2012 жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму туралы ақпараты Құрметті ауылдастар!



жүктеу 68.05 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі68.05 Kb.
Жаныспай селолық округінің әкімі Понаморев Николай Алексеевичтің

2012 жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму туралы

ақпараты

Құрметті ауылдастар!
Біз жыл сайын Мемлекет басшысының Жарлығымен ауыл тұрғындарының алдында ауылда атқарылған жұмыстар туралы есеп береміз. Сол есеп беру жиыны Жаныспай селолық округінде өтіп отыр

2012 жылы Қазақстан Президентінің кезекті Жолдауымен таныстыңыздар. Биылғы Жолдау «Қазақстан -2050» Стратегиясы – Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деп аталады. Елбасамыз өз Жолдауында: «Өткен жолдан асылы жоқ, келер жолдан жақын жоқ» деген қазақтың даналық сөзін айта келе, ХХ1 ғасырдың «Қазақстанның алтын ғасыры» болатынына сенім білдірді және еліміздің ең озат дамыған 30 мемлекеттерінің қатарына кіру қажеттігін тілге тиек етеді.Бүгінде еліміз үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының бірінші бес жылдығын табысты аяқтады. Болашақта да көптеген жаңа шикізат өнімдерін шығаратын зауыттар салынып, сан мыңдаған жаңа жұмыс орындары ашылытын болады. Бұл ел әулетінің артуы мен сол арқылы қарапайм халықтың тұрмыс деңгейінің жақсару деп білеміз. Қоғам әрбір қадам басқан сайын демократияландыру мен адам құқықтары саласындағы ең жоғары стандарттарға жақындап келеді. Біз қазақ халқына, біздің мәдениетіміз бен тілімізге қатысты тарихи әділдікті қалпына келтірдік.

Қазақстан жолының жаңа кезеңі, экономиканы нығайтудың, халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа міндеттері және Қазақстан үшін экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етудің оңтайлы теңгерімін табу, өмірлік маңызды нәрсе делінген.

Енді Жаныспай селолық округінің 2012 жылғы әлеуметтік жағдайына тоқталып өтейін.



Әлеуметтік жағдай
Селодағы басты мәселе халықты жұмысқа тарту, жұмыс орындарын ашу.

Бұл салада селода біршама жұмыстар атқарылды. Кейбір отбасыларына 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы тағайындалды.

2013 жылдың 1 қаңтарына округте 1025 халық тұрады, Жаныспай селосында 461 адам, 165 аула, Ковыльный селосында 564 адам, 197 аула бар.Еңбекке жарамды халықтың саны 623, соның ішінде Жаныспай селосында 301, Ковыльный селосында 322 адам. Ұлттық құрамы жағынан қазақтар-202, орыстар-515, украйындықтар -106, белорустар-85, немістер-21 және басқа да ұлттар 96 адам. Зейнеткерлер 136 адам. Жұмыс істейтіндер 312 отбасы, 50 отбасында тек қана зейнеткерлер тұрады. Округте 25 мүгедектер тұрады, соның ішінде 3 адам 1-топта, 10 адам 2-топта, 9 адам 3 топта, мүгедек балалар саны 3, 1 бала - мүмкіндігі шектеулі мүгедек.

Қазақстан Республикасының «Атаулы әлеуметтік көмек» және «18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы тағайындау» туралы Заңына сәйкес округте құрылған комиссиясы үнемі жұмыс істеп отырады.

Округ тұрғындарына әлеуметтік карталар толтырылған. 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәремақы 3 отбасына тағайындалды /3 отбасы –7бала/

Қарттарға үнемі көмек көрсетіліп тұрады.

Ұлы Отан соғысының Жеңісінің 67 жылдығына орай мерекелік іс-шаралар атап өтілді. Ұлы Отан соғысы ардагеріне және тылда еңбек еткен ардагерлерге көмек көрсетілді.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған мерекеге орай, Ұлы Отан соғысының ардагеріне, 1- топтағы мүгедек Кравец В.В, 2 еңбек ардагеріне, 2-тыңигерушілерге және Ауған соғысының адагеріне «ОТАU» спутникалық антеннасы орнатылды. Ұлы Отан соғысы ардагерінің пәтеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді.



Есіл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мереке күндеріне арнап Ұлы Отан соғысы ардагеріне және 1- мүгедек балаға көмек көрсетті. Округте 1- қоғамдық қызметкер мүгедектермен /0,25/жұмыс істейді.

Жұмыспен қамту туралы
Жұмыспен қамту бөлімінде 2013 жылдың 1 қаңтарына есепте тұрған жұмыссыздар жоқ. 2012 жыл бойы 6 адам есепте тұрып, олар санитарлық тазарту, көшені көгалдандыру жұмыстарымен айналысты, 1-адам құжаттармен жұмыс істеді..
Мал шаруашылығы саласы
Округте жеке меншікті мал ғана ұсталады.Округте 2013 жылдың 1 қаңтарына 362 шаруашылық бар, соның ішінде 206 аула жеке меншікті мал ұстайды. Ірі-қара мал 339, соның ішінде сиыр 158 бас, шошқа-547 , жылқы-240, қой-303, ұй құстары 3003 бас. Округте қолдан ұрықтандыру бөлімі жұмыс істейді. Мал ауруларына қарсы үнемі ветеринарлық жұмыстар жүргізіліп тұрады. 2012 жылы 150 ірі қара малға бірдейлендіру жұмыстары жүргізіліп, 13146 теңге 46 тиын қаржы өткізілді.
Шағын бизнес
Жаныспай селолық округінде 1- АҚ, 2-ЖШС және 6-Ш/Қ бар. Барлығы 279 адам жұмыс істейді. Округте 6 шағын кәсіпорын бар. 6- дүкен жұмыс істейді, басым көпшілігі азық-түлік сатады. Округде 2 наубайхана жұмыс істейді, 300 бөлке нан пісіріледі. Нанның бағасы 30, 40 теңге. Округте қоғамдық мойынша жұмыс істейді, бағасы 40-50 теңге. Жаныспай селолық округі бойынша жиналған егін 8,7 мың тонна, орта есеппен егіннің шығуы 2,5 центнер.
Ауылды тазарту, көгалдандыру туралы
Ақмола облысы әкімдігінің және Есіл ауданы әкімдігінің « Елді мекендердің аумақтарын санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру жөніндегі ісшаралар өткізу туралы» Қаулысына сәйкес селода біршама жұмыстар атқарылды. Селодағы В.И Лениннің ескерткіші, тыңға 25 жыл атты стелла кезекті жөндеуден өткізілді. Жаныспай және Ковыльный селосына 100 ағаш отырғызылды және ақтау жұмыстары жүргізілді. Селодан 1400 тонна кір-қоқыс шығарылды.

Әскери- есепке алу
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес жұмыстар жүргізіліп тұрады.Қазіргі уақытта округте 41 жасөспірімдер есепте тұрады. 131 адам әскери міндетті азаматтар. 4-азамат әскер қатарында кезекті әскери міндетін атқарып жүр.
Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау
Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғаларды өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес жұмыстар үнемі жүргізіліп отырады. 2012 жылы жеке тұлғалардан 28 өтініш тіркелді, соның ішінде 10 жазбаша өтініш, 8 ауызша, заңды тұлғалардан 10 өтініш қабылданды. 26 өтініш қанағаттандырылды, 2 өтінішке түсініктеме берілді. Жаныспай селолық округі әкімінің қабылдауында 8 азамат болды. Қабылдау белгіленген кесте бойынша жүргізіледі. Өтініштің басым көпшілігі жер бөлу туралы. Жаныспай селолық округі әкімі аппараты халыққа мемлекеттік қызмет көрсетеді. Қосалқы шаруашылық туралы 30 анықтама, мал дәрігерлік 4 -нысанды 27 анықтама және жеке тұлғаларға 115 анықтама берілді. 32 - баланы мектепке оқуға апару үшін көмек көрсетілген жоқ.

Білім саласы
Округте 2 мектеп бар, 128 оқушы білім алуда. 21 бала дайындық бөліміне барады. Мектептерде 35 мұғалім бар, соның ішінде 27 жоғары білімді, 2- сырттай оқиды. Орта біліммен 6 мұғалім жұмыс істейді. 2 мұғалім жоғары категория, 10 мұғалім 1 категория және 10 мұғалім 2 категриямен жұмыс істейді. Жаныспай селолық округінде 2012 жылы мектеп бітірушілер саны 12 оқушы, соның ішінде 5 бала ұлттық біріккен тест тапсырды. Жоғары оқу орнына 5 бала оқуға түсті.

Жылда мектептерде жөндеу жұмыстары жүргізіліп тұрады. Мектептер жылы, күнделікті температура 18-20 С. Екі мектепте де жылы тамақ ұйымдастырылған. Жаныспай селолық округінде балаларға арналған 2 шағын орталық жұмыс істейді.Ковыльный селосында 32 оқушыны мектепке апару үшін арнайы автокөлік білінген. Мектептерде ай сайын оқушылардың білімі тексеріліп тұрады. Жаныспай селолық округіне 30 балаға арналған шағын орталық жұмыс істейді.


Денсаулық саласы
Жаныспай селолық округінде 1 емдеу пункіті, 1фельдшерлік пункт жұмыс істейді. Құрамынада 1 дәрігер, 4 – орта білімді дәрігерлер жұмыс істейді. Дәрігерлік пункттер жыл сайын жөндеу жұмыстары жүргізіліа тұрады. Жаныспай селолық округінде село тұрғындары жыл сайын флюорографиядан өтіп тұрады. Биыл да барлық село тұрғындары дәрігерлік байқаудан өтті. 1 жастан 5 жасқа дейінгі балалар Есіл қаласында дәрігерлік байқаудан өтті. Дәрігер Мирошниченко В.В село тұрғындарының денсаулығын үнемі қадағалап тұрады.

2012 жылы 13 нәресте дүниеге келді, 15 адам қайтыс болды. Округте 1 жедел жәрдем көрсету автокөлігі жұмыс істейді.


Мәдениет саласы
Округте 1 клуб және кітапхана жұмыс істейді. Жылу жүйелері үнемі жұмыс істеп тұрады. Клубта мерекелік- іс шаралар атап өтіледі және көркемөнерпаздар концерті өткізіліп тұрады. Клубта 2- қызметкер жұмыс істейді. Жаныспай селолық клубына жылу жүйелерін жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет.
Ауыз-су мәселесі
Ковыльный селосына су өзеннен тартылған, бекітілген кесте бойынша беріліп отырады. Су үнемі тазартылып, бақылауға алынып тұрады. Ковыльный селосының су құбырлары жөндеуден өтуді қажет етеді. Жаныспай селосына ауыз су құбырдан тартылған. Село тұрғындары судың төлемін уақытылы төлеп тұрады. Су құбырының ара қашыұқтығы 21,600 м.
Жол және коммуникация туралы
Округ бойынша жолдың қашықтығы 16 шақырым, соның ішінде төселген асфальт 12 шақырым, құм-тас жол 4 шақырым. Қазіргі уақытта жолдарға жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Окрукгте 2 байланыс бөлімі жұмыс істейді, орнатылған телефон саны 317. Актив және Билайн желілері жұмыс істейді. Жағар газ Атбасардан әкелінеді, электр жарығы үздіксіз жұмыс істеп тұрады. Округте бірнеше жергілікті теледидар каналдары жұмыс істейді / Хабар, Ел-Арна, ОРТ, Қазақстан және Ресейлік каналдар/ Округте Мегалайн интернеті жұмыс істейді және 16 «Отау» спутникалық антенасы орнатылған.
Тәртіп туралы
Округте учаскелік инспектор полиция капитаны Бигужанов Ербол Жылқайдарұлы жұмыс істейді және екі көмекшісі бар, Конюшевский А, Адиат Б. Учасклік инспектордың қарамағында автокөлік бар. 14 адамның арызы тіркелді, соның ішінде 12-не тиісті іс қозғалды, 4-іс қайтарылды, 1 азаматтың ісі тоқтатылды. 44- азаматқа тиісті хаттамалар жасалды, 2 отбасының жағдайы қаралды, 7-автокөлік жүргізушілеріне хаттамалар жазылды. 14 –хаттама санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізбеген азаматтарға жасалды.
2012 жылы атқарылған жұмыстар


  1. Жаныспай орта мектебінің жылу жүйелері жөндеуден өтті.

  2. Аудан орталығына жолаушылар тасымалдайтын автобус жүреді

3. Ковыльный селосындағы су құбырына кезекті жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2013 жылда атқарылатын жұмыстар


  1. Жаныспай орта мектебінің жылу жүйелерін жөндеуден өткізу жұмыстары.

  2. Ковыльный селосындағы су құбырының су тазартқышын жөндеуден өткізу қажет.

  3. Ковыльный селосында нан диірменін іске қосу.

  4. Ковыльный селосында шағын ЖШС «KazBrend» элеваторын іске қосу.

5. «Жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша Ковыльный- Жаныспай- Московский» жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет