2012 – 2016 жылдарға арналған Астана қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуының болжамы Мазмұны


-2016 жылдары Астана қаласы экономикасын дамыту факторлары мен шарттары



бет2/5
Дата24.02.2016
өлшемі0.71 Mb.
#16655
1   2   3   4   5

2. 2012-2016 жылдары Астана қаласы экономикасын дамыту факторлары мен шарттары


Орта мерзімді кезеңде елорда экономикасын дамыту Қазақстан экономикасында және жалпы әлемдік экономикада қалыптасқан жағдайларға байланысты болады.

2012-2016 жылдардағы дамудың сыртқы жағдайларының әсері есебімен экономикалық саясаттың негізгі мақсаты жыл сайын 6-7 %-дан кем емес деңгейде теңгерімді экономикалық өсуді қамтамасыз ететін болады.

Келешекте экономикалық саясаттың басты бағыттары индустриализациялау, көліктік қызмет көрсетулерді белсенді түрде дамыту үшін тиімді географиялық тұрғыдан орналастыру саласында қолда бар әлеуетті дамыту жолымен диверсификацияны жылдамдату болып табылады.

Инновацияға қажеттілік өсуде, бұл өндірістің жаңа саласын құруға инвестицияларды, экономиканы жандандыру және диверсификациялау, яғни шикізат түрінен соңғы тұтыну жолындағы тауарларды шығаруды кеңейту бағыттарын ынталандырады.

Экономикалық белсенділікті қолдауға 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриальды – инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы әсер ететін болады. Осы бағдарлама шеңберінде ірі жобаларды іске асыру экономикадағы жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді және оның сапалы түрде өсуіне жәрдемдеседі.

2010-2014 жылдарға арналған Индустриализациялау картасына сәйкес іске асыру сатысында 9 жоба бар, оның ішінде Ұлттық ғарыш агенттігінің 3 жобасы, жеміс - көкөніс өнімдерін қайта өңдеу және сақтау бойынша 2 жоба, Нұра – Есіл арнасын қайта жаңарту бойынша 2 жоба, машина жасау саласында 1 жоба, көп бейінді кешен салу бойынша 1 жоба, көлік – логистикалық орталық салу бойынша 1 жоба.

2011 жылы қаланың Индустриялық паркінің инфрақұрылымын дамытуды аяқтауға байланысты өнеркәсіп кәсіпорындарын дамыту үшін барлық жағдайлар жасалатын болады.

«Қазақстан Республикасында арнайы экономикалық аймақ туралы» Заңды және 2010-2014 жылдарға арналған Инвестицияларды тарту, АЭА дамыту және эскпортты ынталандыру жөніндегі бағдарламаны іске асыру шикізат экспортқа бағытталған және жоғары технологиялы өндіріске тікелей инвестициялар үшін тартымды жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.

Шағын және орта бизнестің бастамашылығы «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша, ал шағын бизнес Жұмыспен қамту шеңберінде қолдауға ие болады.

Ақмола және Қарағанды облыстары аудандарының қатысуымен қала әкімдігі елорданың азық – түлік белдеуін дамыту бойынша жұмыстар жүргізуде. Келешекте астаналық қалалық аглемерация құрамына қала шетіндегі елді мекендер кіретін болады, оларда инфрақұрылымды дамыту үшін жағдайлар (электрмен жабдықтау, автожол және басқалар) жасалатын болады. Осы елді мекендер елорданы ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету үшін қолданылатын болады.

Орта мерзімді кезеңде әкімдік елорда аумағында туристік кластерді дамыту бойынша жұмыстарды жүргізетін болады. Осы секторды оңтайлы дамыту көрсетілетін қызмет сапасына, туристердің келуіне, рекреациялы объектілерді ұлғайтуға және дамытуға әсерін тигізетін болады.

Қолданыстағы медициналық оқу мекемелерімен бірге медициналық кластерді қолдау және әрі қарай дамыту бойынша жұмыстар жалғасатын болады.

Ғылыми – білім беру кластері шеңберінде өңірдегі ең ірі халықаралық деңгейдегі оқу орыны – Назарбаев Университет. Осының бәрі жуық арада елордада іргетасты ғылыми және қолданбалы зерттеудің жетекші орталығының болуына мүмкіндік береді.

Экономиканың теңгерімді және сапалы өсу кезеңіне көшуді іске асыру үшін макроэкономикалық көрсеткіштердің тұрақтылығын қамтамасыз ету қажет.

Осыған байланысты, Астана қаласы әкімдігінің қызметтері жоспарланған коридор шеңберінде тұтыну бағаларының индексін ұстауға, жұмыссыздықтың өсуін болдырмауға, жаңа жұмыс орындарын құруға, қолайлы инвестициялық ахуалды сақтауға бағытталатын болады.

Сыртқы сауда айналымын кеңейтудегі және экономикалық өсудің маңызды қадамы Ресеймен және Беларуссиямен Кеден Одағын (бұдан әрі - КО) құру болып табылады, оның нәтижесінде 170 млн. тұтынушысы бар жаңа үлкен нарық құрылды. КО-дағы елдерді біріктіру маңызды түрде оң тиімділіктерге: бәсекелестіктің өсуіне, сонымен бірге өнім сапасының жақсаруына ие болды.


3. 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік – экономикалық даму болжамы


Экономиканың жыл сайын 6-7 %-ға өсуін қамтамасыз ету мақсатында қала әкімдігі әр жылға саланы дамытудың индикативті көрсеткіштерін әзірледі.
ЖӨӨ НКИ, өткен жылға %

Салаларды дамытудың индикативті көрсеткіштері өз кезегінде мемлекеттік және салалық бағдарламалардың көрсеткіштері негізінде қалыптастырылды.

Экономикалық өсудің нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу инвестициялық белсенділік есебінен қамтамасыз етілетін болады. Инвестициялық салымдардың өсу қарқыны 2012-2016 жылдары жыл сайын орташа алғанда 5 % құрайды. Орта мерзімді кезеңде жоспарланған инвестициялардың жалпы көлемі 2,4 трлн. теңгені құрайды.

Инвестицияның негізгі көзі республикалық бюджет қаражаты және кәсіпорындардың жеке қаражаты болып табылады.

Бұл қаражат Астана қаласын білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, коммуналдық шаруашылық, жылу энергетикасы және көлік инфрақұрылымы саласында әрі қарай тұрақты дамыту жөніндегі перспективалы жоспарларды іске асыруға бағытталатын болады.

Өнеркәсіп өндірісі көлемінің орташа жылдық көлемі 2012-2016 жылдары 6,3 % құрайды, 2016 жылы өнеркәсіп кәсіпорындары жылына 174,0 млрд. теңге сомасына өнім өндіретіндігі болжануда.



Өнеркәсіп өндірісінің ұлғаюына ҮИИД МБ шеңберінде жаңа өндіріс ашу, сондай-ақ осыған дейін қолданыстағы кәсіпорындардың толық күштілігіне шығуға әсерін тигізеді.

Өнеркәсіп секторын дамытудың маңызды саласы машина жасау болып табылады, өнеркәсіптің өсуі 2012-2016 жылдары орташа есеппен жылына 9 % құрайды. Темір жол көлігінің қозғалмалы құрамының жоғары деңгейде тозуы елорда кәсіпорындарының өнімдеріне тұрақты түрде сұраныстың болуына жәрдемдесетін болады. Темір жол көлігін әрі қарай дамыту үшін 2011 жылдың соңында «Talgo» жолаушылар вагонын шығару жөніндегі зауытты пайлануға беру жоспарлануда. Сондай-ақ, қолданыстағы локомотив жинау зауытының жобалық күштілігіне шығу болжануда.

Өндеуші өнеркәсіпті дамытуға және қаланы ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етуге аса маңыз берілетін болады. Бұл салада жылыжай салу және жеміс – көкөніс өнімдерін сақтау бойынша жобалар іске асырылатын болады, бұл келешекте тамақ өнімдеріне бағаны азайтуға мүмкіндік береді.

Әкімшілік кедергілерді төмендету жөнінде шаралар қабылданатын болады, бұл үшін рұқсат беру құжаттары 30% қысқартылады, бұл жайт белсенді әрекет етіп жатқан субъектілер санына оң ықпалын тигізеді. 2016 жылы олардың саны 37,7 мың бірлікті құрайды. Өндіріс пен көрсетілетін қызметтер көлемдерінің өсім қарқыны жыл сайын 7% құрайды. 2016 жылы бұл индикатор 1,4 трлн. теңгеден төмен емес мөлшерде болжанады.

Бизнес-саланы жасқарту бойынша негізгі міндет мемлекеттік-жеке меншік әріптестік арқылы әлеуметтік-инфрақұрылымдық даму тетігін құру болып табылады.

Экономиканы жаңғырту аясында әлеуметтік қызмет көрсететін инфрақұрылымды, оның ішінде сауда, қоғамдық тамақтану және сервис объектілерін, қонақ үй және жарнамалық бизнесті кеңейту бойынша кәсіпкерлермен конструктивті өзара әрекеттер қамтамасыз етіледі.

Елорда экономикасының электрэнергиясындағы және энергиялық тәуелсіздікке қол жеткізу бойынша қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында ЖЭО-1, ЖЭО-2 қайта жаңарту және қуаттылықтарын арттыру, сондай-ақ ЖЭО-3 жаңа энергия көзін салу жобаларын іске асыру жалғастырылады.

Бұл саладағы өндіріс өсімі жылында 6,5% деңгейінде күтіледі.

Нақты сектор салаларының оңтайлы серпінін ескере отырып, бөлшек сауда өсімінің орташа жылдық қарқындары 10,7%, көтерме сауда бойынша – 6,1% деңгейінде күтіледі.

Экономикалық саясат ішкі сауданың тиімділігін арттыру, сауда инфрақұрылымын жетілдіру, электрондық сауданы дамыту арқылы сауда саласында еңбек өнімін ұлғайтуға бағытталатын болады.

«Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын елорданы жеміс-көкөніс өнімімен толықтыру процесіне тарту жұмысы жалғасын табады.

Инвестицияларды сауда саласына тарту мақсатында көліктік-логистикалық жүйе әрі қарай дамиды. Бұнда «Казглавпродукт» ЖШС жобасын іске асыру жоспарланады.

2012-2016 жылдары көлік қызметтері көлемінің өсімі 5,6% құрайды. 2016 жылы жолаушыларды тасымалдау көлемі 1,8 млрд. адамды, жүк тасымалдау – 60,6 млн. тоннаны құрайды.

Әлеуметтік салада елордада демографиялық жағдайды жақсарту, халықтың өмір сүру ұзақтығын ұлғайту жөнінде шаралар жалғастырылады, бұл жайт халық санының өсіміне тікелей әсер етеді. Болжамды деректер бойынша 2016 жылдың аяғына қарай халық саны 880,8 мың адамды құрайды.

Халыққа комфортты жағдайлар жасау және коммуналдық инфрақұрылым жағдадйын жақсарту мақсатында халықтың және қаржылық қаражаттың жеке инвесторларының жинақтау және ортақ қаржыландыру тетігін әзірлеу жұмысы өткізіледі. Шамамен 6 млн. м2 тұрғын үй алаңын енгізу жоспарланады.

Сонымен қатар, Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы шеңберінде еңбек нарығының тиімділігін арттыруға, тұрақты әрі өнімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жолымен жұмыссыздық деңгейін төмендетуге және халықтың табысын жоғарылатуға бағытталатын шаралар қабылданатын болады.



Орта мерзімді персепктивада кадрлық әлеуетті дамыту және жұмыссыз халықты елді индустрияландыру жобасына тарту жөніндегі мемлекеттің саясатын күшейту күтілуде.

Бұл саланы дамытудың негізгі индикаторлары ретінде келесі көрсеткіштер белгіленді: жұмыссыздық деңгейі – 2016 жылы 5,4% төмендету жоспарланады. Жұмыспен қамтылған халық санын 2016 жылға қарай 477,7 мың адамға дейін жеткізу жоспарланады. Орташа айлық жалақы деңгейі жылына орташа 8,3% өсіп отырады, 2016 жылы 174,5 мың теңгені құрайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет