2013 жылдың қорытындылары



Дата03.07.2016
өлшемі109.67 Kb.
2013 жылдың  қорытындылары

Ауыл шаруашылығы саласында 2013 жылы 10309,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 106,1% құрады, оның ішінде мал шаруашылығы 7,47 млрд. теңге немесе 102,4%, өсімдік шаруашылығы 2,84 млрд. теңге немесе 116,8% құрады.  


Ет өндіру 7372,7 тоннаны құрады немесе 101,0%, сүт 47098,3 тоннаға өндірілді немесе 104,0%, жұмыртқа 3,9 млн. данаға алынып немесе 102,0% құрады.
Ірі қара мал 32,8 мың басты құрады немесе 100,0% орындалды, қой мен ешкі 45,9 мың басты құрады немесе 103,2%, жылқы 7,7 мың басты құрады немесе 100,6% орындалды, шошқа 2,4 мың басты құрады немесе 100,2 % орындалды, құстар 32,5 мың дананы құрады немесе 101,6 % орындалып отыр.  

Ауданда мал шаруашылығымен айналысатын 145 шаруа қожалығы бар,  2012 жылмен салыстырғанда 6 шаруашылыққа көбейді. 


«Лана» және «Мукинов» шаруа қожалықтары қазақтың ақбас тұқымының Республикалық Палатасының мүшесіне кірді және «Қалиқанұлы» шаруа қожалығы ірі қара малын өсіруші сүт бағытындағы асыл тұқымды шаруашылығы статусын алды. «Мукинов» шаруа қожалығының базасында қазақтың жылқысын өсіруші асыл тұқымды жылқы заводы жұмыс істейді, ауданда омарта шаруашылығымен 6 жеке кәсіпкері айналысуда, оларда барлығы 200-дей карпат арасының семьясы бар.
2013 жылы «Харченко» жеке кәсіпкері асыл тұқымды карпат арасын өсіруші шаруашылық статусын алды.

2014 жылғы «Балажал», «Мукинов» шаруа қожалықтары қазақтың асыл тұқымды құйрықты қылшық жүнді қой шаруашылығын дамыту бойынша асыл тұқымды шаруашылығын ашуды жоспарлап отыр.


Тамыз айының 16-ы күні Абай ауданында облысаралық «Шыңғыстау» мал көрме жәрмеңкесі өтіп, осы көрме жәрмеңкесінде «Мукинов» шаруа қожалығы асыл тұқымды қазақтың жылқысы бойынша көрме чемпионы атанды.  
Ауданда 3 сүт-тауарлы фермасы жұмыс істейді («Балке» ш/қ, «Саят» ш/қ, «Каликаулы» ш/қ). «Каликанулы», «Саят» шаруа қожалықтарында шағын цехтар бар, өңделген сүт өнімі келісім - шарт бойынша Семей қаласына сауда орындарында сатылады. «Балке» шаруа қожалығымен 120 басқа қайта  жөндеуден өткен сүт-тауарлы фермасы жұмыс істейді, шаруашылықта германиялық құрал-жабдықтарымен жабдықталған, оның жеткізу мен орнату жұмыстарын «Аграл» ЖШС-гі айналысты.
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 3 шаруа қожалығымен ірі қара малдары сатып алынды, олар 9 млн. 900 мың теңге сомада «Башкуль» ЖШС-гі – 48 бас сиыр және 3 бас бұқа, 4 млн. 500 мың теңге сомада «Абенова» фермер шаруа қожалығы 21 бас сиыр және 2 бас бұқа, 10 млн. теңге сомада «Дархан-4» шаруа қожалығы 50 бас сиыр және 2 бас бұқа, барлығы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 126 бас ірі қара малы сатып алынды.

Мал шаруашылығына бөлінген 104 млн. 557,2 мың теңге субсидия төленді. Ауданның шаруашылықтармен 106 бас ірі қара малы, қой 594 бас, жылқы 5 бас асыл тұқымды малдарын сатып алды, «Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау» 010 бағдарламасы бойынша 20 млн. 140 мың теңге, қатаң мал азығының құнын арзандату үшін 13 млн. 869 мың теңге, «Мал шаруашылығының шығымдылығы мен сапасын арттыруға» 013 бағдарламасы бойынша 70 млн. 548,2 мың теңге субсидиялар төленді. 


Ветеринарлық кауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, Бесқарағай ауданының «Ветеринариялық қызметі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны жұмыс істеп тұр, 2013 жылғы наурыз айында 5,0 млн. теңге сомада ДУК автокөлігі сатып алынды. 
Өткен жылы аудан бойынша барлығы 8 малдәрігерлік бекеттер жұмыс істеп тұр, бүгінгі күні коммуналдық мемлекеттік кәсіпорында барлығы 18 малдәрігер мен 15 жұмысшы  қызмет атқаруда. 2013 жылғы мамырдан бастап осы жоғарыда аталған малдәрігерлік бекеттерді құрал – жабдықтармен жарақтандыру басталды, оларға арнайы дәрілеу қондырғысы бар 8 «Нива» автокөлігі, 1 ДУК автокөлігі, 1 SsangYong маркалы автокөлігі, 9 раскол, 1 жылжымалы раскол, 9 тоңазытқыш, 1 мұздатқыш, барлық құны 27,668 млн. теңгенің құрал-жабдықтары берілді. 
Ауданның эпизоотиялық жағдайы тұрақты, «Эпизоотияға қарсы іс шаралар» жұмыстарына республикалық бюджеттен бөлінген 40 млн. 157 мың теңге толықтай 100 пайызға игерілді.

591,871 шаршы метр көлемінде 50 нысанына дезинфекция жұмыстары жүргізілді. 


Ауданда 9 мал сою алаңдары және 3 мал сою пунктері, 21 мал өлексесін көметін қорымдар жұмыс істеуде, соңғы 3 жылы жергілікті бюджеттен 6 млн. 277 мың теңге сомада ақша қаражаты бөлінді, 15 елді мекенде мал өлексесін көметін қорымдарына күрделі жөнде жұмыстары жүргізілді. 608 ит, 9 бас мысық жойылды.
15500 бас ірі қара мал бірдейлендірілді немесе 100%, қой мен ешкі -18000 бас бірдейлендірілді немесе 100 %, 15500 бас ірі қара малы компьютерлік базаға енгізілді немесе 100%, қой мен ешкі - 18000 басы компьютерлік базаға енгізілді немесе 100 %.
2013 жылы барлығы 51,0 мың га жерге егін егілді, 2012 жылмен салыстырғанда 5,0 мың га көбейіп, оның ішінде 22,7 мың га жерге дәнді дақылдар, 2012 жылмен салыстырғанда 1,2 мың га артты, 7,6 мың га күнбағыс дақылы, 0,383 мың га көкөніс, 0,108 мың га бақша, 0,804 мың га картоп егілді.

22,7 мың га дәнді-дақылдар жиналып, 26,7 мың га тонна бастырылды, әр гектарға шаққанда 13,0 центнерден айналды. Күнбағыс 7,6 мың га жиналып, жалпы түсім 3,0 мың тоннаны құрап, әр гектарға шапқанда 4,0 центнерден айналды, 383 га көкөніс жиналып, жалпы түсім 8,83 мың тоннаны құрап, әр гектарға шапқанда 230 центнерден айналды, 108 га бақша жиналып, әр гектарға шапқанда 214 центнерден айналды, 804,5 га картоп жиналып, жалпы түсім 15,2 мың тоннаны құрап, әр гектарға шапқанда 189,7 центнер айналды.


2013 жылы суармалы егістік жері пайдаланғаны 1996,8 га, оның ішінде 324 га тамшылап суару технологиясымен суарылды. Тамшылатып суару технологиясымен 56 га  егістік жері  ұлғайтылды.     
Ауданда егістік алқаптарын әртараптандыру жұмыстары жүргізілуде, 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспар бойынша биылғы жылы  18,3 мың га мал азығы дақылдарын, 7,6 мың га майлы дақылдарын, 0,3 мың га қарақұмық дақылдарын егу жоспарлануда.

2013 жылғы өсімдік шаруашылығына төленген субсидияның құны 41 млн. 528 мың теңге. 


Жоспардағы 85000 тоннанның 98000 тонна қатаң мал азығы дайындалып, жоспар 115% орындалды. 
5 шаруа қожалығы 18,1 млн. теңге сомады техника сатып алды, олардың ішінен «Балыкбаев Н.» шаруа қожалығы «Беларусь» 1221.2 маркалы тракторын 5,8 млн. теңгеге, «Даулет» шаруа қожалығы 2,2 млн. теңгеге  ПР-Ф-145 шөп жинайтын пресс және КДП-4 шөп шабатын агрегат, «Мақсут» шаруа қожалығы 3,5 млн. теңгеге 1 бірлік МТЗ-82 тракторын, «Шарманов» шаруа қожалығы  3,5 млн. теңгеге 1 бірлік МТЗ-82 тракторын, «Али» шаруа қожалығы 3,1 млн. теңгеге МТЗ-80 тракторын сатыл алды.
Инвестициялық жобалар іске қосылды:
«Азамат» шаруа қожалығымен «ҚазАгроФинанс» АҚ-мы арқылы лизингке 36 млн. теңге сомада 150 бас сиыр және 5 қазақтың ақ бас бұқасын сатып алды.
«Дархан-4» шаруа қожалығымен «Бесқарағай несие» сергіктестігі арқылы 10 млн. теңгеге бордақылау алаңы салынып, 50 бас сиыр және 2 бұқа сатып алынды.

Бөлім басшысы   Ж.Бопаев



 

2013 жылдың 9 айының қорытындылары



Бесқарағай аудынында  2013 жылғы 1 қазанға  ет өндіру 3606,6 тоннаны құрады, 2012 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  102,5 % , сүт 38345,2 тонна өндірілді, немесе 104,9 %  2012 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, жұмыртқа 3052,4 мың дана алынды, немесе 102 %  өткен жылмен салыстырғанда.
2013 жылдың 1 қазанға ірі қара мал бастары 2012 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 508 басқа артты немесе 101,2 %, және 42457 басты құрады,  қой мен ешкі 9 басқа артты немесе 102,1% және 57592 басты құрады, жылқы 8691 басты құрады немесе 100,2%,  құстар 115 басқа артты немесе 100,3% және 41030 басты құрады. 
Ауыл шаруашылығының өнімдері өндірісінің көлемін арттыру бойынша барлық  шаралар  қолдануда. 
Қазіргі уақытта ауданда 3 сүт-тауарлы фермасы жұмыс істеуде («Балке» ш/қ,  «Саят» ш/қ, «Каликанулы» ш/қ). 
Биылғы жылы  ауданның  бір қатар шаруа қожалықтарына «Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау» және  «Мал шаруашылық өнімдерінін сапасымен өнімділігін  артыру  мақсатындағы  жәрдем ақы төлеу туралы» бағдарламалары  бойынша  жұмыстар жүргізген үшін 50 млн 270 мың 500 тенге субсидия берілді. 
2012 жылдың қаңтар айынан бастап ветеринарлық кауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, Бесқарағай ауданының «Ветеринариялық қызметі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны ашылды, сол жылдың наурыз айында құны 5,0 млн. теңге тұратын ДУК автокөлігі сатып алынды. 
Биыл аудан бойынша барлығы 8 малдәрігерлік бекеттер  ашылып жұмыс істеуде, бүгінгі күні коммуналдық мемлекеттік кәсіпорында және малдәрігерлік пункттерде барлығы 18 малдәрігер мен 15 жұмысшы қызмет атқаруда. Мамыр айынан бастап осы жоғарыда  аталған малдәрігерлік  бекеттерді құрал – жабдықтармен жарақтандыру басталды, оларға арнайы дәрілеу қондырғысы бар 8 «Нива» автокөлігі, 1 ДУК автокөлігі, 9 раскол,      9 тоңазытқыш, 1 мұздатқыш, барлық құны 24 млн теңгенің құрал-жабдықтары берілді. 
Ауданда 15 мал сою алаңдары жұмыс істеуде, барлық ауылдарда мал қорымдары бар, соңғы 2010 - 2013 жылдары жергілікті бюджеттен 6,5 млн. теңге көлемінде қаражат бөлініп, 15 елді мекендегі мал өлексесін көметін қорымдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сарып ауруы шыққан елді мекендердегі үйлердің қора-қопсыларына дезинфекция жұмыстары жүргізілді.
2013 жылы аудан бойынша 15500 бас ірі қара мал бірдейлендірілді немесе 100%, оның 15500 басы компьютерлік базаға енгізілді немесе 100 %, қой мен ешкі -17000 бас бірдейлендірілді немесе 94,4 %, оның 16748 басы компьютерлік базаға енгізілді немесе 93 %.
Ауданның  зпизоотиялық  жағдайы  тұрақты, «Эпизоотияға  қарсы  іс  шаралар»  жұмыстарына  республикалық  бюджеттен  2013  жылға 40 млн. 157 мың теңге бөлініп, оның  өткен  тоғыз  айында  28 млн. 922 мың теңгесі игеріліп, жоспар 100% орындалды.
Биылғы жылы  22,3 мың га дәнді-дақылдар (бидай – 10,927 мың га, арпа – 3,6 мың га,  сұлы 0,375 мың га, қарақұмық – 0,065 мың га, масақ құйрықтылар -7,6 мың га )  жиналып, барлық  түсім тазаланбаған күйде 28,9 мың тоннаны құрап, әр гектарға шаққанда 13 центнерден айналды, 6,6 мың га күнбағыс жиналып, түскен түсім 2,61 мың тоннаны құрап 4 центнерден айналуда,  0,800 мың га картоп жиналып, жалпы түсім 16,0 мың  тоннаны құрап, әр гектарға шаққанда 199 центнерден айналды, 0,383 мың га  көкөніс жиналып, жалпы түсім 10,9 мың тоннаны құрап, әр гектарға шақанда 280 центнерге айналды, 0,108 мың га бақша дақылдары жиналып, жалпы түскен түсім 2,36 мың  тоннаны құрап, әр гектарға шаққанда 217 центнерден айналды.
2014 жылдың егістігіне 2680 тонна дәнді-дақыл тұқымдары құйылды.     
2013-2014 жылдары мал қыстауына барлығы 98000 тонна қатаң мал азығы дайындалып, 115,2 % құрады.

Бесқарағай аудандық ауыл шаруашылық


және ветеринария болімінің басшысы: Ж. Бопаев                   

2013 жылғы 6 айдың ішіндегі ауыл шаруашылығының қорытындылары 

Жедел статистикалық мәліметі бойынша 2013 жылғы 1 шілдедегі ірі қара мал бастары 44465 басты құрап отыр  немесе 101,5%, қой мен ешкі 62145 басты құрады немесе 100,6%, шошқа 4223 басты құрады немесе 100,5%, жылқы 9109 басты құрады немесе 100,3%,  құстар 41544 басты құрады немесе 101,3%.
Ет өндіру 2547,3 тоннаны құрады немесе 103,3%, сүт 24705,8 тонна немесе 104,9%, жұмыртқа 1831,6 мың дана немесе 103,1%.
Ауданда 145 шаруа қожалығы мал шаруашылығымен айналысады, 11083 (28%) бас ірі қара малы, 16861 (31%) бас қой мен ешкі, 4073 (49%) бас жылқы, 156 (6%) бас шошқа бар.
Ауданда 5 асыл тұқымды шаруа қожалығы бар, олардың ішінде 3 шаруа қожалығы «Лана», «Мукинов» және «Ас,Ай және К» ЖШС ет бағытындағы қазақтың ақ бас ірі қара малын өсіруші, «Каликанулы» шаруа қожалығы сүт бағытындағы ірі қара малын өсіруші, қазақтың асыл тұқымды жылқысын өсіруші «Мукинов» шаруа қожалығы асыл тұқымды шаруашылығы статустарын алған. 
Ауданда 3 сүт - фермасы жұмыс істейді («Балке», «Саят», «Каликанулы» шаруа қожалығы). Өндірілген сүт өнімі Семей қаласында сауда орындарында тендер бойынша сатылады.
2011- 2013 жылдардың 50696 бас ірі қара малы, 47000 бас қой мен ешкі бірдейлендірілді, оның ішінде 2013 жылғы 6 айдың ішінде ағымды жылдың 6696 бас ір қара малы, немесе 100%, қой мен ешкі 7000 бас, 165 бас шошқа.
Жобаға сәйкес 2013 жылғы 6 айдың ішінде ауысыл ауруына қарсы 40000 бас ірі қара малына, 50000 бас қой мен ешкі, сібір жарасына 25000 бас, 25000 бас қой мен ешкі, 4000 бас жылқы, жоғарғы патогендік құс тұмауына 35000 бас, қарасан ауруына 30000 бас ірі қара малына егу жұмыстары жүргізілді.
2012 жылғы көлемі 12948 шаршы метрде дезинфекция жүргізілді, 2013 жылғы көлемі 4996 шаршы метрде жүргізілді.
Бүгінгі күнге бар 25 мал сою аланынан 15-сі жұмыс істеуде, 35 мал қорымы, олардан 13 мал қорымында ағымды жөндеу жүргізілді.
Биылғы жылы ауданның шаруа қожалықтармен  51059 га жерге дәнді-дақылдар егілді, оның ішінде дәнді-дақылдар – 22329,6 га, (бидай – 10927,3 га, арпа – 3361,3 га, қарақұмық – 65,5 га, сұлы - 375 га, масақ құйрықтылар – 7600,2 га),  күнбағыс -7607,8  га, картоп -800 га, көкөніс және бақша -533 га, көп жылдық шөп - 4322,9 га, биылғы жылғы көп жылдық шөп - 400 га, бір жылдық шөп -11226,7 га, азықтық дақылдар - 3780 га. Берілген тапсырма толық орындалып, өткен жылмен салыстырғанда егістік жер көлемі 10,8 % ұлғайды.
Көктемгі егістік жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы техникаларымен тұқым материалдары толықтай жетті. Көктемгі егістік жұмыстарына 823 тонна дизель отынын арзандатылған бағамен бөлінген, оның  459,6 тоннасы  алынды.

2013 жылы арзандатылған тыңайтқыштар алуға және тыңайтқыштардың  шығындарын өтеу бойынша субсидия арқылы ауданның картоп, көкөніс және бақша өсірумен айналысатын шаруа қожалықтары 86 тонна аммиак селитрасын сатып алды.


Ауданда 17107 га  суармалы егістігі бар, 2013 жылы 1665 га суармалы егістік 327,5 га ылғал сақтау технологиясын қолдануымен пайданалады.
«Балыкбаев» фермер қожалығы «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның арқылы 5,3 млн. теңге  сомада МТЗ 12-21 дөңгелекті трактор сатып алды, 6 шаруа қожалығымен «Продкорпорация» АҚ-нан көктемгі егістік жұмыстарын жүргізуге 11,6 млн. теңге сомада несие қаражаттарын алды.
Шаруа қожалықтары қатаң мал азығын дайындау жұмыстарын жүргізуде, 2013 жылға 85000 тонна мал азығын дайындау жоспарлауда. Ауылдық округтердің әкімдеріне 2013 жылға жоспарлық бақылау цифралары жеткізілді. Қазіргі уақытқа 9000 тонна қатаң мал азығы дайындалды немесе 10,5%.
«Башкуль» ЖШС-гі  «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ-нан 18,0 млн. теңге сомада несие қаражаттарын алуға құжаттарын тапсырды. 
«Дархан-4» шаруа қожалығы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Аграрлық Несие Корпорациясы» АҚ-нан 10,0 млн. теңге несие қаражаттарын алу үшін құжаттарын тапсырды.
2013 жылы «Абенова» фермер қожалығы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Ауыл шаруашлығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-нан 4,6 млн. теңге несие алынды, 2 бұқа-өндіруші сатып алынды, сондай-ақ, 20 бас қазақтың ақ бас тайыншасы сатып алынады.
«Азамат» шаруа қожалығымен «КазАгроҚаржы» АҚ-на 115 бас қазақтың ақ бас ірі қара малын сатып алу үшін 36,0 млн. теңге сомада несие қаражаттарын алуға құжаттар тапсырылды.
2013 жылғы 1 қаңтарға статистика мәліметі бойынша жалпы аналық мал бастары 17599 басты құрайды, 2013 жылғы 28 маусымда тұқым жаңартуға 26 шаруашылығы 2247 баспен қатысуда немесе 12,8 %.       
Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданында «Жаңбыр» агроөнеркәсіптік алаңы Гидромелиоративтік кешенінің құрылысы» жобасы бар. Жобамен Семияр ауылдық округінің байырғы Семияр және Кривинка кеңшарларының  аумағындағы 4041 га болатын суармалы жерлерді суару үшін суару жүйелерін қалпына келтіру қарастырылған.
Ұзындығы 59,7 шақырым суару жүйелерін қайта жаңалау және негізгі сорғы стансасын қалпына келтіру, инфрақұрылым нысандарының қосымша құрылысы жоспарлануда.

Жобаның жалпы құны 1 млрд 805 млн 222 мың теңге.


Осы жоба «Жол картасы Бизнес - 2020» бағдарламасы бойынша республикалық бюджетке енгізу үшін экономикалық дамыту және сауда Министрлігінде қаралуда.
«Арбиев Е.» шаруа қожалығының қазақтың ақ бас және асыл тұқымды герофорд ірі қара малдарын өсіру бойынша асыл тұқымды репродуктор-шаруашылық құрылысы бойынша жобасы бойынша жалпы құны 1 млрд. 207 млн. теңге, оның ішінде өз қаражат есебінен 249,2 млн. теңге, несие  қаражаттары  957 млн. 800 мың теңге. Құжаттар Астана қаласының «ҚазАгроҚаржы» АҚ-да. «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның өкілдерімен 2013 жылы 18 маусымда салынған объектілерді, жайылымдарды, малдарды суаратын жерлерді, «Арбиев» шаруа қожалығының қаржылық  жағдайына тексеру жүргізілді. Шаруа қожалығының қаржыландырылуы 2013 жылы жоспарлануда.   

Бөлім басшысының


міндетін атқарушы:  А.Изатов

2013 жылдың 1 тоқсанының қорытындылары

2013 жылдың 1 сәуіріне ет өндіру 443,9 тоннаны құрап, 2012 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,2 тоннаға азайды немесе 99,5%, 5565,6 тонна сүт өндіріліп, 198,7 тоннаға артты, өсімі 103,7%, 356,4 мың дана жұмыртқа алынды, 29,9 мың данаға артып 109,2% құрады.
2013 жылдың 1 сәуіріне ірі қара мал бастары 2012 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 38816 басты құрап, 275 басқа артты, немеме 100,7% құрады, қой мен ешкі 17599 бастарды құрап, 864 басқа артты немесе 105,2%, шошқа саны 58498 басты құрап, 50 басқа артты немесе 100,1%, жылқы саны 2837 басты құрады,  немесе 100,7% құрады, құстар саны 7508 дана, 38 данаға артты, өсім саны 100,5% құрады. 

2013 жылғы 6 наурызында аудан әкімінің мәжіліс залында төрағашылықетуші аудан әкімінің орынбасары К.Мирашевпен, қаржы институттары «Аграрлық несиелеу корпарациясы» АҚ директоры Г.З.Солтанбаеваның, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ директорының орынбасары Г.Н.Байшалованың және филиалының бас менеджеры Е.А.Сайлыбаевтың, «ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалынфң заңгері А.К.Ахметованың және филиалының несиелеу менеджеры А.К.Смагуловтың, «Бесқарағай несие» несиелеу серіктестігінің директоры Р.Н.Житписбаевтың, «ҚазАгроМаркетинг» АҚ Бесқарағай филиалының менеджеры С.Исагалиевтың, ауылдық округтердің әкімдерінің, шаруа және фермер қожалығының басшылары, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімнің қызметкерлері, дербес бөлімдерінің басшылары, бұқаралық ақпараттық құралдарының өкілдерімен «Егінжей», «Сыбаға», «Агробизнес-2020» бағдарламалары бойынша шаруа және фермер қожалықтарының несиелеу мәселесі туралы семинар-кеңес өткізілді.

2013 жылғы 3 сәуірден бастап аудан әкімінің орынбасары К.Мирашевтың басшылығымен жұмыс тобы құрылып, бекітілген кестесі бойынша әр ауылдық округтерде шаруа қожалықтарымен және кәсіпкерлермен «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасын талқылау және көктемгі – егістік жұмыстарының дайындығы бойынша  кездесулер өткізілуде.
Ағымды жылы облыс әкімінің тапсырмасы бойынша көлемі 51 000 га егістік науқанын жүргізулуі жоспарлануда, оның ішінде 22 100 га дәнді-дақылдар, олардың ішінен 17 254 га бидай, 1500 га арпа, 700 га сұлы, 500 га қарақұмық, 7700 га күнбағыс, 800 га картоп, 533 га көкөніс пен бақша. Азық дақылдарын 19753 га оның -7 100 га былтырғы жылдың көп жылдық шөбі, 5313 га бір жылдық шөп және азықтық масақ құйрықты 7340 га.

Бүгінгі күні қолдағы бар тұқымдардың 2555 тонна дәнді-дақылдары тексерілуге түсті немесе 83,6%, оның ішінде 2245 тонна бидай, 180 тонна арпа, 80 тонна қарақұмық және 77 тонна күнбағыс немесе 100%.


Тексерілгені 2435 тонна кондициондық тұқымы боп анықталғаны 2435 тонна, олардың 780 тоннасы – 1 класты, 920 тоннасы  - ІІ класты, 735 тоннасы – ІІІ класты, қалған тұқымдары сәуір айының аяғына дейін тексерілетін болады.
Техникаларының дайындығы 83%.

І тоқсанына бруцеллез ауруына 10 274 бас ірі қара малына, 6560 бас қой мен ешкі, 105 бас шошқаға диагностикалық тексерулер жүргізілді. 


Сібір ауруына 15 000 бас ірі қара малына, 15 000 қой мен ешкі, жылқы 2000 басқа, шошқа 1000 басқа, аусыл ауруына 40 000 бас ірі қара малына, жоғары потогенді құстың ауруына 15 000 бас, қарасан ауруына 5000 бас ірі қара малына, жылқы маңқасы 500 басқа вакцина егілді.

Бөлім бастығы: Бопаев Ж



 
Каталог: files
files -> Мазмұны мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері
files -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
files -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
files -> Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Сот кабинеті»
files -> Интернет арқылы сот ісі бойынша ақпаратты қалай алуға болады?
files -> 6М070600 –«Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» 1 «Пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау»
files -> Оқулық. қамсыздандыру: Жұмыс дәптері
files -> «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы
files -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
files -> Спорттық разрядтар мен санаттар беру: спорт шеберлігіне үміткер, бірінші спорттық разряд, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет