2011 жылында Жаңа Бұқтырма кенті әкімінің атқарған жұмысы туралы



Дата17.07.2016
өлшемі92.52 Kb.
#206106


2011 жылында Жаңа Бұқтырма кенті

әкімінің атқарған жұмысы туралы
Жаңа Бұқтырма кентінің әкімі Жаңа Бұқтырма кенттік округ аумағында Зырян аудандық әкімшілігінің лауазымды тұлғасы болып келеді және Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасында мемлекеттік жергілікті басқару мен өзін-өзі басқару туралы» Заңға сүйеніп, оған жүктелген қызметтерін атқарады.

Зырян ауданы әкімдігінің 28.11.2011жылғы «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқару органның штаттық санының құрылымы мен лимиті туралы» қаулысына сәйкес Жаңа Бұқтырма кентінің әкімділігінде 7 бірлік штаттық саны бекітілген.

«Қазақстан Республикасында мемлекеттік жергілікті басқару мен өзін-өзі басқару туралы» Заңның 37 бабына сәйкес әкім нормативтік-құқықтық маңыздылығы бар, шешімдер мен әкімшілік-өкімшілік, оперативті және жеке түрлерініне шешім шығарады.

Ағымды жылдың ішінде Жаңа Бұқтырма кентінің әкімімен 104 нормативті-құқықтық актілер қабылданды, соның ішінде негізгі қызмет бойынша өкімдер -76, жеке құрамы бойынша өкімдер – 28.

Кент әкімі өз құзыреттілігіне сәйкес Президенттің актілерін және ҚР Үкіметінің, мемлекеттік жергілікті және орталық органдардың нормативті-құқықтық актілерін орындауға жәрдемдеседі. Ағымды жылдың ішінде бақылау күнінің 12 отырысы өткізілді, онда 14 бақылау құжаттардың орындалу жүрісі қаралды, орындаушыларға тапсырмалар берілді, құқықтық актілерді дер кезінді орындау үшін шаралар қабылданды.

ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі бойынша» Заңның 13 бабын орындау барысында әкім бекітілген кестеге келісілді азаматтар мен заңды тұлғаларды олардың сұраулары бойынша жеке қабылдау жүргізеді. Қабылдау апта сайын дүйсенбі және бейсенбі күні сағат 14 тен 18-ге дейін жүргізіледі. Азаматтарды қабылдау кестесі барлық адамдарға көрінетін жерде ілініп тұр. Жеке тұлғалардың өтініштері бойынша іс қағаздары ҚР Заңнамасымен бекітілген тәртібі бойынша басқа іс қағаздардан бөлек жүргізіледі.

31.12.2011 жылғы жағдайы бойынша әкім аппаратымен 44 жазбаша өтініштер, соның ішінде жеке тұлғалардан- 42 үндеуі, заңды тұлғалардан – 2 үндеу. Үндеулердің мазмұны: жер қатынастары бойынша, тұрғын үй және коммуналды қожалық мәселелері бойынша - 7, әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша– 1, басқа мәселелер бойынша - 5. Барлық сұраулаға өтінішкер түсініктеме алды.

Есеп беру мерзім ішінде азаматтармен 8 жиын мен кездесу жүргізілді, оларға 1892 адам қатысты. Ақпаратта қарауға алынды. Барлық арыздар, ескертулер, ұсыныстар жинақталып, олар бойынша шаралар бекітілді, аппарат қызметкерлеріне, ұйым басшыларына тапсырмалар берілді.

Округ бойынша мүлік және жер салығы 2 млн. 400 мың теңге құрады. Салық 100 % жиналды.

Жыл ағымында сәулет, экономика, салық басқармаларымен бірігіп Бұқтырма суқойма жағалауында рейдтер жүргізілді, оның мақсаты жер және мүлік салықтарының резервтерін айқындау. ЖШС басшыларымен, шаруа қожалық басшыларымен, жеке кәсіпкерлермен еңбек ақы қорын көтеру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Ақшадай мемлекеттік көмек «тұрмысы нашар адамдарға» көрсетілді. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 2011жылы 23 отбасына көрсетілді. Тұрғын үй демеуқаржы – 105, соның ішінде жер үйлер секторына – 23 отбасына көмірге. 2011жылы қоғамдық жұмыстарға 10 адам тартылды. Округ бойынша 34 жаңа жұмыс орын ашылды.

Жастар практикасы бойынша 1 адам жұмыс істеді. Әлеуметтік жұмыс бойынша қызметкерлеріненен қызмет 11 мүгедек бала, 32 қарт адам алады. Оларға тыл қызметкері статусын алуға, қарттар үйіне, «Уба» санаторийға жолдама алу үшін құжаттарын жинауға көмек көрсетіледі. «Алтын алқа» -13 адамға, «Күміс алқа»-12 адамға берілді.



Округ бойынша барлығы:

ҰОС ардагерлері – 10 адам,

Тыл еңбеккерлері - 269 адам,

Чернобыль оқиғасына қатысқандар-14 адам,

Ауған соғысына қатысқандар-10 адам.

25 орындық «Достық» балалар баспанасы қызмет көрсетеді. БЖСМ күрес залында «БЦК»АҚ жөндеу жұмыстар жүргізілді, пластикалық терезелер қойылды. № 1 мектепке ғимарат бөлу мәселесі қазір өз шешімін табуда.

Округ аумағында қыс мерзімінде жолдарды қалпында ұстау үшін 537,0 мың теңге бөлінген, бұл қаражат толығымен игерілді.

Кенттегі көшелерді жарықтандыру жұмыстар ұйымдастырылып жатыр. Бөлініп игерілгені 751,0 мың теңге. Ленина көшесінде жарық тартылды.

Елімекендерді санитарлық қалпында ұстау үшін 67,0 теңге бөлініп, игерілді.

Әкім шаруа қожалықтарды құруға, кәсіпкерлік қызметтің дамуына өз көмегін көрсетеді. Округ аумағында 14 ауыл шаруа кәсіпорын қызмет етеді, олардың ең ірісі: «Айбалта»ЖШС, «Бұқтырма» шаруа қожалығы. 6 ауыл шаруа кәсіпорын егіншілік шаруашылығымен айналысады және 8 егіншілік пен мал шаруашылғымен айналысады.

2011 жылы ауыл шаруашылықтарда дер кезінде вакцинация өткізілді, кент округінде жұқпалы аурулардың шығуы тіркелген жоқ.

Кәсіпкерлік қызметтің дамуы мен жұмыстарының іске асырылуы үшін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа «Болашақтың іргесін бірге қалайық» Жолдауында Зырян ауданы әкім аппаратында шағын кәсіпкерліктің дамуын қолдау үшін жоспар әзірленіп бекітілген.

01.12.2011жылы округте 143 объект қызмет көрсетіп отыр, оның ішінде: 73 дүкен, 6 дәріхана, ЖҚС -1, қоғамдық тамақтану кәсіпорын -12, азық-түлік өндеу кәсіпорын – 4, халыққа қызмет көрсету орын – 22. Осы жылдың ішінде 1 азық-түлік және 3 өнеркәсіп дүкені ашылды.

Осы салада жұмыспен қамтылған адамдар саны-1156 адам.

Дағдарысқа қарсы және тұрақтандыру шараларды орындау мақсатымен құрылған жоспарды орындау үшін Жаңа Бұқтырма кенті әкімі мен кәсіпкерлер арасында негізгі азық-түлік тауарларға және дәрі-дәрмектерге бағаларын тұрақтандыру мәселесі бойынша өзара ынтымақтастық меморандумға қол қойылды.

01.12.2011 жылдың жағдайы бойынша 45 меморандумға қол қойылды. Бағаларды тұрақтандыру үшін кентте ет, балық, шұжық өнімдерін тіркелген баға бойынша сатуға арналған 2 дүкен жұмыс істейді, әлеуметтік қорғаусыз отбасыларға 3 әлеуметтік бөлім ең қажетті азық-түлік тауарларды нарықтық бағадан төмен бағамен сатады. 1 сұрыптық 1 бөлке нанның бағасы 50 теңге, 2 сұрыптық 1 бөлке нанның бағасы 45 теңге құрайды. Нан өнімдерінің сатылу бағасы Жиглова ЖК, Гановичева ЖК наубайханаларынан 1с.-50 теңге, 2с- 45 теңге. «Айбалта»ЖШС 1 литр сүтті 80 теңгеден сатады.

Әкім аппаратында кәсіпкерлермен ұн және нан өнімдерінің бағаларын реттеу бойынша кездесулер жүргізіледі, меморандумның негізгі пункттерін азық-түлік тауарларға және дәрі-дәрмектерге бағаларын тұрақтандыру мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстар жүргізіледі. Салық басқармасының мамандарымен бірге ҚР Салық кодексіндегі өзгерістерді түсіндіру үшін кәсіпкерлермен кездесулер жүргізілді.

Округтегі кәсіпкерлер («Каратас»ЖШС Онов Б.А., «Саньков»ЖШС Саньков В.А., ЖК Давлятхузин Т.А., ЖК Шостко А.Е., ЖК Нураков С.К.) кенттің әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу үшін дамуына демеушілік көмек көрсетті.

Жыл сайын демалу базалардың иелерімен жазғы мерзімде жұмыссыз тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету үшін кездесулер жүргізіледі.

2008 жылдан осы уақытқа дейін кент әкімі мен «Бұқтырма цементтік компаниясы»АҚ өзара түсіністік және өзара әрекеттестік туралы Меморандумды орындау үшін жұмыс істелініп келеді.

Меморандумды орындау барысында Жаңа Бұқтырма кентінде жолдарды жөндеу жұмысы жүргізілді, қаражаты төмен ардагерлерге-бұрын зауытта жұмыс істегендерге көмек көрсетілді, Мәдениет үйіне сахнада киетін костюмдер, музыка аспаптары мен құрал-жабдықтар алынды, мектепке, балалар баспанасына, Жаңа Бұқтырма кентінің көшелерін жарықтандыруға, тұрғын үйлерінің шатырларына жөндеу жұмыстар, мешіт пен храмды салуға және жөндеуге, медициналық мекемелерге көмек көрсету,«Бригантина»ЖҚБ, субұрқақтарды жөндеу және іске қосу.

«Жаңа Бұқтырма кентінің әкім аппараты»ММ жүйелі түрде Зырян ауданында сыбайлас жемқорлықпен, нашақорлық және есірткі бизнесімен күресу аймақтық бағдарламаны ұйымдастыру мен жүзеге асыру үшін жұмыстар жүргізіледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалары бойынша аудандық дөңгелек үстел өткізілді. Өткізілген жұмыстардың нәтижесінде әкім аппаратының қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық үшін жауапкершілікке тартылған жоқ.

Барлық аймақтық бағдарлама бойынша жоспарлар құрылған.

Бағдарламаланы жүзеге асыру құқықтық білім беру мектептері және ақпаратты-насихаттау топтар жұмыстары арқылы жүзеге асырылады.

Әкім аппаратында ҚР заңнамаларының жаңартылған электронды базасы, дүркіндік баспасөз басылымы, Президенттің, Үкіметтің, Парламенттің, ҚР әділет Министрлігінің актілер жинағы бар.

Кентте 6 құқықтық білім беру мектебі жұмыс істейді, онда 155 адам білім алады.

Ақпаратты халықтың әр түрлі деңгейлігі есепке алынып, оларға сараланып және мекендік тәсілдемемен түсіндіру жұмыстар жүргізіледі. Біз ҚР Презиндентінің жолдауын насихаттау жұмысын әр түрлі мақсаттық топтармен дұрыс жолға қойдық: зейнеткерлер мен мүгедектерге, жастарға, мұғалімдерге, дәрігерлерге, ауыл тұрғындарына.

АНТ 2011жылы Қазақстанда болған ең маңызды уақиғалар бойынша түсіндіру жұмыстар жүргізілді: ҚР Президентінің уақытынан бұрын сайлаудың алдында «Нұр Отан»ХДП XIII съезі өтті. 2011 жылы Президент референдумнан және кезектен тыс сайлауға барудан бас тартты. Қазақстандық спортсмендер VII Азиадалық қысқы ойындарда үлкен артықшылықпен жеңіске қол жеткізді.

2011 жылдың 3 сәуірінде кезектен тыс Президент сайлауы өтті, бұл сайлауда жұмыс атқарып жүрген Елбасшысы үлкен сенімдікпен жеңіске жетті.

Астанада бейбітшілік пен келісім Сарайында мемлекеттің елбасшысы, Қазақстан халқының Ассамблеясының басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Ассамблеяның XVII сессиясы «Тәуелсіз Қазақстан: 20 жыл бейбітшілік, келісім және жаңа қоғам құру» күн тәртібімен өтті.

Бізідің астанамызда 4 рет Астананың экономикалық форумы өтті.

Астанада қазақтардың IV Бүкіләлемдік құрултайы өтті. Тәуелсіздіктің 20-жылдығының қарсаңында «Нұр Отан»ХДП XIV съезді өтті .

2011 жылдың 16 желтоқсанында қазақ халқы Тәуелсіздіктің 20-жылдығын атап өтті.

№ 2 мектептің базасында «Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» ашылды.

Жаңа Бұқтырма кентінің әкім аппараты ҚР Конституциясын, ҚР «Діни қызметі және діни бірлестіктер туралы» жұмысын жүргізеді.

Жаңа Бұқтырма кенттік округінің аумағында діни бірлестіктердің мониторингі тұрақты түрде жүргізіледі, кентте 4 діни бірлестік өз қызметін іске асырады:

1 «Жергілікті православ діни бірлестігі «Екатерининский приход Астанай және Алматы епархиясы».

2. «Мұсулмандар қоғамы»

3. 7 күннің әвдентистері

4. Иегова куәгерлерінің діни қоғамы.

Ішкі саясат бөлімімен бірге «Ұлтаралық бірлік – бейбітшілік пен келісімнің негізі» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Кент әкімінің жанында әлеуметтік – экономикалық дамуы бойынша Кеңес құрылған, оған ұйымдардың, кәсіпорындардың, білім беру мекемелердің басшылары кіреді. Кеңестің құрылған мақсаты- атқарушы өкіметтің мемлекеттік және жеке құрылымдармен округтың әлеуметтік – экономикалық дамуына қатысты мәселелерді шешуіне ықпал ету. Және де кент әкімінің жанында ардагерлер кеңесі бар. Бұл ұйым атқарушы өкіметке зейнекерлермен жұмыстарды және әлеуметтік түрлі жағдайларда пәрменді көмек көрсетіп отыр.

Мәдениет үйімен бірігіп 8 мемлекеттік мейрамдар және басқа атаулы даталарға арналған шаралар жүргізілді.

Жаңа Бұқтырма кенттік округінде Жаңа Бұқтырма кенті әкімінің 2010 жылғы есеп беру кездесуінде айтылған сыни ескертпелерді түзеу мақсатымен нақты жұмыстар атқарылды:

Жаңа Бұқтырма кентіндегі жер үйлердің орналасқан жақтарды жарықтандыру туралы.

2010 жылы Ленина көшесін жарықтандыруға қаражат бөлінген.

Жылуды есептеу құрылғыдарды орнатудың заңдылығын тексеру бойынша комиссия құру туралы.

Комиссиялар құрылған, облыс орталығынан екі ұйымнан екі тәуелсіз эксперт «Силумин – Восток» ЖШС және «Казахэнергоэкспертиза»АҚ шақырылды. Тексеру барысында ҚР жылу энергияны есептеу Тәртібі бұзылып, есептеу түйсіктері қате орнатылған (жылу энергияны есепке алатын құралдар) болып шықты.

«Бұқтырма Жылуэнерго» ЖШС 01.02.2011 жылы халыққа ыстық су мен жылу энергияны тұтынғаны үшін қайта есептеу жүргізді, төлемдер тариф бойынша жүргізіледі.

Мешіт ауданында жаяу жүрушілерге жолдан өту белгіні орнату туралы.

Мешіт ауданында жаяу жүрушілерге жолдан өту белгі орнатылды.


  1. Автобустардың жүру кестесін реттеу туралы.

25.02.2011 ж. конкурс өтті , тендерді «Серебрянское ПАТП» ЖШС ұтып алды, ал 01.03.2011 ж. «Зыряновск – Серебрянск» маршруты бойынша жолаушылар тасымалдау ұйымы ұйымдастырылды.

  1. Кентте сенбіліктерді жүргізуді ұйымдастыру, көгалдандыру және

қоқыстан тазалау және осы жұмыстарға қаражат бөлу туралы.

67000 теңге қаражат бөлінді, сенбіліктер 14.04. нен 30.10.2011 жылда өткізілді.

Кентті көріктендіру және санитарлық тазалау бойынша коммуналды қызметті құру жоспарлануда.

Ауыл шаруашылық өнімдерді сату жәрмеңкелерді ұйымдастыру туралы.

Мейрам күндерінде ауыл шаруашылық өнімдерді сату жәрмеңкелер ұйымдастырылған.

Жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және МЗТО мамандарының азаматтарды қабылдау үшін келуін ұйымдастыру туралы.

Жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және МЗТО мамандарының бірігіп көшпелі қабылдау кесте құрылған, азаматтарды қабылдау үшін келуі ұйымдастырылды.

30.03.2011 жылы азаматтарға тұрғын үй жәрдемақы тағайындауға, зейнетақы мен жәрдемақыны рәсімдеуге көшпелі қабылдау жүргізілді.

2011жылда атқарылған жұмыстардың сараптамалық негізінде негізгі, округтың қажеттісін шешетін мәселелерді шешу үшін жоспарланып отыр:


  • Көшелерді жарықтандыру

  • Елдімекендерде санитарлық қалпын қамтамасыз ету

  • Автокөлік жолдардың іске жарамдылығын қамтамасыз ету

  • Коммуналды кәсіпорынның жылумен, сумен қызмет етуін қамтамасыз ету.

  • Жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеуге қаражат бөлу.

Зырян ауданы



Жаңа Бұқтырма кентінің әкімі Б.М. Жақаев

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет