2012 жылдың 1 ші қазанына аудан бюджетінің атқарылуы туралы



жүктеу 53.27 Kb.
Дата12.07.2016
өлшемі53.27 Kb.
2012 жылдың 1 - ші қазанына аудан бюджетінің атқарылуы туралы

Үстіміздегі жылдың 1-ші қазанына Арал ауданы бюджетінің жалпы кірістер болжамы 5414704,8 мың теңгеге (болжам 5363192,0 мың теңге) немесе 101,0 пайызға орындалды. Оның ішінде, салық түсімдері 834282,9 мың теңгеге (болжам 736363,0 мың теңге) 113,3 пайызға, салықтан тыс түсімдер 9057,9 мың теңгеге (болжам 7234,0 мың теңге) 125,2 пайызға, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 2199,1 мың теңгеге (болжам 50430,0 мың теңге) 4,4 пайызға орындалып, 3440858,0 мың теңге субвенция, 572909,0 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферттер және 555398,0 мың теңге нысаналы даму трансферттері толықтай алынып, 100,0 пайызға орындалды.

2012 жылдың 1-ші қазанына, жылдың тоғыз айында Арал ауданы бюджетінің шығындары бойынша жоспардың 5302318,7 мың теңгесі (болжам 5573852,0 мың теңге) игеріліп, 95,1 пайызға орындалып, мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға берілетін бюджеттік кредиттердің 19605,0 мың теңгесі беріліп (болжам 29124,0 мың теңге) 67,3 пайызға орындалса, мемлекеттік кәсіпорындардың жарғылық капиталын қалыптастыру және ұлғайтуға бөлінген 11933,0 мың теңге толықтай игеріліп, 100,0 пайызға орындалды. 2012 жылдың 1-ші қарашасына аудан бюджетінің нақты бақылау шотында 377930,2 мың теңге қалдық қаржы қалды.

Бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша үстіміздегі жылдың тоғыз айына бөлінген қаржының 281052,6 мың теңгесі игерілмеді. Атап айтқанда бөлінген қаржының аудандық мәслихат 14615,7 мың теңгесін (болжам 14715,0 мың теңге) 99,3 пайызын игерсе, игерілмегені 99,3 мың теңге, аудан әкімінің аппараты 63926,2 мың теңгесін (болжам 64521,0 мың теңге) 99,1 пайызын игерсе, игерілмегені 594,8 мың теңге, қала, кент және ауылдық округтері 223968,2 мың теңгесін (болжам 232636,0 мың теңге) 96,3 пайызын игерсе, игерілмегені 8667,8 мың теңге, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 372005,8 мың теңгесін (болжам 385172,0 мың теңге) 96,6 пайызын игерсе, игерілмегені 13166,2 мың теңге, аудандық қаржы бөлімі 96552,8 мың теңгесін (болжам 98025,0 мың теңге) 98,5 пайызын игерсе, игерілмегені 1472,2 мың теңге, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі 15727,3 мың теңгесін (болжам 15777,0 мың теңге) 99,7 пайызын игерсе, игерілмегені 49,7 мың теңге, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 173764,1 мың теңгесін (болжам 180272,0 мың теңге), 96,4 пайызын игерсе, игерілмегені 6507,9 мың теңге, аудандық ішкі саясат бөлімі 15283,9 мың теңгесін (болжам 15601,0 мың теңге) 98,0 пайызын игерсе, игерілмегені 317,1 мың теңге, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 501603,8 мың теңгесін (болжам 504478,0 мың теңге) 99,4 пайызын игерсе, игерілмегені 2874,2 мың теңге, аудандық ауылшаруашылығы бөлімі 31097,6 мың теңгесін (болжам 43922,0 мың теңге) 70,8 пайызын игерсе, игерілмегені 12824,4 мың теңге, аудандық жер қатынастары бөлімі 7726,7 мың теңгесін (болжам 7732,0 мың теңге) 99,9 пайызын игерсе, игерілмегені 5,3 мың теңге, аудандық білім бөлімі 3366829,1 мың теңгесін (болжам 3390050,0 мың теңге), 99,3 пайызын игерсе, игерілмегені 23220,9 мың теңге, аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі 23280,9 мың теңгесін (болжам 23952,0 мың теңге) 97,2 пайызын игерсе, игерілмегені 671,1 мың теңге, аудандық құрылыс бөлімі 361888,7 мың теңгесін (болжам 570137,0 мың теңге) 63,5 пайызын игерсе, игерілмегені 208248,3 мың теңге, аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі 7333,4 мың теңгесін (болжам 7390,0 мың теңге) 99,2 пайызын игерсе, игерілмегені 56,6 мың теңге, аудандық кәсіпкерлік бөлімі 7202,2 мың теңгесін (болжам 7222,0 мың теңге) 99,7 пайызын игерсе, игерілмегені 19,8 мың теңге, аудандық ветеринария бөлімі 51050,0 мың теңгесін (болжам 53307,0 мың теңге) 95,8 пайызын игерсе, игерілмегені 2257,0 мың теңге.

Осы жылдың 19 шілдесінде Қызылорда облыстық қаржы басқармасында өткен мәжілісте облыс әкімінің міндетін атқарушы Р. Нұртаевтың бекіткен, Арал ауданы бойынша 2012 жылдың ІІ жартыжылдығында бюджет қаражаттары жоспарының болжамды атқарылуы кестесіне сәйкес 2012 жылдың 1 қазанына бюджет қаражатының игерілуі 98 пайыздан төмен болмауын қамтамасыз етуді аудан әкімінің орынбасарының осы жылғы 12 қыркүйектегі №03-11/1520 қатынас хатымен барлық бюджеттік бардарлама әкімшілеріне тапсырылған болатын. Алайда аталған межеден Қарақұм (97,4), Қаратерең (84,8), Райым (96,8), Қамыстыбас (91,0), Октябрь (96,8), Жіңішкеқұм (96,9), Мергенсай (95,7), Қосаман (93,7), Ақирек (95,5), Сазды (91,1), Атанши (84,7), Беларан (93,7), Жетесби (86,1) ауылдық округтері, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (96,6), аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі (96,4), аудандық ауылшаруашылығы бөлімі (70,8), аудандық дене шынықтыру спорт бөлімі (97,2), аудандық құрылыс бөлімі (63,5), және аудандық ветеринария бөлімі (95,8) шыға алмады.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде аппарат шығындарынан 755,6 мың теңге кәсіпкерлердің зат әкелуде кешігуінен, халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларды іске асыру қаулысының тоқтатылуынан 299,0 мың теңге, тұрғын үй көмегінен 2734,4 мың теңге тұрғын үй көмегін есептеу тіртібінде нақты пайдаланған түбіртегі бойынша төленгендіктен тұрғын үй көмегінің мөлшері азайғандықтан, жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмектен 349,7 мың теңге ҰОС қатысушылары мен мүгедектерінің қайтыс болуынан, үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуден 181,8 іске асыру қаулысының тоқтауынан, мұқтаж азаматтарға үйден әлеуметтік көмек көрсетуден 168,9 еңбек ақының үнемделуінен, мемлекеттік органның күрделі шығыстарынан 3106,0 мың теңгенің 806,0 мың теңгесі автокөлік сатып алудан үнемделгені, ал қалғаны котелді мемлекеттік сатып алу бойынша кәсіпкердің тұрақсыздығынан, Аудандық жұмыспен қамту орталығы бойынша әлеуметтік жұмыс орындар және жастар тәжірибесі бағдарламасынан 3665,1 мың теңге айға дұрыс жоспарланбауына байланысты, жұмыспен қамту орталығының қызметін қамтамасыз етуден 1757,7 мың теңге орталық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ғимаратында тегін орналасып отырғандықтан және еңбек ақымен әлеуметтік төлемдерге қаржының артық жоспарлануынан;

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты Кітапханалар жүйесінде 6415,5 мың теңге еңбек ақы, материалдық көмек және әлеуметтік салық бойынша қазынашылық басқармасына тапсырылған төлем құжаттарының кейін қайтарылуынан және шаруашылық заттары, кеңсе жиһаздары мен отынның келмеуінен;

Аудандық ауылшаруашылығы бөлімі бойынша 697,1 мың теңге аппарат қызметкерлерінің кезекті еңбек демалысына шығуының кешуілдеуіне және іс-сапардың болмауына байланысты, мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға берілген 9519,0 мың теңге бюджеттік кредиттер мен 2608,3 мың теңге әлеуметтік көмек көрсету шараларын іске асыруға бөлінгген қаржылар жас мамандардан әзірге үй алам деген ұсыныс түспеуінен;

Аудандық ветеринария бөлімі бойынша 714,8 мың теңге аппарат қызметкерінің денсаулығына байланысты кезекті еңбек демалысына және іс сапарларға шықпауынан, ауру малдарды санитарлық союды және жоюды ұйымдастыру бойынша 1542,0 мың теңге ауру малдар анықталған жағдайда мал иесіне төленетін өтемақының бекітілмеуінен;

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 671,1 мың теңге жергілікті деңгейде дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер жоспарланған спорттық жарыстардың болмай қалуынан;

Аудандық құрылыс бөлімі бойынша 3052,4 мың теңге Арал қаласынан №4 мөлтек ауданына және жаңа тұрғын үйлерге электр желісін жүргізу жұмыстарына қабылдау актісінің болмауынан, 5347,0 мың теңге жаңа тұрғын үйлердің инженерлік инфроқұрылымын дамытуға бөлінген қаржы тендерге байланысты, 8191,0 мың теңге Арал қаласындағы тұрғын үйлер құрылысына мердігер тарапынан орындалған жұмыс актісінің болмауынан, 184680,6 мың теңге Жақсықылыш кентіндегі сумен қамту жүйесін жаңарту және кеңейту жұмысына тендердің кеш өтуінен, 588,3 мың теңге Сексеуіл кентіндегі сумен қамту жүйесін жаңарту және кеңейту жұмысына ЖСҚ әзірлеу жұмыстарының 5 пайызы қаржысы қабылдау актісі болмауынан, 1405,0 мың теңге Арал қаласынан коммуналдық сауда қатарларын кеңейту мақсатында әлеуметтік сауда қатары құрылысының 5 пайызы қабылдау актісінің болмауынан, 4363,3 мың теңге Арал қаласынан және аудандардан шағын ашық спорт алаңдары құрылысына мердігер тарапынан орындалған жұмыс актісінің болмауынан, 582,4 мың теңге ауданындағы мектептер құрылысының 5 пайыз қаржыларының, игерілмеуінен.

Аудандық білім бойынша 530,0 мың теңге оқулықтар мен оқу - әдістемелік кешендерді сатып алу және жеткізу бойынша және 278,1 мың теңге үйде оқитын мүгедек балаларды жабдықтармен бағдарламалық қамтыммен қамтамасыз ету бойынша қаржы үнемделгендіктен, 187,9 мың теңге «Мереке» балабақшасының тауарлары уақытылы жеткізілмеуінен, 21974,6 мың теңге №61 Аралқұм, №82 Қаратерең мектептерінің ғимараттары пайдаланиға берілмегендіктен ондағы шағын орталықтардың ашылмауынан, №220 мектепте шет тілінен білім беретін шеттел мұғалімдетінің келмеуінен және №263, №60, №20, №18, №57, №22 мектептерінің төлем құжаттары қате болғандықтан қазынашылықтан өтпей кері қайтарылуынан игерілмеді.







©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет