2013 жылдың Бесқарағай ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы АҚпарат



Дата22.02.2016
өлшемі48.4 Kb.
#1090
2013 жылдың Бесқарағай ауданның әлеуметтік-экономикалық

дамуының қорытындылары туралы

АҚПАРАТ
Облыс маңызындағы қалалар мен аудандардың рейтингілік бағасының қорытындысы бойынша 2013 жылғы қаңтар-желтоқсан айлары ішінде әлеуметтік-экономикалық даму серпіні Бесқарағай ауданы 1 орынды алды.

Экономиканың нақты секторында

Өнеркәсіп өнімінің жеке көлемінің индексі 154,2 пайызды құрап, рейтингілік бағада 2 орынды алады. 2013 жыл ішінде өнеркәсіп өнімінің көлемі 79,9 млн. теңгені құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 5,5 пайызға өсті. Жеткізілген жоспар-тапсырма 333,9 млн. теңге 23,9 пайызға (254 млн. теңгеге орындалған жоқ) орындалды. Орындалмауы 2012 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі бойынша орындалуы 303,5 млн. теңгені құрап, 2013 жылға жоспар-тапсырманы құрастыру кезінде осы көлем қабылданған болатындығы түсіндіреді. Бірақ, 2012 жыл ішінде өнеркәсіп өнімінің көлемін анықтау кезінде 75,7 млн. теңгені құрады.



Бөлшекті тауарайналымының жеке көлемінің индексі 18 орынды алып, 106,1 пайызды құрады. 2013 жыл ішінде бөлшекті тауарайналымының жеке көлемінің индексі 3288,1 млн. теңге құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 9,6 пайызға өсті. 2013 жылға жоспар-тапсырма 3298,9 млн. теңгеде жеткізіліп, 99,6 (10,8 млн. теңгеде орындалған жоқ) орындалды.

Жоспар-тапсырманын орындалмауы жылына 1 рет тапсырылатын есеп статистика Агенттігімен жеке кәсіпкерлердің таңдаулы тізімі құрастырылады.



Негізгі капиталға жеке инвестициялардың жеке көлемінің индексі 6 орынды алып, 161,6 пайызды құрады. 2013 жыл ішінде нақты секторға инвестицияның көлемі 688,4 млн. теңгені құрап, 2012 жылдың деңгейіне 66,8 пайызға өсті.

2013 жыл ішінде негізгі капиталға инвестицияның көлемі 3495,8 млн. теңгені құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 3,6 есеге өсті. Жоспар-тапсырма 1036,9 млн. теңге көлемде жеткізіліп, орындалуы 337,1 пайызды (2458,9 млн. теңгеге орындалды) құрады.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің жеке көлемінің индексі 106,1 пайызды құрап, рейтингілік көрсеткіште 14 орын алады.

2013 жыл ішінде жалпы өнімінің көлемі 10309,7 млн. теңгені құрап, 2012 жылға 18,8 пайызға өсті.

2013 жылға жоспар-тапсырма 10641,6 млн. теңге көлемде жеткізіліп, орындалуы 96,9 пайызды (331,9 млн. теңгеге орындалған жоқ) құрады.

Ауыл шаруашылығы өнімінің өндірілуі құрады:

- ет 7372,7 тонна немесе 1,0 пайызға өсті;

- сүт 47098,3 тонна немесе 4,1 пайызға өсті;

- жұмыртқа 3944,6 мың дана немесе 2,1 пайызға өсті.

Мал басы құрады:

- ІҚМ басы 32857 бас немесе 100 пайыз;

- қой және ешкі 45906 бас немесе 103,2 пайыз,

- шошқа 2464 бас немесе 100,2 пайыз;

- жылқы 7725 бас немесе 100,6 пайыз,

- құстар 32580 бас немесе 101,6 пайыз.



2013 жыл ішінде баспана 1993 шаршы метр енгізілсе, 2012 жыл ішінде 2595 шаршы метр немесе 76,8 пайыз енгізілді. 2013 жыл ішінде жоспар-тапсырма 2000 шаршы метр көлемде жеткізіліп, орындалуы 99,6 пайызды (7 шаршы метр орындалған жоқ) құрады.

Рейтингілік көрсеткіштерде құрылыс жұмыстардың жеке көлемінің индексі 1 орынды алып, 417 пайызды құрады.



2013 жыл ішінде құрылыс жұмыстардың көлемі 3470,8 млн. теңгені құрап, 2012 жылға 4,2 есеге өсті. 2013 жылға жоспар-тапсырма 858,6 млн. теңге көлемде жеткізіліп, орындалуы 404,2 пайызды (2612,2 млн. теңге орындалды) құрады.

Шағын кәсіпкерліктің белсенді субъектілер санының өсу қарқыны 19 орынды алып, 100 пайызды құрады.

2014 жылдың 1 қаңтарға жағдайы бойынша шағын бизнестің тіркелген кәсіпорындардың саны 49 бірлікті құрады, қолданыстағы кәсіпорындардың саны -29 және белсенді - 21 2012 жылдың деңгейімен. Жоспар-тапсырма 23 бірлік жоспармен 91,3 пайызға (2 бірлікке орындалды) орындалды.



Мемлекеттік бюджетке салық және салық емес түсімдері көлемінің қсу қарқыны 18 орынды алып, 99,6 пайызды немесе 473,2 млн. теңгені құрады. Көрсеткіштің төменделуі байқалуда, себебі, Ресей Федерациясы Алтай өлкесінен (қосымша салықтардың түсімі) ағаш тасымалдау жүргізіліп, мүлікке бағалық құнының қайта есептелуі түсіндіріледі.

Бюджеттің өзіндік кірістері көлемінің өсу қарқыны 105,4 пайызды құрап, 18 орын алды. Түсім 340,1 млн. теңге құрап, 2012 жылға 17,6 млн. теңгеге өсті. 2013 жылға жоспар-тапсырма 349,6 млн. теңге көлемде жеткізіліп, орындалуы 97,3 пайызды (9,5 млн. теңге орындалған жоқ) құрады. Әлеуметтік салық және жер телімдерді сату бойынша түсімдердің болжамы орындалған жоқ.

Резервтерді анықтау Алгоритмі бойынша жеткізілген жоспар-тапсырма 14,0 млн. теңгені құрап, нақты 7,1 млн. теңге немесе 50,7 пайыз алынды. Сонымен қатар, 2012 жылмен салыстырғанда 2,6 есеге өсті (2012 жыл ішінде 2,7 млн. теңге түсті).


Әлеуметтік саласы

2013 жыл ішінде ақылы-қоғамдық жұмыстарға 855 адам тартылып, жылдық жоспардың орындалуы 382,2 пайызды құрады.

2013 жыл ішінде 442 адам жұмысқа орналасса, 2012 жылға 2 есеге өсуі байқалуда.

Аудан бойынша жұмыссыздардың деңгейі 0,5 пайызды құраса, 2012 жылы ішінде 0,7 пайызды құрады, төменделуі жұмысқа орналасқандар санының арттыруына байланысты.

Жастар тәжірибесіне ЖОО-на және ОАО-ның 7 түлектері жіберіліп немесе 2012 жылмен салыстырғанда 36,4 пайызға төменделгені байқалуда.

Әлеуметтік жұмыс орындарға 9 адам жіберіліп немесе 2012 жылға 35,7 пайызға төменделді.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 58 отбасыға тағайындалды, оның ішінде 225 алушыға 7218,0 мың теңге. 2012 жыл ішінде 94 отбасыға тағайындалды, оның ішінде 420 алушыға 7045,0 мың теңге.

Туу деңгейінің өзгеруі рейтингілік көрсеткіштерде 2 орынды алып, 110,2 пайызды құрады. Туу деңгейі 2013 ішінде 271 баланы құрап, 12,6 пайызға төменделді.

Рейтингілік көрсеткіштерде өлім деңгейінің өзгеруі 17 орынды алып, 101,9 пайызды құрады. Жалпы өлім 2013 жыл ішінде 291 жағдайды құрап, 0,3 пайызға өсті.



Бала өлімі 4 жағдайды құраса, 2012 жылы 6 жағдайды құрады.

Рейтингілік көрсеткіштерде туберкулез ауру деңгейінің өзгеруі 2 орынды алып, 63,8 пайызды құрады.

Туберкулезден өлім 2013 жыл ішінде және 2012 жылға 5 жағдайды құрады.

Кадр тапшылығы 2 дәрігерді құрайды: функционалдық диагностика, анестезиолог-реаниматолог дәрігерлері.



Мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамтылған балалар санының өсу қарқыны 14 орынды алып, 101,6 пайызды құрады.

2013 жыл ішінде мектпеке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамтылған балалардың саны 913 баланы немесе 97,5 пайызды құраса, 2012 жыл ішінде 842 баланы немесе 89,1 пайызды құрады.



Мектепке дейінгі білім беру қызметтерде халықтың мұқтаждылығы жылсайын артуда. 2014 жылғы 1 қаңтарға бала-бақшаға 157 өтініші тіркелді.

Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі айналысатын азаматтар санының өсу қарқыны 2013 жыл ішінде 15 орынды алып, 115,4 пайызды құрады. 2013 жыл ішінде қамту 21,6 пайызды немесе 4258 адамды құрады. Көрсеткішті жақсарту үшін ауданда спорттық құралдарды паспортизациялау бойынша жұмысы жүргізілуде.

Құқықтық тәртіп саласында

Қылмыс деңгейінің өзгеруі рейтитнгілік көрсеткіштері бойынша 5 орынды алып, 102,9 пайызды құрады. Қылмыстың деңгейі 2013 жыл ішінде 10 мың адамға 80,0 пайызды құраса, 2012 жыл ішінде 10 мың дамға 78,1 пайызды құрап немесе 1,9 пайызға төменделді.

Қылмыстарды ашу деңгейінің өзгеруі рейтингілік көрсеткіштері бойынша 1 орынды алып, 146 пайызды құрады.

Қылмыстардың ашылуы 2013 жыл ішінде 73,0 пайызды құраса, 2012 жыл ішінде 71,7 пайызды құрады, ауданда қылмыстарды ашу 1,3 пайызға көбеюі байқалуда.

Экономика және бюджеттік

жоспарлау бөлімінің басшысы А.Алимбаева

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет