2013 жылға арналған 222 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мал шаруашылығын дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»



Дата30.06.2016
өлшемі99.49 Kb.
#167961



2013 жылға арналған 222 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мал шаруашылығын дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер», кіші бағдарлама 102 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» республикалық бюджеттік бағдарламасының нысаналы ағымдағы трансферттері бойынша нәтижелері туралы КЕЛІСІМ

(бұдан әрі - Келісім) № 3
«16» қаңтар 2013 ж.


  1. Тараптарды анықтау

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) атынан министр Асылжан Сарыбайұлы Мамытбеков бір тараптан және Жамбыл облысының Әкімі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев (бұдан әрі - Әкім) екінші тараптан, «2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы № 54-V Қазақстан Республикасы Заңының негізінде, келесілер туралы осы Келiсiмдi жасасты.
2. Келiсiм мәнi, мақсаттары мен мiндеттерi

2.1. Осы Келiсiмге сәйкес 2013 қаржы жылына арналған 222 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мал шаруашылығын дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер», кіші бағдарлама 102 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» бойынша республикалық бюджетте көзделген нысаналы трансферттер шегiнде тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге қол жеткiзу бойынша мiндеттеменi Министрлік бередi, ал Әкiм өзiне қабылдайды.



2.2. Мақсаты:

2.2.1. Мал шаруашылығының өнімділігі мен сапасын арттыруды.



2.3. Міндеті:

2.3.1. Сапалы мал шаруашылығы өнімін өндіру көлемін арттыру.

2.3.2. Ет және сүт өнімдерін өңдеу кәсіпорындарының қуаттылығын арттыру және мал шаруашылығы (сиыр, шошқа, қой, жылқы, сүт және сүт өнімдері, қымыз, жүн, шұбат және тағамдық жұмыртқа) өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

2.3.3. Орта және ірітауарлы өндірісті дамытуды және саланың өндірістік негізінде өтуін ынталандыру.



2.4. Тікелей нәтижелер:

2.4.1. Мал өнімдерін өндіру және өткізу субсидиялау көлемдері, оның ішінде:



  • сиыр еті 453 тонна көлемінде;

  • шошқа еті 2500 тонна көлемінде;

  • қой еті 222 тонна көлемінде;

  • жылқы еті 80 тонна көлемінде;

  • жүн 342 тонна көлемінде;

  • сүт 3603 тонна көлемінде;

  • кымыз 450 тонна көлемінде;

  • шұбат 150 тонна көлемінде;

  • тағамдық жұмыртқа 37129,6 мың дана;

  • ІҚМ қоректендіру үшін пайданылатын шырынды және ірі азықтар 16000 бас.

2.5. Түпкілікті нәтижелер:

Нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен:

2.5.1. Субсилиялау бағдарламасына қатысушы ауыл шаруашылығы құрылымдарының саны 163 бірліктен 182 бірлікте дейін немесе 111,7 пайызға артады.

2.5.2. Бағдарламаға қатысушы ауыл шаруашылық құрылымдар өндіретін мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі артатын болады:

- сиыр еті 1 279,4 тоннадан 1407 тоннаға дейін немесе 110%;

- шошқа еті 1202 тоннадан 2500 тоннаға дейін немесе 208%;

- қой еті 660 тоннаға дейін;

- жылқы еті 245 тоннаға дейін;

- жүн 359 тоннаға дейін;

- сүт 4915 тоннаға дейін;

- кымыз 460 тоннаға дейін;

- шұбат 155 тоннаға дейін;

- тағамдық жұмыртқа 38000 мың данаға дейін;

-ІҚМ қоректендіру үшін пайданылатын шырынды және ірі азықтар 16000 бас.



Нысаналы трансферттердiң сомасы және төлем тәртiбi

3.1. Жамбыл облысы үшiн 222 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мал шаруашылығын дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер», кіші бағдарлама 102 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» бюджеттiк бағдарламасы бойынша нысаналы трансферттiң сомасы 629607(алты жүз жиырма тоғыз миллион алты жүз жеті) мың теңгенi құрайды, нысаналы трансферттер сомасының айлар бойынша бөлiнуi осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын 1-қосымшада келтiрiлген.

3.2. Министрліктің Жамбыл облысы бюджетi кiрiсiне нысаналы трансферттiң сомасын аударуы:

- ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша Келiсiмнiң 1-қосымшада келтiрiлген нысаналы трансферттер сомасының айлар бойынша бөлiнуiне сәйкес айдың (қаңтар, 25-күнiнен кешiктiрмей) бiрiншi 5 жұмыс күнiнде;

3.3. Жоғары тұрған бюджеттен нысаналы трансферттi төменгi тұрған бюджеттiң кiрiсiне аудару үшiн мынадай құжаттар қажет:

- Нысаналы трансферттер жөнiндегi нәтижелер туралы Келiсiм;

- төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарлары.
4. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

4.1. Әкiм:

- осы Келiсiмде келтiрiлген тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге қол жеткiзудi толық көлемде және кепiлдендiрiлген сапада, уақтылы қамтамасыз етуге;

- 10-тармақта көрсетiлген мерзiмде және нысанда Министрлікке тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге iс жүзiнде қол жеткiзу туралы есептi ақпарат берiп отыруға;

- қызметтiң жоспарланған көрсеткiштерiне қол жеткiзбеу тәуекелдерiн басқару бойынша шараларды уақтылы қабылдауға;

- мемлекеттiк орган қызметiнiң жоспарланған көрсеткiштерiне барынша табысты қол жеткiзу үшiн заңнамаға сәйкес барлық қажеттi шараларды, оның iшiнде қосымша iс-шаралар жүргiзудi қолдануға;

- тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге қол жеткiзу үшiн жоғары тұрған бюджеттен бөлiнген нысаналы трансферттердi уақтылы, тиiмдi және мақсатқа сай пайдалануға;

- өткен қаржы жылында республикалық немесе облыстық бюджеттен бөлiнген нысаналы трансферттердiң сомасы, ол бойынша ағымдағы қаржы жылында одан әрі пайдалану (жете пайдалану) туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе жергiлiктi атқарушы орган шешім қабылдамаса, жыл басына арналған бюджеттік қаражат қалдықтары есебінен ағымдағы қаржы жылының 1 наурызына дейін оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке қайтаруға;

- мемлекеттiк қаржылық бақылау органы нысаналы трансферттер сомасының мақсатқа сай пайдаланылмағанын айқындаған жағдайда, бақылау актiсiне қол қойылғаннан кейiн бiр ай iшiнде осы трансферттердi бөлген жоғары тұрған бюджетке қайтаруға мiндеттенедi.
4.2. Әкiмнiң:

- Министрліктен нысаналы трансферттердiң уақтылы аударылуын талап етуге;

-Министрлік нысаналы трансферттерді уақытылы аудармаған жағдайда ол туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiн хабардар етуге;

-Министрліктің келiсiмi бойынша Келiсiмге өзгерiстер енгiзу жөнiнде ұсыныс енгiзуге құқығы бар.



4.3. Министрлік:

- Жамбыл облысының бюджетi кiрiсiне нысаналы трансферттiң сомасын осы Келiсiмнiң 3.2-тармағында көрсетiлген мерзiмде аударуға;

- жоғары тұрған бюджеттен нысаналы трансферттер есебiнен орындалатын iс-шаралардың мониторингiн жүргiзуге;
4.4. Министрлік:

- Келiсiмнiң қосымшасына сәйкес тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге уақтылы, толық, сапалы қол жеткiзудi талап етуге;

- мемлекеттiк орган қызметiнiң көрсеткiштерiне қол жеткiзу кемшiлiктерiн жедел жоюды, қызметтiң жоспарланған көрсеткiштерiне қол жеткiзбеу тәуекелдерiн басқару бойынша шараларды уақтылы қабылдауды талап етуге;

- Үкiметтi:

1) Әкiмнiң осы Келiсiмге сәйкес мiндеттемелердiң орындалғанын растайтын құжаттарды ұсынбағаны туралы;

2) Келiсiмге қосымшаға сәйкес олардың орындалуы үшiн жоғары тұрған бюджеттен нысаналы трансферттер бөлiнген iс-шараларды әкiм уақтылы және тиiсiнше орындамауы туралы;

- осы Келiсiмнiң мiндеттемелерiн бұзған үшiн әкiмге әкiмшiлiк шаралар қолдану туралы Үкiметке ұсыныс беру;

- осы Келiсiмге әкiммен келiсу бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хабардар етуге құқылы.


5. Ресми хабарламалар

5.1. Егер Әкiм Келiсiмдi орындау кезiнде нысаналы трансферттер шеңберiнде тiке және соңғы нәтижелерге жету бойынша мiндеттемелердi уақтылы орындауға кедергi болатын жағдайларға тап келсе, әкiм кешiктiрiлу фактiсi, оның болжамды ұзақтығы мен себебi туралы Министрлікті кiдiрмей хабардар етуi тиiс.

Бұл ретте, Келiсiмге өзгерiстер енгiзу осы Келiсiмнiң 7-тармағына сәйкес жүзеге асырылуы мүмкiн.

5.2. Бiр Тарап екiншi Тарапқа жiберетiн кез келген хабарлама Келiсiмге сәйкес кейiннен хабарламаның түпнұсқасын жiбере отырып, жеделхат немесе факс түрiнде жiберiлуi мүмкiн.


6. Тараптардың жауапкершiлiгi

6.1. Министрлік өзiне алған мiндеттемелер үшiн қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес:

- нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiмдi уақтылы жасамағаны үшiн;

- осы Келiсiмнiң 3.2-тармағына сәйкес төменгi тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттердi уақытылы аудармағаны үшiн;

6.2. Әкiм өзiне алған мiндеттемелерге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес:

- нысаналы трансферттердi осы Келiсiмге сәйкес емес пайдаланғаны үшiн;

- Келiсiмдi уақтылы жасаспағаны үшiн;

- тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге нақты жету туралы есептiк ақпаратты ұсынбағаны немесе уақтылы, толық ұсынбағаны үшiн;

- мақсаттарға, мiндеттерге, тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге жетпегенi үшiн жауапкершiлiк тартады.
7. Келiсiмге өзгерiстер енгiзу

Келiсiмге өзгерiстер енгiзу мынадай жағдайларда:

- нысаналы трансферттер сомасы анықталған немесе түзетiлгенде;

- осы Келiсiмге 1-қосымшада келтiрiлген нысаналы трансферттер сомасын айлар бойынша бөлулер түзетiлгенде;

- бiр бюджеттiк бағдарлама шеңберiнде объектiлер арасында сомаларды қайта бөлу;

- күтпеген мән-жайлар туындаған жағдайда өзара келiсiм бойынша жүргiзiледi.


8. Форс-мажорлық мән-жайлар

Тараптардың бiреуi шартты толық немесе iшiнара орындауды мүмкiн емес ететiн жағдайлар, атап айтқанда: тараптарға байланысты емес өрт, дүлей апаттар, әскери қақтығыстардың барлық түрлерi және баска да тежеусiз күштiк мүмкiн жағдайлары туындаған кезiнде Мiндеттемелердiң орындалу мерзiмi осы жағдайлардың әрекетi iшiндегi уақытқа ұзартылады.


9. Дауларды шешу

9.1. Осы Келiсiмнен туындайтын немесе оған байланысты кез келген дау мен келiспеушiлiк Министрліктің бiрiншi басшысы мен әкiм арасында өзара келiссөздер жүргiзу жолымен шешiлетiн болады.

9.2. Министрлік және әкiм:

- олардың арасындағы өзара қолайлы шешiмдi iздеу мақсатында туындаған мәселенiң талдануын қамтамасыз етуге;

- олардың арасындағы өзара қолайлы шешiмдi таппаған жағдайда Премьер - Министрге туындаған жағдай туралы ұсыныс енгiзуге тиiс.
10. Есептi ұсыну нысаны мен мерзiмi

10.1 Әкiм 2,3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге нақты жету туралы аралық және қорытынды есептi Министрлікке және бюджета атқару бойынша орталық уәкiлеттi органға ұсынады.

10.2 Әкiмнiң тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге нақты жету туралы аралық есебi 2013 жылғы 30 шiлдеден кешiктiрiлмей жарты жылдық қорытынды бойынша берiлуi тиiс.

10.3 Әкiмнiң тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге нақты жету туралы қорытынды есебi 2014 жылғы 15 ақпанынан кешiктiрiлмей ұсынылуы тиiс.


11. Қолданылу мерзiмi

Келiсiм қол қойылған сәттен бастап күшiне енедi және 2013 жылғы 31 желтоқсанға дейiн қолданылады.



12. Заңды мекен жайлары мен банктiк деректемелерi:


Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ММ

Астана қ., 010000

Кенесары к-сі, 36

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Астана қаласы бойынша салық департаменті

СТН 600400035905

ЖСК KZ92070101KSN0000000

БСК KKMFKZ2A

БCН 941040000235



Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрі
______________А. С. Мамытбеков

(қолы)


М. О.

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі Салық комитетінің Жамбыл облысы бойынша

Салық департаменті ММ

СТН 210 100 069 467

БСН 020540001980

БСК KKMFKZ2A

БЖК 402101

ТТК 979


Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі «Жамбыл бойынша Қазынашылық департаменті» ММ



«Жамбыл облысы Әкімінің аппараты» ММ

Тараз қаласы, индекс 080008

Абай көшесі № 125

СТН 211 500 091 548

БСН 920 240 000 563

ЖСК KZ24070105KSN0000000

БСК KKMFKZ2A

Қазақстан Республикасы

«Қаржы министрлігі Қазынашылық Комитеті департаменті» ММ



Жамбыл облысының

Әкімі
__________________Қ. А. Бозымбаев

(қолы)


М. О.

Нысаналы трансферттер бойынша

нәтижелер туралы Келiсiмге

1-қосымша
Нысаналы трансферттер сомаларын айлар бойынша бөлу

222 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мал шаруашылығын дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер», кіші бағдарлама 102 «Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау»
Кезеңi 2013 жылға арналған

Бөлiнген нысаналы трансферттер сомасы 629 607,0(алты жүз жиырма тоғыз миллион алты жүз жеті) мың теңге

Өлшем бiрлiгi мың теңге


Бағдарлама

Кiшi бағдарлама

Барлығы

Қаңтар

Ақпан

Наурыз

Сәуiр

Мамыр

Маусым

Шiлде

Тамыз

Қыркүйек

Қазан

Қараша

Желтоқсан

222

102

629 607,0

-

-

15 000,0

25 000,0

30 000,0

35 000,0

100 000,0

100 000,0

120 000,0

150 000,0

50 000,0

4 607,0

М. О.


Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығының министрі __________________ А. С. Мамытбеков

(қолы)

М. О.

Жамбыл облысының әкімі _____________________ Қ. А. Бозымбаев

(қолы)





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет