауылы, Байгелова Ш.С.- Қаражар жалпы негізгі білім беру мектебі, Қаражар ауылы, Рахметов А.Ф. -«Жас даурен» облыстық оқыту-сауықтыру орталығы, Баянауыл ауылы, Әсетқызы М. -Баянауыл жалпы орта білім беру мектеп-интернаты, Баянауыл ауылы, Селеусина М.С. - С. Торайғыров атындағы мәдени-сауық орталығы Баянауыл ауылы.

2011 жылы көтерме жәрдемақы 51 маманға 5397,8 мың теңге көлемінде, оның ішінде денсаулық саласы- 8 адамға 846,7 мың теңге: Самофалова Е.А. Баянауыл орталық ауруханасы, Абдрахманова А.Г. Баянауыл орталық ауруханасы, Армизов К Баянауыл орталық ауруханасы, Сейткулова А.М. Баянауыл орталық ауруханасы, Ныгыметова Н.З. Баянауыл орталық ауруханасы, Исмагамбетова А.С. Баянауыл орталық ауруханасы, Кульдыбаев О.М. Баянауыл орталық ауруханасы, Омарбаева А.Б. Баянауыл орталық ауруханасы;

білім беру саласы- 38 адамға 4021,9 мың теңге: Зикиров С. Е.Бекмаханов атындағы жалпы орта білім беру мектебі, Омаров Е. Баянауыл жалпы орта білім беру мектеп-интернаты, Дюсембекова Д. «Жас даурен» облыстық оқыту-сауықтыру орталығы, Ж. Кашкеева Зейтін Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебі, Сарбасова А.А. Сұлужон жалпы орта білім беру мектебі, Айтмұқан Т.А. Егіндібұлақ жалпы орта білім беру мектебі, Корабаева Ж.Р. Майқайың балалар өнер мектебі, Бекбаулова К.А. Б.Хайдаров атындағы жалпы орта білім беру мектебі, Жулеуова А.Н. «Айголек» бала бақшасы, Қалиақпар Қ.М. «Жас даурен» облыстық оқыту-сауықтыру орталығы, Тлеубекова Ж.Ж. Жайма жалпы орта білім беру мектебі, Жаканова А.Ж. «Жас даурен» облыстық оқыту-сауықтыру орталығы, Шаймерденов Ж. №2 Баянауыл жалпы білім беру орта мектебі, Тукенова Э.Т. «Жас даурен» облыстық оқыту-сауықтыру орталығы, Томаров Ж. М.Ж.Көпейұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебі, Тусупбаев Н. «Жас даурен» облыстық оқыту-сауықтыру орталығы, Байгелова Ш. Қаражар жалпы негізгі білім беру мектебі, Г. Сейсембаева Баянауыл жалпы орта білім беру мектеп-интернаты, Макажанова А. №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі, Тлеубаев А.Ж. №2 Баянауыл жалпы білім беру орта мектебі, Сексенбаев Н.К. З. Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебі, Адамбекова А.Б. Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектебі, Киченко А. Майқайың балалар өнер мектебі, Хамитова С.Б. Ж. Аймауытов атындағы жалпы орта білім беру мектебі, Абжанова А.Т. Қ. Кемеңгеров атындағы жалпы орта білім беру мектебі, Ахметова Г.М. Баянауыл ауылының №27 кәсіптік лицей, Досжанов Т.Н. Егіндібұлақ жалпы орта білім беру мектебі, Муканова А. Шадыра жалпы орта білім беру мектебі, Әсетқызы М. Баянауыл жалпы орта білім беру мектеп-интернаты, Мукашева М. «Жас даурен» облыстық оқыту-сауықтыру орталығы, Айдарханова Г. Жайма жалпы орта білім беру мектебі, Сексенбаева Л. Қ. Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі», Сағынтай А. Майқайың балалар өнер мектебі, Темиров С. Баянауыл жалпы орта білім беру мектеп-интернаты, Омаров А. Зейтін Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебі, Идрисова А. Лекер негізгі білім беру мектебі, Касенова А. С. Торайғыров атындағы жалпы орта білім беру мектебі, Солтанбекова Ж. Ақсан жалпы орта білім беру мектебі.

мәдениет саласы – 5 адам 529,2 мың теңге: Кабдуалиев Н.З. Құндыкөл ауылдық мәдениет үйі, Селеусина М.С. - С. Торайғыров атындағы мәдени-сауық орталығы, Кашенова А.Б. Баянауыл ауданның орталықтандырылған кітапхана жұйесі, Бекмаганбетова М.Ж. Ақсан ауылдық мәдениет үйі, Страдаева Т.В. С. Торайғыров атындағы мәдени-сауық орталығы.

Қаржының тапшылығына байланысты 19 маманға көтерме жәрдемақы төлеу 2012 жылға ауыстырылды: Искакова К. дефектолог, түзету кабинеті, Арынова А. . «Жас даурен» облыстық оқыту-сауықтыру орталығы, Бельтаева У. Жайма жалпы орта білім беру мектебі, Борог Лашин «Шағала» бала –бақшасы, Смаилова Н. Баянауыл жалпы орта білім беру мектеп-интернаты, Адабекова А. Ақши жалпы орта білім беру мектебі, Толегенова Қ. Үшқұлын негізгі мектебі, Ганибал Лашин Үшқұлын негізгі мектебі, Сексенбаева А. Ж. Аймауытов атындағы жалпы орта білім беру мектебі, Сарбасова А. Шөптікөл жалпы орта білім беру мектебі, Дуйсенбеков К. Баянауыл жалпы орта білім беру мектеп-интернаты, Рахимтаев Е. Баянауыл жалпы орта білім беру мектеп-интернаты, Сагындыкова О. Үшқұлын негізгі мектебі, Абенова М. «Жас даурен» облыстық оқыту-сауықтыру орталығы, Мекенова И. Зейтін Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебі, Багимбекова А. Баянауыл жалпы орта білім беру мектеп-интернаты, Молхина Н. №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі, Муратбек Март «Үшқұлын» бөбектер бақшасы, Әсетқызы М. -Баянауыл жалпы орта білім беру мектеп-интернаты.

2012 жылға арналған аудан бюджетінде 453006011 «Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредиттер» бағдарламасы бойынша – 46113,0 мың теңге 19 маманға және 453099011 «Мамандардың әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі шараларды іске асыру» бағдарламасы бойынша – 3397,8 мың теңге 30 маманға көлемінде қаражат бөлінді.

Әлеуметтік қолдау шарасын алу кезінде әкімгер мен алушының арасында келісім жасалады. Келісімде көтермеақы алушы маман ауылдық елді мекенде 5 жылдан кем емес уақыт жұмыс жасауы қажеттілігі көрсетілген. Осы шартты орындамаған жағдайда берілген қаржыны толықтай қайтаруы керек.

2009-2011 жылдар арасында 183 маман көтермеақы алды, оның ішінде 29 маман жұмыс орнынан шығып, ауданнан тыс жерге қоныс аударған. Оның ішінде 10 маман алған көтермеақысын 1084,7 мың теңге сомма көлемінде қайтарды. Ауданда ауылдық елді мекенге жұмыс істеуге келген жас мамандарды әлеуметтік қолдау шараларымен қамтамасыз етуге қосымша қаржы қажеттілік туындап отыр, ал 2012 жылдың 1 ақпанына аудан бойынша келісімді бұзған 19 маманның бюджетке қарызы – 1652,7 мың теңгені құрады. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі тарапынан тоқсан сайын мониторинг жүргізіліп отырады, мониторинг қорытындысы бойынша келісім бұзған мамандарға сотқа шағым беріледі. 2011 жылы 25 сәуірде сотқа 7 шағым берілді. 2011 жылғы 8 маусымындағы Баянауыл аудандық сотының шешімі бойынша білім саласының маманынан 90,7 мың теңге өндіріп алынды, 6 маманға берілген шағым жауапкердің келмеуіне байланысты қараусыз қалды. 2012 жылдың 6 қаңтарында келісімді бұзған 8 маманнның құжаттары сотқа берілді. Тағы да білім саласының 11 маманынан қаржыны қайтару мақсатында сотқа тапсыруға құжаттар дайындалуда. Келісімді бұзған мамандардың қатарына жұмыс орнынан шығып ұзақ уақыт ауданнан тыс жерде жұмыс істеп, қайта жұмыс орнына келген мамандар да жатады. Себебі, жасалған келісімнің шарттары бұзылған.

Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін Баянауыл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне төмендегі құжаттарды 2012 жылғы 29 ақпаннан бастап тапсыру қажет:


  1. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

  2. жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек кітапшасының көшірмесі;

  3. тиісті елді мекенде тұратынын растайтын азаматтарды тіркеу кітабының (үй кітабының) немесе анықтаманың көшірмесі;

  4. білім туралы дипломының көшірмесі;

  5. салық төлеушіні тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі ЖСН;

  6. әлеуметтік жеке кодты беру туралы куәлігінің көшірмесі;

  7. тұрғын үйді сатып алу- сату туралы алдын ала жасалған шарты;

  8. сатып алуға ұсынылған үйдің бағалау актісі (сатып алуға ұсынылған үйді бағалау маманның өз қаражаты есебінен).


Ескерту:

«Дипломмен ауылға» жобасы туралы егжейлі-тегжейлі ақпарат Баянауыл ауданы әкімі сайтының «Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» парағында орналастырылған bayanaul.pavlodar.gov.kz.




Баянауыл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет