2012 жылдың қорытындылары бойынша Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат



Дата23.02.2016
өлшемі248.46 Kb.
#4989
2012 жылдың қорытындылары бойынша Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат
1. Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспары



р/р

Тармақ №

Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Орындалу барысы




1

2

3

4

5

6

7

1.

22.

Елдің ішкі қажеттілігі қанағаттандырылмай отырған маңызды тамақ өнімдері өндірісін ынталандыру жөнінде шаралар кешенін әзірлеу және қабылдау


Президент Әкімшілігіне есеп

АШМ, ИЖТМ

қазан

2008-2011 жж.



Орындалуда

ЖҰЖ тиімді және сапалы орындау мақсатында АШМ 2012 жылғы 1 ақпандағы №11-1-16/185-дир хатымен ПӘ-ге ЖҰЖ-ның 22 және 27 тармақтарын біріктіріп, аталған тармақтарды іске асыру бойынша әзірленген Жол картасында қарастыру жөнінде ұсыныс жолданған.

Аталған ұсыныс қабылданып, ҚР ПӘ Басшысының 2012 жылғы 14 ақпандағы №61-9.8-2 қарарымен облыстардың, Астана, Алматы қ. әкімдіктеріне және мемлекеттік органдарға 22 және 27 тармақтарды іске асыру бойынша шараларды орындау және Жол картасының іске асырылу барысы туралы ақпаратты ПӘ-ге 2013 жылғы 15 қаңтарға дейін ұсыну тапсырылды.

Осы тапсырманы орындау үшін 2012 жылы Жол картасының 4 бағыты бойынша (жеміс-жидек дақылдары мен жүзім, қант, құс еті және ауыл шаруашылығы өнімдерін тереңдете қайта өңдеу) жұмыс жүргізілді.

Жеміс және жүзім шаруашылығы салаларын дамыту мақсатында жыл сайын жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық алқаптарын отырғызуды және өсіруді субсидиялау жүзеге асырылады.

Аталған бағдарламаны іске асыру үшін 2012 жылы 1,8 млрд. теңге бөлініп, оның есебінен 0,8 мың га алқапқа - жеміс-жидек дақылдары, 1,0 мың га алқапқа - жүзім, 113,7 га алманың «Апорт» сорты отырғызылған, сондай-ақ 2009-2012 жылдарда отырғызылған көшеттерге күту жүрзілуде.

Қант қызылшасы өндірісін арттыру мақсатында осы дақылды өсіру шығындарын субсидиялау жүзеге асырылады. 2012 жылы қант қызылшасын 1 гектарға егуге кететін шығын нормативі Алматы мен Жамбыл облыстарында 60 мың теңгені құрады. Сондай-ақ, қант қызылшасын өсірумен айналысатын отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатып алатын гербицидтердің, минералдық тыңайтқыштардың құнын арзандатуға, тұқым шаруашылығын дамытуға және техникалар лизингіне субсидиялар бөлінеді.

Қант қызылшасы өндірісін ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасында АӨК дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған салалық бағдарлама жобасы шеңберінде қант қызылшасын белгіленген бағамен кепілді сатып алу механизмі қарастырылған. Аталған шара 2015 жылға қарай қант қызылшасының көлемін 368 мың тоннадан 488 мың тоннаға дейін арттыруға, ақ қант өндірісінің жалпы көлемінен қант қызылшасы үлесін 2010 жылғы 5,7%-дан 26,2%-ға дейін арттыруға, ақ қанттың ішкі нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сондай-ақ 20 мыңнан астам жұмыс орындарын сақтауға мүмкіндік береді.

Құс етін ұлғайту мәселесін шешу және республика тұрғындарын отандық бәсекеге қабілетті өніммен қамтамасыз ету мақсатында қазіргі заманғы технологияларға негізделген бройлер құс фабрикаларын салу бойынша инвестициялық жобалар іске асырылуда.

Қазіргі уақытта 57 мың тонна құс еті мен 521 млн. дана жұмыртқа өндірісін қамтитын 18 құс фабрикаларын кеңейту және қайта жарақтандыру жұмыстары жүргізілуде, бұл 2016 жылға қарай құс еті импортының көлемін 43%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, қазіргі таңда «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ құс фабрикаларын құру мен дамыту бойынша жалпы құны 18 055,5 млн. теңгені құрайтын 8 жоба мақұлданды.

Осы ретте, мақұлданған жобалардың қуаттылығы жылына 61,5 мың тонна құс еті өндірісін құрайды.

Қазіргі таңда республиканың негізгі азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілу деңгейі (заттай көріністе) ұн бойынша 99,8%, жарма – 81%, макарон өнімдері – 84%, өсімдік майы – 74%, күріш – 58%, өңделген сүт – 86%, сүт қышқылды өнімдер – 82%, сары май – 64%, ірімшік пен сүзбе – 45%, ет консервілері – 59%, шұжық өнімдері 58% құрайды.

Қайта өңдеу кәсіпорындарының қазіргі жағдайын анықтау және тоқтап тұрған немесе жұмыс істемейтін қуаттылықтарды анықтау мақсатында кәсіпорындар бөлінісінде түгендеу жүргізілді. Облыстар әкімдіктері 416 ірі және орта кәсіпорындар бойынша ақпарат ұсынды.

Қолданыстағы қуаттылықтардың толық жүктелуін, жаңа қайта өңдеу кәсіпорындары мен цехтардың, құс фабрикаларының, сүт тауарлы фермалардың, жылыжайлар мен көкөніс сақтау қоймаларының құрылысын арттыру мақсатында ҚР Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама шеңберінде «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымдары Индустрияландыру картасына енгізілген 86 инвестициялық жобаларды іске асыруда. Қазіргі уақытта жалпы құны 49 134,3 млн. теңгені құрайтын 63 инвестициялық жобалар іске қосылды.

Қайта өңдеу кәсіпорындарының жаңа құрал-жабдықтар сатып алуға және жаңартуға нақтылы қажеттілігін анықтау үшін 400 қайта өңдеу кәсіпорындарының техникалық жағдайына талдау жүргізілді, техникалық қайта жарақтануға мұқтаж 96 кәсіпорынның тізбесі жасалды.

Сонымен қатар, қайта өңдеу кәсіпорындарын инженерлік инфрақұрылым объектілерімен қамтамасыз ету мақсатында «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарлама шеңберінде жер телімдерін бөлу, кіре-беріс жолдар құрылысы, электроцех құрылыстары бойынша шаралар қабылдануда. Ірі сауда орындары құрылыстары мен логистикалық инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Техникалық реттеу саласындағы заңнаманың сақталуын бақылау жүйесін практикалық қолдануды қамтамасыз ету бойынша мәселелерді шешу үшін Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің аймақтық бөлімшелерінің жанында халықтан фальсификацияланған тамақ өнімдерінің өткізілу фактілері жөніндегі ақпаратты қабылдау мақсатында қоғамдық қабылдаулар құрылған.

Қазіргі уақытта қолданыстағы техникалық регламенттердің метрологиялық сараптамасы жүргізілуде. Сараптама қорытындысы бойынша зертханалардың материалдық-техникалық жабдықталуы үшін қажетті шаралар қабылдануы, жеткіліксіз стандарттар мен өлшеу әдістемелері әзірленіп бекітілуі тиіс.

Сондай-ақ, бақылауды күшейту мақсатында үкіметтік емес ұйымдарға нарықтағы бұрмаланған тамақ өнімдерін анықтау шараларын жүргізуге құқық беретін мәртебе беру мүмкіндігі пысықталуда.

Мемлекеттік-жеке серіктестік шартында бірқатар сауда-логистикалық орталықтарын құру, заманауи үлгідегі сауда желілерінің қызметін дамыту, отандық тауар өндірушілер үшін сауда желілері құратын тосқауылдарды жою, сондай-ақ, жаңа экспорттық «бос кеңістік», оның ішінде дипломатиялық арналар бойынша ірі инвестициялық жобалардың тізбесін тарату арқылы іздестіру мәселелері пысықталуда.

Қайта өңдеу кәсіпорындарының проблемалық мәселелерін шешу бойынша жұмыстарды жандандыру әрі саланың дамуында нақтылы шаралар қабылдау және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2012 жылғы 7 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің № 226-ө өкімімен қайта өңдеу кәсіпорындарын қолдау бойынша өндіріс көлемін, өндірілген өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және экспорттық потенциалды үдету бойынша шараларды көздейтін Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді және тамақ өнеркәсібін қолдау мен дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары (жол картасы) бекітілді.

Тамақ және қайта өңдеу саласының одан әрі дамуы осы Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді және тамақ өнеркәсібін қолдау мен дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары (жол картасы) шеңберінде жүзеге асырылатын болады.


Мал шаруашылығы саласы

2.

25.

Ветеринарияны халықаралық стандарттарға көшіру жөнінде шаралар қабылдау


Президент Әкімшілігіне есеп

АШМ, ИЖТМ

қаңтар

2009-2012 жж.



Орындалуда

Ветеринарияны халықаралық стандарттарға көшіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат ҚР Премьер-Министрі Кеңсесіне және ҚР Президентінің Әкімшілігіне тиісінше 2012 жылғы 13 қаңтардағы №08-2-8/195-И және №08-2-8/194-И хаттармен жолданған.

ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының 2012 жылғы 16 қаңтардағы №11-29/002-786 (1.25) қарарымен жұмысты жалғастырып, келесі ақпаратты 2012 жылғы 1 шілдеге қарай енгізу тапсырылған.

ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының 2012 жылғы 3 ақпандағы №270-1 қарарымен ақпаратты әрі қарай беру мерзімі 2012 жылғы 1 шілдеге қарай деп белгіленген.

Өз кезегінде, АШМ ҚР Премьер-Министрі Кеңсесіне және ҚР Президентінің Әкімшілігіне тиісінше 2012 жылғы 2 шілдедегі №16-07-11/278-дир және №16-07-10/500-дир хаттармен жолдаған.

ҚР ПӘ Басшысының 2012 жылғы 23 тамыздағы №488-3 қарарымен аталған тармақ ҚР ПӘ-ге жартыжылдық негізде ақпарат бере отырып, ұзақ мерзімді бақылауға қойылған және ҚР АШМ-ге:

- ветеринария саласындағы ағымдағы жағдайға талдау жүргізу және ветеринарияны халықаралық стандарттарға көшіру бойынша шаралар жоспарын (жол картасын) әзірлеу;

- облыс әкімдіктерімен бірлесіп, өңірлер бөлінісінде негізгі пайда болу себептерін анықтай отырып, әрбір ауру түрлері бойынша талдау жүргізу және оларды жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар әзірлеу;

- малды сою және оны рыноктарда сатуға бақылауды күшейту, әкімдіктермен бірлесіп, қажетті санға жеткізе және қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ете отырып, мал сою объектілеріне деген қажеттілікке талдау мен есептер жүргізу тапсырылған.

ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының м.а. Ж. Егімбаеваның 2012 жылғы 11 шілдедегі №11-29/002-786 (1.25 т.) қарарымен жұмысты жалғастырып, келесі ақпаратты 2013 жылғы 1 ақпанға дейін енгізу тапсырылған.

Ветеринария жүйесін халықаралық стандарттарға көшіру мақсатында өткен жылы келесі іс-шаралар қабылданды және қабылдануда:

1) Ветеринария жүйесін институционалдық бекіту (жер-жерлерде аумақтық бөлімшелерімен дербес Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті, ауылдық жерлерде ветеринариялық пункттерімен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік ветеринариялық ұйымдары, Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанында Ветеринария мәселелері бойынша ғылыми-техникалық кеңес, облыстық орталықтар мен Астана, Алматы қалаларында филиалдарымен, өкілдіктерімен Қазақстан ветеринариялық палатасы құрылған), сондай-ақ ауылдық жерлерде ветеринария мамандарына мемлекеттік қолдау көрсету мүмкіндігі туды.

Ветеринария жүйесін әрі қарай жетілдіру мақсатында жаңа құрылған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар мен ветеринариялық пункттердің рөлі күшейтіліп (қосымша функцияларды бекіту), ауылдық округтер әкімдіктерінің ветеринариялық қызметі таратылды.



2) Әкімшілік кедергілерді жою (ветеринариялық анықтамаларды беру құқығына ие тұлғалардың шеңберін және оның республиканың барлық аумағы бойынша күшінің заңдылығын кеңейте отырып, оны беру рәсімі оңайлатылды, ветеринария саласындағы 2 лицензияланатын қызмет түрі қысқартылды. Жануарларға ветеринариялық анықтамаларды өтеусіз негізде беру арқылы ірі қарай оңайлату бойынша жұмыс жүргізілуде.

3) Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру (бірдейлендіру жүргізуге арналған атрибуттар мен бұйымдарға талаптар күшейтілді, жеке нөмірлердің эмиссиясын жүзеге асыру үшін процессингтік орталық құрылып, өндірушілерді, бірдейлендіруді жүргізуге арналған лазерлік станцияларды, атрибуттар мен бұйымдарды тіркеу және бұйымдарда (құралдарды) және атрибуттарды жеткізу процесінде ішінара іріктеу қолға алынды).

Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша мәліметтер базасын жетілдіру, құрылған процессингтік орталық арқылы бірдейлендіру үшін атрибуттарды сатып алу рәсімін орталықтандыру, сондай-ақ жануарларға ветеринарлық анықтаманы өтеусіз негізде беру жұмыстары жүргізілуде.

4) Ветеринариялық шараларды жүргізу (ХЭБ, ФАО ұсыныстарын және АШМ Ветеринария мәселелері бойынша ҒТК-нің ғылыми қорытындысы негізінде, бірінші кезеңде аусыл мен бруцеллез ауруларына қарсы күрес жүргізу стратегиясын әзірлеу басталды, ветеринариялық препараттардың сапасына талаптар күшейтіліп, тартып алынатын жануарлар мен өнімдердің бағасын анықтаудың механизмі өзгертілді, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық мекемелерді материалдық-техникалық жарақтандыру нормативтері бекітілді, қан алудың бір реттік вакумдық жүйесі енгізілді, ветеринариялық препараттарды өндіруге лицензия беру ветеринария саласының уәкілетті органына бекітілді.

5) Ветеринариялық зертханаларды халықаралық стандарттарға көшіру (37 ветеринариялық зертхана (11 облыстық және 26 аудандық ветеринариялық зертханалар) қолданысқа берілді, ветеринариялық зертханаларды аккредитациялау жүргізілуде.

Сонымен қатар, бруцеллез бойынша ХЭБ референт зертханасының статусын алу мақсатында әрбір аудандық ветеринариялық зертханада тәжірибе жүргізілетін жануарларды ұстау үшін виварилер салу және «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ММ негізінде «Twinning lab» жобасын іске асыру жоспарлануда.



6) Кадрларды дайындау, кадрлармен қамтамасыз ету және ветеринариялық мамандардың біліктілігін арттыру (ветеринария мекемелерінде студенттердің тәжірибеден өту және оқу орнын бітірушілерді жұмысқа орналастыру жүйесі жолға қойылды, ветеринариялық мамандарды оқытудың бағдарламасы қайта қаралды.

Жетекші ветеринариялық оқу мекемелерінде студенттерді оқытудың практикалық тәжірибесін зерттеу және кадрларды дайындау сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдау үшін ХЭБ техникалық көмегінің шеңберінде ағымдағы жылдың қарашасында қазақстандық делегаттар Францияның жоғары ветеринариялық мектептеріне (Лион және Тулуз ққ.) барып қайтты.

7) Халықаралық ынтымақтастық және халықаралық мекемелермен ықпалдасу (ҚР Үкіметі және ХЭБ арасында ветеринария саласындағы ынтымақстастық туралы келісімді іске асыру, Мәртебелі ветеринариялық органдардың Шығыс Еуропалық елдермен байланысы бойынша ХЭБ-ның өңірлік семинары өткізілді, Астана қ. Орта Азия өңірі бойынша аусылды бақылау жөніндегі ХЭБ-ның үйлестіру орталығын ашу бойынша жұмыс, ҚР-ның ДСҰ-ға кіруі бойынша келіссөз рәсімдері жүргізілуде.

Қазіргі күні Қазақстан Республикасында Ветеринария жүйесін жаңғырту стратегиясы әзірленіп, Халықаралық эпизоотиялық бюромен келісілді, ол елдің экспорттық әлеуетін дамыту басымдықтары мен ХЭБ-ның ұсынстарының негізгі қағидалары және ДСҰ-ның санитарлық, фитосанитарлық шараларының негізінде әзірленген.

Стратегия шеңберінде ветеринария жүйесін жетілдіру бойынша одан арғы жұмыс жалғастырылатын болады.


3.

26.

Ауыл шаруашылығын барлық деңгейлерде жүйелі қолдау үшін бұдан әрі шараларды қабылдау

Президент Әкімшілігіне есеп

АШМ, ЭДСМ, ҚМ, Астана мен Алматы қ., облыстар әкімдері

қаңтар

2009-2012 жж.



Орындалуда

АШМ ҚР ПӘ-ге мал шаруашылығын барлық деңгейде жүйелі қолдау бойынша одан арғы шаралар туралы ақпарат 2012 жылғы 13 қаңтардағы №08-1-16/2649 хатпен жолданған.

ҚР ПӘ Басшысының 2012 жылғы 30 қаңтардағы №269-2 қарарымен АШМ, ЭДСМ, ҚМ-ге мал шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру шеңберінде субсидия алушыларға барлық шаруашылық түрлерін өндіріс процесіне тартуға мүмкіндік беретін өлшемдер көздеу және қабылданған шаралар туралы ақпаратты 2012 жылғы 1 сәуірге дейін беру тапсырылған.

Өз кезегінде, АШМ тапсырманы орындау бойынша тиісті ақпаратты 2012 жылғы 30 наурыздағы №08-2-7/396-Дир хатпен ҚР ПӘ-ге жолдаған.

ПӘ Басшысының 2012 жылғы 12 сәуірдегі №219-1 ПАБ қарарымен ҚР Премьер-Министрінің АӨК мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына 2012 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде қолданыстағы мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігіне толық талдау жүргізу және көрсетілген шаралардың мал шаруашылығы саласының әрі қарай дамуына ықпалына кешенді бағалау енгізу тапсырылған.

Көрсетілген тапсырманы орындау бойынша ақпарат 2012 жылғы 26 маусымдағы №3-2-9/1618-дир хатпен ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасарының атына жолданған.

ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының 2012 жылғы 23 шілдедегі №219-4 қарарына сәйкес 26-тармақты орындау мерзімі 2013 жылғы 1 ақпанға өзгертілген және мемлекеттік органдарға мыналар тапсырылды:

1) Статистика агенттігі:

- Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп дұрыс емес статистикалық мәліметтер бергені үшін жауапкершілікті енгізе отырып, ауыл шаруашылығы жануарларын айқын статистикалық есепке алу жүйесін әзірлесін;

- бір айлық мерзім ішінде Президент Әкімшілігіне облыстар, аудандар бөлінісінде 2011 және 2012 жылдарда мал басы бойынша айқындалған сәйкессіздіктер бойынша ақпарат берсін;

- ұсақ шаруа (ферма) қожалықтарында және халық шаруашылықтарында мал шаруашылығы бойынша негізгі көрсеткіштердің ай сайынғы есептеу әдістемесін жетілдіру бойынша шаралар қабылдасын;

- халық шаруашылығын «жеке қосалқа шаруашылық» санатынан «шаруа немесе ферма қожалығы» санатына көшірудің статистикалық нысандарын әзірлесін;

2) жергілікті атқарушы органдар:

- субсидиялаудың жаңа бағыттары мен өлшемдерін қамтуын бағалай отырып, ІҚМ басы бойынша шаруашылықтарды толық және сапалы есепке алуды, мониторинг пен талдауды қамтамасыз етсін және Ауыл шаруашылығы министрлігіне екі айлық мерзімде ақпарат ұсынуды қамтамасыз етсін;

- аймақтарда сапалы импортты асыл тұқымды малды іріктеу үшін тәжірибелі, білікті зоотехникатер мен ветеринарлар қатарынан комиссиялар құрсын;

3) Ауыл шаруашылығы министрлігі:

- 2013 жылғы 1 ақпанға дейін барлық санаттағы шаруашылықтарды қамтуын бағалай отырып, мал шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдау тиімділігіне толық таладу берсін;

- асыл тұқымды ІҚМ импортты жеткізушілер бойынша бағасы мен тұқымдары бойынша бірыңғай база жасасын және оның ауыл шаруашылығы кәсіпкерлері үшін қолжетімділігін қамтамасыз етсін;

- Субсидиялау ережесін уақытылы әзірлеу және қабылдау бойынша жүйелі шаралар қабылдасын.

2012 жылы республикалық бюджеттен мал шаруашылығы саласын қолдауға 31,5 млрд. теңге көлемінде субсидия бөлінді.

Қолдау екі бюджеттік бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылады.

«Облыстық бюджеттерге, Астана мен Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға ағымдық нысаналы трансферттер» 083 бюджеттік бағдарламасы

Аталған бағдарламаның шеңберінде 2012 жылы 10,3 млрд. теңге бөлінді.

«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» ҚР Заңына енгізілген түзетулер арқасында селекциялық-асылдандыру жұмысын жүргізуге арналған мемлекеттік субсидиялардың тауар өндірушілердің аса кең ауқымына қол жетімділігі қамтамасыз етілді. Фермерлер селекциялық және асылдандыру жұмысын жүргізумен байланысты шығындардың құнын ішінара арзандатуға және 1 бас сиыр мен қысырға 12,0 мың теңге мөлшерінде субсидия алады.

Сонымен қатар, 2012 жылы өнімділігі төмен малды тұқымдық қайта жаңғырту мақсатында бюджеттік субсидиялар жеке қосалқы шаруашылықтардағы аналық ірі қара мал басын қашыруға пайдаланылатын ет тұқымды аталық бұқаларды ұстауға кеткен шығындарды ішінара өтеу үшін жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға бюджеттік субсидиялар төленеді (1 асыл тұқымды аталық бұқаға мөлшері – 47,0 мың теңге).



«Облыстық бюджеттерге, Астана мен Алматы қалаларының бюджеттеріне мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға ағымдық нысаналы трансферттер» 088 бюджеттік бағдарламасы

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты мал шаруашылығы өнімінің өндірісін ұлғайту, өндірілетін мал шаруашылығы өнімінің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау болып табылады.

Аталған бағдарламаның шеңберінде 2012 жылы 21,1 млрд. теңге бөлінді.

2010 жылдан бастап субсидиялаудың сараланған нормативтерінің енгізілгенін атап кеткен жөн. Бұл ретте, өндірісті жаңартуды, жаңа технологияларды енгізуді жүзеге асыратын, мал басының өнімділігін арттыру үшін асылдандыру және селекциялық жұмысты жүргізетін тауар өндірушілер субсидиялаудың жоғары нормативтері бойынша, ал қалғаны – ең төмен өлшемдерге сәйкес базалық нормативпен алды.

2012 жылы шырынды және қатты азықты субсидиялау бағыты бойынша өлшемдер 2011 жылғы 50 бас орнына 30 бас аналық ірі қара малға дейін төмендетілген.


Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу

4.

27.

Ауыл шаруашылық өндеуші өндірістерді дамыту және қолдау жөнінде шаралар қабылдау

Президент Әкімшілігіне есеп

АШМ, Астана мен Алматы қ., облыстар әкімдері, «ҚазАгро» ҰХ

шілде

2008-2011 жж.



ЖҰЖ-ның 22-тармағын қараңыз.




2. Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспары



р/р

Тармақ №

Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Орындалу барысы




1

2

3

4

5

6

7

1.

25.

Агроөнеркәсіптік кешеніндегі экспортқа бағдарланған инвестициялық жобаларды іске асыру

Президент Әкімшілігіне ақпарат

АШМ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, ӘКК

шілде, қаңтар 2009-2011 жж.

Орындалуда

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қ. Көшербаевтың ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы К. Мәсімовтің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі №230-5 тапсырмасына берілген 2012 жылғы 16 қазандағы №11-8/001-315 (п.25) қарарымен Ауыл шаруашылығы министрлігіне ЭДСМ, ИЖТМ, ДМ, ККМ, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қостанай облыстарымен бірлесіп, сондай-ақ «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, «ҚТЖ» АҚ және «KAZNEX INVEST» АҚ Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау бойынша шаралар кешенін іске асыруды жалғастыру және тапсырманы орындау мерзімін ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесіне 2013 жылғы маусымда атқарылған жұмыс туралы аралық есеп ұсына отырып, 2013 жылғы желтоқсанға дейін ұзарту тапсырылды.

Бүгінгі күні «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ Ақмола, Қостанай, Алматы және Жамбыл облыстарында 990 жұмыс орындарын құра отырып, жалпы сомасы 6,5 млрд. теңгеге 8 экспортқа бағдарланған жобаны іске асыруда. Олардың ішінде 6 жоба – мал шаруашылығы саласында және 2 жоба – қайта өңдеу саласында.

1) "Астана Агроөнім" – өндірістің жобалық қуаттылығы жылына 4 800 тонна ет өндіру, жобалық қуаттылыққа шығу күні – 2015 жылдың соңы. 2012 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жоба нақты жүктелуі 92%-ды немесе өндірілген өнімнің 1154,9 тоннасын құрайды. Ет комбинаты штаттық тәртіпте жұмыс істейді, жобалық қуаттылыққа шығу жоспарлы тәртіпте жүзеге асырылады;

2) «KazBeefLTD» ЖШС – бордақылау алаңы 2012 жылғы қыркүйекте пайдалануға берілді, жобалық қуаттылыққа шығуы – 2015 жылдан бастап жоспарланған. 2013 жылда 2500 ІҚМ басын бордақылауды немесе жобалық қуаттылықтың 50%-ын жүзеге асыру жоспарлануда. Қазіргі уақытта компания бордақылаудағы ІҚМ-нің жалпы санын өзгертпей, орналасу орнын Мамай селосынан Пухальское селосына ауыстыру мәселесі пысықталуда.

3) «Жақсылық» ШҚ – жобалық қуаттылығы бордақылауда 2500 басты құрайды, бүгінгі күні нақты жүктелуі 102% немесе 2556 ІҚМ басын құрайды;

4) «Қараман-К» ЖШС – жобалық қуаттылығы бордақылауда 2 500 басты құрайды, бүгінгі күні нақты жүктелімі бордақылауда 1714 ІҚМ мал басын құрайды;

5) «Қарасу-Ет» ЖШС – ет комбинатының жобалық қуаттылығы жылына 5400 тонна ет өндіруді құрайды, жобалық қуаттылыққа шығу күні – 2015 жылдың соңы. Бүгінгі күні нақты жүктелуі 1183,6 тоннаны немесе 55% құрайды.

6) «Қостанай диірмен комбинаты» – макарон фабрикасының жобалық қуаттылығы жылына 24 000 тонна макаронды құрайды. 2012 жылдың басынан бастап қазіргі уақытқа дейін 9 483 тонна макарон өнімдері өндірілген, нақты өндіріс 9483 тоннаны немесе 39,5% құрады, өнім «Корона» сауда белгісімен шығарылады.

7) «ПОШ-Тараз» фабрикасы» ЖШС – өндірістің жобалық қуаттылығы жылына 870 тонна топс өндірісін құрайды, бүгінгі күні нақты өндіріс 237 тоннаны немесе 36% құрады. «ПОШ-Тараз» фабрикасы» ЖШС ақпаратына сәйкес компанияда жуылмаған биязы жүнді дайындауда проблемалар бар. Жергілікті атқарушы органның ақпаратына сәйкес, Жамбыл облысында биязы жүн өндірісі барлығы 250 тоннаны құрайды. Қарыз алушы топс пен иірілген жіп өндіру үшін шамамен 1 404 тонна жүн сатып алуды жоспарлап отыр.

8) «Байсерке Агро» ЖШС – жоба пайдалануға 2010 жылы енгізілген. Жобалық қуаттылығы – жылына 2 500 тонна ет өнімдерін өндіру. Жобалық қуаттылыққа шығу мерзімі – 2013 жылдың соңы. 2012 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша нақты жүктелуі 47,5 тоннаны немесе 2012 жылғы жоспарлы көрсеткіштің 6% құрады.



3. Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспар



р/р

Тармақ №

Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Орындалу барысы




10. Развитие сельского хозяйства




1

54



Фермерлердің қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейту, оның ішінде аграрлық өндірістегі жекеше инвестициялардың тәуекелдерін төмендету үшін займдарды мемлекеттік кепілдендіру мен сақтандыруды енгізу есебінен кеңейту үшін балама жолдарды қамтамасыз ету

Президент Әкімшілігіне есеп

АШМ, ЭДСМ, ҰБ, Қаржымині, «ҚазАгро ҰБХ» АҚ, облыстардың әкімдері

Үйлестіруші: Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары С.Н.Ахметов



2012 жылғы шілдеде ұсыныстар

2012 жылғы желтоқсанда орындау



Орындалуда

Министрлік қаржылық агенттіктің кепілімен немесе сақтандыру компаниясының сақтандыру полисімен АӨК субъектілерін несиелендіруді ынталандыруға бағытталған несиелерді кепілдендіру мен сақтандыру тетіктерін әзірлеген.

Жоғарыда аталған тетіктер Қазақстан Республикасы Үкіметі деңгейінде қаралып, ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасарының 2012 жылдың 8 қыркүйектегі №11-25/05-456 хаттамалық шешімімен мақұлданды.

АӨК субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыруды енгізудің өзектілігі мен маңыздылығын ескере отырып, осы қаржылық құралдар Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған бағдарламасының (Агробизнес-2020) жобасында қарастырылған.

Тиісінше жоғарыда көрсетілген Бағдарлама қабылданғаннан кейін Парламент Мәжілісі депутаттарының бастамашылық еткен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіп кешені мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының шеңберінде қарыздарды кепілдендіру мен сақтандыру құралдарын заңнамалық түрде нысандандыру бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

ЖҰЖ-ның аталған тармағының орындалуы бойынша ақпарат Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қ.Е. Көшербаевпен келісіліп, 2012 жылғы 27 қарашадағы №10-1-2/517-дир (п.54) хатымен ҚР ПӘ-ге жолданды.

ҚР ПӘ-ден қарар келген жоқ.


2

56


Астық саласы компанияларын біріктіру арқылы бірыңғай астық холдингін құру

Мемлекет басшысына баяндама

АШМ, ЭДСМ, ҚМ, ККМ, БҚА, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, «ҚазАгро» Холдингі, Астана, Алматы ққ., облыстардың әкімдері


2012 жылғы желтоқсан

Орындалуда

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі №76-р өкімімен Астық саласының компанияларын топтастыру жолымен бірыңғай астық холдингін құру мәселесі бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі – Жұмыс тобы) құрылған.

Астық өндірісін және астық рыногын реттеу мен инвестициялау бойынша қызметті іске асыру саласындағы холдингтік компаниялардың қызмет жасауының әлемдік тәжірибесі зерделенді.

2012 жылғы 5 шілдеде мүдделі мемлекеттік органдардыңжәне және ұйымдардың қатысуымен ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасарында аталған мәселе бойынша кеңес өткізіліп, онда жұмыс тобының БАХ құрудың орынсыздығы туралы ұсынысы мақұлданды.

Мемлекет басшысының атына тиісті жазбаның жобасы әзірленіп, ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасарына 2012 жылғы 23 шілдедегі №4-1-10/22-14-ДИР хатпен жолданған.

Сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасарымен келісілген 2012 жылғы 28 қарашадағы №4-1-9/409-дир (56 т.) хат жолданды.

ҚР ПӘ-ден қарар келген жоқ.


3

57

«Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасының іске асырылуын қамтамасыз ету

Мемлекет басшысына баяндама

АШМ, «ҚазАгро» Холдингі, Астана, Алматы ққ., облыстардың әкімдері


2012 жылғы желтоқсан

Орындалуда

Бордақылау алаңдарын құру

Осылайша, 2010-2015 жылдар кезеңінде Жобаның шеңберінде 150 мың бірыңғай бордақылау орнына арналған бордақылау алаңдарының желісін құру жоспарлануда.

2012 жылы 20 мың бірыңғай ұстау бордақылау орнына арналған бордақылау алаңдарының желісін құру жоспарланған.

Бүгінгі күні «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ несие ресурстарының есебінен 1 500 бордақылау орнына арналған жобаны қаржыландыру мақұлданды.

Сондай-ақ,агроқұрылымдардың өз қаражаты есебінен 2012 жылы қуаттылығы 19,2 мың бордақылау орнына арналған бордақылау алаңдары енгізілген.

Репродукторлар құру

Жобаның шеңберінде 2012 жылы 12 мың бас асыл тұқымды, шетел селекциясының таза тұқымды ІҚМ әкелу жоспарланған.

Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы құрылымдары АҚШ, Австралия, Канада, Австрия, Ирландия, Чехия, Ресей, Дания, Украина, Франция елдерінен 16,4 мың бас ІҚМ әкелген.

Ферма қожалықтарын дамыту

Жобаның негізгі блогы ферма қожалықтарында асыл тұқымды табын құру мен дамытуға бағытталған «Сыбаға» бағдарламасы болып табылады.

«ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасын іске асыру бойынша кешенді іс-шаралар жоспарының көрсеткіштеріне сәйкес 2012 жылы 42 мың мал басына арналған ферма қожалықтарының желісін құру жоспарланған.

2012 жылғы 27 желтоқсандағы жағдай бойынша «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ еншілес кәсіпорындары 57,9 мың аналық ІҚМ басы мен 3,2 асыл тұқымды аталық бұқалар сатып алынған, бұл жоспардың 138% және 229% құрайды.

ЖҰЖ-ның аталған тармағының орындалуы бойынша ақпарат Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қ.Е. Көшербаевпен келісіліп, ҚР ПӘ-ге 2012 жылғы 8 желтоқсандағы №3-1-7/409-ДИР хатпен жолданған.

ҚР ПӘ-ден қарар келген жоқ.



4

58


Қой шаруашылығын, жемшөп өндірісі мен шалғайдағы жайылымдық мал шаруашылығын дамыту мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі салалық бағдарламаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Үкімет қаулысы

АШМ, ЭДСМ, Қаржымині, БҚА, ЖРБА, облыстардың әкімдері

Үйлестіруші: Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары С.Н.Ахметов



2012 жылғы қазан

Орындалуда

Қазіргі уақытта Бағдарламаның жобасы бұрыштама қою үшін мүдделі мемлекеттік органдарда жатыр.

Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған бағдарламаның (бұдан әрі - Бағдарлама) аграрлық саланың жоғары басымдылығын, әлеуметтік маңыздылығын және Бағдарламаны іске асырудың ұзақ мерзімділігін есепке ала отырып, оны әзірлеуге қосымша уақыт қажет болды. Сонымен қатар, қажетті қаражат бөлу үшін республикалық және жергілікті  бюджеттің мүмкіндіктеріне талдау жүргізу қажеттілігі туындады.

Осыған орай, Министрлік 2012 жылғы 15 қазандағы 1-1-2/406-дир,1 хатымен ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесіне Мемлекет басшысының атына Бағдарламаны қабылдау мерзімін ұзарту туралы хаттың жобасын жолдады. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы К.Қ. Мәсімовтің 2012 жылғы 29 қазандағы №724 ПАБ-1 қарарымен Бағдарламаны енгізу уақыты 2013 жылдың 20 қаңтарына дейін ұзартылды.











Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет