2013 жылдың 1-жарты жылдығында Алға ауданының әлеуметтiк — экономикалық дамуы туралы ақпарат



жүктеу 178.11 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі178.11 Kb.

2013 жылдың 1-жарты жылдығында Алға ауданының әлеуметтiк — экономикалық дамуы туралы ақпарат


2013 жылдың 6 айында өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 2282,5 млн.теңгені, немесе 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 105,4 пайызды құрады.

«Ақтөбе Дреллинг Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – құрылыс материалдарын (полистиролбетонды блок пен пластикалық терезе) шығаратын цех құрылысын жүргізуде. Бұған тартылған инвестиция көлемі 70,0 млн.теңгені құрады. Қазіргі таңда цехтің іргетасы құйылып, электр жарығын жүргізетін бағаналар орнату жұмыстары жүргізілуде. Цех ағымдағы жылдың қыркүйек айында іске қосылады деп күтілуде.

«Кроун Плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – Бестамақ ауылында таза мұнай өнімдерін сақтайтын қойманың (6000 куб эстакада мен 6 резервуар) құрылысын аяқтады. Бұған тартылған қаражат көлемі 500,0 млн.теңгені құрайды. Облыс бойынша мұнай өнімдерін сақтайтын қоймалардың аздығына байланысты «Кроун Плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өзінің әлеуетті тұтынушыларына жақын орналасуы есебінен нарықтың айтарлықтай бөлігін жаулап алатынына сенімді.
Ағымдағы мерзімде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2697,8 млн.теңгені құрады, немесе 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 91,9 пайыз. Жалпы өнім көлемінің азаюы мал басы саны мен тұрғындардың мал өнімдерін (ет, сүт, жұмыртқа) аз өндіруіне байланысты болып отыр.

Мал шаруашылығында мал басы мен құстардың саны төмендеді. Соның салдарынан ауданымызда мал өнімдерінің де мөлшері азайды.

Ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерді несиемен қамту үшін ауданда жыл сайын қоғамдық қорлармен тығыз байланыста жұмыстар жүргізіліп келеді. Жыл басынан 4 несиелендіру ұйымдары арқылы 21 кәсіпкерге 74,4 млн.теңге көлемінде несие берілді, оның ішінде:

1) «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Ақтөбе өкілдігі тарапынан 8 кәсіпкерге 19,2 млн.теңге несие берілді, оның ішінде:

- 3 кәсіпкер «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 9,9 млн.теңгеге 50 бас ірі қара сатып алды («Сәңкібай» шаруа қожалығы 5,7 млн.теңгеге 29 бас, «Қарабура» шаруа қожалығы 450,0 мың теңгеге 1 бас, «Шайжан» шаруа қожалығы 3,7 млн.теңгеге 20 бас);

- 1 кәсіпкер егінжайға («Каир А» ш/қ) – 3,0 млн.теңге;

- 2 кәсіпкер автокөлік сатып алуға – 4,2 млн.теңге (ЖК Құлбалаева Ж.- 2,4 млн.теңге, «Семья» ш/қ – 1,8 млн.теңге);

- 1 кәсіпкер («ЖК Бегжанова А» жылыжай жұмысын ұйымдастыруға - 1,5 млн.теңге;

- 1 тұрғын (Шерниязова Ғ) мал шаруашылығын ары қарай дамытуға – 0,6 млн.теңге несие алды.

2) «Алға ауданында кәсіпкерлікті дамыту қоры» шағын несиелеу ұйымы» қоғамдық қоры арқылы 8 кәсіпкерге 1,4 млн. теңге;

3) «Алға» ауылшаруашылық кредиттік серіктестік арқылы 5 кәсіпкерге 53,8 млн.теңге;

Сонымен қатар, ағымдағы жылы машина-трактор паркін жаңарту мақсатында «КазАгроФинанс» акционерлік қоғамы арқылы 29,3 млн.теңгеге лизингке ауданның 10 шаруа қожалығы 7 Белорусь тракторын, 3 шөп – тайлағыш, 1 шөп тиегіш, 1 шөп шабатын техникаларын сатып алды.

2013 жылдың 6 айында ауылшаруашылығына тартылған инвестиция көлемі 157,6 млн.теңгені құрады.

Ауданда ауыл шаруашылық тауарларын өңдейтін ірі тауарлы өндірістер құру мақсатында ет өңдейтін кластерлер жұмыс жасайды.

«Айбек» селолық өндірістік кооперативінде 2013 жылдың 1-шілдесіне 12,8 млн.теңгеге мал сойылды.

2012 жылдың ақпан айынан бастап, «АкТеп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 3000 басқа арналған ірі қараларды бордақылау алаңы жұмыс жасайды. 1 – шілдеге серіктестікте өндірілген ет көлемі 140,7 тоннаны құрады. Өткен жылдың қазан айында мал шаруашылық кешені (репродуктор) экплуатацияға енгізілді. Тартылған инвестиция көлемі 48,5 млн.тенгені құрады.

«АкРоссПищепром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өз қаражаты есебінен құрама жем зауытының құрылысы жүргізілуде. Жобалық қуаты жылына 20,0 мың тонна құрама жем. Жалпы құны 70,0 млн.теңгені құрайтын бұл зауыт ағымдағы жылдың тамыз айында іске қосылады деп күтілуде. 6 ай ішінде тартылған инвестиция көлемі 70,0 млн.теңге.

«Көктас-Ақтөбе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Ақ құс» құс фабрикасында қазіргі таңда 14 құсхана жұмыс жасайды. Құс фабрикасында неміс және голланд фирмаларының жаңа заманға сай жабдықтары қолданылады. Жыл басынан 759,8 тонна құс еті өндірілді.

Сонымен қатар, 40 мың басқа арналған Бестамақ мал шаруашылық кешені («Парижская коммуна» ЖШС) ағымдағы жылы жобалық қуаттылығын жылына 60 мың басқа жеткізуді жоспарлайды. 6 айда 2578,7 тонна ет өндірді.

2013 жылдың 1 – шілдесіне Бестамақ ауылындағы мал қорымының құрылысының жобалық сметалық құжаттамасын өңдеуге мемлекеттік қорытындының шешімі бойынша «ОНИКС ПРОЕКТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 130,0 мың теңгеге келісім шарт жасалынды. Қазіргі таңда бөлінген қаражат толығымен игерілді.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында шағын және орта бизнес елеулі рөл атқарады.

2013 жылдың 1 - шілдесіне ауданда 1512 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген, оның 91,7 пайызы, яғни 1387-і белсенді субъектілер. Жыл басынан 87 субъект тіркеліп, 287-і есептен шығарылғанына қарамастан бұл салада жұмыспен қамтылғандар саны 10,1 пайызға артып, 5536 адамды құрады.

Өндірілген өнім (жұмыс, қызмет) көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,8 пайызға артық өндіріліп, 4519,3 млн.теңгені құрады.

Шағын және орта бизнес саласында бюджетке түскен салық және басқа да төлемдер 1038,5 млн.теңгені құрады немесе 2012 жылдың 1-шілдесімен салыстырғанда 120,1 пайыз.

Бөлшек сауда айналымы 6 ай қорытындысы бойынша 567,2 млн.теңгені, нақты көлем индексі 104,1 пайызды құрады.

1 – шілдеге дейін «Ауыл микрокредит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан 23,6 млн.теңгеге 6 жобаға несие берілді.

Ағымдағы жылы «Жұмыспен қамту 2020», «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламалары бойынша барлығы 644,6 млн.теңге бөлінді. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша 605,4 млн.теңгеге 4 жоба қаржыландырылды, оның ішінде «пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау» бойынша – 2 жобаға 506,0 млн.теңге ( 1.Айым-А» ЖШС автомектеп ғимаратын жөндеу, негізгі құралдар сатып алуға 6,0 млн.теңге; 2. «НитрохимГеоСервис» ЖШС-і эмульсиялық жарылғыш заттар өндіру бойынша технологиялық құрылғылар және бұрғы скважиналарын механикалық зарядтау бойынша негізгі құралдар сатып алуға 500 млн.теңге).



«Ішінара кепілдендіру» бойынша 1 жобаға 3,0 млн.теңге («Айым-А» ЖШС жобасын мемлекеттік кепілдендіруге),

«Өндірістік инфрақұрылымды дамыту» бойынша 1 жобаға 96,4 млн.теңге («АкТеп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне электр, телефон желілері, су құбырын, кәріз өткізу) берілді.

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының 2 – бағыты бойынша кәсіпкерлікті дамытуға, мемлекеттік қолдау көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру мақсатында 2013 жылға бюджеттен 30,0 млн.теңге бөлінді. Қазіргі таңда бөлінген қаражат толығымен игеріліп, 14 адамға несие берілді.

Сондай – ақ, биыл шағын және орта бизнес субъектілеріне «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша инженерлік коммуникациялық желілерді дамытуға 12,0 млн.теңге бөлініп, қазіргі таңда 9,2 млн.теңгесі игерілді (3 шаруа қожалығы 7,5 млн.теңге, 1 шаруа қожалығы 1,7 млн.теңге) .

Ауданымыздағы шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында «Бизнестің жол картасы – 2020», «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламалары шеңберінде аудан тұрғындары мен кәсіпкерлері ақпараттандыру мақсатында облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, «Даму» кәсіпкерлікті дамытуды қолдау» акционерлік қоғамы, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» акционерлік қоғамы Ақтөбе өкілдігінің маманы және басқа да мүдделі қаржылық ұйымдардың қатысуымен семинар – кеңестер ұйымдастырылды.

Ауданның негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 2013 жылдың 1-шілдесіне 1770,3 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 124,2 пайыз. Оның ішінде, республикалық бюджет қаражаттары есебінен 467,4 млн.теңге, жергілікті бюджет қаражаттары 23,3 млн.теңге және жеке қаражаттар есебінен 1279,6 млн.теңге.

Ауданның әлеуметтік және экономикалық дамуының алдағы болашағы инфрақұрылымдық кешенді дамытуға байланысты екенін ескере отырып, төмендегі жобалар жүзеге асырылуда.

Қазіргі таңда аудандағы 32 елді - мекеннің 9-ы көгілдір отынды пайдалануда (Алға қ., с.Бестамақ, с.Тамды, с.Самбай, с.Есет батыр Көкіұлы, с.Нұрбұлақ, с.Қайнар, с.Тоқмансай және ст.Тоқмансай). 2013 жылы 3 елді-мекенді газдандыру қарастырылды: бұған барлығы 234,8 млн.теңге бөлінді, оның ішінде:


  • Қарабұлақ аулының ауылішілік газ тарату желілерінің құрылысына ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 52,5 млн.теңге, облыстық бюджеттен 5,8 млн.теңге бөлініп, 6 ай ішінде 45,0 млн.теңгесі игерілді, жұмыстар жалғасуда;

  • Маржанбұлақ ауылына жеткізуші және ауылішілік газ тарату құбырларының құрылысына 2013 жылы республикалық бюджеттен 93,1 млн.теңге, облыстық бюджеттен 10,3 млн.теңге бөлінді, қаражат әлі игерілген жоқ;

  • Қарақұдық ауылына жеткізуші газ құбырларының құрылыс жұмыстарына бөлінген 73,0 млн.теңгенің 25,2 млн.теңгесі игерілді;

Сонымен қатар, Қайыңдысай ауылына жеткізуші және ауылішілік газ тарату құбырларының құрылысының жобалық сметалық құжаттамасы дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Бұл жоба 2014 жылға жоспарға қойылды.

Сумен қамтамасыз ету бойынша :

  • Ақай ауылындағы орталықтандырылған ауыз су жүйесінің құрылысына облыстық бюджеттен 183,3 млн.теңге көлемінде қаражат бөлінді. Ағымдағы жылдың мамыр айында ашық конкурс өткізіліп, 162,3 млн.теңгеге келісім шарт жасалды. 1 – шілдеге игерілген қаражат көлемі 26,0 млн.теңгені құрады.

- 2012 - 2014 жылдарға жоспарланған жалпы сметалық құны 523,9 млн.теңге болатын Маржанбұлақ ауылының ауыз су жүйесінің құрылысына ағымдағы жылы қосымша қаражат бөлу қарастырылуда.

- Биылғы жылы Алға қаласының магистральды арынды су өткізгішін қайта қалпына келтіруге 276,4 млн.теңге (респ.бюджеттен 221,2 млн.тенге, обл.бюджеттен 55,2 млн.тенге) бөлінді.



«2011-2020 жылдарға тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын модернизациялау» бағдарламасы бойынша:

«2011-2020 жылдарға тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын модернизациялау» бағдарламасын іске асыру мақсатында аудандық деңгейде іс –шаралар жоспары даярланды. Бүгінгі таңда Алға қаласының 10 көпқабатты тұрғын үйлердің техникалық төлқұжаттары даярланып болды. Олардың 5-інің жобалық – сметалық құжаттамасы 76,4 млн.теңгеге даярланып, мемлекеттік сараптамадан өтіп (Байтурсынов көш.17,17А), жөндеу жұмыстарын жүргізуге дайын. Қалған 5 тұрғын үйдің жобалық – сметалық құжаттамалары 79,5 млн.теңгеге даярланып, мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.



Ағымдағы жылы тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы саласын дамытуға 496,8 млн.теңге бөлінді, оның ішінде:

- Алға қаласының жылу жүйелерін қайта қалпына келтіруге жобалық сметалық құжаттамасы бойынша қажетті 544,0 млн.теңгенің 2012 жылы 53,2 млн.теңгесі бөлініп, ашық конкурс өткізілді. Нәтижесінде «Интерстиль» жауапкершілігі жектеулі серіктестігі мердігер атанып, сол жылы жоспарланған жұмыстар кестеге сәйкес аяқталды. Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 489,8 млн.теңге бөлініп, жұмыстар жалғасуда (Демонтаж жұмыстары атқарылып, түрлі диаметрлі 8,5 км болат құбырлар орнатылды).

«Алға қаласының биотазалау ғимараттарын қайта қалпына келтіру жобасына 2012 жылы 7,0 млн.теңге бөлініп, «Инженерное проектирование» жауапкершілігі жектеулі серіктестігімен жобалық сметалық құжаты дайындалған болатын. Есепті кезеңге мемлекеттік сараптамадан өткізіліп, оң қорытындысы алынды. Жоба бойынша нысанның қайта қалпына келтірілу құны – 531,8 млн.теңгені құрайды.

Ағымдағы жылы Бестамақ ауылының кәріз жүйелерін қайта қалпына келтіруге жобалық сметалық құжаттамасын даярлауға облыстық бюджет есебінен 1,9 млн.теңге бөлініп, бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу порталына хабарландыру жарияланды.


Жергілікті маңызы бар жолдарды күтіп ұстауға аудандық бюджеттен 11,0 млн.теңге бөлінді. Сондай-ақ, Алға қаласының қалаішілік жолдарын күрделі және орташа жөндеуге жобалық – сметалық құжаттама дайындауға 3,4 млн.теңге бөлінді.

Қаланың 5 көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен 192,3 млн.теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Бөлінген қаражатқа қаладағы 3,0 км көше жолдары қалпына келтірілуде.

Бүгінгі таңда ауданымыздың аумағында «Алға-Бестамақ-Ақтөбе», «Маржанбұлақ – Ақтөбе», «Тоқмансай-Ақтөбе» «Есет батыр Көкіұлы – Ақтөбе» «Қайнар – Алға» және «Есет батыр – Алға» бағыттарындағы тұрақты жолаушылар тасымалданып келеді. Тұрақсыз жолаушылар тасымалы бойынша жеке кәсіпкер «Сатыбалдин О» «Мерей» такси қызметін ұйымдастырып, қазіргі таңда халыққа қызмет көрсетіп жүр.

«Аймақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша 12 селолық округтің көшелерін электрожарықтандыруға републикалық бюджеттен 18,5 млн.теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.

Қоршаған ортаны қорғау, санитарлық тазалық және қаланың көшелерін көгалдандыруға жете көңіл бөлінуде. Көгалдандыру мен көріктендіру үшін жергілікті бюджеттен 8,4 млн.теңге, елді мекендердің санитарлық тазалық жұмыстарына - 2,2 млн.теңге бөлінді.

Сонымен қатар ағымдағы жылдың 29-наурызында «Қала аумағы мен ауданның елді мекендерін көріктендіру, санитарлық тазалау және көгалдандыру жөнінде 2 айлық өткізу туралы» аудан әкімінің № 106 Қаулысы қабылданды. Айлық өткізу аясында ауданымызда қала мен ауданның елді мекендерінің сәулеттік келбетін жақсарту, көгалдандыру, көріктендіру мақсатында «Бірге біз барлығына қол жеткіземіз!» атты 4 номинациялы аудандық байқау өткізілді. Нәтижесінде елді мекендерден 134 тонна ретсіз төгілген қоқыстар жиналып, 2996 уйдің ауласы мен 282600 ш.м. аумақтағы саябақ тазартылды.


Аудан бойынша барлық қаржыландыру көздері есебінен пайдалануға берілетін тұрғын үйлердің жоспарлық көлемі 9440 шаршы метрді құрайды, оның ішінде 640 шаршы метрі – республикалық бюджет қаражатынан, 8800 шаршы метрі – жеке тұрғын үйлер.

2013 жылдың 6 айы аралығында аудан бойынша құны 220,0 млн.теңгені құрайтын жалпы көлемі 4395,0 шаршы метрлік 45 жеке тұрғын үй пайдалануға берілді немесе жылдық жоспардың 46,6 пайызы орындалды.

Жалға берілетін коммуналдық тұрғын үй (2-қабатты 8-пәтерлі тұрғын үй) құрылысына барлығы 51,2 млн.теңге бөлінді. Қазіргі таңда электрондық мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 1-шілдеге дейінгі игерілген қаражат 4,6 млн.теңгені құрады.
Тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету, жұмыссыздық деңгейін және табыстары ең аз тұрғындардың үлесін төмендету, әлеуметтік көмек көрсету және халықтың аз қамтылған тобының қолдау сұрақтары ерекше мағынаға ие болып отыр. Халықтың әлеуметтік ахуалы мен тұрмыс тіршілігі тұрақты жұмысқа байланысты.

Есептік кезеңде 396 жаңа жұмыс орындары ашылды, немесе өткен жылмен салыстырғанда 100,0 пайыз, бұл жылдық жоспардың 99,0 пайызын құрады (жылдық жоспар 400 орын).

Жұмыс іздеуші ретінде тіркелген 385 азаматтың ішінен 133 адам жұмысқа орналастырылды, жұмысқа орналасу деңгейі 34,5 пайызды құрады.

Уақытша қоғамдық жұмыс орнына 167 адам орналастырылып, олар экономикалық, экологиялық және әлеуметтік тиімділігі бар жұмыстар атқаруда.

«Жастар тәжірибесі» жобасы бойынша жоғары және орта оқу орындарын бітіріп келген жас түлектердің 25-і жергілікті бюджет қаржысы есебінен және 9 азамат «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының аясында әртүрлі мекемелерге тәжірибеден өтуге жолданды.

2013 жылдың 6 айы ішінде жұмыссыздардың мақсатты тобына жататын азаматтарды жұмысқа орналастыру мақсатында «Жұмыспен қамту 2020» Бағдарламасы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына 97 азамат, жергілікті бюджет қаражаты есебінен 14 азамат жұмысқа орналастырылды.

Есепті кезеңге аз қамтылған отбасылар саны құрамында 48 адамы бар 13 отбасыны құрады. Бұл отбасыларға 471,1 мың теңге көлемінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, уақытында төленді.

Тіркелген жұмыссыздар саны 51 адамды құрады. Ресми жұмыссыздық деңгейі тұрғындардың экономикалық белсенді санының 0,3 пайызын құрады.

Қазақстан Республикасы Президентінің талаптарына сай әлеуметтік міндеттемелерді орындау үшін әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру толық көлемде сақталды.

Білім беру ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының ең басты басымдылығы болып табылады. Бұл салада игі өзгерістердің бар екені байқалды.

Ағымдағы жылдың 1 – шілдесіне ауданда 1570 бала тәрбиеленетін 12 мектеп жасына дейінгі мекеме, 1555 баласы бар 47 мектепке дейінгі сыныптар, 975 баланы тәрбиелейтін 21 шағын орталықтар, 6380 бала оқитын 35 мектеп жұмыс жасайды.

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында әртүрлі қосымша білім беру ұйымдары қызмет етеді.

Есепті кезеңге ауданда қосымша білім беретін 3 ұйым: «Нұрталап» балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын дамыту орталығы, «Жастық жігер» аула клубы және балалар өнер мектебі жұмыс жасайды. Бұнда 2730 бала оның ішінде 2480 оқушы қазақ тілінде, 250 оқушы орыс тілінде шығармашылықтарын дамытуда.

Ағымдағы жылдың 6 айына 1640 баланы қамтитын 7 аула клубы жұмыс жасайды. Сондай-ақ мектептерде 5 сурет салу студиясы қызмет етеді, онда 300 бала оқытылады.

Аудан мектептерінде ыстық тамақты ұйымдастыруға 2013 жылға жергілікті бюджеттен 59,3 млн.теңге бөлініп, 6 ай ішінде 20,2 млн.теңгесі игерілді. Жалпы оқушылардың 88,8 пайызы, яғни 5693 бала ыстық тамақпен қамтылды, оның ішінде 3379 оқушы (1-4 сынып оқушылары және аз қамтылған отбасылардың балалары) тегін тамақтанады.

Ауданың білім беру саласына 2013 жылға 126,9 млн.теңге қаражат бөлінді, атап айтқанда:


  1. Мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға – 13,5 млн.теңге, оның ішінде:

  • 2 мектепке (Маржанбұлақ орта мектебі - 4,1 млн.теңге, Бестамақ орта мектебі – 4,1 млн.теңге) химия кабинеттерін сатып алуға республикалық бюджеттен – 8,2 млн.теңге;

  • үйінде оқитын мүгедек балаларға жабдықтар сатып алуға республикалық бюджеттен – 1,5 млн.теңге;

  • медициналық жабдықтар сатып алуға – 3,8 млн.теңге бөлінді.

  1. Құрылыс, күрделі жөндеу және қайта қалпына келтіруге – 104,9 млн.теңге, оның ішінде:

  • Маржанбұлақ бала бақшасын күрделі жөндеуден өткізуге республикалық бюджеттен 38,6 млн.теңге бөлініп, бүгінгі таңда – 23,1 млн.теңгесі игерілді;

  • Бестамақ орта мектебі (2,5 млн.теңге) мен Есет батыр Көкіұлы атындағы мектеп– бақшасының (2,4 млн.теңге) жобалық – сметалық құжаттамасын әзірлеуге жергілікті бюджеттен – 4,9 млн.теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.

  • Есет батыр Көкіұлы атындағы мектеп– бақшасын күрделі жөндеуден өткізуге – 61,4 млн.теңге (республ.бюджеттен-55,3 млн.теңге, обл.бюджеттен - 6,1 млн.теңге);

  1. Білім беру мекемелерін ағымдағы жөндеуден өткізуге – 8,5 млн.теңге (мектептерге – 7,0 млн.теңге, бала бақшаға - 1,5 млн.теңге) бөлінді, қаражат әлі игерілген жоқ.

Сонымен қатар, 2013 жылдың 6 айына ауданда 3 жастан 15 жасқа дейінгі 40 бала тәрбиеленетін Ақтөбе облыстық оңалту (арнайы) орталығы, 242 жетім балалар тәрбиеленетін Алға облыстық балалар үйі және 115 оқушы білім алатын Тамды көмекші мектеп - интернаты жұмыс жасайды.

Ауданда еңбек нарығын мамандандырылған жұмысшы кадрлармен қамтамасыз ету үшін Алға индустриалдық-техникалық колледжі жұмыс істейді. Онда 7 мамандық бойынша кадрлар дайындайды:

- ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторист-машинисті – 2 жыл 10 ай;


  • электр және газ дәнекерлеушісі – 2 жыл 10 ай;

  • тамақтануды ұйымдастыру – 2 жыл 10 ай;

  • ғимараттар құрылысы және пайдалану – 2 жыл 10 ай;

  • тігін өндірісі және киім модельдеу – 2 жыл 10 ай;

  • электронды есептеуіш машиналар операторы – 2 жыл 10 ай;

  • газ құрылғыларын пайдалану және жөндеу слесары – 2 жыл 10 ай.

2012-2013 оқу жылында студенттер саны 338 адамды құрады, оның ішінде:

  • 9 кластан кейін – 288 студент;

  • 11 кластан кейін – 50 студент.

15-26 жас аралығындағы студенттерге 20 педагог қызметкер мемлекеттік және ресми тілдерде білім береді. 24 маман өндірістік дәріс жүргізеді.

Денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі азаматтардың денсаулығын жақсартуға, тұрғындарды медициналық қызмет көрсету сапасын қанағаттандыруға бағытталған.

Ауданда тұрғындарға күндіз – түні жұмыс жасайтын 80 және күндіз қабылдайтын 75 кереуетпен қамтылған орталық аудандық аурухана, ауысымына 500 адам қатынай алатын аудандық емхана, 8 дәрігерлік амбулатория, 21 медпункт және 1 фельдшерлік - акушерлік пункт кепілді медициналық көмек көрсетеді.

Аудан бойынша барлық дәрігерлер саны – 66, оның ішінде ауылдарда – 10. Орта медициналық жұмысшылар – 242, олардың 61-і ауылдарда.

Ағымдағы жылдың 6 айында туу көрсеткіштері 443, өлім 145 және табиғи өсім +7,6 –ны құрады

Есептік кезеңге 3 сәби өлімі тіркелді, көрсеткіш 9,3 %о. (2012 жылдың 1-шілдесіне 3 оқиға). Ана өлімі тіркелген жоқ.

Әлеуметтік мағынадағы халық ауруларын алдын алу және азайту бойынша жұмыстар жүйеленді.

Маңызды әлеуметтік проблемалардың бірі - туберкулез ауруы болып табылады.

Үстіміздегі жылдың 6 айына 12 ауру адам есепке алынды. Туберкулезбен ауыру деңгейі 100,0 мың адамға шаққанда 30,8 пайызды құрап отыр. Туберкулездің асқынған түрі тіркелген жоқ.

2013 жылдың 1-шілдесіне ауданда 14 клуб және 15 кітапхана жұмыс жасайды. Мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты барлық жұмыс жасаушылар саны – 92. Олардың ішінде 53 адам – мәдениет Үйі мен клубтарда, ал қалған 39 адам кітапханаларда қызмет етеді.

Ауданда мемлекеттік тілді оқыту бойынша облыс орталығының филиалы жұмыс жасайды. Тыңдаушылардың оқуының нәтижесі бойынша куәлік және сертификат беріледі.

Сондай-ақ, аудандық кітапхана жанынан көз мүгедектерінің «Мейірім» атты клубы құрылып, онда 16 адам тіркелген. Клуб мүшелерімен тығыз байланыста жұмыстар жүргізілуде.

Жыл бойы жоспарланған мәдени - бұқаралық іс-шаралар өткізілуде. Атап айтқанда жыл басынан жергілікті ақын Ізтай Мәмбетовтың туған күніне арналған «Ізтайдың өшпес іздері» атты шығармашылық кеш өткізілді, Наурыз мейрамы аудан тұрғындарын түгел қамтып, жоғары деңгейде өткізілді.

Мәдениет саласының материалдық – техникалық базасын нығайту мақсатында аудандық бюджеттен барлығы 1,9 млн.теңге қаражат бөлінді.

Ағымдағы жылы Қайнар ауылындағы мәдениет Үйін күрделі жөндеуден өткізуге жобалық – сметалық құжаттама дайындауға 0,7 млн.теңге бөлініп, мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.

Есет батыр Көкіұлы ауылындағы мәдениет Үйін күрделі жөндеуден өткізуге мемлекеттік сараптамасымен қоса жобалық сметалық құжаттамасын әзірлеуге – 1,4 млн.теңге бөлінді.

Сондай – ақ, Бестамақ ауылында «Есет батыр мемориалдық кешенін кеңейту» бойынша жобалық іздестіру жұмыстарына бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылып, «Проектная фирма» Жоба НС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен жабдықтаушы ретінде 4,9 млн.теңгеге келісім шарт жасалынды. Бұл жобаның құрылысына облыстық бюджеттен 120,0 млн.теңге бөлінді.

Ауданда 107 спорттық ғимарат жұмыс жасайды. Дене шынықтыру мен спортпен айналысатын адамдар саны 9000 адамды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгеймен салыстырғанда 450 адамға көбейген немесе 105,3 пайыз.

Алға қаласындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 10 спорттық секция жұмыс жасайды, оларға 805 бала қатысады.

Есепті кезеңде аудан бойынша 80 спорттық шара өткізілді, бұл өткен жыл деңгейімен салыстырғанда 103,9 пайызды құрады.

Ағымдағы жылы Алға қаласының аумағында 5 дана спорт алаңдарының құрылысына облыстық бюджеттен 31,2 млн.теңге бөлініп, бүгінгі таңда аталған нысандар бойынша жобалық сметалық құжаттамасы даярланып, жобалаушы ретінде «Западный регион Актобе» жауапкершіліг шектеулі серіктестігі анықталды. Қазіргі таңда мемлекеттік сараптамадан өткізіліп, жұмыстар жүргізілуде.

Экономиканың нақты секторындағы өсімдер мен салық салудың кеңеюі бюджетке түсетін түсімнің көбеюіне жағдай жасады. 2013 жылдың 6 айында мемлекеттік бюджетке 1192,9 млн.теңге (болжам 1027,9 млн. теңге), оның ішінде аудандық бюджетке 582,1 млн.теңге (болжам 516,8 млн. теңге) кіріс түсті. Мемлекеттік бюджетке түсімдердің түсу болжамы 116,1 пайызға, аудандық бюджетке түскен түсім 112,9 пайызға орындалды.

Маңызды міндеттердің бірі - бюджетті орындау болып табылады. 6 ай көлемінде жоспарланған 2074,7 млн.теңгенің 2061,7 млн.теңгесі игерілді немесе бюджеттің шығыс бөлігі 99,4 пайызға орындалды.

Шаралар жоспарына сәйкес аудандық ішкі істер бөлімімен қоғамдық тәртіптің сақталуы мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша белгілі жұмыстар жүрізілді, қылмыстың алдын алу жөнінде белсенді шаралар қабылданып келеді.

Дегенмен, жыл басынан тіркелген қылмыс саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29 оқиғаға көбейіп, 160 қылмысты құрады.

Биылғы жылы ерекше ауыр қылмыс саны өткен жылдың деңгейімен салытырғанда 3 бірлікке азайып, 1 бірлікті құрады, ал ауыр қылмыс түрлері 1 бірлікке көбейіп, 12 оқиғаны құрап отыр.

Жалпы ұрлық саны 91 – ден 123-ке көбейген.

Кәмелет жасына толмаған жеткіншектермен жасалған қылмыс саны 4 – тен 12 – оқиғаға жеткен.

Жол қауіпсіздігі ережесін бұзғаны үшін 295 әкімшілік хаттама толтырылды немесе өткен жылға қарағанда 78 іске көбейген.

Әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар саны 270 құқық бұзушыға артып, 1366-ны құрады.

«Көші қон туралы» Заңды бұзғаны үшін 25 азамат жауапкершілікке тартылған, бұл көрсеткіш өткен жылдың деңгейінен 46,2 пайызға аз (2012 жылдың 1 – шілдесіне 54 іс).


2013 жылдың 2 - жартыжылдығына міндеттер:

  • 2013 жылы өнеркәсіп өнімін өндіру көлемін 2012 жылдың көрсеткіштері деңгейінде сақтау;

  • жоспарланған нысандардың енгізілуін және өңдеу өнеркәсібінде өндірістік қуаттың игерілуін қамтамасыз ету;

  • аудан аумағында орналасқан бәсекеге қабілетті тауарлар өндіретін өнеркәсіптік кәсіпорындардың еңбек өнімділігін арттыру.

  • ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін 12637,0 млн.теңгеге жеткізу;

  • мал шаруашылығын дамытып, ет пен сүт өнімдерін көбейту;

  • астық жинау науқанын бақылап, ысырапсыз жинап алу;

  • «Бизнестің жол картасы – 2020», «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламаларының аясында жүзеге асырылып жатқан жобалардың толық іске асырылуын қамтамасыз ету;

  • бюджеттік инвестицияларды пайдаланудың тиімділігін арттыру;

  • экономиканың басымды салаларына (тұрғын үй құрылысы, агроөнеркәсіптік кешен, инфрақұрылым) инвестицияларды тарту бойынша жұмыстарды жалғастыру.

  • Алға қаласының № 1 тұрғындар массивіндегі сумен қамтамасыз ету нысандарының құрылысын аяқтау;

  • 4 елді мекенді (Қарабұлақ, Маржанбұлақ, Қарақұдық, Нұрбұлақ ауылдарын) газдандыру жұмыстарын жалғастыру;

  • қалалық көлік жолдарының орташа жөндеу жұмыстарын аяқтау.

  • жұмыссыздық деңгейін азайту жұмыстарын жүргізу;

  • аз қамтылған отбасылар санын азайту;

  • «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының орындалуын жүзеге асыру.

  • Қарағаш селолық округіндегі Нұрбұлақ орта мектебіне газ өткізу;

  • Маржанбұлақ бала бақшасын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарын аяқтау;

  • мектеп жасындағы балаларды оқуға тартуды толық қамту;

- салауатты өмір салтын қалыптастыруды жалғастыру;

- туберкулезбен ауыру деңгейін азайту;

- сәбилер шетінеуінің көрсеткішін төмендету.

- дәстүрлі мәдени, рухани іс-шаралар ұйымдастыру;

- жеке меншікте тұрған мәдениет мекемелерін коммуналдық меншікке қайтару үшін жұмыстар жүргізу.

- спортпен айналысатындар санын арттыру;

- халықты жүйелі түрдегі дене шынықтыруға тарту;

- спортзалдарды спорттық жабдықтармен қамтамасыз ету;



- Алға қаласында 5 дана спорт алаңдарының құрылысын аяқтау.

  • жыл қорытындысы бойынша бюджеттік қаражатты 100 пайыз игеру;

  • бюджетке түсетін салықтардың түсімдерін қамтамасыз ету.

- жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініш-арыздарды, хабарламаларды дереу тіркеу, заңды шешім қабылдауды бақылауға алу, қылмысты тіркеуден жасыру фактілеріне жол бермеу шараларын алу және жасөспірімдер арасындағы қылмыс және құқық бұзушылықтың алдын алу мен жолын кесуге бағытталған кешенді іс-шаралар ұйымдастыру;

  • аудан жолдарында жол апатының алдын алуға бағытталған кешенді іс-шаралар тәрбие және кадр жұмысын жетілдіру, ішкі істер органына қызметке қабылдауда үміткерлерді мұқият тексеруден өткізуді жүзеге асыру;

- қолданыстағы заңдар негізінде аудан аумағындағы орын алуы мүмкін әрбір қоғамдьқ-саяси жағдайдың ушығуына жол бермеуді қамтамасыз ете отырып, қоғамдьқ тәртіп пен қауіпсіздік нығайту.





©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет