2012 жылдың I жартыжылдығына Курчатов қаласы бюджеттің орындалуы туралы ақпарат Бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы



Дата17.07.2016
өлшемі58.67 Kb.




2012 жылдың I жартыжылдығына

Курчатов қаласы бюджеттің орындалуы

туралы ақпарат


Бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы

2012 жылдың 1 жарты жылдығына қала бюджетіне 537110,7 мың теңге кірістер түсті, өткен жылдың кезеңдерімен салыстырғанда 134815,3 мың теңгеге артық. Республикалық және облыстық бюджеттерден түскен нысаналы трансферттер мен субвенциялар 272185,0 мың теңгені құрады.

Қала бюджеті меншікті кіріс бойынша бірінші тоқсанға 101,6 % орындалды, іс жүзінде түскені 264925,7 мың теңге.
Толық қала бюджеті бойынша бекітілген жоспарлардың орындалуы барлық кіріс көздері бойынша жетістікке жетті, әлеуметтік салық бойынша түсімдерді (99,3%), көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді (72,8 %) алып тастағанда.

Жоспардың орындалмауы төмендегідей түсіндіріледі:



  • ФМЛ Қазакстан ЖШС қаржылық-шаруашылық қызметінің

жоқтығына байланысты әлеуметтік салықтың түсуі төмендеуімен,

  • «Ядролық технологияар паркі» АҚ штат санының қысқаруына

Байланысты;

  • МАИ аудандық бөлімшесі қайта ұйымдастылуына және

орналасқан жерінің (Семей қаласы) өзгеруіне байлансыты, бюджетке көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу алымдарының түсуі тоқтатылды.

Толығымен ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығына белгіленген жоспардан тыс 4177,7 мың теңге түсті.



Бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуы

Ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығына қала бюджетінің орындалуы республикалық және облыстық бюджеттерден түскен нысаналы трансферттер, субвенциялар есебінен 426239,6 мың теңге немесе 79,3% құрады.



Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметке 87074,6 мың теңге немесе 99,9 % шығысталды. Мемлекеттік сатып алу бойынша үнем, тағайындалған шоттар және іс жүзінде аударым бойынша төлем жүргізілді, 50,9 мың теңге игерілген жоқ.

Қорғанысқа 2147,5 мың теңге немесе 94,9 % шығысталды. Төлемдер тағайындалған шоттар мен іс жүзінде аударым бойынша, 116,4 мың теңге – енгізілген жүргізуші ставкасына еңбекақыға. 82 адам әскер қатарына шақырылғандар дәрігерлік байқаудан өткізілді, шақырылғандар -29 адам, Әскери жоғарғы оқу орынына үміткерлер -8 адам, әскери техникалық мектеп -1 адам.

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздікке 317,0 мың теңге немесе толық көлемде игерілді. Қала көшелеріне 25 жол белгілері орнатылды.

Білімге 179013,0 мың теңге немесе 100 % шығысталды.

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз етуге 42605,6 мың теңге немесе 99,3 % шығысталды. Игерілмегені318,4 мың теңге, соның ішінде: 131,0 мың теңге мемлекеттік әлеуметтік адрестік көмек бойынша жүгінгендер санының азаюы есебінен, 16,2 мың теңге әлеуметтік бағдарлама және жұмыспен қамту бөлімінде мемлекеттік сатып алу бойынша үнем.

Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша жоспарланған қаражат 8835,0 мың теңге сомада, игерілгені 8665,0 мың теңге сомада немесе 98,1%. «Жұмыссыздарды қайта даярлау және кәсіптік даярлау» бағдарламасы бойынша мемлекеттік сатып алудан 170,0 мың теңге үнем, Қоғамдық жұмыстарға 125 адам қатысты. Жұмыссыз 20 адам оқыды.Келісімшарт мерзімі біткеннен кейін 38 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Мемлекеттік адрестік әлеуметтік көмек көрсетуге 960,0 мың теңге қарастырылған, 828,995мың теңге сомада игерілді немесе 86,4%, жүгінгендер санының азаюы есебінен 131,0 мың теңге игерілмей қалды.Осы көмек 92 алушыға тағайындалды және төленді.

Тұрғын үй көмегін көрсетуге 850,0 мың теңге қарастырылды, толық көлемде игерілді, осы көмек 86 отбасына тағайындалды және төленді.

Жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуге облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер 16603,0 мың теңге түсті, толықтай игерілді, ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына коммуналдық қызмет төлемі үшін 419 адамға материалдық көмек көрсетілді, тұрмысы төмен отбасылардан 7 балаға жоғары оқу орнында оқу үшін көмек көрсетілді, 41 көп балалы аналарға материалдық көмек көрсетілді, «Алтын алқа» белгісімен марапатталған, «Күміс алқа» немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған және «Материнская слава» 1,2 дәрежелі орденімен марапатталған, 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалармен бірге тұратын 34 көп балалы аналарға материалдық көмек көрсетілді. Қала бюджеті қаражаты есебінен 630,0 мың теңге бөлінді, толықтай игерілді, көмек сұраған 38 адамға материалдық көмек көрсетілді. Төлем іс жүзінде аударым және өтініш бойнша жүргізілді.

Үйде оқып тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге 601,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді. 6 мүгедек балаларға материалдық көмек көрсетілді, нақты есеп бойынша төлем жүргізілді.

18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы 928 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді 224 балаға жәрдемақы төленді, алушыларға төлем іс жүзінде өтініш бойынша жүргізілді.

Арнайы гигиеналық құралдарды қажет ететін мүгедектерді қамтамасыз етуге 141 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді. 3 мүгедек арнайы гигиеналық құралдардармен қамтамасыз етілді.

Жұмыспен қамту орталығының қызметін қамтамасыз етуге 4896,0 мың теңге бөлінді, 4895,078 мың теңге игерілді немесе 100%.

Тұрмыстық коммуналдық шаруашылыққа 128769,0 мың теңге бөлінді, игерілгені 18136,6 мың теңге сомада немесе 14,1 % оның ішінде:

- нысандарға техникалық құжат кондоминиум даярлауға1353,0 мың теңге бөлінді, игерілгені 1254,1 мың теңге немесе 92,7% . техникалық құжат даярлауға келісімшарт бойынша үнемге байланысты 98,9 мың теңге игерілген жоқ.

- су жүргізу және сумен қамтамасыз ету жүйелерін жұмыс істетуге 2333,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді;

- кәріз құрылысын тазалау құрылыына (дамытуға РБ және ОБ нысаналы трансферттер есебінен) 110534,0 мың теңге бөлінді, қаражат игерілген жоқ, «Триада» ЖШС – мен сот процессі жүргізілуде, екінші отырыс 10.07.2012 ж. болады;

- 4952,0 мың теңге сомада көшені жарықтаныру жүйелеріне қызмет көрсету бойнша жұмыстарға, электроэнергияны пайдаланғаны үшін төленді;

- 3113,0 мың теңге сомада қаланың тазалығын қамтамасыз етуге қаражат бөлінді, қаражат толық көлемде игерілді, аумақтарда механикалық жинауға келмейтін жерлерді қолмен жинау жүргізілді, қоқыс және қар тиеп шығарылды .

- 24,0 мың теңге сомада панасыздарды жерлеу жүргізілді;

- 6460,5 мың теңге сомада көгалдандыруға және абаттандыруға қаражат бөлінді, қаражат толық көлемде игерілді;



Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке 36299,1 мың теңге бөлінді, игерілгені 36296,5 мың теңге немесе 100 %.

  • бос уақытты мәдениетті өткізуді қолдау жұмыстарына

19272,6 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді, соның ішінде қалалық мерекелік іс шаралар өткізілді;

  • спорттық сайыстарды өткізуге (мақтау қағаздарын, медальдар,

кубоктар) 600,0 мың теңге бөлінді, игерілгені 599,9 немесе 100%;

  • басқа аумақтардағы спорттық жарыстарға қатысуға (жол

шығындары, жатар орыны, тамақтану), 2150,0 мың теңге шығындалды, немесе 100%;

  • мемлекеттік және басқа да Қазақстан халықтарының тілдерін

дамытуға 3351,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді;

өткізу бойынша қызметтерге 440,0 мың теңге бөлінді, 437,8 мың теңге немесе 99,5% игерілді, «Спектор-резонанс» газеті арқылы ақпараттық қызметтерге төлем жүргізілді;

  • мемлекеттік ақпараттық саясаттарды телерадио хабарларын өткізу

бойынша қызметке 38,0 мың теңге бөлінді, 37,9 мың теңге сомада немесе 99,7 % игерілді, қалалық радио бойынша хабарландыру және қала әкімінің пресс-қызметі материалдарын телевизияға шығару үшін «Сова» және «Поиск» ЖШС берліген шоттары бойынша төлем жүргізілді.

- жастар саясаты саласында бағдарламаны жүзеге асыруға 711,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді, жастар іс шараларын өткізуге кеңселік тауарлар, силықтар сатып алынды: қалалық көңілді тапқырлар ойын сауығы, Курчатов қаласының 65 жылдығына арналған іс шаралар, «Қазақстанның гүлденуі, ауылдың гүлденуі» акциясы;



Ауыл шаруашылық, жер қатынастарына 71320,4 мың теңге бөлінді, 7131,9 мың теңге игерілді немесе 100 % соның ішінде:

  • қаңғырған иттерді жойып және оларды ұстауға 180,0 мың теңге

бөлінді, тоық көлемде игерілді;

- жергілікті атқарушы органдардың міндеттерін орындауға соттың шешімі бойынша 1029,2 мың теңге сомада Н.В. Ковалеваның пайдасына шығындалды.



Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құылыс қызметтеріне

2781,0 мың теңге сомада бөлінді, 2753,2 мың теңге игерілді немесе 99,0 %



Көлік және коммуникацияға 4580,0 мың теңге қаражат бөлінді, толық көлемде игерілді, қала көшелерінің жолдарын жазда сыпыру және қыста қардан тазалау жұмыстары жүргізілді;

2164,9 мың теңге сомада бюджетке 2011 жылы пайдаланылмаған трансферттерге қайтару жүргізілді




Курчатов қаласының

қаржы бөлімінің бастығы А.Уағызов
Каталог: files
files -> Мазмұны мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері
files -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
files -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
files -> Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Сот кабинеті»
files -> Интернет арқылы сот ісі бойынша ақпаратты қалай алуға болады?
files -> 6М070600 –«Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» 1 «Пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау»
files -> Оқулық. қамсыздандыру: Жұмыс дәптері
files -> «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы
files -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
files -> Спорттық разрядтар мен санаттар беру: спорт шеберлігіне үміткер, бірінші спорттық разряд, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет