2013 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру



Дата23.02.2016
өлшемі12.28 Kb.
#4966
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ

АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

ҚАУЛЫ

№ 1153 «_12_ »_12_ 2012 жыл



2013 жылға арналған қоғамдық

жұмыстарды ұйымдастыру

және қаржыландыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13), 14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5 тармақшасына және 20 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2013 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін жұмыс берушілердің тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі, қатысушылардың еңбекақы мөлшері мен оларды қаржыландыру көзі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. «Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Г.Н. Хайрлиева):

1) жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға жолдануын;

2) осы қаулы тіркелгеннен кейін оның интернет-ресурста жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р.Т. Елтизаровқа жүктелсін.



4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі Е. Жаңбыршин

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет