2011 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша аталып өтілетін және еске алынатын күндер



Дата24.02.2016
өлшемі149.29 Kb.
#17762

2011 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша аталып өтілетін және еске алынатын күндер




Алғы сөз
«2011 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша аталып өтілетін және еске алынатын күндер» күнтізбесін А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы, Шығыс Қазақстан облыстық мемлкеттік мұрағаты, Абай атындағы Семей қалалық кітапханасы, Жаңа тарихи құжаттар орталығы бірлесіп әзірледі.

Күнтізбеге облыс өмірінде маңызды орын алатын тарихи, қоғамдық-саяси, ғылыми, мәдени оқиғаларға, саясаткерлердің, ғалымдардың, ақын жазушылардың, саяхатшылар мен зерттеушілердің, мәдени қызыметкерлердің, өлкетанушылардың мерейтойларына қатысты ақпараттар енгізілді.

Басылымның мақсаты – туған өлкеміздің әдебиеті, мәдениеті тарихы туралы әдебиеттерді көпшілікке жеткізу.

Ақпарат аталып өтілетін күндердің жалпы тізімінен тұрады. Мәліметтер хронологиялық ретпен берілді. Күнтізбе қазақ және орыс тілдерінде жарық көреді.



Әдебиеттерді іріктеу 2010 жылы 1- қыркүйекте аяқталды.

Келешекте шығарылатын басылымдарға пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды, ескертпелеріңізді төменгі мекен-жайға жіберулеріңізді сұраймыз:

070019, Қазақстан, Шығыс Қазақстан,

Өскемен қаласы, Ушанов көшесі, 102 -үй

А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

Тел./факс 26-30-87; 26-39-46

E-mail: spravka@pushkinlibrary.kz

2011 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша

аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбесі



1 қаңтар

Кеңес Одағының батыры Василий Евстафьевич Головченконың туғанына 90 жыл (1921-1990жж.).


2 қаңтар

Жазушы Медеу Сәрсекенің туғанына 75 жыл (1936 ж.).


5 қаңтар

Жазушы, абайтанушы Қайым (Ғабдулқайым) Мұхамедхановтың туғанына 95 жыл (1916 – 2004 жж.).


8 қаңтар

Жазушы Ефим Николаевич Пермитиннің туғанына 115 жыл (1896-1971жж.).


20 қаңтар

Кеңес Одағының батыры Владимир Матвеевич Урзля ның туғанына 95 жыл (1916-1945 жж.).


23 қаңтар

Қазақстанның еңбек сіңірген энергетигі Иван Васильевич Бердустың туғанына 105 жыл (1906-1970 жж.)

30 қаңтар

Өскемен қаласының құрметті азаматы Алимпиада Ивановна Черкашинаның туғанына75 жыл (1936ж.).


4 ақпан

Шығыс Қазақстанды зерттеуші Александр Иванович Шренктің туғанына 95 жыл (1916-1976 жж.).


28 ақпан

Семейде қалалық «Білім» қоғамы құрылғанына 60 жыл (1951ж.).


29 ақпан

Ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, педагогикалық. Ғылымдардың халықаралық Академиясының, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім Академиясының, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары Академиясының академигі, Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университетінің ректоры Ерлан Бәтташұлы Сыдықовтың туғанына 55 жыл (1956 ж.).








6 наурыз

Кеңес Одағының Батыры Павел Петрович Журбаның туғанына 95 жыл (1916-1989 жж.).


14-15 наурыз

90 жыл бұрын (1921ж) Семей қаласында мұсылман әйелдерінің 1- губерниялық сьезі болды.


17 наурыз

Өлкетанушы, журналист Қазақстан журналистер одағының мүшесі Павел Антонович Иевлевтің (Алтайский) туғанына 105 жыл (1906-1988 жж.).


18 наурыз

65 жыл бұрын (1946 ж.) Семей қаласында газ аппаратура зауыты іске қосылды.


20 наурыз

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының ашылғанына 115 жыл (1896 ж.).


24 наурыз

Кеңес Одағының Батыры Алексей Семенович Крахмальдың туғанына 100 жыл (1911-1987 ж.).


25 наурыз

Семей қалалық денсаулық сақтау басқармасына 85 жыл (1926ж.).


26 наурыз

115 жыл бұрын (1896ж.) Зайсан қаласында тұңғыш кітапхана ашылды.


Наурыз

Алтай өңірінде омарта шаруашылығының пайда болғанына 225 жыл (1786 ж.).


4 сәуір

Әйгілі суреткер, Қазақстанның суретшілер Одағының мүшесі Тұрғанбаев Ержан Сағырбекұлының туғанына 40 жыл (1972ж.)








10 сәуір

Жазушы Александр Иванович Егоровтың туғанына 85 жыл (1926 ж.).

12 сәуір

Жазушы - өлкетанушы Семен Николаевич Герасимовтың туғанына 110 жыл (1901-28.05.1989 ж.).


14 сәуір

Ғалым-демограф Александр Николаевич Алексеенконың туғанына 55 жыл (1956 ж.).





20 сәуір

Барлық-Арасан курортының ашылғанына 75 жыл (1936 ж.).



22 сәуір

Журналист, Қазақстан Журналистер Одағы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Жұмаділ Әділбаевтың туғанына 65 жыл (1946 ж.)


29 сәуір

Социалистік Еңбек Ері, гидроқұрылысшы Михаил Васильевич Инюшиннің туғанына 115 жыл (1896-1965 жж.)


30 сәуір


Сыншы, әдебиеттанушы, драматург Сұлтан Оразалиннің туғанына 70 жыл (1941 ж.).

1 мамыр

Жазушы Кәдірбек Сегізбаевтың туғанына 70 жыл (1941 ж.).



1 мамыр

Қазақ ССР-ң Халық әртісі, кинорежиссер Ораз Әбішевтің туғанына 95 жыл (1916ж.)


14 мамыр

Ақын Михаил Сергеевич Немцевтің туғанына 55 жыл (1956 ж.).


15 мамыр

Кеңес Одағының Батыры Антон Трофимович Масликовтың туғанына 85 жыл (1926-1944 жж).


21 мамыр

Қазақстан Республикасы журналистер Одағының мүшесі, журналист Андрей Иванович Кратенконың туғанына 50 жыл (1961 ж.).


мамыр

Риддер қаласының іргетасы қаланғанына 225 жыл (1786 ж.).



мамыр


Осыдан 75 жыл бұрын (1931ж.) Зырян қорғасын комбинаты іске қосылды.


1 маусым

70 жыл бұрын (1941 ж.) «Шығыс шеңбері» тас жолының құрылысы басталды.


10 маусым

Журналист, ақын, прозашы Алексей Васильевич Нестеровтың туғанына 60 жыл (1951-1997 жж.).



14 маусым

Жазушы Александр Мелентьевич Волковтың туғанына 120 жыл (1891-1977 жж.).



16 маусым

Әнші, халық әртісі Мәдениет Ешекеевтің туғанына 75 жыл (1936-1997 жж.).


18 маусым

Кеңес Одағының Батыры Иван Михайлович Яроцкийдің туғанына 95 жыл (1916-1980 жж.).



19 маусым

Осыдан 55 жыл бұрын (1956ж.) Өскемен жиһаз комбинаты алғашқы өнімін бере бастады.


22 маусым


Тарихшы, өлкетанушы Николай Владимирович Алексеенконың туғанына 80 жыл (1931-2009 жж.).



маусым

155 жыл бұрын (1856 ж) әйгілі саяхатшы, географ Петр Петрович Семенов Тян-Шанский Семей қаласына келді.


1 шілде

50 жыл бұрын (1961 ж.) Леиногор тарихи- өлкетану мұражайы ашылды.





10 шілде

Кеңес Одағының Батыры Дмитрий Иванович Ефремовтың туғанына 85 жыл (1926-2005жж.).


15 шілде

Кеңес Одағының Батыры Қапай Ысқақовтың туғанына 105 жыл 106-1973 жж.).


20 шілде

Жазушы Ахмет Жүнісовтың туғанына 85 жыл (1926-1998 жж.).


21 шілде

Ақын Валерий Зубовтың туғанына 55 жыл (1956 ж).


29 шілде

Тарихшы, өлкетанушы Виктор Николаевич Кашляктың туғанына 60 жыл (1951 ж.).





29 шілде

Өскемен қаласының құрметті азаматы Владимир Георгиевич Плохихтың туғанына 75 жыл (1936 ж.).


шілде

Семей геодезия және картография колледжіне 65 жыл (1946 ж.).



шілде


«Полигон-29 тамыз» Халықаралық қайырымдылық қорының құрылуына 15 жыл (1996ж.)

9 тамыз

20 жыл бұрын (1991 ж.) «Еңлік-Кебек» кинотеатры ашылды.


10 тамыз

Өскемен қаласының құрметті азаматы Вера Николаевна Сухорукованың туғанына 60 жыл (1951ж.).


10 тамыз

Өскемен құрылыс-жол институтының доценті, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі, Парламент Мәжілісінің депутаты Михаил Николаевич Головковтың туғанына 75 жыл (1936-1996 жж.).


11 тамыз

Р. Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжіне 80 жыл (1931ж.).


15 тамыза

Жазушы Тұрсын Жұрбайдың туғанына 60 жыл (1951 ж.).



26 сентября


Журналист, өлкетанушы Ұлы Отан соғысына қатысушы Иван Георгиевич Макеевтің туғанына 100 жыл (1911-1985 жж.).



29 тамыз

Семей ядролық полигонының жабылғанына 20 жыл (1991 ж.).



30 тамыз

Кенді Алтай тарихын зерттеуші Александр Никитич Седельниковтың туғанына 135 жыл (1876 - 1919 жж.).



тамыз

65 жыл бұрын (1946 ж.) Семей бизнес колледжі ашылды.



тамыз

110 жыл бұрын (1901 ж.) Өскеменде Марийнск әйелдер училищесі ашылды.





1 қыркүйек

Жазушы Виктор Ступаковтың туғанына 75 жыл (1936 ж.).



4 қыркүйек

Крюков кен орнының ашылғанына 200 жыл (1811 ж.).



16 қыркүйек

«Словарь русских личных имен» атты еңбекті құрастырушы Никандр Александрович Петровскийдің туғанына 115 жыл (1891 - 1968 жж.).



17 қыркүйек


Қоғам қайраткері Анатолий Семенович Еременконың туғанына 80 жыл(1931ж.).


19 қыркүйек

Жазушы Семен Михайлович Анисимовтың туғанына 100 жыл (1911 – 1978 жж.).


19 қыркүйек

Семей «Тері-былғары бірлестігіне»70 жыл (1941 ж.).


21 қыркүйек

Өскемен қаласының Құрметті азаматы Арсентий Иванович Геворкяннің туғанына 75 жыл (1936 ж.).



26 қыркүйек

Шығыс Қазақстанды зерттеуші, саяси жер аударылған Евгений Петрович Михаэлистің туғанына 170 жыл (1841 - 1913 жж.).


қыркүйек

130 жыл бұрын (1881 ж.) Зайсан қаласында ерлер приход училищесі ашылды.


3 қазан

65 жыл бұрын (1946 ж.) Өскемен қаласында 600 абонентке арналған жартылай автоматтандырылған телефон станциясының алғашқы кезегі пайдалануға берілді.


6 қазан

Өскемен қаласының Құрметті азаматы Владимир Иванович Шаровтың туғанына 65 жыл (1946–2002 жж.).


10 қазан

Жазушы Ғазиз Сапаевтың туғанына 85 жыл (1926 ж.).


7 қазан

Кеңес Одағының Батыры Федор Петрович Полыниннің туғанына 105 жыл (1906–1981 жж.).


11 қазан

Жазушы Роллан Сейсенбаевтың туғанына 70 жыл (1946 ж.).



15 қазан

Әнші, композитор Тұрсынғазы Рахимовтың туғанына 60 жыл (1951 ж.).


16 қазан

50 жыл бұрын (1961 ж.) Өскемен аспаптар зауыты алғашқы өнімін шығарды.


22 қазан

«Казполиграф» АҚ-ның құрылғанына 70 жыл (1941ж).



23 октября

50 жыл бұрын (1961 ж.) Шемонаиха кентіне қала статусы берілді.


23 қазан

Кеңес Одағының Батыры Сергей Констанинович Гуляевтің туғанына 90 жыл (1921-1986 жж.).



27 қазан


Ақын Николай Евдокимович Алексеевтің туғанына 70 жыл. (1941ж.).


қазан

Семей қаласындағы Ф.М. Достоевскийдің әдеби –мемориалдық мұражайының ашылғанына 40 жыл (1971 ж.).



қазан

90 жыл (1921) бұрын Воровский атындағы Өскемен педагогикалық техникумы ұйымдастырылды.


2 қараша

Ғалым Ақжан Жақсыбекұлы Машановтың туғанына 105 жыл 1906-1997 жж.).


5 қараша

Ақын Тұрсынхан Әбдірахманованың туғанына 90 жыл (1921 – 2003 жж.).


11 қараша

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ- нің профессоры, ғалым Советхан Қабдуәлиұлы Игібаевтың туғанына 70 жыл (1941 ж.).


15 қараша

Өскемен қаласының Құрметті азаматы Михаил Семенович Лабуковтың туғанына 65 жыл (1946 ж.).


17 қараша

Өскемен Титан –магний комбинатының директоры, Өскемен қаласының Құрметті азаматы, Халық қаһарманы Бағдат Мұхаметұлы Шаяхметовтың туғанына 65 жыл (1946 ж.).


19 қараша

Өскемен Құрылыс-жол институтының (қазіргі Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мелмекеттік Университеті) алғашқы ректоры, Дәулет Мырқасымұлы Серікбаевтың туғанына 90 жыл (1921-1972 жж.).


27 қараша

Жазушы, ақын, аудармашы Сәду (Сәдуақас) Машақовтың туғанына 105 жыл (1906 - 1995 жж.).


қараша

Қазақ этнографы, тарихшы Құрбанғали Халидидің туғанына 165 жыл (1846-1913 жж.).


қараша

Өскемен қаласында «Звено Алтая» әдеби үйірмесінің ашылғанына 90 жыл (1921 ж.).


9 желтоқсан

Алтай өңірін зерттеуші Василий Васильевич Сапожниковтың туғанына 150 жыл (1861 - 1924 жж.).


14 желтоқсан

Семей қаласындағы қазақ педагогикалық техникумының (пед. колледж) ашылғанына 90 жыл (1921 ж.).


16 желтоқсан

Жазушы Талаптан Ахметжанның туғанына 50 жыл (1961-2010 жж.).



23 желтоқсан

Зайсандық ақын Есет Әукебаевтың туғанына 90 жыл (1921 ж.).


24 желтоқсан

Кеңес Одағының Батыры Николай Яковлевичь Фоновтың туғанына лет 100 жыл (1911 - 1950 жж.).


28 желтоқсан

Суретші Виктор Сергеевич Меньшиковтың туғанына 85 жыл. (1926 ж.).


28 декабря

Өскемен өзен портының іске қосылғанына 45 жыл (1966 ж.).


30 декабря

Жазушы Николай Иванович Ановтың туғанына 120 жыл (1891-1980 жж.).



Айы мен күні белгіленбеген еске алынатын күндер


Бұқтырма бекінісінің құрылуына (1761 ж.)



240 жыл

Глубокое кентінің құрылуына (1761 ж.)

240 жыл

Николаевск кенішінің ашылуына (1761 ж.)

240 жыл


Белгілі ғалым П.С.Палластың Кенді Алтайды зерттеуіне (1771 ж.)



240 жыл

Семей қаласында бекініс қақпасының (Ямышев) қайта орнатылуына (1776 ж.)

235 жыл

Зырян қаласының құрылуына (1791 ж.)

220 жыл

Үлбі кентінің құрылуына (1796 ж.)

215 жыл

Шемонаиха ауданының Сугатовка ауылының құрылуына (1851 ж.)

160 жыл

Ақын Әріп Тәңірбергеновтың туғанына (1856-1924)

155 жыл


Орыстың географ, саяхатшысы П.П.Семенов Тянь-Шанскийдің Семей қаласына келуіне (1856 ж.)

155 жыл

Ақын Ақылбай Құнанбаевтың туғанына (1861-1904 жж.)

150 жыл

Катонқарағай ауданы Өрел ауылының құрылуына (1871 ж.)

140 жыл

Лениногор қаласындағы Алтай ботаникалық бағының негізін қалаушы Петр Александрович Ермаковтың туғанына (1886 ж.)

125 жыл

Қуғын-сүргінге ұшыраған, мұғалім Тұрғанбаев Мәннән Тұрғанбайұлының туғанына (1886-1937жж.)

125 жыл

Бірінші Алтай Қызыл Таулы Қырандар партизан полкінің командирі Тимофеев Никита Ивановичтің туғанына (1886-1820 жж.)

125 жыл


Өскемен қаласындағы Жоғары қалалық бастауыш училищесінің құрылуына (1886 ж.) (қазіргі ШҚ облыстық архитектура-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығы (бас ғимарат)

125 жыл


Ғалым, биолог Жұмақан Кудериннің туғанына (1891-1938 жж.)

120 жыл


Әйгілі орыс ғалымы Афанасьев Владимир Обручевтің Шығыс Қазақстанды зерттеуіне (1911 ж.)

100 жыл

Өскемен қаласында «Эхо» кинотеатрының ашылуына (1911 ж.)

100 жыл


Өскемен қаласының Құрметті азаматы Леонид Иванович Маковеевтің туғанына (1911-1998 жж.)

100 жыл

Совет Одағының Батыры Бунтовских Василий Васильевичтің туғанына (1921-1945 жж.)

90 жыл

Суретші ПоповАлександр Гавриловичтің туғанына

(1926 ж.)


85 жыл

Ақын Фрелих Виктор Эдуардовичтің туғанына (1931 ж.)

80 жыл

Ақын Германов Виктор Григорьевичтің туғанына (1936 ж.)

85 жыл

Аягөз қаласының құрылуына (1931 ж.)

80 жыл


Совет сауда техникумының (қазіргі Бизнес-колледж) ашылуына (1946 ж.)

65 жыл

Шұбартау аудандық кітапханасының негізі қаланғанына (1936 ж.)



75 жыл

Шар аудандық кітапханасының негізі қаланғанына (1936 ж.)

75 жыл


Өскемен қаласында алғашқы мемлекеттік радиохабар қондырғысының жұмыс істеуіне (1936 ж.)

75 жыл


Өскемен қаласында Жамбыл атындағы драма театрының ашылуына (1936 ж.)

75 жыл

Ақын Леонид Макиенконың туғанына (1936 ж.)

75 жыл

Өскемен теміржол вокзалының ашылуына (1936 ж.)

75 жыл

Өскемен қаласында Покровск шіркеуінің ыдырауына (1936 ж.)

75 жыл


Өскемен қаласының Құрметті азаматы Плахут Алексей Егоровичтің туғанына (1936 – 2000 жж.)

75 жыл

Ақын Владислав Артюшатскийдің туғанына (1941 ж.)

70 жыл

Ақын Николай Герасимовтың туғанына (1941 ж.)

70 жыл

Суретші Макаров Ғұмар Ескендірұлының туғанына (1951 ж.)

60 жыл

Суретші Өтепбаев Нұрбұлан Нұғманұлының туғанына (1951 ж.)

60 жыл



«Семей инжинеринг» АҚ (танк зауыты) құрылуына (1976 ж.)


35 жыл


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет