2013 жылғы 1-жарты жылдықтағы облыстық бюджеттің атқарылуы



Дата23.02.2016
өлшемі188.81 Kb.
#9593




2013 жылғы 1-жарты жылдықтағы облыстық бюджеттің атқарылуы
2013 жылғы бірінші жартыжылдықта облыс бюджетіне 12183,8 млн.теңге түсті немес 149,9 млн.теңгеге асыра орындалды. 2012 жылдың өткен кезеңмен салыстырғанда өсім 1,1%-ды немесе 1351,5 млн.теңгені құрады.



Салықтардың негізгі түрлері (төлем көзiнен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы; табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер) асыра орындалды, оған: салық салу базасынаың өсімі, орташа жалақы төлеу өсімі және облыстағы жұмыс істейтіндердің саны әсер етті.

Облыстық бюджеттің шығыстар бойынша атқарылу
Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында облыстық бюджеттік бюджеттік бағдарламаларын іске асыруға 103778,5 млн.теңге жұмсалды, ол 2012 жылғы бірінші жарты жылдыққа қарағанда 8,4%-ға артық.

Игерілмеген қалдық үлесі шығыстардың жалпы сомасының 1,6%-ды құрады, немесе 1687,5 млн.теңге, ол 2012 жылғы 1-жарты жылдықпен салыстырғанда 1770,9 млн.теңге аз.


Қорғаныс бойынша 674,1 млн.теңге (99,0%) игерілді, қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік 5584,3 млн.теңге (99,9%), білім беру 12055,8 млн.теңге (96,6%), денсаулық сақтау 22362,0 млн.теңге (98,8%), әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру 7408,9 млн.теңге (97,9%), тұрғын –үй коммуналдық шаруашылық 11672,6 млн.теңге (99,8%), мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік 3431,2 млн.теңге (98,2%), отын-энергетикалық кешен 3485,0 млн.теңге (100%), ауыл шаруашылығы 3937,5 млн.теңге (95,1%), көлік және коммуникация 3616,2 млн.теңге (99,0%).

Облыстық бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға арналған шығыстар

Бюджеттік саясаты әлеуметтік басымдылығы шығыстары: білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек, мәдениет, спорт, туризмге бағытталған болатын.

2013 жылғы 1-жарты жылдықта білім беруге 12055,8 млн.теңге жұмсалған болатын.

Дарынды бараларды және денесінде немесе ақыл-ойында кемістігі бар балаларға жалпы білім беру бойынша, оқулықтарды сатып алу және жеткізу, мектептен тыс іс-шаралар өткізу, балалардың психикалық денсаулығын зерттеу және консультациялық көмек көрсету, балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу, кәсіптік лицейлер мен колледждердегі мамандарды дайындау бойынша бюджеттік бағдарламаларды іске асыру қамтамасыз етілді, оған 6116,1 млн.теңге жұмсалды, сонымен қатар, жетім-балаға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамтамасыз етуге 613,1 млн.теңге сомасында қаражат жұмсалды.

Үйде оқытылатын мүгедек балаларды жабдықпен, бағдарламалық қамтумен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер, мектеп мұғалімдеріне және мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне біліктілік санаты үшін, үй деңгейлі жүйе бойынша біліктілігін арттырудан өткендерге қосымша ақының көлемін ұлғайтуға, техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдарда оқитындарға әлеуметтік қолдау көрсетуге, техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдардың өндірістік оқыту шеберлеріне қосымша ақы мөлшерін белгілеуге арналған республикалық бюджеттен берілетін 221,2 млн.теңге ағымдағы нысаналы трансферттер қамтамасыз етілді. 2020 –Жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру шеңберінде кадрларлы даярлау және қайта даярлауға арналған 575,0 млн.теңге трансферттер игерілген болатын. 1515 адам оқытылды, 2010 жылы Жол картасы аясында қабылданған 66 адам мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуын жалғастыруда; 2020 –Жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2011 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша – 1858 адам оқуын жалғастырып жатыр; 2020 –Жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2012 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша – 489адам оқуын жалғастырып жатыр. Сонымен қатар, қалалар мен аудандарға республикалық бюджеттен 2504,1 млн.теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер аударылды.


Денсаулық сақтауға шығындар 25362,0 млн. теңгені құрады. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін қамтамасыз етуге 16124,1 млн.теңге жұмсалды, дәрілік заттармен қамтамасыз етуге 3202,6 млн.теңге жұмсалды, соның нәтижесінде диабетпен ауыратын ауруларды, онкологиялық аурулармен ауыратын науқастар, бүйрек қызметінің жеткіліксіздігімен  ауыратындар дәрі-дәрмектермен, халыққа иммунды алдын алу жүргiзу үшiн вакциналар және басқа иммундық-биологиялық препараттармен қамтамасыз етілді.


Денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға 465,1 млн.теңге жұмсалды, оның ішінде 381,6 млн.теңгесі –жергілікті бюджет, 83,5 млн.теңгесі – республикалық бюджет қаражаты. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 452,7 млн.теңгеге денсаулық сақтаудың ұйымдарына күрделі жөндеу жүргізілді.

2358,7 млн.теңге сомасына вакциналарды және басқа иммундық-биологиялық препараттармен, азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаторлық емдеу деңгейiнде жеңiлдiктi жағдайларда дәрiлiк заттармен қамтамасыз етуге, 5202,1 млн.теңге мөлшерінде тегін медициналық көмекті қамтамасыз ету және кеңейтуге республикалық бюджеттен берілген нысаналы трансферттер толығымен игерілді.


Халықтың әлеуметтiк қорғалмаған жiктерiнiң тұрмыс деңгейiн арттыру бойынша бағдарламаны іске асыруға 7408,9 млн.теңге жұмсалды.

2013 жылғы 1-жарты жылдықта халықты әлеуметтік қорғау мекемелері желісін ағымдағы ұстауға және іс-шараларға облыстық бюджеттен 3079,2 млн.теңге жұмсалды немесе 96,5% -ы игерілді.

Облыстық бюджет есебінен 16 әлеуметтік қорғау мекемесі жұмыс істейді, ағымдағы ұстауға есеп беру кезеңінде 1370 млн.теңге жұмсалды, ол 94,3%-ды құрады, оның ішінде 117,0 млн.теңгесі республикалық бюджеттен берілген нысаналы трансферттер.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен 2013 жылғы 1-жарты жылдығында 2020- Жұмыспен қамту бағдарламасының іс-шараларын іске асыруға 507,4 млн.теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер қарастырылған, атқару 504,4 млн.теңге немесе 99,4%-ды құрады.

Облыстық бюджет қаражаты есебінен 13 мұрағат мекемесі жұмыс істейді, оларды ұстауға бюджеттен 2013 жылғы 1-жарты жылдықта 150,5 млн.теңге бөлінген болатын, олар толық көлемде игерілді.

2012 жылғы 1-жарты жылдықта мәдениет мекемелерінің желісін ағымдағы ұстау және іс-шараларды ағымдағы ұстауға облыстық бюджеттен 1567,7 млн.теңге қаражат жұмсалды, оның ішінде 4 облыстық кітапхананы ұстауға бюджеттен 134,3 млн.теңге немесе 96,1%-ы жұмсалды.

2013 жылдың 1-жарты жылдығында аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық маңызы бар мәдени іс-шаралар жүргізген болатын. Мәдени-ойын-сауық іс-шараларын өткізуге барлығы 964,7 млн.теңге жұмсалды.

2013 жылғы 1-жарты жылдық ішінде туризм, дене шынықтыру және спортты дамытуға облыстық бюджеттен 1893,2 млн.теңге жұмсалды немесе 97,7%-ға игерілді, оның ішінде спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізуге, сондай-ақ, спорт жарыстарында спорттың әртүрлі түрлері бойынша құрама командаларын әзірлеуге және қатысуға 429,8 млн.теңге жұмсалды, атқарылу 98,0%-ды құрады.

Облыстағы 38 БЖСМ, Олимпиядалық резервтерін дайындау үшін спорттық мектептер, сондай-ақ спорттағы дарынды балаларға арналған мектептерді ұстауға 1269,2 млн.теңге жұмсалды немесе 99,4%. Сондай-ақ, 421,1 млн.теңгеге 415 облыстық деңгейдегі бұқаралық-спорт және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шаралары өткізілді.

Облыстық бюджеттен туристік қызметті реттеу бағдарламасы бойынша 27,8 млн.теңге жұмсалды, игерілу 90,8%-ды құрайды, өзге қызметтер мен жұмыстарды сатып алу бойынша өткізілген мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша үнем есебінен пайда болған 2,6 млн.теңге сомасындағы қаражат қалдығы, сондай-ақ іссапар шығыстарын төлеу фактісі бойынша. Осы сома туристік іс-шараларды іске асрыуға, сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысының Туристік ақпараттық орталығын ұстауға жұмсалды. Біздің облысымыздың аумағында туроператорлық және турагенттік қызметті жүзеге асыратын 125 туристік ұйым, 16 туризм нұсқаушы, 219 орналастыру орны, 24 ерекше қорғалатын республикалық маңызы бар табиғи аумақтар тіркелген.

Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамытудың орта мерзімдік бағдарламасына енгізілген инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған даму бағдарламалары 31108,1 млн.теңгені құрайды, 30 770,7 млн.теңгеге орындалды немесе есеп беру кезеңінде жоспарланғанның 98,9%-ы.

1-жарты жылдықта білім беру объектілерінің құрылысына (ЖСҚ әзірлеуді ескере отырып) 2 447,9 млн.теңге жұмсалды, оның ішінде республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен – 1 153,3 млн.теңге. Келіп түскен республикалық трансферттердің 242,6 млн.теңгесі орындалатын жұмыс кестесінен қалыс қалу себебінен игерілмей қалды.

Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен берілетін трнасферттер есебінен білім берудің 8 объектісінің, оның ішінде Өскемен, Шемонаиха қалаларындағы, Аягөз, Үржар, Абай аудандарындағы, Зырян және Риддер қалаларындағы балабақша құрылысы жүргізілуде.

Облыстық бюджет қаражаты есебінен білім берудің 50 объектісі (оның ішінде қоса қаржыландыру) салынып жатыр, 1 294,6 млн.теңгеге мектептерді және мектепке дейінгі мекемелерін одан әрі кеңейту және жаңғырту үшін объектілердің жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленуде.


Денсаулық сақтау объектілерінің құрылысына 1-жарты жылдықта 4 748,3 млн.теңге қаражат жұмсалды. Республикалық даму трансферттері есебінен Семей қаласындағы денсаулық сақтаудың 3 объектісінің, ауылдық елді мекендердегі 7 дәрігерлік амулаторияның құрылысы жүргізілуде, республикалық бюджеттен түскен 4 125,9 млн.теңге нысаналы трансферттер толығымен игерілді.

Облыстық қаражат есебінен 15 объектінің құрылысы (оның ішінде қоса қаржыландыру), сондай-ақ, ауылдық елді мекендердегі дәрігерлік амбулатория құрылысына 29 ЖСҚ әзірлеу аяқтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.






Көлік инфрақұрылымы дамуы мен қызмет етуіне 3 316,2 млн.теңге жұмсалды, оның ішінде жолдарға күрделі жөндеу жүргізуге республикалық бюджеттен берілген трансферттер 1 342,9 млн.теңгені құрады, 18,2 млн.теңгесі атқарылған жұмыс актілерін ұсынбағандықтан игерілмей қалды.

Ағымдағы жылы Өскемен қаласының Самар тасжолындағы теміржол арқылы өтетін автомобиль жол өтпесінің құрылысын, «Риддер қаласының айналма жолы» 0-13,4 учаскесі автомобиль жолы, «Голубой залив» демалыс орнына кіреберіс» автомобиль жолын жаңарту 0-7,5 шақырым учаскесі аяқтау жоспарланды.



Әлеуметтік маңызы бар ауданаралық және ауданішілік (қала ішілік) тасымалдау бойынша жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыруға және үнемі ішкі әуетасымалдауды субсидиялауға 200,5 млн.теңге жұмсалды.



Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына 11 672,7 меңге жұмсалды.

6 айда Тұрғын үй құрылысын және инженерлік-инфрақұрылымды дамыту бағдарламасын іске асыруға 5 109,8 млн.теңге жұмсалды:

- республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер 3 794,7 млн.теңгесі игерілді:

- Өскемен және Семей қалаларындағы коммуналдық (жалдық) тұрғын үйлер құрылысы бойынша 1 283,2 млн.теңге немесе 100%-ға игерілді;

- инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды орналастыру және дамытуға республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер, оның ішінде «2020 Жұмыспен қамту» бағдарламасы аясында1 751,2 млн.теңге игерілді;

- кредиттік тұрғын үй салуға 1 259,6 млн.теңге жұмсалды.

Жергілікті бюджеттер қаражаттары есебінен тұрғын үй құрылысы мен сатып алуға, инженерлік - коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға 815,8 млн.теңге жұмсалды немесе 99,5%. 4,5 млн.теңге, ол мемлекеттік сатып алу бойынша үнем, 0,5 млн.теңге атқарылатын жұмыс кестесінен қалыс қалуына байланысты қаражат игерілмей қалды.

2012 жылы ауылдағы өмір жағдайын жақсартуға бағытталған «Ақ-бұлақ» бағдарламасын іске асыру жалғастырылды. Облыстың 16 өңіріндегі сумен жабдықтаудың 28 объектісін салу және жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сумен жабдықтау және су жеткізу жүйесін дамтуға арналған шығыстар 5 388,8 млн.теңгені құрады, оның ішінде жергілікті бюджеттер есебінен (қоса қаржыландыру) сумен жабдықтау жүйесін дамытуға – 304,1 млн.теңге. Республикалық бюджеттен 5 084,7 млн.теңге сомасында трансферттер түсті, оның 251,1 млн.теңгесі, оның ішінде: Өскемен қаласының Октябрь ауданындағы сумен жабдықтау желілерін жаңарту, Өскемен қаласының кәрізінің тазалау құрылыстарын дамыту, Семей қаласының Бұлақ ауылының су құбыры желілерін салу, Бесқарағай ауданы Қоянбай ауылының су құбыры желісін жаңарту және Семей қаласындағы ағын суды биологиялық тазалаумен тазалау құрылыстарын қайта құруға және кеңейту бойынша кестесінен қалыс қалуынан, ЖСҚ-ға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы жоқ болуына байланысты игерілген жоқ.

Ауыл шаруашылықты дамытуға және агроөнеркәсіп кешеніне қолдау көрсетуге республикалық бюджеттенберілген 2 427,3 млн.теңге сомасындағы трансферттер игерілді, өтпей қалған конкурстық рәсімдер үшін жұмысшыларды жеке қорғау, аспаптар, құрал-жабдықтар, техникалар, мемлекеттік ветеринарлық ұйымдарды материалдық-техникалық жабдықтау үшін құрал-жабдықтарды орталықтандырылған сатып алу бойынша 169,7 млн. теңге игерілмей қалды.



Ағымдағы жылдың 6 айында қаржыландыру жоспарына сәйкес республикалық бюджеттен Семей қаласының жылу-энергетикасы жүйесін жаңғыртуға 3 485,0 млн.теңге түсті, олар толық көлемде игерілді.
ҚР Үкіметінің резерві:

2013 жылы су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды жою жөніндегі бірінші кезектегі іс-шараларды жүргізуге Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне Қазақстан Республикасының резервінен 543 147,5 мың теңге бөлінді.Аталған қаражаттар есебінен 2013 жылғы көктемгі қауіпті кезеңде Глубокое, Күршім, Тарбағатай және Ұлан аудандарындағы, Риддер, Семей және Өскемен қалаларындағы халықты су тасқынынан қорғау қамтамасыз етілді, толығымен немесе 100%-ға игерілді.



Су тасқанына қарсы жұмыстар Үржар, Катонқарағай, Көкпекті, Зырян аудандарында 95-98% орындалды. 7 848,4 мың теңге ақшалай қаражаттың қалдығы атқарылған жұмыс актісіне қол қойылғаннан кейін игерілетін болады.
Бюджет аралық қатынастар

Жалпы сипаттағы трансферттер туралы деректер

















Атауы

2013 жылғы жоспар

1.07.2013 ж жоспар

атқарылды

есеп беру кезеңіне арналаған жоспарға атқарылуы %

бір жылға арналаған жоспарға

атқарылуы

%

Субвенция, мың.теңге

32887720,0

18664149,0

18664149,0

100,0

56,8

оның ішінде.

 

 

 

 

 

Өскемен қаласы

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

Семей қаласы

766503,0

566503,0

566503,0

100,0

73,9

Риддер қаласы

449242,0

240000,0

240000,0

100,0

53,4

Курчатов қаласы

68012,0

60000,0

60000,0

100,0

88,2

Абай ауданы

1432078,0

807000,0

807000,0

100,0

56,4

Аягөз ауданы

2809356,0

1536000,0

1536000,0

100,0

54,7

Бородулиха ауданы

1334226,0

786139,0

786139,0

100,0

58,9

Бесқарағай ауданы

1548482,0

915074,0

915074,0

100,0

59,1

Глубокое ауданы

1524825,0

889175,0

889175,0

100,0

58,3

Жарма ауданы

2552096,0

1460892,0

1460892,0

100,0

57,2

Зырян ауданы

1460746,0

880746,0

880746,0

100,0

60,3

Зайсан ауданы

1950769,0

1185000,0

1185000,0

100,0

60,7

Катонқарағай ауданы

2397362,0

1362608,0

1362608,0

100,0

56,8

Күршім ауданы

2548181,0

1299572,0

1299572,0

100,0

51,0

Көкпекті ауданы

2376376,0

1363870,0

1363870,0

100,0

57,4

Тарбағатай ауданы

3344787,0

1709000,0

1709000,0

100,0

51,1

Ұлан ауданы

1869700,0

1106800,0

1068000,0

100,0

59,2

Үржар ауданы

3667627,0

2035627,0

2035627,0

100,0

55,5

Шемонаиха ауданы

787352,0

460143,0

460143,0

100,0

58,4















2013 жылға арналған облыстық бюджет туралы облыстық мәслихат сессиясының шешіміне сәйкес ай сайын облыстың төмен тұрған бюджттеріне облыстың мемлекеттік мекемелерін ұстауға және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға арналған ағымдағы шығыстарды қаржыландыру үшін тағайындалған субвенция сомасы аударылады.


Республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер туралы деректер


Атауы

2013 жылға арналған жоспар

1.07.2013ж. арналған жоспар

1.07.2013 ж. бөлінді

1.07.2013 ж. атқарылды

Игеріл-мей қалған қаражат қалдығы

Нысаналы трансферттер, мың теңге

32887720,0

18664149,0

18664149,0

100,0

56,8

Оның ішінде:

 

 

 

 

 

Өскемен қаласы

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

Семей қаласы

766503,0

566503,0

566503,0

100,0

73,9

Риддер қаласы

449242,0

240000,0

240000,0

100,0

53,4

Курчатов қаласы

68012,0

60000,0

60000,0

100,0

88,2

Абай ауданы

1432078,0

807000,0

807000,0

100,0

56,4

Аягөз ауданы

2809356,0

1536000,0

1536000,0

100,0

54,7

Бородулиха ауданы

1334226,0

786139,0

786139,0

100,0

58,9

Бесқарағай ауданы

1548482,0

915074,0

915074,0

100,0

59,1

Глубокое ауданы

1524825,0

889175,0

889175,0

100,0

58,3

Жарма ауданы

2552096,0

1460892,0

1460892,0

100,0

57,2

Зырян ауданы

1460746,0

880746,0

880746,0

100,0

60,3

Зайсан ауданы

1950769,0

1185000,0

1185000,0

100,0

60,7

Катонқарағай ауданы

2397362,0

1362608,0

1362608,0

100,0

56,8

Күршім ауданы

2548181,0

1299572,0

1299572,0

100,0

51,0

Көкпекті ауданы

2376376,0

1363870,0

1363870,0

100,0

57,4

Тарбағатай ауданы

3344787,0

1709000,0

1709000,0

100,0

51,1

Ұлан ауданы

1869700,0

1106800,0

1068000,0

100,0

59,2

Үржар ауданы

3667627,0

2035627,0

2035627,0

100,0

55,5

Шемонаиха ауданы

787352,0

460143,0

460143,0

100,0

58,4

Жыл сайын өңірлерге республикалық бюджеттен біраз қаражат нысаналы трансферттер түрінде бөлінеді, бірінші жарты жылдықта республикалық бюджеттен 18,9 млрд.теңге сомасында нысаналы трансферттер бөлінген болатын, оны жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша 17,6 млрд.теңге игерілді немес 92,7%.

Осылайша, есеп беру кезеңінде республикалық бюджет қаражаты жергілікті деңгейде 1,4 млрд.теңге сомасында игерілмей қалды.

Облыстық бюджет бойынша профицит және бюджеттің профицитін пайдалану
Облыстық бюджеттің кассалық атқару бойынша нақты 3854,8 млн.теңге сомасында бюджет профициті пайда болды, ол жоспардың бекітілген тапшылығы кезінде 5221,2 млн.теңге.

Облыстық бюджеттік профицитінің пайда болу себебі салық түсімдерінің 16,8%-ға асыра орындалуы болып табылады.

Сонымен қатар, облыс бюджетінің кірісіне республикалық бюджеттің 4817,5 мың еңге кредит келіп түсті, олар оң сальдоға әсер етті.

Сондай-ақ, облыс республикалық бюджет алдында қарызды өтеу кестесіне сәйкес 575,0 мың теңге сомасында бұрын алынған қарызды өтеді.



2013 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша бюджеттік қаражаттың қалдығы 1723,0 млн. теңгені құрады.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет