2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты



жүктеу 1.87 Mb.
бет5/14
Дата22.02.2016
өлшемі1.87 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Агроөнеркәсіптік кешеннің қамтамасыз етуші салаларының даму деңгейін талдау


Қаржыландыруға қол жеткізу

2001 жылдан бастап экономикада берілген кредиттер көлемі 18 есеге жуық өсті. Екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – ЕДБ) ауыл шаруашылығына беретін кредиттері де өсті, алайда, барынша аз ауқымда


2003 – 2011 жылдар кезеңінде бар болғаны 3,88 есеге өсті.
2001 – 2011 жылдары жыл соңында берілген кредиттер көлемі,
млрд. АҚШ доллары

Дерек көзі: ҚР Ұлттық Банкі

2011 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша берілген кредиттер көлемі 545 млрд.теңгеден астамды құрады. Күдікті және үмітсіз кредиттер үлесі ауыл шаруашылығында жалпы экономикамен салыстырғанда айтарлықтай төмен.

2012 жылғы 1 қаңтарға банктердің кредиттерін жіктеу, %



Дерек көзі: ҚР Ұлттық Банкі

2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ЕДБ және «Қаз Агро» ұлттық басқарушы холдингі АҚ (бұдан әрі – «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ) еншілес ұйымдарының АӨК саласындағы кредиттік портфелі (595 млрд.теңге). Ауыл шаруашылығы өндірушілеріне берілген күдікті және үмітсіз кредиттер сомасы мынадай негізгі факторлар әсерінің нәтижесінде шамамен 300 млрд.теңгені құрады:

1) негізінен 2006 – 2008 жылдары машина-трактор паркін жаңғырту мен жаңартуға қымбат және қысқа мерзімді кредиттік ресурстарды пайдалану;

2) 2008 жылғы қаржы дағдарысы;

3) қолайлы баға кезеңінде астық экспортына тыйым салу (2008 жылдың


15 сәуірі мен 1 қыркүйегі аралығында), валюталық түсімнің төмендеуі және астық экспортының дәстүрлі нарықтарын ішінара жоғалту;

4) Ресей мен Украинада жақсы өнім болғандықтан, 2009 жылы астық өндірушілердің сыртқы нарықтарға шығуға мүмкіндігінің болмауы, бұл ішкі нарықта тауарлардың іркілуіне және бағалардың күрт төмендеуіне әкелді;

5) валюталық кредиттік берешекті 25 %-ға ұлғайтқан 2009 жылғы теңгенің құнсыздануы;

6) ауыл шаруашылығы дақылдарының төмен өнімділігіне әкелген 2010, 2012 жылдардағы қолайсыз құрғақ ауа райы жағдайы.

Нәтижесінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындары бұрын қабылдаған кредиттік міндеттемелер бойынша жоғары сыйақы ставкасын және кредиттер бойынша негізгі борыштың бөлігін төлеу проблемасына тап болды.

Осыған байланысты кредиттер мен жобаларды қайта құрылымдау, қайта қаржыландыру, қаржыландыру, сондай-ақ АШТӨ бар берешектерін өтеуге қаржыландыру жолымен АӨК субъектілерін бір реттік қаржылық сауықтыру шараларын қабылдау қажет.

Жалпы АӨК-ні дамытуға республикалық бюджет қаражатынан
2007 – 2011 жылдар ішінде 1 571,9 млн. теңге бағытталды, оның ішінде, субсидиялар үлесіне (суды пайдалануды субсидиялауды есептемегенде) 25,9% немесе 407 млн. теңге келді. Сондай-ақ соңғы 5 жылда (2007 – 2011 жылдар) «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ құрамына кіретін қаржы ұйымдары арқылы АӨК-ні қолдауға республикалық бюджет қаражатынан 332,2 млрд.теңге, Ұлттық қор қаражатынан 120 млрд.теңге бөлінді.

Ауыл шаруашылығын кредит ресурстарымен қамтамасыз етуде айтарлықтай үлесті «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ алады, ол АӨК-де іске асырылатын инвестициялық жобалардың жартысын қаржыландырады.

2012 жылғы 1 қаңтардағы кредиттік портфель, млрд.теңге

Дерек көзі: ҚР Ұлттық Банкі, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ

2007 – 2011 жылдар кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуші өнеркәсіптерге ЕДБ берген кредиттер 1 289 млрд.теңгені құрады.
2007 – 2011 жылдары АӨК-нің қайта өңдеуші салаларына ЕДБ-нің берген кредиттері, млн. теңге

Дерек көзі: ҚР Ұлттық Банкі

Соңғы 5 жылда ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға инвестициялардың жыл сайынғы көлемдері шамамен 2 есе, атап айтқанда
2007 жылғы 56 млрд. теңгеден 2011 жылғы 107,4 млрд. теңгеге дейін артты.
ҚР-дың экономикасына инвестициялардың жалпы сомасынан ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар үлесі соңғы
5 жылда іс жүзінде дәл сол деңгейде қалып, 2007 және 2011 жылдары тиісінше 1,7% және 2,2% құрады, бұл ретте елдің ЖІӨ-дегі өнімнің үлесі 5%-дан астамды құрады. Осылайша, ҚР АӨК-нің салыстырмалы инвестициялық тартымдылығы басқа салалармен салыстырғанда осы жылдары өскен жоқ.

Ауыл шаруашылығы саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін АӨК жобаларын қаржыландыруға тартылатын кредиттерді арзандатуға бағытталған бірқатар қаржылық құралдарды және кредиторлар мен инвесторлардың тәуекелдерін төмендету құралдарын енгізу қажет.

Логистика қызметтері

Дәнді дақылдардың орташа жылдық өнімділігінің өсуі кезінде тасымалдау және сақтау қуаттылықтарының тапшылығы, бидайды дәстүрлі өткізу нарықтарына экспорттау кезінде қиындықтар пайда болады. Астық тасығыштар тапшылығы 3000 бірлікке, дәнді дақылдардың сақтау қуаттылықтарының тапшылығы – шамамен 2 млн. тоннаға, майлы дақылдардың – шамамен 200 мың тоннаға, жеміс-көкөніс өнімдерінің – шамамен 200 мың тоннаға бағаланады.

Жер ресурстарын пайдалану

Жерлерді пайдалану және топырақтың құнарлылығын сақтау мәселелерінде белгілі теңгерімсіздік бар. Ұзақ мерзімді жалға берілген ауыл шаруашылығы жерлерінің мәнді көлемі мақсаты бойынша пайдаланылмауда немесе ең төмен дәрежеде пайдаланылуда. Жалға алушылар пайдаланатын ауыл шаруашылығы жерлерінде топырақтың құнарлылығын сақтау және жел мен су эрозиясының алдын алу жөніндегі жеткіліксіз тиімді іс-шаралар жүргізіледі. ҚР Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің деректері бойынша ҚР-да ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің 15%-ына дейін ұтымсыз пайдаланылады. Қазіргі таңда шамамен 125 млн. гектар жайылым суландырылмаған және пайдаланылмауда. Бұдан басқа, елді мекендерге жанасып жатқан 20 млн.гектардан астам жайылым ұтымсыз пайдалану салдарынан азып-тозған деп жіктеледі.

Топырақ құнарлылығын сақтау және қалпына келтіру, минералдық тыңайтқыштарды ұтымды пайдалану және осы негізде ауыл шаруашылығы өнімдерін орнықты өндіруге жағдай жасау мақсатында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде топырақ құнарлылығының тұрақты мониторингін жүргізу қажет. Бұдан басқа, жер, табиғат және басқа ресурстарды ұтымды пайдалануды ынталандыру мақсатында АӨК субъектілеріне салық салу жүйесін жетілдіру қажет.

Ветеринариялық қауіпсіздік

Тұрақсыз эпизоотиялық жағдай АӨК-ні дамыту үшін негізгі қауіп болып табылады. Шекара маңы өңірлері ауруларға неғұрлым ұшыраған, сол жерлерден инфекциялар одан әрі елдің басқа бөліктеріне тарайды. 2011 жылы жіті инфекциялық аурулардың 227 ошағы тіркелді, осының нәтижесінде Қазақстанның бірқатар облыстары үшін мал шаруашылығы өнімінің экспортына тыйым салынды.

ҚР-дағы жануарлар аурулары жағдайларының саны, 2011 жыл



Дерек көзі: «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК

Неғұрлым таралған аурулар ІҚМ мен ҰМ бруцеллезі және ІҚМ лейкозы болып табылады. 2011 жылы бруцеллезге оң нәтижені
75 038 ІҚМ сынамасы және 32 705 ҰМ сынамасы көрсетті, сондай-ақ лейкозға 58 046 оң нәтиже анықталды, бұл 2010 жылмен салыстырғанда аурулар санының тиісінше 14%, 15% және 10%-ға төмендеуін көрсетеді.

Ветеринариялық және тамақ қауіпсіздігі жүйесін дамытуды бірқатар факторлар тежеуде. Мал басының басым бөлігі жеке үй шаруашылықтарында ұсталады, бұл ветеринариялық бақылауды қиындатады. Қазіргі таңда ақпараттық жүйелер «фермадан үстелге дейінгі» өнімді бақылауды қамтамасыз етпейді, эпизоотиялық қадағалау, аурулардың пайда болу мониторингі мен болжам жүргізуге қауқарлы емес. Малды бірдейлендіру рәсімі орталықтандырылмаған сатып алу, сырғаларды қайталау, жоғалту, сырға құнын иелерінің қайтармауы секілді бірқатар проблемалармен қиындатылған,


сондай-ақ электронды бірдейлендіру жүйесі интернет желісімен қамтамасыз етілмеген ауылдық елді мекендер үшін қол жетімсіз. Ветеринариялық препараттарды, диагностикумдарды қатаң бақылау жоқ. Қолданыстағы инфрақұрылым ветеринариялық қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз етпейді, ветеринариялық ұйымдар (коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар, облыстық және аудандық ветеринариялық зертханалар) барлық қажетті жабдықпен тиісті түрде жарақталмаған.

Сақтандыру

Қазіргі таңда өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру саласында заңнамалық базаның бар болуына қарамастан аталған институттың әрекеті жеткілікті дәрежеде тиімді емес. Сақтандыру сыйақыларының мөлшері төлемдерге мемлекеттің қатысуына қарамастан іс жүзіндегі шығыстар мен әкімшілік ету шығындары мөлшерін жаппайды.

Өсімдік шаруашылығын сақтандыру нарығындағы сақтандыру сыйақылары мен төлемдерінің серпіні, млн. теңге



Дерек көзі: «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ

Бұл ретте, саладағы сақтандыру жүйесінің дамуына және тұрақты қызмет етуіне деген қажеттілік маңызды болып табылады, бұл оны жетілдіруге қажеттілік мәніне зерделеуді талап етеді.

Аграрлық ғылым

2007 жылы ауыл шаруашылығы зерттеулерін басқарудың заманауи жүйесін қалыптастыру мақсатында ҚР АШМ құрамында «ҚазАгроИнновация» АҚ құрылды, оның құрамына барлық салалық ғылыми-зерттеу ұйымдары және ауыл шаруашылығы тәжірибе станциялары кірді.

«ҚазАгроИнновация» АҚ ұйымдастыру құрамында 5 600 астам адам жұмыс істейді, олардың ішінде шамамен 1 100 (20%) – ғылыми қызметкерлер. Ғылыми қызметкерлердің жалпы санынан 60%-дан астамында ғылыми дәрежесі бар, ғылыми қызметкерлердің орташа жасы 46,7 жасты құрайды. Едәуір материалдық-техникалық базасы – 280 мың гектардан астам жері, ауданы 900 мың шаршы м ғимараттары мен құрылыстары, шамамен 4 500 бірлік зерттеу жабдығы ауыл шаруашылығы техникасы бар.

Ғылыми зерттеулерді қаржыландыру көлемі соңғы үш жылда орташа
3,3 млрд. теңгені құрады, бұл саланың жалпы өнімінен 0,17 – 0,25 % құрайды.

ҚР барлық негізгі ауыл шаруашылығы өңірлері мен отандық АӨК салалары зерттеулермен қамтылған.

2009 жылдан бастап «ҚазАгроИнновация» АҚ құрамында білім тарату жүйесі, технологияларды коммерцияландырудың салалық кеңсесі,
«Асыл - Түлік» республикалық асыл тұқымды мал шаруашылығы орталығы және «Бастау» баспасы жұмыс істейді.

Отандық ғылыми әзірлемелерді енгізу ауқымдары жыл сайын артуда. Мысалға, 2011 жылы егіншілік шаруашылығында ылғал-ресурс үнемдеу технологияларын қолдану 11,7 млн. га. құрады (өсу 2007 жылмен салыстырғанда – 2,3 есе), бидайдың отандық сорттарын өсіру алқаптары


6,8 млн. га (бидайдың егістік алқаптарынан 42 %) құрады. Зерттеу процесіне тартылған ірі қара мал басының саны 760 мың бас құрады.

Сонымен қатар, АӨК өндіргіштігін және бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы ретіндегі ауыл шаруашылығы ғылымының одан әрі дамуын тежейтін жүйелі сипаттағы бірқатар проблемалар бар. Олардың ішінде негізгілер мыналар болып табылады:



  1. жеткіліксіз қаржыландыру – ауыл шаруашылығы өнімдерін жетекші экспорттаушы елдермен салыстырғанда қаржыландыру көлеміндегі көп еселік айырмашылық;

  2. жоғары білікті жас мамандардың – ғылыми қызметкерлердің, көмекші және техникалық персоналдың тапшылығы;

  3. инфрақұрылымның моральдық және физикалық тозуы – 20 жылдан артық пайдаланылып келе жатқан ғылыми-зерттеу жабдығының үлесі 28%, ауыл шаруашылығы техникасы мен автомашиналар – 41 %, 20 жылдан артық күрделі жөндеусіз пайдаланылып келе жатқан ғимараттардың үлесі – 95 % құрайды;

  4. ғылыми әзірлемелерді енгізу және бизнеспен өзара іс-қимыл жасау құралдарының дамытылмауы;

  5. отандық аграрлық ғылымның әлемдік ғылыми жүйеге ықпалдасуының жеткіліксіз деңгейі.

Осыған байланысты, АШТӨ үшін білім беру және консультациялық қызметтердің қолжетімділігін арттыру мақсатында аграрлық ғылымға реформалау жүргізу қажет.

Ауыл шаруашылығы техникасының паркі

Қазіргі таңда машиналар мен жабдықтардың абсолютті санының өсу серпініне қарамастан ҚР-дағы ауыл шаруашылығы техникасы паркінің
80%-ы тозған. Қазіргі уақытта пайдаланудың нормативтік мерзімі 8-10 жыл кезінде 80%-дан астам астық жинау комбайндары мен тракторларының орташа пайдаланылған жылы 13-14 жыл, 71% астық жинау комбайндары,
93% тракторлар және 95% тұқым себетін машина есептен шығаруға жатады, ауыл шаруашылығы техникаларының қолда бар паркі жалпы 87% шегінде тозған. 2004-2009 жылдары техниканың қатардан шығып қалуының орташа коэффициенті оң болды (жылына 0,7%).

ҚР-да ауыл шаруашылығы машиналарының негізгі түрлерінің бар болуы (жылдың басынан), бірлік



Техникалар түрі

2006

2007

2008

2009

2010

2011

Тракторлар

132 676

134 799

137 213

156 037

156 656

155 580

Астық жинау комбайндары

44 339

44 621

45 454

48 032

49 503

46 997

Тұқым себетін машиналар

87 625

90 362

90 743

91 599

90 960

77 187

Егу кешендері

771

1 126

1 520

1 995

2 408

2651

Орақтар

15 458

15 575

15 243

15 439

15 200

15 233

Дерек көзі: ҚР АШМ

АШТӨ соңғы бес жылда жетекші шетелдік өндірушілердің өнімділігі жоғары техникаларын сатып алуда. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы өндірісін энергиямен қамтамасыз ету 2002 жылмен салыстырғанда 19,5 %-ға өсті және 165 жылқы күшін немесе 100 гектар жыртылған жерге


123 кВт құрайды. Салыстыру үшін, Ресейде ауыл шаруашылығы өндірісінің энергиямен қамтамасыз етілуі 259 кВт, Германия, Голландия, Италияда – 350 кВт, Францияда - 364 кВт, Ұлыбританияда - 404 кВт, АҚШ-та – 405 кВт құрайды. Бұл ретте, мәселен жалпы техника санының 4,9 %-ын құрайтын «Хорш», «Джон-Дир», «Кейс», «Морис» өнімділігі жоғары егу кешендері егіс алаңдарының 35,2 %-ын егеді.

ҚР-ның КО-ға кіруі КО шегінен тыс жерлерден импортталатын ауыл шаруашылығы техникаларының кедендік бажын айтарлықтай арттырды,


бұл ретте, Қазақстан жағдайына қажетті no-till және mini-till технологияларын қолдануға арналған техника КО шегінде қажетті мөлшерде және номенклатурада шығарылмайды. ҚР-да құрастыру деңгейін оқшаулау бойынша жоғары талаптар, сондай-ақ, тұрақсыз өткізу нарығы ҚР-да құрастыру өндірісін құруды шектейді.

Ауыл шаруашылығы техникасының паркін жаңарту және кеңейту мақсатында лизинг құралын және лизинг төлемдерін субсидиялау тетігін пайдалана отырып мемлекеттік қолдауды жалғастыру қажет.

Агрохимия

ҚР Статистика агенттігінің деректері бойынша Қазақстанда жыл сайын 87,4 мың тонна минералды тыңайтқыш пайдаланылады, осының негізінде тыңайтқыштарға қажеттілік жылына 1,8 млн. тоннаға бағаланады. Сол уақытта ҚР АШМ Мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекцияларының деректері бойынша гербицидтер жеткіліксіз қолданылады – жылына 30 млн. литр қажеттілігі кезінде бар болғаны 8-10 млн. литр.

Қазақстан құрамында азот және фосфоры бар тыңайтқыштарды тұтынуға тең көлемде өндіреді, алайды, тыңайтқыштардың үлкен бөлігі экспортталады, ал ішкі сұраныс импорт есебінен қанағаттандырылады. Қазақстанда тұтынылатын калийлі тыңайтқыштар қазіргі уақытта толық көлемде импортталады.

Биологиялық тыңайтқыштар да жеткіліксіз пайдаланылады.

Қазақстанда жыл сайын шамамен 3,5 мың тонна пестицид өндіріледі, бұл ретте шамамен 17,5 мың тонна импортталады. Пестицидтерді тұтынудың ішкі нарық көлемі жыл сайын 21 мың тоннаға жуық құрайды және жылына 10-12 % өсу үрдісіне ие. Пестицидтерді формуляциялауды республикада шамамен
6 жергілікті кәсіпорын жүзеге асырады.

Қазіргі бар проблемаларды шешу мақсатында минералды тыңайтқыштар құнын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы дақылдарын гербицидтермен өңдеуге жұмсалатын шығындарды арзандату бойынша мемлекеттік қолдау шараларын жалғастыру қажет.


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет