2013 жылдың қаңтар-наурызында азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және жүргізуді қамтамасыз ету туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»



Дата29.02.2016
өлшемі86.07 Kb.
#31518
А Р А Л А У Д А Н Ы Н Ы Ң Ә К І М І
Ш Е Ш І М І


Арал қаласы № ____ «__» _________ 2012 жыл
Арал ауданы көлемінде

2013 жылдың қаңтар-наурызында

азаматтарды әскерге шақыру

учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру

және жүргізуді қамтамасыз ету туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 33 бабын, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV Заңының 16 бабын басшылыққа ала отырып, Арал ауданы көлемінде 2012 жылдың қаңтар-наурызында азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында ШЕШЕМІН:

1. Арал ауданы көлемінде 2013 жылдың қаңтар-наурызында азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру мен қамтамасыз ету жүргізілсін.

2. Кент, ауылдық округ әкімдеріне, аудандағы мекеме басшыларына:

1) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV Заңына сәйкес азаматтарды тіркеу комиссиясынан өту мерзіміне олардың негізгі жұмыс орнындағы қызмет міндеттерінен орташа жалақыларын сақтай отырып босату;

2) азаматтардың Қызылорда облысы «Арал ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне уақытылы келуін қамтамасыз ету мақсатында кент, ауылдық округ әкімдері мен әскери есептік мамандарына, оқу орындарындағы әскери жетекшілеріне ықпал ету ұсынылсын.

3. Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Арал аудандық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнынан (Ш. Медетов, келісім бойынша) әскерге шақыру учаскелерінен тіркеу кезінде азаматтардың денсаулығын куәландыруға дәрігерлер мен медициналық бикелер бөлуді қамтамасыз ету сұралсын.

4. Қызылорда облысы «Арал ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекетік мекемесін тіркеу жұмыстарын жүргізу уақытында «Қызылорда электр тарату торабы компаниясы» акционерлік қоғамының Арал



000032

2
аудандық электр торабынан (Н. Ізтілеуов, келісім бойынша) үздіксіз электр жарығымен, Қызылорда облыстық телекоммуникациялар дирекциясы Арал аудандық телекоммуникациялар торабынан (А. Мыңжасаров, келісім бойынша) тұрақты телефон байланысымен қамтамасыз ету сұралсын.

5. Арал ауданы көлемінде 2013 жылдың қаңтар-наурызында азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі комиссия құрамы № 1 қосымшаға сәйкес құрылсын.

6. «Арал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Қ. Аяпов) № 2 қосымшаға сәйкес әскери есепке қоюды ұйымдастыру үшін қоғамдық жұмыстарға өз еркімен келіскен азаматтарды бөлу тапсырылсын.

7. Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің «Арал аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Ә. Қосбармақов, келісім бойынша) тіркеуге алу кезінде іздеу салу тобына және шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету үшін тиісті қызметкерлерді бөлу ұсынылсын.

8. Қызылорда облысы «Арал ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінен (Қ. Ахметов, келісім бойынша) тіркеуге алу жұмысының қорытындысын, тіркеуді жүргізу жұмысы аяқталғаннан кейін он күн мерзім ішінде Арал ауданының әкіміне хабарлау сұралсын.

9. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Арал ауданының әкімі Н. МҰСАБАЕВ

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының ішкі

істер министрлігі Қызылорда облысы

ішкі істер департаментінің

«Арал аудандық ішкі істер бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің бастығы

___________________ Ә. Қосбармақов

«____»_____________2012 жыл

«КЕЛІСІЛДІ»

Қызылорда облыстық

телекоммуникациялар дирекциясы

Арал аудандық телекоммуникациялар

торабының директоры

___________________ А. Мыңжасаров

«____»_____________2012 жыл

3
«КЕЛІСІЛДІ»

Қызылорда облысы «Арал ауданының

корғаныс істері жөніндегі бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің бастығы

___________________ Қ. Ахметов

«____»_____________2012 жыл


«КЕЛІСІЛДІ»

«Қызылорда электр тарату торабы

компаниясы» акционерлік қоғамының

Арал аудандық электр торабының

бастығы


___________________ Н. Ізтілеуов

«____»_____________2012 жыл


«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы Қызылорда

облысының денсаулық сақтау

басқармасының «Арал аудандық емханасы»

шаруашылық жүргізу құқығындағы

мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының

бас дәрігері

___________________ Ш. Медетов

«____»_____________2012 жыл

4
Арал ауданы әкімінің

«___»________ 2012 жылғы

№ ___ шешімімен

бекітілген № 1 қосымша


Арал ауданы көлемінде 2013 жылдың қаңтар-наурызында азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және жүргізуді қаматамасыз ету жөніндегі комиссия құрамы

Оразбаев Мұхтар Әуесұлы - Арал ауданы әкімінің орынбасары,

комиссия төрағасы;

Ахметов Қанат Ермекбайұлы - Қызылорда облысы «Арал ауданының

қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің бастығы,

комиссия төрағасының орынбасары;

Үмбеталиев Әлтай Жеңісұлы - Қазақстан Республикасының ішкі істер

министрлігі Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің «Арал аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, комиссия мүшесі (келісім бойынша);


Халықұлов Нағашыбай - Қазақстан Республикасы Қызылорда

облысының денсаулық сақтау

басқармасының «Арал аудандық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бас дәрігерінің орынбасары, комиссия мүшесі, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша);
Қодарова Күлмарам

Оразғалиқызы - Қазақстан Республикасы Қызылорда

облысының денсаулық сақтау

басқармасының «Арал аудандық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының медициналық бикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша).


5
Арал ауданы әкімінің

«___»________ 2012 жылғы

№____ шешімімен

бекітілген № 2 қосымша

Арал ауданы көлемінде 2013 жылдың қаңтар- наурызында азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және жүргізуді қаматамасыз ету уақытында қоғамдық жұмыстарға бөлінетін жұмысшылар саны
Қызылорда облысы Арал ауданының әкімдігі «Арал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінен – 8 жұмысшы.

Қызылорда облысы Арал ауданының әкімдігі «Арал аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінен – 2 қызметкер.

«Арал ауданы көлемінде 2013 жылдың қаңтар-наурызында азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және жүргізуді қамтамасыз ету туралы» аудан әкімі шешімінің жобасына АНЫҚТАМА-НЕГІЗДЕМЕ:


р/с

Көрсетілуге тиіс мәліметтер тізбесі

Мемлекеттік органның ақпараты


1

Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын орган

Арал ауданы әкімінің аппараты

2

Нормативтік құқықтық актіні тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті)

Осы шешім, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 33 бабын, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV Заңының 16 бабын басшылыққа ала отырып, Арал ауданы көлемінде 2012 жылдың қаңтар-наурызында азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында әзірленді

3

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданған)

Осы шешім, тіркелу жылы 17 жасқа толатын аудан көлеміндегі ер азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу аясында даярланды

4

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер

Осы мәселе бойынша аудан әкімінің 2012 жылғы 1 ақпандағы «2012 жылдың қаңтар-наурызында азаматтарды шақыру учаскелеріне алғашқы әскери тіркеуді ұйымдастыру және жүргізуді қамтамасыз ету туралы» № 6 шешімі қабылданып, аудан әкімінің 2012 жылғы 6 наурыздағы № 9 а шешімімен күші жойылды деп танылды

5

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, оларды мемлекеттік тіркеуден бас тартылған немесе олардың жойылғаны туралы актілердің реквизиттерін көрсете отырып заң сараптамасынан өткізбей кері қайтарылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәлімет


Жоқ


6

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздей ме


Жоқ


7

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет

Тиісті, мүдделі мемлекеттік мекемелермен келісілген



8

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет – ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтер

Жоқ


9

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүделерін қозғайтын актілер)

Жоқ



Мемлекеттік – құқықтық

жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Ж. Әлішева

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет