2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты


ҚР агроөнеркәсіптік кешенінің өнімін өткізудің нысаналы ішкі және сыртқы нарықтары



бет3/14
Дата22.02.2016
өлшемі1.28 Mb.
#1816
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

ҚР агроөнеркәсіптік кешенінің өнімін өткізудің нысаналы ішкі және сыртқы нарықтары


Нарықтарды, оның ішінде Қазақстан үшін дәстүрлі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы (бұдан әрі – ТМД) экспорттық өнім өткізу нарықтарын игеру бойынша бірқатар мүмкіндіктер пайдаланылмауда.

Жүргізілген талдау нәтижесінде қазақстандық өндіріс өнімдерін өткізудің мынадай перспективалы нарықтары анықталды.

Бидай нарығында Орталық Азия (бұдан әрі – ОА), Еуропа одағында (бұдан әрі – ЕО) елдерінде, Ауғанстанда Қазақстан ОА елдері мен Ауғанстан халқының тез өсуін ескере отырып, 2020 жылы астық эквивалентінде (бидай, ұн, бидайды терең өңдеу өнімдері) 10 млн. тоннадан астам өнім өткізе алады. Шешуші міндеттердің бірі ұн экспорты бойынша көшбасшылық позицияны сақтап қалу болып табылады, ол импорттаушы елдердің ұн өндіру жөніндегі меншікті қуаттылықтарын дамытуға бағдарлануына байланысты қысқаруы мүмкін. Бидайды терең өңдеу өнімдерінің (крахмал, глютен, дән маңызы және басқалары) экспорты қазіргі уақытта іске қосылып жатқан ұнды терең
өңдеу жобалары ойдағыдай болған жағдайда шикізат эквивалентінде
0,3 – 0,5 млн. тоннаны құрайды.

Ресей Федерациясы (бұдан әрі – РФ) шамамен 1 млн. тонна алманы экспорттайды, оның ішінде Қазақстан 2020 жылы 400 мың тоннаға дейінгі жеткізулерді қамтамасыз ете алады. Бұл ретте, Қазақстанның ішкі нарығы


2020 жылы шикізат эквивалентінде шамамен 600 мың тонна алма және
400 мың тонна алманы қайта өңдеу өнімдерін құрайды. Осы өнім түрі бойынша толығымен өз-өзін қамтамасыз ету және Қазақстанда өсірілген алмалардың РФ шығыс бөлігінде дәстүрлі өткізу нарықтарын қалпына келтіру мақсат болып табылады.

Көкөніс өнімдерінің, оның ішінде қызанақтардың ішкі нарығы 2020 жылы шамамен 3 млн. тоннаны құрайды, оның ішінде жергілікті өндірушілер ішкі сұраныстың 100%-на дейін қамтамасыз ете алады. Көкөніс өнімдерінің экспорты 2020 жылы негізінен КО елдеріне 300 мың тоннаны құрауы мүмкін. Консервіленген көкөністердің ішкі өндірісі 2020 жылы болжамдар бойынша


85 мың тоннаға дейін өседі.

Ішкі нарықтағы жүгеріге деген сұраныс 2020 жылға қарай негізінен мал шаруашылығы тарапынан шамамен 1 млн. тоннаны құрайды және жергілікті өніммен қамтамасыз етілетін болады. Иран қазіргі уақытта жыл сайын 3 млн. тоннадан астам астық түріндегі жүгері импорттайды және осы өнімді өткізудің перспективалы әлеуетті нарығы болып табылады.

Рапстың ішкі нарығы 2020 жылы шамамен 500 мың тонна құрайды, ол жергілікті өніммен қамтамасыз етілетін болады. Сондай-ақ ЕО елдеріне экспорт көлемін 70 мың тоннаға дейін шамамен екі есеге арттыру әлеуеті бар.

Сояның ішкі нарығы 2020 жылы шамамен 350 мың тонна құрайды, ол жергілікті өніммен қамтамасыз етілетін болады.

РФ-та импорттық сиыр етінің әлеуетті нарығы жыл сайын 600 мың тоннадан кем емес құрайды, оған Қазақстан 2016 жылы шамамен 60 мың тонна салқындатылған ІҚМ етін жеткізе алады. Сондай-ақ сиыр етінің ішкі нарығы 2020 жылға қарай шамамен 500 мың тоннаны құрайды, қой еті – 200 мың тонна, жылқы еті – 120 мың тонна, ол отандық өніммен қамтамасыз етілетін болады.

Қой еті мен жылқы еті бойынша ішкі нарықты қамтамасыз етуге бағдар перспективалы, өйткені шектес елдердің ішкі нарықтарының ерекшелігіне байланысты осы өнім түрлерін үлкен көлемдерде экспорттау мүмкін болмайды.

Етті қайта өңдеу өнімдерінің ішкі нарығы болжамдар бойынша
2020 жылға қарай шамамен 115 мың тонна шұжық өнімдерін, 85 мың тоннадан астам өзге өнімдерді құрайды, оның ішінде жергілікті өнім шамамен 100 мың тонна шұжық өнімдерін және 60 мың тоннадан астам өзге өнімдерді құруы мүмкін.

РФ-та импорттық салқындатылған қызыл балық (арқан балық) нарығы жылына шамамен 75 мың тоннаны құрайды, оның ішінде Қазақстан 2020 жылға қарай 1,9 мың тоннасын импорттай алады, сондай-ақ РФ, ЕО мен басқа елдерге 2 мың тоннаға дейін бекіре мен қара уылдырық экспорты мүмкін болады. Балық пен балық өнімдерінің ішкі нарығы шамамен 196 мың тонна құрайды, оның ішінде жергілікті өнім шамамен 84 мың тоннаны құрауы мүмкін

Сүт өнімдерінің ішкі нарығы Қазақстанда 2020 жылы сүт эквивалентінде шамамен 1,6 млн. тоннаны құрауы мүмкін, оның ішінде жергілікті өнім сүт эквивалентінде шамамен 1,5 млн. тоннаны құрауы мүмкін.

Мал шаруашылығына арналған құрама жемге деген қажеттілік жылына


3 млн. тоннаға дейін өседі.

Күріш бойынша Қазақстан өзін-өзі қамтамасыз етуге қол жеткізді, саланың басты проблемалары шешілген жағдайда ТМД елдеріне күріш жармасы экспортының көлемін 2020 жылға қарай 100 мың тоннаға дейін өсіру әлеуеті бар.

Мақта өндірісінде өсіру үшін жарамды аумақтар ауданы Оңтүстік Қазақстан облысының үш ауданымен шектелген, осыған байланысты өндіріс пен экспорттың айтарлықтай өсуі мүмкін болмай отыр.

Биязы жүн нарығында өндірісті 6-8 мың тоннаға дейін өсіру мүмкін болады, сондай-ақ өндірілетін жартылай қылшықты және қылшық жүнді қайта өңдеу көлемдері жылына бірнеше мың тоннаға арттыруға мүмкіндік бар.



    1. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың қолданыстағы мемлекеттік реттеу саясатын талдау


Қазіргі сәтте АӨК-ні дамытуды мемлекеттік реттеу саясаты мынадай нысандарда іске асырылады:

  1. АӨК субъектілері арасында субсидиялар, мемлекеттік сатып алулар және т.б. түрінде әртүрлі мемлекеттік қолдау нысандарын ұсыну;

  2. негізгі өндірістік құралдарды – ауыл шаруашылығы техникасының паркін, жабдықтарды, мал басын жаңартуға арналған жағдайларды қолдайтын қаржылық құралдарды қолдану;

  3. АӨК субъектілері үшін қаржылық-кредиттік құралдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету;

  4. АӨК-ні дамыту жобаларына инвестицияларды тарту үшін қажетті жағдайлар жасау;

  5. өнім экспортын қолдау;

  6. ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздік саласында мемлекеттік қызметтер көрсету;

  7. ҚР АӨК дамыту үшін қажетті көлік, су, сақтау, қайта өңдеу және өзге де инфрақұрылымдарды сақтау және дамыту;

  8. салалық ғылымды дамыту және агротехнологиялық білімді тарату;

  9. бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау.

Қазақстанда негізінен ақшалай және қаржылық қолдау құралдары басым болуда.

2007 – 2011 жылдары АӨК-ні дамытуға бөлінген бюджет қаражатының құрылымы



Р/с №

Қаржыландыру бағыты

Үлесі, %

1

Субсидиялар

28%

2

Кредиттер

20%

3

Инвестициялар мен инвестициялық жобалар

30%

4

Өсімдік шаруашылығына, мал шаруашылығына, қайта өңдеуге арналған қызметтер

20%

5

ҒЗТКЖ және консультациялар

2%




Жиыны

100%

Дерек көзі: ҚР АШМ

Сандық мәндегі жалпы сома тек 2011 жылы 283,5 млрд.-тан астам теңгені құрады.

2007 – 2011 жылдары АӨК-ні дамытуға бағытталған бюджет қаражатының көлемі, млн. теңге

Дерек көзі: ҚР АШМ

2007-2011 жылдардағы субсидиялау түрлері мен көлемдері, млн. теңге

Субсидиялар түрлері

2007-2011 ж.ж. орташа, млн. теңге

Үлесі %

2011, млн. теңге

Өсімдік шаруашылығын дамытуға арналған субсидиялар

22 820,5

50,8

30 011,4

Мал шаруашылығын дамытуға арналған субсидиялар

14 757,4

32,9

26 211,3

Қайта өңдеуге арналған субсидиялар

3 140,8

7,0

5 000,0

Экспортқа арналған субсидиялар

2 555,8

5,7

5 000,0

Суару суына арналған субсидиялар

1 201,1

2,7

1 248,7

Сақтандыруға арналған субсидиялар

360,7

0,8

1 203,3

Стандарттарды енгізуге арналған субсидиялар

55,5

0,1

40,0

ЖИЫНЫ

44 891,7

100

68 714,6

Дерек көзі: ҚР АШМ

Соңғы 5 жылда АӨК-ні субсидиялау 3 еседен астамға ұлғайды.

2007 – 2011 жылдары АӨК салалары бойынша республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен субсидиялау көлемі, млн. теңге

Дерек көзі: ҚР АШМ

Мемлекеттік қолдаудың жеткілікті жоғары деңгейіне қарамастан бірқатар кемшіліктер байқалады:


  1. бірқатар субсидиялар оларға ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің (бұдан әрі – АШТӨ) төмен қызығушылығына байланысты тиімсіз (дәнді, майлы, басқа да бірқатар дақылдар өндірісінің 1 гектарына арналған, ІҚМ 1 басына жұмсалатын жемшөпке арналған субсидиялар және т.б.);

  2. субсидияларды әкімшілендіру жоғары шығындармен ұштасады;

  3. АШТӨ-нің субсидияларды алуы кешіктіріледі;

  4. субсидияларды бөлу тетігі нарықтық бағаларды бұрмалайды;

  5. субсидияларды алудың атаулылығы жеткіліксіз бақыланады (қолдан ұрықтандыруға, өсімдік шаруашылығындағы тұқым шаруашылығына арналған субсидиялар және т.б.).





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет