2012 жылға арналған Приозерск қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы



жүктеу 123.04 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі123.04 Kb.
2012 жылға арналған

Приозерск қаласының

әлеуметтік-экономикалық

даму қорытындылары туралы

2012 жылға арналған қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштерінің, қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтылығымен мінезделеді.

2012 жылдың 12 айында өндірістік өнім көлемі 2140,5 млн. теңгені немесе жоспарға 111,9 % және 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 79,9 % құрады. Өндірістік өнімнің физикалық индексі 111 % құрады.

2012 жыл қорытындысы бойынша негізгі капиталға түскен инвестициялар көлемі 2081,4 млн. теңгені немесе жоспарға 97 % және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 106,6 % құрады. Негізгі капиталға түскен инвестициялардың физикалық индекс көлемі 102,9 % құрады.

2012 жылдың 12 айында құрылыс жұмыстарының көлемі 1442,826 млн. теңгені немесе жоспарға 100 % және 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 126,9 % құрады. Физикалық индекс көлемі – 122,9 %.

2013 жылдың 1 қаңтарына үйлерді іске қосу көлемі 4836 кв. м немесе өткен жылмен салыстырғанда 92,9 % құрады.

2013 жылдың 1 қаңтарына жергілікті бюджетке түскен салықтар көлемі 2 909 266,8 мың теңгені немесе жоспарға 100,9 % және былтырғы жылмен салыстырғанда 118,2 % құрады, соның ішінде:

- жергілікті бюджеттің табыс көлемі 183,4 млн. теңгені немесе жоспарға 116,5 % және былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 145,6 % құрады.

2013 жылдың 1 қаңтарына жергілікті бюджеттің шығындар бөлігі 2 891 млн. теңгені немесе жоспарға 99,99 % құрады.

2012 жылдың 12 айында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі қала бойынша 37,3 млн. теңгені немесе жоспарға 122,3 % және 2011 жылға 128,2 % құрады.

Ауыл шаруашылық өнімінің физикалық индекс көлемі 129,6 %.

Азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақты ұстау бойынша шаралар қолданылды. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес 33 азық-түлік дүкендерінің иелерімен маңызды азық-түлік тауарларына бағаны өсірмеу туралы меморандумдар келісілген, қаланың 24 дүкенінде баға қосу 10 % аспайтын бағалармен әлеуметтік қатарлар ұйымдастырылған.

Нарықтық бағадан 10-15 % төмен баға бойынша басқа қаланың өндірушілері мен жабдықтаушыларының қатысуымен бағаны төмендету мақсатында өткен жылдың наурыз айынан бастап апта сайын ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өткізілді. Жалпы өткен жылдың 10 наурызынан бастап 72 жәрмеңке өткізілген. Сонымен қатар 10 қарашада орталық алаңда Ақтоғай ауданының 7 ауылдық округінің: Абай, Нарманбет, Қусақ, Ортадересін, Нүркен, Тасарал, Торанғылық өнімдері ұсынылған қорытынды «Ауыл-Береке -2012» атты ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті. Қала халқы 20-30 % нарықтық бағадан төмен бағамен ет және көкөніс өнімдерін алуға мүмкіндіктері болды.

«Коммуналдық тұрғын-үйлерді қайта қалыптастыру басқамасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынын тұрақты деңгейге жеткізудің қажеттілігіне байланысты 1999 жылы бекітілген 2012 жылдың 1 қарашасынан бастап коммуналдық қызметтерге (жылу және су) белгіленген баға жоғарылатылды.

2012 жылдың 12 айында тіркелген шағын кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны 395 бірлікті немесе былтырғы жылмен салыстырғанда 102,4 % құрады. Шағын бизнесте жұмыспен қамтылғандар саны 960 адамды немесе 2011 жылмен салыстырғанда 101,1 % құрады.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 1700 млн. теңге немесе былтырғы жылмен салыстырғанда 101,3 % құрады. Бюджетке түскен төлемдер 12,4 млн. теңгені немесе 2011 жылмен салыстырғанда 101,4 % құрады.

Бөлшек тауарайналымы бойынша жағымды өсім байқалуда.

2012 жылдың 12 айында бөлшек тауарайналымының көлемі 2204,9 млн. теңгені немесе жоспарға 142 % (1553 млн. теңге) және 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 171,3 % (1286,9 млн. теңге) құрады. Сәйкесінше бөлшек тауарайналымының физикалық индексі 108,2 % құрады.

«Үдемелі индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы» шеңберінде 2013 жылы Индустрияландыру картасына енгізуге жоспарланған инвестициондық жобалар әзірленген: «Редан плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Шағын қайықтар құрылысы»; «Шұнақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Приозерск қ. Балық шаруашылығы»; туризмді дамыту саласында «Гранд Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2012-2018 жж. Балқаш көлінің жағалауында үзілісті-емдік демалу аймағының құрылысы бойынша жоба әзірлеген; Алматы қаласының Логистикалық орталығы «Горизонт Логистик» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

2012 жылы Елбасының 2012 жылдың 27 қаңтарындығы «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту: Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын зерделеуге, жергілікті халыққа насихаттап түсіндіруге және жүзеге асыруға бағытталған 3 ақпараттық-насихаттау тобы құрылып, жұмыс жоспары жасалды. Жоспарға сәйкес 2012 жылы ақпараттық-насихаттау тобының қатысуымен 8 мыңнан аса халықтың қатысуымен 30 кездесу өткізілді. Ақпараттық насихаттау тобының жұмысы «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасы, «Дидар» жергілікті телеарнасы (2012 жылдың шілде айына дейін), «Орталық Қазақстан», «Индустриальная Караганда», «Приозерский Вестник» облыстық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараттық қолдауымен жүргізілді. Аталған бұқаралық ақпарат құралдарында «За строкой Послания Президента», «Ел басы Жолдауы - ел қамы» атты арнайы тақырыптық айдарлар ашылды. Жергілікті «Приозерский Вестник» басылымында ақпараттық насихаттау тобымен 56 материал шығарылды және телеарналарда 45 сюжет жарықтандырылды.

Жыл бойы қаланың көрнекілікпен безендірілуі бойынша 90 дана тақырыптық банерлер ілінді, 2 билбордтық конструкция орнатылды. Қалалық алаң көрнекі құралдар арқылы патриоттық рухта үгіт-насихат жүргізу мақсатында мемлекеттік нышандармен безендірілді. Қазақстан және Ресей мемлекеттерінің елтаңбасы, әнұрандары бейнеленген 2 пилон және екі мемлекеттің туы ілінген 2 конструкция орналастырылды.

2012 жылы қаланың қоғамдық-саяси жағдайы тұрақты болды. Ұлтаралық және конфесияаралық келісімді нығайтуда және тіл саясатын дамытуда ауқымды жұмыстар атқарылды. 2012 жылдың мамыр айында әзірбайжан халқының этно-мәдени «Дослуг» орталығы ашылды.

Жастар арасындағы қоғамдық-саяси жағдай тұрақты болып қалуда. 2012 жылы қала жастарының қатысуымен 40 аса әр түрлі іс-шаралар өткізілді.

Жалпы білім беретін мектептерде оқушылар саны 1518 адам, оның 872 төменгі сынып оқушылары және аз қамтылған отбасы балалары, жыл бойы олар тегін ыстық тамақпен қамтылды, 306 бала әлеуметтік әл-ауқаты төмен тұрғындар санатынан мерзімдік киімдермен қамтылған, 30 бала қала сыртындағы лагерьге жіберілді.

2012 жылы бюдежеттік қаражат есебінен кітаптар және 45 компьютер сатып алынды. 2012 жылы 24 млн. теңгеге мектеп стадионы құрылды. Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамту 89 %, облыстық көрсеткіш бойынша 86,3 % құрады.

Бір компьютерге 7,3 облыстық көрсеткіш бойынша 7 оқушыдан келеді. Ескірген компьютерлер паркі 12 машинаны немесе 5,4 % құрады.

Мектеп бітірушілер саны - 55 адам. Ұлттық бірыңғай тестілеуге 32 мектеп бітірушісі қатысты (59 %). Орташа балл жалпы білім беретін мектептер бойынша 67,6, облыстық көрсеткіште 68,8 құрайды. Жоғарғы оқу орнына 23 мектеп бітіруші оқуға түсті (40 %). 2012 жылы колледждерге 24 мектеп бітіруші түсті (45,4) %, 2011 жылы 37 (52,8 %).

Қаладағы жалпы білім беру мектептерінде аз қамтылған және көп балалы отбасыларынан шыққан 240 баланы ыстық тамақпен қамтитын мектеп жанындағы лагерьлер ұйымдастырылды. Осы санаттағы 30 бала Шығыс Қазақстан облысындағы емдеу лагерінде өз денсаулықтарын жақсартты. Одан басқа тамақсыз 210 баланы қамтитын, бос уақыттарын демалыспен өткізетін алаңдар құрылды. Жазғы демалыспен қамтылған балалар саны 2011 жылғы 1083 (73,9 %) баламен салыстырғанда 1453 (100 %).

Туу көрсеткіші бастапқы деңгейде сақталуда (319 бала туылған). Жалпы өлім көрсеткіші 16 жағдайға төмендеген. Бала өлімі 2 жағдайға төмендеген.

Қала бойынша туберкулез ауруының көрсеткіші 35,9 % төмендеген, 2011 жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда 117,6 % (16 жағдай), және 81,7 % (11 науқас) құрады. Туберкулез ауруын алдын ала анықтау мақсатында халықты флюорографиялық тексеруден өткізу жұмыстары жүргізілуде. Жылдық жоспар 4315 адам болғанда жылдық пайыздың орындалуы 128,6 % (5552 адам) құрады.

Онкопатологиялық аурулар деңгейі 58,8 % - 44,5 % төмендеген. Барлық әлеуметтік аурулар түріне скринингтік алдын алу тексерістері 100 % орындалды.

Орта персоналды медициналық қызметкерлер саны 100 % жетті, ал дәрігерлер – 61,1 %. 2012 жылы қалалық тұрғын-үй қорынан 2 дәрігерге қызметтік пәтер берілді, 2 отбасы тұрғын үй алу кезегінде тұр.

Денсаулық сақтау басқармасымен облыстық бюджет қаражаты есебінен аурухана қазандығына және емхана ғимаратының сыртқы қасбетіне толық жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жұмыссыздықтан қорғаудың әлеуметтік шаралары бойынша қамтылғандар 759 адам, бұл 136 % өткен жылдан ауыспалы контингент есебімен алғанда, оның ішінде жұмысқа орналастырылғандар – 397, қоғамдық жұмысқа қатысқандар – 261, кәсіби оқытуға жолданғандар – 54, «Жұмыспен қамту – 2020» Бағдарламасының қатысушыларының құрамына енгізілгендер – 46 адам. Барлық өтініш жасаған жұмыссыздар ішінен қоғамдық жұмысқа жолданғандар, тұрақты жұмысқа орналастырылғандар – 160 адам немесе 62 %.

2013 жылдың 1 желтоқсанына жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде аз қамтылған 39 отбасы немесе 181 кедейшілік деңгейінен төмен тұратын азаматтар тіркелген.

Халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына мемлекеттік қолдаудың барлық түрлерін көрсету бойынша жұмыс жүргізу жалғастырылуда. Әлеуметтік көмектің келесі түрлері: мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 47 отбасына, сомасы 1492,0 мың теңге, балалар жәрдемақысы - 71 отбасына, сомасы 1791,5 мың теңге, үйде тәрбиеленіп, оқытылатын - 6 мүгедек балаға сомасы - 125,0 мың теңге көлемінде жәрдемақы, тұрғын үй көмегі 27 отбасына, сомасы 264,0 мың теңге төленді.

«Жұмыспен қамту – 2020» Бағдарламасы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылғандар 11 адам немесе жоспарға 100 %.

Қала бойынша қылмыстың деңгейі 2011 жылдың сәйкес кезеңімен 75,58 % төмендеген.

Жағымды жетістіктерге жетуге қарамастан әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына бағаның өсуі байқалуда. Мониторинг шешімдері бойынша бағаның өсуі азық-түлік тауарларының 6 түріне 2012 жылдың желтоқсан айы мен 2011 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда бағаның өсуі байқалған.

Қылмысты ашу деңгейі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 43,75 % құраған.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңынын 31 бабына сәйкес Приозерск қаласының 2012 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралып, Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2012 жылға арналған қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпараты назарға алынсын.

2. Қала әкімінің орынбасары Д.Саденов, кәсіпкерлік бөлімі бастығының міндетін атқарушы М.Сарбасова:

1) жоспар-тапсырмаға сәйкес 2013 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етсін;

2) «Бизнес Жол картасы – 2020» және индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламаларын кәсіпкерлікті қолдау бойынша кәсіпкерліктің шағын субъектілері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізсін;

3) Индустрияландыру картасына жобаларды енгізу үшін, сондай-ақ «Бизнес Жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асыру үшін жобаларды іздеу бойынша жұмыстарды жалғастырсын;

4) ағымдағы жылдың 1 сәуір мерзіміне дейін Индустрияландыру картасына енгізу үшін Кәсіпкерлік және өндірістік басқармасына келісілген инвестициялық жобаларды ұсынсын;

5) өз қаражаттары есебінен шағын және орта бизнес субъектілерімен негізгі капиталға инвестицияларды салу және бағалық түрде өндірістік өнім көлемінің төмен деңгейін атап көрсетсін.

3. Қала әкімінің орынбасары Д.Саденове, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бастығы А.Исатаев, кәсіпкерлік бөлімі бастығының міндетін атқарушы М.Сарбасова:

1) ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап ауыл шаруашылық жәрмеңкелерінің өткізілуін бастасын және әлеуметтік-маңызды азық-түлік тауарларына бағалық саясаттың орындалуын бақылауда ұстасын;

2) «Сыбаға» бағдарламасы бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын әзірлеу және іздестіру бойынша жұмыстарды ұйымдастырсын.

4. Қала әкімінің орынбасары Д.Саденов, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бастығы А.Исатаев:

1) аналық мал басының өсуіне сәйкес 2013 жылдың 1 тоқсанында ауыл шаруашылық өнімінің жалпы көлемін 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103 % төмен болмауын қамтамасыз етсін;

2) ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап ветеринарлы-алдын алу іс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсін.

5. Қала әкімінің орынбасары Д.Саденов, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бастығы Ж.Есенжолов:

1) 2013 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша бекітілген жоспар-тапсырмаға сәйкес құрылыс жұмыстарының физикалық индекс көлемінің орындалуын қамтамасыз етсін;

2) ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында тұрғын үйлерді пайдалануға беру бойынша жоспардың 100 % орындалуын қамтамасыз етсін;

3) Достық көшесі 16 үй бойынша тұрғын үй құрылысын аяқтау бойынша жұмыстардың жүргізілу сапасына тұрақты бақылауды қамтамасыз етсін;

4) Достық көшесі 24 үй бойынша 24 пәтерлі тұрғын үй құрылысына сапалы, уақытылы жобалық-сметалық құжаттаманың әзірленуін қамтамасыз етсін;

5) белгілеген мерзімде қала салудың бас жоспарының бекітілуін қамтамасыз етсін.

6. Қала әкімінің орынбасары Д.Саденов, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бастығының міндетін атқарушы Е.Абдрахманов:

1) бұзылған 46 объектілерді бөлшектеу, шатырларды, мандай алдыларын жөндеу, апатты үйлердің құрылымын күшейту бойынша жұмыстардың жүргізілуіне тұрақты бақылауды қамтамасыз етсін;

2) коммуналдық меншіктегі жалдамалы үйлерден түсетін түсімдердің жоспарының орындалуын қамтамасыз етсін;

3) 2011-2012 жылдары пайдалануға берілген шағын сәулет түрдегі объектілерге жеке меншік құқықтарын тіркеуді қамтамасыз етсін.

7. Қала әкімінің орынбасары Д.Саденов, қаржы бөлімінің бастығы Б.Тұргамбекова, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің басшыларына:

1) ай сайын уақытылы бюджеттің толық көлемде, сондай-ақ республикалық бюджеттен мақсатты трансферттердің орындалуын қамтамасыз етсін;

2) кестеге сәйкес бекітілген бюджет бойынша мемлекеттік сатып алу электрондық конкурстарының жүргізілуін қамтамасыз етсін;

3) ағымдағы жылдың 31 наурызына дейінгі мерзімде инженерлік жүйелердің техникалық паспортын әзірлеуді аяқтасын.

8. Қала әкімінің орынбасары Д. Саденов, жер қатынастары бөлімінің бастығы С.Бұқпантаев:

1) негізгі мөлшерлерді сапалы әзірлеуді қамтамасыз етсін;

2) бағалық шекараландыру тізбелерін түзетуді ұйымдастыруды қамтамасыз етсін;

3) Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының жерлерін беру бойынша рәсімдерді сапалы жүргізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

9. Қала әкімінің орынбасары Б.Қазиева, ішкі саясат бөлімінің бастығы Г.Шәрбекова:

1) 2012 жылдың 14 желтоқсандағы «Қазақстан -2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Елбасының Жолдауы бойынша ақпараттық –насихаттау топтарының жоспарын әзірлесін;

2) Елбасы Жолдауының маңыздылығы мен қаланың дамуына тигізер ықпалы жайында бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық қолдау көрсетуді күшейтсін;

3) Қолданыстағы заңнамалар негізінде 2013 жылдың 15 наурызына дейін Приозерск қаласының жастармен жұмыс жүргізу бойынша орталығын кұру бойынша тиісті жұмыстарды атқарсын;

4) Өз құзыры шеңберінде Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын іске асыру барысында діни бірлестіктермен және қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынастарды нығайту жұмыстарын қалыптастыру жүктелсін;

10. Қала әкімінің орынбасары Б.Қазиева, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бастығының міндетін атқарушы Е. Абдрахманов, ішкі саясат бөлімінің бастығы Г. Шәрбекова қаланың сыртқы жарнамамен безендірілуі бойынша жұмысын сапалы ұйымдастырсын.

11. Қала әкімінің орынбасары Б.Қазиева, білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Г.Қасымова:

1) 2013 жылдың 1 сәуіріне дейін биология кабинеті мен жоғарғы технологиялық жабдықтарды алу бойынша сапалы конкурстық үдерісті өткізуді қамтамасыз етсін.

2) мектеп бітірушілері арасында еңбек нарығында талап етілетін мамандықты таңдау бойынша кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жүргізуд ұйымдастырсын.

3) мектеп бітірушілерін бірыңғай ұлттық тестілеуге сапалы дайындауды қамтамасыз етсін.

4) 2012 жылдың қорытындысы бойынша дене шынықтыру және спортпен тұрақты айналысатын азаматтар санының жеткіліксіз өсуін көрсетін.

12. Қала әкімінің орынбасары Б.Қазиева, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Ж.Дулатова:

1) 8 наурыз және Наурыз мерекелерін сапалы ұйымдастырсын;

2) жалпы қалалық мәдени – көріністік іс-шаралар үшін костюмдердің тігілуін ұйымдастырсын;

3) мемлекеттік тілді үйрету бойынша курстарды сапалы ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізсін.

13. Қала әкімінің орынбасары Б.Қазиева, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы А.Ким, «Приозерск қаласының жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы С.Адепбекова:



  1. 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспар мен аймақтың даму Бағдарламасы аясында мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізу үшін «Жұмыспен қамту - 2020» Бағдарламасын жүзеге асыру бойынша шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін;

  2. Халықтың жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясат мәселелерінен хабардар болуын қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырсын;

  3. Қала мекемелерінде ұжымдық шарт қатынастарын жетілдіру бойынша жұмысты белсенді жүргізсін;

  4. Халықты әлеуметтік қолдау үшін бөлінген бюджеттік қаржының сапалы және толық игерілуін қамтамасыз етсін.

14. Қала әкімінің орынбасары Б.Қазиева, «Приозерск қаласының Орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорынының директоры Н.Шагиров (келісім бойынша):

1) ана мен бала өлімін төмендету бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы тоқсан сайын ақпарат ұсынсын;

2) әйелдер арасындағы динамикалық және емделушілік потологияны анықтау мақсатында алдын ала медициналық тексерістерді уақытылы жүргізу бойынша шаралар қолдансын;

3) қала тұрғындарын флюорографиялық тексеріспен қамтуды ұйымдастырсын.

15. Әкім аппаратының басшысы Б.Битин, құқық қорғау органдары басшыларына (келісім бойынша) қылмысты ашудың төмен деңгейі, құқық бұзушылықты алдын алу бойынша жұмыстардың төмендігін атап көрсетсін.

16. Қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы К.Урумбаев (келісім бойынша), қала әкімінің орынбасары Б.Қазиева, әкім аппаратының басшысы Б.Битин жеке куәліктерін растайтын құжаттары жоқ тұлғаларды құжаттандыру бойынша жұмыстарды жалғастырсын.

17. 2012 жылғы 30 қазандағы № 40/1 «2012 жылдың 9 айына арналған Приозерск қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы» қала әкімдігінің қаулысын бақылаудан алынсын.

18. Берілген қаулының орындалуын бақылау қатысты сұрақтары бойынша әкім орынбасарлары Д.Ш.Саденовке, Б.А.Қазиеваға жүктелсін.


Приозерск қаласының әкімі Қ.Камзин

Орынд. Н.М.Струментова, Г.К.Шәрбекова


Саденов Қазиева Битин
Тұргамбекова Қасымова


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет