2013 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындылары бойынша Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат



жүктеу 141.18 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі141.18 Kb.
2013 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындылары бойынша Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат
1. Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспары



р/р

Тармақ №

Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Орындалу барысы




1.

25.

Ветеринарияны халықаралық стандарттарға көшіру жөнінде шаралар қабылдау


Президент Әкімшілігіне есеп

АШМ, ИЖТМ

қаңтар

2009-2012 жж.



Орындалуда

Аталған тармақ бойынша ақпарат ПӘ мен ПМК-ге АШМ-нің тиісінше 2013 жылғы 21 қаңтардағы № 16-02-09/2221-Дир,1 және 24 қаңтардағы № 16-07-11/278-Дир,1 хаттарымен жолданған.

ПӘ Басшысының 2013 жылғы 4 ақпандағы № 488-7 ПАБ қарарымен ақпарат назарға алынды және АШМ-ге келесі ақпаратты жарты жылдықтың қорытындысы бойынша енгізу тапсырылған.

ПМК-ден қарар түскен жоқ.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары бастамашылық еткен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіп кешені мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы шеңберінде «Ветеринария туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде (ҚРҮ-нің қорытындысы Парламент Мәжілісіне жолданды). Жоба мыналарды көздейді:

- ветеринария саласындағы бірнеше функцияларды жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға беру;

- аудандық маңыздағы қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтердің дәрежесінде жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық бөлімшелерінің құрылымын ыдырату;

- жергілікті атқарушы органдар үшін ауыл шаруашылығы жануарларды бірдейлендіруге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды орталықтандырылған түрде сатып алу;

- мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің иелері жағынан жануарларды бірдейлендіруге арналған ветеринариялық анықтама, ветеринариялық төлқұжат, сырғалар бланкісінің құнын төлеуді алып тастау;

- жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатта қалдық зиянды заттардың мониторинг жоспарын, мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың желісін құру бойынша нормативті және биологиялық қалдықтарды пайдаға асыру, жою тәртібін бекіту;

- жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың (ветеринариялық анықтама, ветеринариялық төлқұжат және т.б. беру), бірдейлендіру бойынша процессингтік орталықтың функцияларын ұлғайту;

- әкімшілік айыппұлдың көлемін арттыру және әкімшілік жауапкершілік көзделген ветеринария саласындағы заңнаманы бұзу түрлерін нақтылау.

ҚР ветеринария жүйесін бағалау мақсатында, Қазақстанның арнайы сұранысы бойынша ХЭБ аттестатталған сарапшыларының сапарымен үш миссия өткізілді. ХЭБ миссияларының қорытындысы бойынша есептер дайындалды, атап айтқанда ПВС-талдау, ГАП-талдау және ветеринариялық заңнама бойынша ұсыныстар берілді.

Сондай-ақ, ҚР Үкіметі мен Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы (ХЭБ) арасындағы ветеринария саласындағы ынтымақтастық туралы келісім аясында ХЭБ сарапшылары ұлттық заңнаманы халықаралық стандарттарды, ұсыныстарды және басшылықтарды есепке ала отырып халықаралық стандарттарға сай үндестіру бойынша техникалық көмек көрсетуде.

Бүгінгі күні 48 ветеринариялық зертхана (11 облыстық және 37 аудандық ветеринариялық зертханалар) іске қосылды, соның ішінде 2013 жылдың бірінші жарты жылдығында 5 ветеринариялық зертхана салынды, қалған 78 зертхананы жыл соңына дейін салып бітіру жоспарлануда.

Сонымен қатар, қазіргі кезде ветеринариялық зертханалардың барлық филиалдары СТ РК ИСО/МЭК 17025 бойынша ILAK MRA (зертханаларды аккредитациялау туралы халықаралық ұйым) келісімінің мүшесі болып табылатын Ұлттық аккредитация орталығымен аккредитациядан өткен, сонымен қатар Орталық, Қарағанды филиалдары және әкімшілік аппарат МС ИСО 9001:2008 халықаралық талаптары бойынша аккредитациядан өтті.

Сондай-ақ, Астана қаласында орталық азия елдері үшін аусылға қарсы Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының (ХЭБ) МЭБ ұйымының үйлестіруші кеңсесін ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің және ХЭБ арасындағы Астана қаласында аусыл бойынша үйлестіруші кеңсесін ашу туралы келісімнің жобасы шығындар бойынша есептермен қоса келісім алу үшін мүдделі мемлекеттік органдарға келісім алу үшін жолданды.

2013 жылы жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жабдықтау жүргізілуде.

ХЭБ ұсынысы бойынша алдын алу іс-шараларын тиімді өткізу үшін халықаралық стандарттарға сәйкес ветеринариялық диагностикалық және иммунопрофилактикалық дәрі-дәрмектерді, соның ішінде отандық биоөнеркәсіпті кезеңдеп дамытумен GMP/GLP пайдалану жүйесі жоспарланған, онда әлемнің жетекші өндірушілері қатысатын болады.

Сатып алынатын ветеринариялық дәрі-дәрмектер сапасына талаптар күшейтілді, атап айтқанда биылғы жылғы аусылға қарсы вакцинаны ХЭБ талаптары бойынша сатып алынуда.

Зертхана жүйесінде сынамаларды іріктейтін математикалық жүйені енгізу және диагностикалық зерттеуді аудандық деңгейде жабдықталуы мен қызметкерлердің біліктілігі деңгейіне қарай жүргізу арқылы диагностикалық зерттеу санын ХЭБ ұсынған зерттеу әдістеріне көше отырып оңтайдандыу жүргізілетін болады. Бұл іс-шаралар ҚРҮ-нің 2013 жылғы 18 ақпандағы №151 қаулысымен бекітілген ҚР АӨК дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» салалық бағдарламасында көзделген.



2. Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспары



р/р

Тармақ №

Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Орындалу барысы




1.

25.

Агроөнеркәсіптік кешеніндегі экспортқа бағдарланған инвестициялық жобаларды іске асыру

Президент Әкімшілігіне ақпарат

АШМ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, ӘКК

шілде, қаңтар 2009-2011 жж.

Орындалуда

ҚР Премьер-Министрінің орынбасарының ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы К. Мәсімовтің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі №230-5 ПАБ тапсырмасына берілген 2012 жылғы 16 қазандағы №11-8/001-315 (п.25) қарарымен АШМ-ға ЭДСМ, ИЖТМ, ДМ, ККМ, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қостанай облыстарының әкімдіктерімен, сондай-ақ «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, «ҚТЖ» АҚ және «KAZNEX INVEST» АҚ бірлесіп Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау бойынша шаралар кешенін іске асыруды жалғастыру және тапсырманы орындау мерзімін ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесіне 2013 жылғы маусымда атқарылған жұмыс туралы аралық есеп ұсына отырып, 2013 жылғы желтоқсанға дейін ұзарту тапсырылды.

АШМ-нің 2013 жылғы 13 маусымдағы № 10-1-3/1617-дир,2 хатымен ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Өңірлік даму министрі Б.Ә. Сағынтаевтың атына аралық ақпарат жолданды.

Бүгінгі күні «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ Ақмола, Қостанай, Алматы және Жамбыл облыстарында 990 жұмыс орындарын құра отырып, жалпы сомасы 6,5 млрд. теңгеге 8 экспортқа бағдарланған жобаны іске асыруда. Олардың ішінде 6 жоба – мал шаруашылығы саласында және 2 жоба – қайта өңдеу саласында.

1) «Астана Агроөнім» – өндірістің жобалық қуаттылығы жылына 4 800 тонна ет өндіру, жобалық қуаттылыққа шығу күні – 2015 жылдың соңы. Жыл басынан бастап а.ж. 1 маусымдағы жағдай бойынша жобаның нақты жүктелуі 66%-ды немесе өндірілген өнімнің 658 тоннасын құрайды. Ет комбинаты штаттық тәртіпте жұмыс істейді, жобалық қуаттылыққа шығу жоспарлы тәртіпте жүзеге асырылады;

2) «KazBeefLTD» ЖШС – бордақылау алаңы 2012 жылғы қыркүйекте пайдалануға берілді, жобалық қуаттылыққа шығуы – 2015 жылдан бастап жоспарланған. 2013 жылда 2500 ІҚМ басын бордақылауды немесе жобалық қуаттылықтың 50%-ын жүзеге асыру жоспарлануда.

3) «Жақсылық» ШҚ – жобалық қуаттылығы бордақылауда 2500 басты құрайды, бүгінгі күні нақты жүктелуі 113,1% немесе бордақылауда 4522 ІҚМ басын құрайды;

4) «Қараман-К» ЖШС – жобалық қуаттылығы бордақылауда 2 500 басты құрайды, бүгінгі күні нақты жүктелімі бордақылауда 877 ІҚМ мал басын немесе 35% құрайды;

5) «Қарасу-Ет» ЖШС – ет комбинатының жобалық қуаттылығы жылына 5400 тонна ет өндіруді құрайды, жобалық қуаттылыққа шығу күні – 2015 жылдың соңы. Бүгінгі күні нақты жүктелуі 616,7 тоннаны немесе 46% құрайды.

6) «Қостанай диірмен комбинаты» – макарон фабрикасының жобалық қуаттылығы жылына 24 000 тонна макаронды құрайды. Жыл басынан бастап нақты жүктелімі 50% немесе 4 975 тонна макарон өнімдерін құрайды.

7) «ПОШ-Тараз» фабрикасы» ЖШС – өндірістің жобалық қуаттылығы жылына 870 тонна топс өндірісін құрайды, бүгінгі күні нақты өндіріс 125 тоннаны немесе 40% құрайды. 2013 жылдың басынан бастап «Kaznex invest» АҚ көмегімен Қытайға 25 тонна көлемінде опен-топс экспортталған.

8) «Байсерке Агро» ЖШС – жоба пайдалануға 2010 жылы енгізілген. Жобалық қуаттылығы – жылына 2 500 тонна ет өнімдерін өндіру. Жобалық қуаттылыққа шығу мерзімі – 2013 жылдың соңы. 2013 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша нақты жүктелуі 23 тоннаны немесе 3% құрады.




3. Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспар



р/р

Тармақ №

Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Орындалу барысы




1

56


Астық саласы компанияларын біріктіру арқылы бірыңғай астық холдингін құру

Мемлекет басшысына баяндама

АШМ, ЭДСМ, ҚМ, ККМ, БҚА, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, «ҚазАгро» Холдингі, Астана, Алматы ққ., облыстардың әкімдері


2012 жылғы желтоқсан

Орындалуда

Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысының 2013 жылғы 23 қаңтардағы № 01-7.1 хаттамасының 2.1.2-тармағына сәйкес Үкіметке 2013 жылғы 1 наурызға дейін Бірыңғай астық холдингін құру бойынша ұсыныстар енгізу тапсырылған.

АШМ 2013 жылғы 18 ақпандағы №4-1-10/3216//20-19/04-85//01-7.1(1.2 т.) хатпен ПМК-ге БАХ-ны консорциум түрінде «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» АҚ негізінде құру туралы ұсыныспен Мемлекет басшысының атына жазбаның жобасы жолданған.

ПӘ Басшысы К.Қ. Мәсімовтің 2013 жылғы 15 наурыздағы № 1102-3 қарарымен аталған ұсыныс қолдау тапты.

Үкіметке а.ж. 1-шілдеге дейін БАХ-ны құру бойынша барлық ұйымдастыру мәселелерін аяқтау және Мемлекет басшысына есеп енгізу тапсырылған.

«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің шешімі негізінде «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» АҚ мен «Қазақстан фермерлер одағы» РҚБ арасында бірлескен қызмет туралы келісім-шарт жасалды, бұл БАХ қызметін бастауға негіз болып табылады.

Осылайша, бірыңғай астық холдингін құру бойынша барлық ұйымдастыру іс-шаралары аяқталды.



ПМК АШМ-нің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 4-1-10/6542,2//11-25/04-85(п.2.1.2),001-396(п.56) хатымен Мемлекет басшысының атына есептің жобасы жолданды.

2

57

«Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасының іске асырылуын қамтамасыз ету

Мемлекет басшысына баяндама

АШМ, «ҚазАгро» Холдингі, Астана, Алматы ққ., облыстардың әкімдері


2012 жылғы желтоқсан

Орындалуда

Аталған тармақты орындау бойынша ақпарат Премьер-Министрдің орынбасарымен келісіліп, АШМ-нің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы №3-1-7/409-ДИР хатымен Мемлекет басшысының атына жолданды.

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2013 жылғы 14 қаңтардағы № 952 қарарымен П! Басшысының орынбасары Б.Т. Сұлтановқа талдап, бақылауда ұстау тапсырылған.

А.ж. 5-наурызда ПӘ Басшысының орынбасары Б.Т. Сұлтановтың төрағалығымен «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасын іске асыру проблемалары» мәселесі бойынша кеңес өткізіліп, оның қорытындысы бойынша АШМ-ға бірқатар тапсырмалар берілген.

Жоғарыда аталған кеңес хаттамасының (2013 жылғы 18.03. №61-9/952-2) 4.1-тармағына сәйкес АШМ-ге «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасының іске асырылуын мониторингілеу үшін Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің, АӨК мемлекеттік инспекиця комитетінің, «ҚазАгроИнновация» АҚ мал шаруашылығы, азықтандыру және ветеринария ҒЗИ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ мамандарының, ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты мамандарының, қоғамдық бірлестіктердің сарапшыларының арасынан тұрақты жұмыс істейтін комиссия құру тапсырылған.

Сондай-ақ, жоғарыда көрсетілген комиссияға іріктеп тексерілуге тиіс шаруашылықтардың тізбесін анықтау және бір айлық мерзімде тексеру жүргізу және оның қорытындылары бойынша, сондай-ақ «ҚазАгроИнновация» АҚ Қазақ мал шаруашылығы және азықтандыру ҒЗИ-дің мал азығымен қамтамасыз етілу бойынша талдауын ескере отырып, «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасын іске асыру бойынша Кешенді жоспарды түзету шараларын ұсына отырып, Президент Әкімшілігіне қорытынды енгізу тапсырылған.

Өз кезегінде, АШМ 2013 жылғы 23 мамырдағы № 3-2-8/5968/61-9/952-2// хатпен ҚР ПӘ-ге тиісті ақпарат енгізген.

ПӘ Басшысының орынбасары Б.Т. Сұлтановтың 2013 жылғы 30 мамырдағы № 952-6 қарарымен аталған тармақ 2013 жылғы 5 наурыздағы № 61-9/952-2 кеңес хаттамасының тармақтарын есепке ала отырып, жарты жылдық негізде Президент Әкімшілігіне ақпарат берумен ұзақ мерзімді бақылауға қойылды. Сондай-ақ, бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша тамыз айында Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасының іске асырылу барысы туралы есебін тыңдау және талқылау үшін ПӘ Басшысының орынбасары Б.Т. Сұлтановтың төрағалығымен кеңес өткізу тапсырылған.

Бордақылау алаңдарын құру

2010-2015 жылдар кезеңінде Жобаның шеңберінде 150 мың бір уақытта бордақылау орнына арналған бордақылау алаңдарының желісін құру жоспарланған.

2013 жылы 30,4 мың бірыңғай ұстау бордақылау орнына арналған бордақылау алаңдарының желісін құру жоспарланған.

Бүгінгі күні «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ несие ресурстарының есебінен 1 000 бордақылау орнына арналған жобаны қаржыландыру мақұлданды.

Сонымен қатар,агроқұрылымдардың өз қаражаты есебінен 2013 жылы 20,2 мың бір уақытта бордақылау орнына арналған бордақылау алаңдарын құру жоспарланған, оларды 2013 жылдың 1 жарты жылдығында енгізу жоспарланған.

Репродукторлар құру

Жобаның шеңберінде 2013 жылы 14 мың бас асыл тұқымды, шетел селекциясының таза тұқымды ІҚМ әкелу жоспарланған.

Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы құрылымдары Австралия, Ресей елдерінен 264 бас ІҚМ әкелген.

Ферма қожалықтарын дамыту

Жобаның негізгі блогы ферма қожалықтарында асыл тұқымды табын құру мен дамытуға бағытталған «Сыбаға» бағдарламасы болып табылады.

Жобаға сәйкес 2013 жылы 42 мың бас сиырға және 1400 бас бұқаларға арналған ферма қожалықтарының желісін құру жоспарланған.

2013 жылғы 17 маусымдағы жағдай бойынша «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ еншілес кәсіпорындары 23,9 мың аналық ІҚМ басы мен 1,4 асыл тұқымды аталық бұқалар сатып алуды қаржыландырған, бұл жоспардың 57% және 101% құрайды.




4. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050»: стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын



р/р

Тармақ №

Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі




19

Мыналарға:

азық-түлікке артып келе жатқан жаһандық сұранысты ескере отырып, ауыл шаруашылығын ауқымды жаңғыртуға;

ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемін 2020 жылға қарай 4,5 есе ұлғайтуға;

шығымдылықтың елеулі өсуіне;

егістік алқаптарын ұлғайтуға;

жаңа технологияларды енгізуге;

мал шаруашылығының әлемдік деңгейдегі жемшөп базасын құруға;

жаппай өндіру ірі экспорт нарықтарын игеруге мүмкіндік беретін азық-түлік өнімдерінің түрлерін айқындауға;

елдің экологиялық таза өндіріс саласындағы жаһандық ойыншылар қатарына кіруін қамтамасыз ете отырып, экологиялыққа баса назар аударумен бәсекеге қабілетті ұлттық брендтер құруға бағытталған елдің агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын қабылдау


ҚРҮ қаулысының жобасы

2013 жылғы маусым

АШМ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 151 қаулысымен Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілген.

Осыған орай, АШМ ПӘ-ге аталған тармақты бақылаудан алу туралы 2013 жылғы 4 мамырдағы № 1-1-7/2309//319-4 ПАБ хат жолдады.

Сонымен бірге, Д. Ерғожиннің ПӘ-нің Басшысы К.Қ. Мәсімовтің атына жазған 2013 жылғы 11 маусымдағы № 61-9/1293-2 ПАБ жазбасында АӨК салаларындағы саясаттың елдік шолуында берілген ЭДЫҰ ұсыныстарын қарастыру және Бағдарламада ескеру орындылығы атап өтілген болатын.

ПӘ-нің Басшысы К.Қ. Мәсімовтің осы жазбаға берген 2013 жылғы 16 маусымдағы № 1293-2 ПАБ қарарымен АШМ-ге ЭБЖМ және ӨДМ бірлесіп, 2013 жылғы 1 желтоқсанға дейін жоғарыда көрсетілген ұсыныстарды қарастыру бойынша шаралар қабылдау тапсырылған.



ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Өңірлік даму министрі Б.Ә. Сағынтаевтың 2013 жылғы 26 маусымдағы № 11-25/01-15 (п. 19) қарарымен АШМ, ЭБЖМ және ӨДМ-ге бірлесіп қарап, ПӘ Басшысы К.Қ. Мәсімовтің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 1293-2 ПАБ тапсырмасын орындау бойынша ұсыныс енгізу тапсырылған.









©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет