2012 жылғы 1-жарты жылдықтағы облыстық бюджеттің атқарылуы



жүктеу 190.08 Kb.
Дата29.06.2016
өлшемі190.08 Kb.


2012 жылғы 1-жарты жылдықтағы облыстық бюджеттің атқарылуы
2012 жылғы бірінші жартыжылдықта облыс бюджетіне 116604,9 млн.теңге түсті немес 2834,4 млн.теңгеге асыра орындалды. 2011 жылдың өткен кезеңмен салыстырғанда өсім 29,4%-ды немесе 26505,5 млн.теңгені құрады.


112526,4 млн.теңге сомасында кірістер түсті, оның ішінде салық түсімдері 28422,8 млн.теңгені немесе жоспардың 110,6%-ы құрады, 2011 жылдың өткен кезеңмен салыстырғанда 26,3%-ды немесе 23452,8 млн. теңгені құрады.

Салықтардың негізгі түрлері (төлем көзiнен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, заңды тұлғалардың және жеке кәсiпкерлердiң мүлкiне салынатын салық, табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер) асыра орындалды, оған: салық салу базасынаың өсімі, орташа жалақы төлеу өсімі және облыстағы жұмыс істейтіндердің саны әсер етті.


Облыстық бюджеттің түсімдері бойынша атқарылу
Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында облыстық бюджеттік бюджеттік бағдарламаларын іске асыруға 95708,8 млн.теңге жұмсалды, ол 2011 жылғы бірінші жарты жылдыққа қарағанда 14,3%-ға артық.


Игерілмеген қалдық үлесі шығыстардың жалпы сомасы 3,6%-ды құрады, немесе 3458,4 млн.теңге, ол 2011 жылғы 1-жарты жылдықпен слыстырғанда 580,5 млн.теңге аз.

Қорғаныс бойынша 301,6 млн.теңге (62,6%) игерілді, қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік 4991,7 млн.теңге (99,2%), білім беру 14174,6 млн.теңге (88,9%), денсаулық сақтау 21863,4 млн.теңге (97,1%), әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру 4170,1 млн.теңге (95,2%), тұрғын –үй коммуналдық шаруашылық 5304,3 млн.теңге (100%), мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік 3348,9 млн.теңге (99,9%), отын-энергетикалық кешен 3853,3 млн.теңге (100%), ауыл шаруашылығы 2546,9 млн.теңге (98,5%), көлік және коммуникация 3770,1 млн.теңге (99,9%).

Бюджеттік саясаты әлеуметтік шығыстар басымдылығына бағытталған болатын. Білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек, мәдениет, спорт, туризмге шығыстар соңғы 11 жылда оң қарқынды көрсетті, 2011 жылы 1-жарты жылдығында осы шығастардың 28242,4 млн.теңгесі жұмсалды, 2012 жылғы 1-жарты жылдығында олар 43657,2 млн.теңгені құрайды немесе 1,5 есеге ұлғайды.


2012 жылғы 1-жарты жылдықта облыстық бюджетте білім берудің алдына қойған міндеттерді орындауда күрделі шығындарды, республикалық бюджеттен берілген трнасферттерді ескере отырып, 8371,6 млн.теңге сомасында шығыстар жүргізілген болатын, оның ішінде ата-ата қамқорлығынан айырылған жетімдер мен балаларды әлеуметтік қамтамасыз етуге 548,6 млн.теңге сомасында қаражат және 2825,7 млн.теңге – республикалық бюджеттен трансферттер.

Жалпы білім беруге жалпы шығыстар 1665,8 млн.теңгені құрайды, білім беру объектілеріне күрделі жөндеуге және білім берудің мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарыың материалдық-техникалық базасына жергілікті бюджеттің 679,8 млн.теңге сомасында қаражаты жұмсау бойынша мәселе шешілді. 263,5 млн.теңге сомасында қаражат білім берудің объектлріне күрделі жөндеуді аванстауға, 416,1 млн.теңгеге – ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша аванстық төлемдерге жұмсалды.

Білім беретін кәсіптік-техникалық оқу орындарын дамыту мақсатында 24 кәсіптік лицей және 8 кәсіптік мектептерді ұстауға және 33 колледжге облыс үшін қажетті орта арнайы білімі бар мамандар даярлау үшін мемлекеттік тапсырысты орналастыруға тапсырыс берілді, оған 2796,3 млн.теңге немесе 96,1% жұмсалды.

2020 Жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру шеңберінде республикалық бюджеттен экономика саласының қажеттілігін білікті кадрлармен қанағаттандыру үшін кадрларды даярлау және қайта даярлауға 927,0 млн.теңге сомасында қаражат бөлінген болатын. 2020 Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 4156 адам оқиды, оның ішінде мамандарды кәсіптік даярлау бағыты бойынша ауысатын контингент – 2223 адам, кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша оқытуға 1933 адам жіберілді.


Білім беру объектілерін салуға және қайта жаңартуға 4 922,1 млн.теңге жұмсалды. Оның 1 448,6 млн.теңгесі республикалық бюджеттің трнасферттері, есеп беру кезеңінде аталған қаражат есебінен Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылындағы, Өскемен қаласының «Арай» тұрғын ауданындағы балабақшалар, Үржар ауданының, Ұлан ауданының Молодежный кентіндегі орта мектеп құрылысы жалғастырылды.
Облыстық бюджет қаражаты есебінен білім берудің 8 объектісі (оның ішінде қоса қаржыландыру), оның ішінде 2 орта мектеп салынуда, облыстың өңірлеріндегі апаттық мектептер орнына 24 мектеп құрылысы бойынша шығыстар жалғастырылуда, Аягөз және Курчатов қалаларында жаңа балабақша құрылысы жүргізілуде, мектеп және мектепке дейінгі мекемелерді одан әрі кеңейту және жаңарту үшін объектілердің жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге қаражат жұмсалды.
2020 Жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру шеңберінде экономика саласының қажеттілігін білікті кадрлармен қанағаттандыру үшін кадрларды даярлау және қайта даярлауға республикалық бюджеттен 927,0 млн.теңге сомасында қаражат бөлінген болатын. 2020 Жұмыспен қамту бойынша 4156 адам оқиды, оның ішінде 2223 адам – мамандарды кәсіби даярлау бағыты бойынша көшпелі контингент, 1933 адам – кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша оқуға жіберілген.
Білім объектілерін салу және жаңартуға 4922,1 млн.теңге жұмсалды. оның 1 1448,6 млн.теңгесі республикалық бюджеттен берілген трнасферттер, есеп беру кезеңінде аталған қаражат есебінен Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылындағы, Өскемен қаласының «Арай» тұрғын ауданындағы балабақша, Үржар ауданының, Ұлан ауданының Молодежный кентіндегі орта мектеп құрылыс жалғастырылуда.
Облыстық бюджет қаражаты есебінен білім берудің 8 объектісі салынды (оның ішінде қоса қаржыландыру), оның 4-уі ауылдық мектеп, облыстың өңірлеріндегі апаттық мектептердің орнына 24 мектеп құрылысы бойынша шығыстар жүргізілді, мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерді одан әрі кеңейту және жаңғырту үшін объектілердің ЖСҚ әзірлеуге қаражат жұмсалды.


2012 жылғы бірінші жарты жылдықта денсаулық сақтаудың бюджеті 17138,1 млн.теңгені құрады, жыл қортындысы бойынша орындалу 16672,9 млн.теңге немесе 97,3%, оның ішінде жергілікті бюджеттің шығыстары 12102,3 млн.теңгеге орындалды, 4570,6 млн.теңгесі – республикалық бюджет.

Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін қамтамасыз етуге 12723,3 млн.теңге жұмсалды немесе ағымдағы кезеңдегі жоспардың 98,89%-ы. Жеңілдікті дәрілік заттармен қамтамасыз етуге 3308230,3 млн.теңге жұмсалды, соның нәтижесінде диабетпен ауыратын ауруларды, онкологиялық аурулармен ауыратын науқастар, бүйрек қызметінің жеткіліксіздігімен  ауыратындар дәрі-дәрмектермен, халыққа иммунды алдын алу жүргiзу үшiн вакциналарды және басқа иммундық-биологиялық препараттармен қамтамасыз етілді.

Денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға 1022,9 млн.теңге жұмсалды, оның ішінде 266,3 млн.теңгесі –жергілікті бюджет, 756,6 млн.теңгесі – республикалық бюджет қаражаты. Нәтижесінде жыл көлемінде медициналық жабдық және санитарлық автокөлік сатып алынатын болады. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 374,8 млн.теңгеге ұйымдарға күрделі жөндеу жүргізуге аванс төлем төленеді.

Республикалық дамытуға арналған трансферттер есебінен Өскемен қаласындағы денсаулық сақтаудың 4 объектісінің құрылыс жүргізілуде (Қан орталығы және 22 төсек-орынды Емдеу корпусы) және Семей (Облыстық онкологиялық диспансердің радиологиялық орталығының және 300 төсек-орынды көп бейінді қалалық аурухана құрылысы 3-кезек).

Облыстық қаражат есебінен 6 объектінің құрылысы (оның ішінде қоса қаржыландыру), сондай-ақ, ауылдық елді мекендердегі дәрігерлік амбулатория құрылысына 29 ЖСҚ әзірлеу аяқтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2012 жылғы 1-жарты жылдықтағы халықтың әлеуметтік қорғау мекемесінің желісін ағымдағы ұстау және іс-шараларға облыстық бюджет қаражаты есебінен 266,6 млн.теңге жұмсалды немес 99,6% игерілді.

Облыстық бюджет есебінен халықтың әлеуметтік қорғаудың 16 мекемесі жұмыс істейді, есепті кезеңде ағымдағы ұстауға 1274,8 млн.теңге жұмсалды, ол 99,1%-ды құрады, оның ішінде 93,1 млн.теңгесі республикалық бюджеттен берілген ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен.

2012 жылғы 1-жарты жылдықта республикалық бюджет қаражаты есебінен 2020 Жұмыспен қамту іс-шараларын іске асыруға 383,4 млн.теңге ағымдағы нысаналы трансферттер қарастырылған болатын немесе ол 100%.

Облыстық бюджет қаражаты есебінен мұрағаттың 18 мекемесі жұмыс істейді, оларды ұстауға 2012 жылғы 1-жарты жылдықта 158,7 млн.теңге бөлінген болатын, ол толығымен игерілді.

2012 жылғы 1-жарты жылдықта мәдениет мекемелерінің желісін ағымдағы ұстау және іс-шараларды ағымдағы ұстауға облыстық бюджеттен 1358,1 млн.теңге қаражат жұмсалды.

4 облыстық кітапханасын ұстауға бюджеттен 181,5 млн.теңге немес 97,5% жұмсалды.

2012 жылдың 1-жарты жылдығында аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық маңызы бар мәдени іс-шаралар жүргізген болатын. Мәдени-ойын-сауық іс-шараларын өткізуге барлығы 892,3 млн.теңге жұмсалған болатын.

2012 жылғы 1-жарты жылдық ішінде туризм, дене шынықтыру және спортты дамытуға облыстық бюджеттен 1507,2 млн.теңге жұмсалды немесе 98,7%-ға игерілді, оның ішінде спорт іс-шараларын ұйымдастыру және өткізуге, сондай-ақ, спорт жарыстарында спорттың әртүрлі түрлері бойынша құрама командаларын әзірлеуге және қатысуға 320,0 млн.теңге жұмсалған болатын.


Облыстағы 37 БЖСМ, Олимпиядалық резервтерін дайындау үшін спорттық мектептер, сондай-ақ спорттағы дарынды балаларға арналған мектептерді ұстауға 1150,8 млн.теңге жұмсалды немесе 99,5%.

Облыс бойынша туристік қызметті реттеуге 19,3 млн.теңге жұмсалды немесе игеру 71,2%-ы құрады. Біздің облыс аумағында қазіргі уақытта туроператорлық және турагенттік қызметті жүзеге асыратын 125 туристік ұйым, 16 туризм нұсқаушы, 219 орналастыру орны, 14 ерекше қорғалатын республикалық маңызы бар табиғи аумақтар тіркелген.

Орта мерзімдік әлеуметтік-экономикалық даму бағдараламасына енгізілген инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған дамыту бағдарламалары 29 227,9 млн.теңгеге орындалды.



Автомобиль жолдарын салу, жөндеу және ұстау бойынша жобалар іске асырылды, шығыстар 3 794,8 млн.теңгені құрады, оның ішінде 394,0 млн.теңгесі «Жол картасы» шеңберінде.

16 бағыт бойынша облыстық маңызы бар автомобиль жолдардың құрылысы мен жөндеуге, Катонқарағай ауданы Аршаты ауылындағы көпір құрылысы, Самар тасжолындағы т/ж арқылы өтетін автомобиль жол өтпесінің құрылысын жалғастыруға бөлінген қаражаттарды игеру бойынша міндеттемелер орындалды.

Семей және курчатов қалаларындағы көшелерді орташа жөндеу, көгалдандыру және жайластыруға қаражаттар жұмсалды.




Қала маңындағы теміржол бағыттарына халықтың жүруін қамтамасыз ету үшін тасымалдаушыларға облыстық бюджеттен 101,7 млн.теңге көлемінде субсидия, күнделікті ішкі әуе тасымалдауды субсидиялауға – 64,9 млн.теңге төленген болатын.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа арналған шығыстар есеп беру жылында 5 915,9 млн.теңгені құрады.

Нысаналы трансферттер есебінен коммуналдық тұрғын үй құрылысы бойынша жобалар 896,3 млн.теңгеге іске асырылады, есеп беру кезеңінде 616,4 млн.теңге игерілді, оның ішінде Тарбағатай ауданында, Өскемен, Семей және Риддер қалаларында құрылыс жүргізіледі, 2 003,4 млн.теңгеге салынып жатқан тұрғын үйге жеткізілетін инженерлік коммуникациясын салу және жаңарту жүргізілуде, есеп беру кезеңінде 1 439,9 млн.теңге игерілді, оның ішінде 2020 Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша – 761,3 млн.теңге.

Тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға өткен жылы республикалық бюджеттен 1314,0 млн.теңге сомасында кредит алынды, оның ішінде: Өскемен қаласы 1 128,3 млн.теңге, 1 019,9 млн.теңге игерілді, Семей қаласы бойынша 185,7 млн.теңге, 96,3 млн.теңге игерілді. Республикалық бюджет алында 2009 жылы алынған кредиттерді уақтылы өтеу бойынша міндеттемелер кесте бойынша орындалады, 628,5 млн.теңге сомасында кредиттер қайтарылды.

2020 Жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру басталды, соның аясында ресупбликалық бюджеттен берілген трансферттер есебінен инженерлік - коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға 1915,1 млн.теңге қарастырылған болатын.



2012 жылы ауылдағы өмір жағдайын жақсартуға бағытталған «Ақ-бұлақ» бағдарламасын іске асыру жалғастырылды.

2012 жылғы бірінші жарты жылдықта 1,5 млрд.теңге сомасында облыстың 12 өңірінде сумен жабдықтаудың 23 жобасы жаңарту және салу бойынша жұмыстар жүргізілуде, оның 1,2 млрд.теңгесі – республикалық бюджеттің нысаналы трнасфеттері.

Сонымен қатар, екінші жарты жылдықтан бастап 1,0 млрд.теңгеге «Өңірлерді дамыту» жаңа мемлекеттік бағдарламасын іске асыру басталды, оның шеңберінде Өскемен және Зырян қалаларының инженерлік инфрақұрылымын дамыту бойынша іс-шаралар жүргізілетін болады.

ауылдың өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу, өзін-өзі басқаруды қаржылық қолдау көрсету үшін жоғары және орта экономикалық әлеуетпен ауылдарды жайластыру бойынша іс-шараларға, 19 аудан мен қалада 3 тірек ауыл анықталды, олар әрбір өңірді дамытудың локомотиві болады, осыған обыс бюджетінен 361,7 млн.теңге жұмсалды. Жалпы жылына 670,1 млн.теңге бюджет қаражаты қарастырылды.

Риддер, Зырян, Курчатов, Серебрянск сияқты моноқалаларды жайластыру мәселелерін шешуге 447,5 млн.теңге қарастырыпды, осы бағдарламаны іске асыру ағымдағы жылдың маусым айынан басталды.



588,2 млн.теңгесі биологиялық, су, жер ресурстарын, атмосфералық ауаны қорғау және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі іс-шаралар, орман және жануар әлемін қорғау бойынша жұмсалды.

Семей қаласының жылумен жабдықтау схемасын жаңғырту бойынша трансферттер толығымен игерілді.



«2020 бизнестің жол картасы» индустриалдық инфрақұрылымды дамытудың бағдарламасы шеңберіндегі іс-шараларды іске асыруға республикалық бюджеттің 450,0 млрд.теңге сомасында республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер бөлінді, нақты 271,6 млн.теңге игерілді. Ұлан ауданындағы «Өскемен құс фабрикасы» АҚ кәсіпорнының өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым объектілерін жаңарту және Өскемен қаласының Сәтпаев даңғылы бойынша «Қойма үй-жайларының логистикалық орталығы» жобасы бойынша ЖСҚ әзірлеу басталды.

















Атауы

2012 жылғы жоспар

1.07.2012 ж жоспар

атқарылды

есеп беру кезеңіне арналаған жоспарға атқарылуы %

бір жылға арналаған жоспарға

атқарылуы

%

Субвенция, мың.теңге

33435857,0

19419514,0

19419514,0

100,0

58,1

оның ішінде.

 

 

 

 

 

Өскемен қаласы

0,0

0,0

0,0







Семей қаласы

1105891,0

855887,0

855887,0

100,0

77,4

Риддер қаласы

506857,0

376781,0

376781,0

100,0

74,3

Курчатов қаласы

86498,0

52365,0

52365,0

100,0

60,5

Абай ауданы

1432078,0

810455,0

810455,0

100,0

56,6

Аягөз ауданы

2809356,0

1608000,0

1608000,0

100,0

57,2

Бородулиха ауданы

1334226,0

819351,0

819351,0

100,0

61,4

Бесқарағай ауданы

1548482,0

984582,0

984582,0

100,0

63,6

Глубокое ауданы

1524825,0

889343,0

889343,0

100,0

58,3

Жарма ауданы

2552096,0

1465794,0

1465794,0

100,0

57,4

Зырян ауданы

1535839,0

870839,0

870839,0

100,0

56,7

Зайсан ауданы

1950769,0

1085000,0

1085000,0

100,0

55,6

Катонқарағай ауданы

2397362,0

1374765,0

1374765,0

100,0

57,3

Күршім ауданы

2548181,0

1342144,0

1342144,0

100,0

52,7

Көкпекті ауданы

2376376,0

1360770,0

1360770,0

100,0

57,3

Тарбағатай ауданы

3344787,0

1825000,0

1825000,0

100,0

54,6

Ұлан ауданы

1878994,0

1067190,0

1067190,0

100,0

56,8

Үржар ауданы

3667627,0

2131154,0

2131154,0

100,0

58,1

Шемонаиха ауданы

835613,0

500094,0

500094,0

100,0

59,8
















2012 жылғы бірінші жарты жылдықта Қазақстан Республикасы Үкіметенің резервінен Глубокое ауданының Глубокое кентіндегі емханасы бар 100 төсек-орынды орталық аудандық аурухана құрылысына 750,9 млн.теңге қаражат алынды, іссапар шығыстары төлеуге және Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында іссапарда болған қызметкерлерге ақшалай ұстауды төлеуге, көшелерге орташа жөндеу, Семей қаласының жайластыру және көгалдандыруға 744,0 млн.теңге игерілді.
Бюджет аралық қатынастар
Жалпы сипаттағы трансферттер туралы деректер

2012 жылға арналған облыстық бюджет туралы облыстық мәслихат сессиясының шешіміне сәйкес ай сайын облыстың төмен тұрған бюджттеріне облыстың мемлекеттік мекемелерін ұстауға және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға арналған ағымдағы шығыстарды қаржыландыру үшін тағайындалған субвенция сомасы аударылады.



Республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер туралы деректер


Атауы

2012 жылға арналған жоспар

1.07.2012ж. арналған жоспар

1.07.2012 ж. бөлінді

1.07.2012 ж. атқарылды

Игеріл-мей қалған қаражат қалдығы

Нысаналы трансферттер, мың теңге

28484521,0

11989527,2

11989527,2

11070755,1

918772,1

Оның ішінде:
















Өскемен қаласы

8329326,0

2798303,2

2798303,2

2550655,8

247647,4


Семей қаласы

8750868,0

4965438,0

4965438,0

4446069,1

519368,9

Риддер қаласы

727676,0

340465,0

340465,0

335116,3

5348,7

Курчатов қаласы

426511,0

126736,0

126736,0

27238,3

99497,7

Абай ауданы

216518,0

74145,0

74145,0

73938,5

206,5

Аягөз ауданы

463447,0

185535,0

185535,0

171019,4

14515,6

Бородулиха ауданы

480830,0

102538,0

102538,0

98461,3

4076,7

Бесқарағай ауданы

394553,0

130571,0

130571,0

130011,6

559,4

Глубокое ауданы

507596,0

175893,0

175893,0

166487,3

9405,7

Жарма ауданы

2196643,0

907959,0

907959,0

901321,3

6637,7

Зырян ауданы

1372653,0

643870,0

643870,0

640147,7

3722,3

Зайсан ауданы

804632,0

274891,0

274891,0

273634,9

1256,1

Катонқарағай ауданы

428567,0

139728,0

139728,0

139639,4

88,6

Күршім ауданы

514599,0

129766,0

129766,0

129581,4

184,6

Көкпекті ауданы

412344,0

177619,0

177619,0

177001,6

617,4

Тарбағатай ауданы

948218,0

440983,0

440983,0

440092,7

890,3

Ұлан ауданы

691049,0

83349,0

83349,0

82912,6

436,4

Үржар ауданы

476017,0

219678,0

219678,0

219578,8

99,2

Шемонаиха ауданы

342474,0

72060,0

72060,0

67847,1

4212,9

Жыл сайын өңірлерге республикалық бюджеттен біраз қаражат нысаналы трансферттер түрінде бөлінеді, бірінші жарты жылдықта республикалық бюджеттен 11,9 млрд.теңге сомасында нысаналы трансферттер бөлінген болатын, оны жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша 11,1 млрд.теңге игерілді немес 93,2%.

Осылайша, есеп беру кезеңінде республикалық бюджет қаражаты жергілікті деңгейде 0,9 млрд.теңге сомасында игерілмей қалды.

Облыстық бюджет бойынша профицит және бюджеттің профицитін пайдалану

Облыстық бюджеттің кассалық атқару бойынша нақты 142,3 млн.теңге сомасында бюджет профициті пайда болды, ол жоспардың бекітілген тапшылығы кезінде 5183,7 млн.теңге.

Облыстық бюджеттік профицитінің пайда болу себебі салық түсімдерінің 16,8%-ға асыра орындалуы болып табылады.

Сонымен қатар, облыс бюджетінің кірісіне республикалық бюджеттің 3729182,0 мың еңге кредит келіп түсті, олар оң сальдоға әсер етті.



Сондай-ақ, облыс республикалық бюджет алдында қарызды өтеу кестесіне сәйкес 628 491,0 мың теңге сомасында бұрын алынған қарызды өтеді.




©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет